Депозит нарығының дамуы және қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 21:59, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................................3



1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ..............................................5

1.1 Коммерциялық банктің ресурстары және оларды қалыптастыру көздері .....5

1.2 Коммерциялық банктің депозиттік саясаты ....................................................11



2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫН КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ДЕПОЗИТТІК ҚЫЗМЕТІ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ ...................................................................................................................18

2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттерi мен оның құрылымы талдау ...........................................................................................18

2.2 Банктің депозиттік салымдар құрылымын талдау .........................................26



3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ........................................................................................29

3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесін қалыптастыру ....................................................29

3.2 Депозиттік операцияларды жетілдіру жолдары ............................................32



ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................................................38

Работа содержит 1 файл

Депозиттік нарықтың дамуы және қалыптасуы Мадина (Банк ісі) 2009-00.doc

— 424.00 Кб (Скачать)

Пластикалық карточка – бұл барлық карточкалар түрін білдіретін, яғни міндеттілігі бар, солар арқылы көрсетілетін, өзіндік, техникалық мүмкіндігі бар, қызметтер жиынтығынан тұратын жалпылама термин. Пластикалық карточкалардың өзіндік мүлтіксіздігіне қарамастан негізгі ерекшелігі – онда әртүрлі қолданбалы программаларда қолданылатын белгілі-бір ақпараттар жиынтығы сақталады. Карточка мекемеге кірудегі рұқсат қағазы, компьютерге ену құралы, байланыс келіссөздерін төлеу құралы, жүргізуші құжаты және тағы басқалар ретінде  қызмет ете алады. Ақша айналым сферасында пластикалық карточкалар қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастырудың дамыған құралдарының бірі болып табылады.

Барлық есептесуге арналған пластикалық карточкалар жеке және корпоративті болуы мүмкін. Банк жеке карточкаларды жеке тұлғаларға береді: өзінің төлем жүргізе алатын клиенттеріне, сонымен қатар банкте ағымдық шоты бар немесе сақтандыру депозиті ашылған, «несиелік тарихы» талданған басқа тұлғаларға. Корпоративтік карточкалар заңды тұлғаларға, олардың міндеттілігі мен кепілдемесіне, сонымен қатар заңды тұлғаның төлем қабілеттілігін талдағаннан кейін беріледі. Корпоративтік карточкалармен карточкасы бар ұйым қызметкерлері қолдана алады.

Қазіргі кезде 200 астам әлемдік мемлекеттер несиелік карточкалар негізінде банктік қызметтерді дамытуда, ал қызметтер мен тауарларды қолма-қолсыз төлеу көптеген елдерде барлық ақша операциялар құрылымының 90% құрайды. Банктік несиелік карточка өз иесіне қызметтер немесе тауарлар сатып алғанда олардың төлеу мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін пластикалық карточка болып табылады. Әрбір карточка иесіне жай банктік шотқа тәуелді емес оның қарыздық шоты бойынша несиелеу лимитін орнатады. Банкпен тіркелген карточкалар үшін, несиелік карточкаларды қолдану арқылы есеп беруді ұйымдастырудыжүзеге асыратын, банктің арнайы бөлімшесінде шот жүргізіледі.

Карточкамен 18 жасқа толған тұлғалар қолдана алады және оларға банкте ағымдық шо ашу міндетті емес. Сондықтан несиелік карточкалармен банкте ағымдық және жинақтаушы шоты бар клиенттерде бірдей құқықта қолдана алады.

Банк несиелік карточканы берместен бұрын клиенттің қаржылық жағдайын, өзі туралы мәліметтерді білдіретін бірнеше сұрақтар тобын қосатын арнайы форманы толтыруды ұсынады. Содан кейін осы мәліметтер негізінде банк клиент шотындағы ақша қаражат сальдосын, мүмкін болатын түсімдер соммасын және шоттан сызып тасталған қаражаттарды анықтайды. Егер клиенттің қаржылық жағдайы банкті қанағаттандыратын болса, онда оған несиелік карточка беріледі және несиелік лимит орнатылады.

Несиелік операциялар бойынша атқарылатын операцияларға жататындар: тауарларды сатып алу, қызметтерді төлеу, кез-келген банктен аванс немесе қарыз түрінде қолма-қол ақша қаражатын алу, тағы басқалар. Көптеген несиелік карточкаларды банкомат арқылы мемлекет ішінде және шетелде қолма-қол ақша алу үшін қолдануға болады.

Несиелік карточкалар арқылы көрсетілетін қызметтер түрінің біреуі – бұл саяхат кезіндегі келеңсіз жағдайлардан тегін сақтандыру. Саяхатқа шығу құнын несиелік карточка арқылы төлеген кезде карточка иесі автоматты түрде өзін мүмкін болатын зардаптардан, зақымдардан және қазадан сақтайды. Карточка иесіне келтірілген зардаптардың орнын толтыруға кепілдеме беріледі, ал қаза болған жағдайда әйелі мен балаларына төленеді.

Біздің елімізде пластикалық карточкалар жүйесіне ену 1988 жылы наурыз айында болды, сол кезде Лондонда «Интурист» атты советтік саяхат бюросы мен халықаралық VISA International ұйымы арасында Европа, Орта Азия және Африка елдеріне келісім-шарт жасалды, бұл совет азаматтарына несиелік карточкалармен қолдануға мүмкіндік берді.1960 жылдың аяғында біздің мемлекетімізде несиелік карточкалар төлем құралы ретінде шетелдік туристермен ғана қолданылды, 1988-1989 жж. Кеңес Одағының жинақ банкімен тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қолсыз есеп айырысу концепциясы ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда Қазақстан азаматтары мен біздің елде тұратын шетел азаматтары үшін несиелік карточкалар шығарылуда, бұл соңғы жылдары банктік қызмет сферасында қарқынды дамуға алып келді. Бұл қандай жағдаймен түсіндіріледі? Көрсетілген сұраққа жауап бере отырып, 3 негізгі факторды бөліп көрсетуге болады.

Біріншіден, еліміздегі банкаралық бәсекелестіктің ерекшелігімен түсіндіріледі. Қазақстанның қаржы нарығы әлі де толық қанықпаған, дамушы әлемдік нарыққа қарағанда банктік қызмет көрсету үшін жоғары белсенділікке ие. Сондықтан Қазақстандық банктер нарықтағы орны үшін ғана емес, пассивтер үшін, рентабельділік нарықтағы жетекшілік етуге, банк үшін тиімді клиенттер тобын тартуға бәсекелеседі. Шетелде тауарларға төлемдер жүргізу, қолма-қол ақша алу және тағы басқа көптеген операцияларды пластикалық карточкалармен жүргізуге әбден дәйіккен. Шетел азаматтары біздің елімізге келіп мұндай жеңілдіктен бас тартқысы келмейді. Көптеген қазақстандықтар үшін де ммемлекет ішінде және шетелде «бір чемодан» ақшадан гөрі кішкене ғана пластикалық карточкасы бар болғаны жақсы. Осыған байланысты банк халықаралық немесе ішкі пластикалық карточкалармен жұмыс істей отырып, өзіне бай клиенттер тартады.

Екіншіден, Қазақстандық банктер көрсетілген клиенттер ортасына қызмет көрсете отырып, шетелдік банктермен әлемдік банктік тәжірибе стандарттарын ұстана отырып, байланыстарды қайта құруға және есептесулер жүргізуге мүмкіндік алады. Бірақ, жалпы клиенттерге қызмет көрсетуде шетел банктерімен партнер болу үшін қазақстандық банктер өзінің ең жоғары даму шыңына жету қажет.

Үшіншіден, Батыстағы ақша-несиелік саясаттың даму тәжірибесін талдай келе біздің мемлекетімізде ақша айналым құралдары ретінде пластикалық карточкаларды қолданады деген қорытындыға келеміз.

Қазақстан нарығындағы пластикалық карточкалардың дамуын қарастыра келе бірнеше қорытынды жасауға болады:

Біріншіден, айтып кететін жағдай депозит нарығы көптеген өзгерістерді бастан кешіруде және соңғы жылдары пластикалық карточкалар нарығында беделді орын алды. Бір жағынан, дамушы қазақстандық банктер халықаралық төлем жүйелерімен қызмет жасауда, екінші жағынан, олар өздері Қазақстан нарығындағы жоғары технология бойынша бірінші болу үшін тартысқа кірісіп кетті.

Екіншіден, қазақстандық пластикалық карточкалар нарығының негізгі ерекшелігі болып, төлемдердің негізгі элементтеріне банктік карточкалар табылады. Эмитент – банктер клиенттер тартуда беделді бәсекелесуде. Нәтижесінде карточкалар құны төмендеді және комиссиондық жарналар азайды.

Үшіншіден, пластикалық карточкалар нарығының инфрақұрылымы банктік пластикалық карточкалар шығару деңгейінен төмен.

Төртіншіден, қазақстандық эмитент – банктер мемлекетіміздегі экономикалық жағдайдың ерекшелігіне байланысты айналымға дебеттік пластикалық карточкалар шығаруда. Себебі Банктер мүмкін болатын шығындардан сақтау үшін несиелік карточка жағдайда да сақтандыру депозитін салуды міндеттейді.

Бесіншіден, еліміздегі көптеген карточкалар магниттік болып табылатын және бұл дегеніміз оның өзіндік құнының, өндірудің және қызмет көрсетілуінің төмен екендігін көрсетеді. Сондықтан, банктер осы карточкаларға қызмет көрсетуде қымбат инфрақұрылымды құруға ұмтылады.

Бұл жерден көріп тұрғанымыздай, Қазақстандағы депозиттік және тағы басқа карточкалармен жұмыс жасау мүмкіндігін көреміз. Айтып кететін жағдай, банкомат төлем жасаудың электрондық жүйесінің элементі ретінде өте маңызды.

 


ҚОРЫТЫНДЫ

 

Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту және капиталға айналдыру функциясын жүзеге асыру барысында, банктер ақшалай табыстар мен жинақтарды салымдар түрінде тартады. Тартылған қаражатты банк мемлекетті, заңды және жеке тұлғаларды несиелендіру үшін қолданады. Банктің бір функциясы есеп-төлем механизмі болып табылады. Төлемдерді өтеу үшін банк өз клиенттері үшін есеп және төлемдерге байланысты опеоацияларды жүзеге асырушы делдал ретінде болады. Коммерциялық банктердің эмиссиялық-құрылтай функциясы бағалы қағаздарды шығарып және орналастыру арқылы жүзеге асырады. Экономикалық жағдайды әрдайым бақылап тұруға мүмкіндігі бар коммерциялық банктер өз клиенттеріне кеңес беру қызметін көрсетеді.

Депозиттер арқылы банк ресурстарын қалыптастырылады. Салымдарға қаражаттарды тарту кезіндегі банктің материалды және ақша шығындары пайда болады. Сонымен қатар, салымдарға ақша қаражаттарын шоғырландыру банкке тәуелді емес, яғни тікелей клиенттерге тәуелді екендігі барлығымызға мәлім. Сондықтан, депозиттерді тарту үшін несие ресурстар нарығында банктер арасында бәсекелестік күрестің нәтижесінде, қызметтерді дамыту шараларын енгізуге мәжбүрлейді. Депозиттік базаны күшейту банктер үшін өте маңызды. Жалпы салымдар көлемін нығайту мен салымшылар санын көбейту арқылы депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдарын жақсартуға мен салымдарды тарту жүйесін ынталандыруға болады.

Курстық жұмыста ресурстарды тарту саласында коммерциялық банктер қызметтерінің теориялық аспектілері, депозиттік шоттар сыныптамасы, олардың кемшіліктері мен артықшылықтары қарастырылған. Бірінші бөлімде депозиттік операциялардың түрлері мен олардың сипаттамасына ерекше көңіл бөлінген, сонымен қатар коммерциялық банктердегі депозиттік саясаттың қалыптасу процесі, оның субьектілері мен обьектілеріне, құрылу механизмі мен принциптері кеңінен қарастырылып, депозиттік саясаттың банктік ресурстарды басқару жүйесіндегі орны айқындалған. Бірінші бөлімге сүйене отырып қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстар шоттарының әр түрі кездесетініне және бұл банктің жоғары бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайтындығына көзіміз жетеді.

Курстық жұмысты жазу барысында еліміздің депозиттік нарығындағы жағдай талданып, сонымен қатар салым операциялар саласындағы банк жүесінің нақты субьектісінің қызметі қарастырылған. Зерттеулер нәтижелері бойынша ҚР-ң екінші деңгейлі банктердің тартылған депозиттерінің көлемі әрбір жыл кезеңдеріне тоқталатын болсақ 1993 жылдан бастап 1999 жылдың 1 қаңтарына дейін бірқалыпты деңгейде болды. Ал 2000 жылдан бастап депозиттердің көлемі күрт өсуін байқаймыз. Бұның себебі ретінде халықтың әл-ауқатының жақсаруын және 1999 жылдың қараша айында жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру қорының құрылып, халықтың банктік салымдарға деген сенімділігін арттырғандығы айқын көрінеді.

Курстық жұмыстың обьектісі болған «Еуразиялық Банк» АҚ-на келетін болсақ, аталған банктің қызметі, банктік, сонымен қатар депозиттік нарықта алатын орны нақты көрсетілген. Депозиттік операцияларды жүргізудегі депозиттік саясаты, оны жетілдіру жолдары мен әдістері қарастырылған, алдағы 2007-2009 жылдарға арналған «Еуразиялық Банк» АҚ-ң стратегиялық жоспары негізге алынып, банк перспективалы көрсетілген.

Қазақстанда депозиттік нарықтың қалыптасуы және дамыған процестерін 3 негізгі кезеңге бөліп қарастыруға болады:

1 кезең (1994-1995). 1994 жылдың аяғына қарай жинақтар нарығының дамуы басталды, дәл осы уақытта теңге бағамы тұрақтанып және айлық инфляция деңгейінің төмендеуі байқалды. Ресми мәліметтер бойынша, 1995 жылдың аяғына қарай қолдағы бар ақша қаражаттары мен жинақтар көрсеткіші 5096,2 млн.теңгені құрады. Банктер депозиттер аша бастады: мерзімді немесе талап еткенге дейін, мерзімді депозиттер 3,6,9-айлық, 1-3 жылдық, 3-5 жылға дейін немесе10 жылдан астам уақытқа қабылдана бастады.

2 кезең (1996-2000) 1996 жылы инфляция деңгейі 26-28%-ы құрады. Депозиттер бойынша банктің пайыздық мөлшерлемесі 2 жағдайға байланысты: инфляция деңгейін жабатын пайыз және депозитордың ақша құралдарын қолданғаны үшін төленетін пайыз. Пайыз мөлшерлеме депозиттің көлемі мен мерзіміне байланысты анықталады.

3 кезең (2001ж – қазірге дейін) Бұл кезеңде қаржылық сектор дамудың жаңа сатысында, яғни сапалы сатысында дамып келе жатыр.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бойынша коммерциялық банктердің ұсынатын депозиттің түрлері өте көп. Олардың ішінде  «Казкоммерцбанк» АҚ: «Үздік», «Зейнеткерлік», «Еркінділік», «Классикалық» атты депозиттерін: «Қазақстан Халық банкі» АҚ: «Халықтық», «Алтын ғұмыр», «Алтын ғұмыр плюс», «Сенім-плюс», «Жинақтаушы-плюс», «Ақбота», «Алдын-ала пайыз мөлшерлемесі» атты депозиттерін; «Каспий Банкі» АҚ «Жаңбырлы ақша», «Көңілді демалыс» және «Алтын әдет-ғұрып» депозиттерін; «Тұран Әлем Банкі» АҚ: «Платинум», «Зейнеткерлік», «Спринт», «Private» және «Табыс формуласы» атты депозит түрлерін ұсынады. 

Көріп отырғанымыздай, Қазақстан Республикасындағы әрбір банктің өзіндік ерекшеліктері бар және депозит салымдарына байланысты өзіндік түрлері,артықшылықтары, кемшіліктері және пайыз мөлшерлемелері бекітілген. Сондықтан клиенттерді тарту барысында әрбір банк өз банк жүйесін жаңалап отыруы қажет.

Қазақстан нарығындағы пластикалық карточкалардың дамуын қарастыру қажет. Қазақстандағы депозиттік және тағы басқа карточкалармен жұмыс жасау мүмкіндігін көреміз. Айтып кететін жағдай, банкомат төлем жасаудың электрондық жүйесінің элементі ретінде өте маңызды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.      Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының Преидентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Астана, 2007ж. 28 ақпан //Егемен Қазақстан, 1 наурыз 2007ж.

2.      Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының Преидентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыру жолында». 18.02.2005 ж.

3.      Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030». 1997 ж.

4.      Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының Преидентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Бәсекешіл Қазақстан, бәсекешіл экономика, бәсекешіл ұлт». (19 марта 2004 г.).

5.      ҚР Банктер және банктік іс-әрекеті туралы заң (2004 жылдың тамыз айындағы жағдайы бойынша);

6.      ҚР Азаматтық кодекс;

7.      ҚР Қазақстан Республикасында несиелік тарихтарды құрастыру және несиелік бюролар туралы заң(2004 ж. 4 шілде);

8.      № 267 «Екінші дәрежелі банктердің несиелендіру бойынша құжаттарды жүргізу ережелері» Ұлттық банкінің басқармасының жарлығы (1999 ж. 16 тамыз).

9.      Қазақстан Республикасының 1995 ж. 30 наурыздағы N 2155 Заңы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы».

10. Қазақстан Республикасының 2001 ж. 25 сәуірдегі N 178-ІІ Заңы «Қазақстан Республикасының Даму Банкі туралы».

Информация о работе Депозит нарығының дамуы және қалыптасуы