Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 21:59, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр.
КІРІСПЕ ......................................................................................................................3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ..............................................5
1.1 Коммерциялық банктің ресурстары және оларды қалыптастыру көздері .....5
1.2 Коммерциялық банктің депозиттік саясаты ....................................................11
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫН КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ДЕПОЗИТТІК ҚЫЗМЕТІ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ ...................................................................................................................18
2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттерi мен оның құрылымы талдау ...........................................................................................18
2.2 Банктің депозиттік салымдар құрылымын талдау .........................................26
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ........................................................................................29
3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесін қалыптастыру ....................................................29
3.2 Депозиттік операцияларды жетілдіру жолдары ............................................32
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................................................38
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ..............................
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ..............................
1.1 Коммерциялық банктің ресурстары және оларды қалыптастыру көздері .....5
1.2 Коммерциялық банктің депозиттік саясаты ..............................
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫН КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ДЕПОЗИТТІК ҚЫЗМЕТІ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ ..............................
2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттерi мен оның құрылымы талдау ..............................
2.2 Банктің депозиттік салымдар құрылымын талдау ..............................
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ..............................
3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесін қалыптастыру ..............................
3.2 Депозиттік операцияларды жетілдіру жолдары ..............................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саясаи және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық",- деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді. /1/
Еліміздің 2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы – қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекеттің мақсат-мұраты баян етілді.
Бүгін толық жауапкершілікпен былай деп мәлімдеуімізге болады: "Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты!"
Өткен жылы біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл – біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту.
Президентіміздің өткен жылғы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: "Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жекеменшік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті", - деп экономикамыздың барлық салаларын дамытуға мүмкіндігіміз бар деп пайымдаған еді. /2/
Экономикамыздың дамуына үлкен өзіндік үлесін қосып жатқан Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің дамып, халықаралық стандарттарға сай болып жатқандығын айта аламыз.
Екінші деңгейлі банктердің, яғни коммерциялық банктердің пассивті операциялары негізінде салымдар түрінде кәсіпорынның, ұйымдардың, басқа банктердің, халықтың уақытша бос қаражаттарын тартуға мүмкіндігі бар. Бұл салымдардың негізгі түрлерінің бірі - депозиттер болып табылады.
Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақты дамуы бірінші кезекте ұзақ мерзімді қайта құрудан өткен банктік мекемелердің дамуынан көрініс табады. Осыған байланысты еліміздің депозит нарығының соңғы жылдардағы даму қарқыны банктердегі салымдар көлемінің ұлғаюынан және халықтың банк жүйесіне деген сенімділігінің артуынан байқалады.
Профессор Сейітқасымов Ғ.С.: "Банктік депозиттік нарықтың дамуындағы жетістіктер 1994 жылдың аяғынан бастап байқала бастады, себебі осы кезден бастап депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер тиімді болды. Банктерді депозиттік саясатын белсендіруге мәжбүрлеген бірқатар себептер бар. Бұл себептерді коньюктуралық деуімізге болады, себебі олар белгілі уақыт ішінде маңызды болады және белгілі жағдайлардың өзгеруіне байланысты көкейтестілігін жоғалтады",- деп өзінің бағасын берді /3/.
Банктердегі жеке тұлғалар шоты бойынша банктік құпия туралы заңды актілерді қабылдау және жеке тұлғалардың мерзімді депозиттерін кепілдендіру жүйесі жүзеге асқаннан бері халықтың бос ақшаларын тартуда экономикамызда оңтайлы шаралар жүргізілуде. Халық салымдарын сақтандыру жүйесі Қазақстан Республикасында банк саласындағы ең маңызды жетістіктердің бірі, өйткені басқа ТМД елдерінде мұндай жүйе жоқ.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банк жүйесінің тұрақтылығын сақтауда және банк мекемелеріне деген халық сенімділігін арттыруда өзінің негізгі міндеттерін оңтайлы орындауда.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты –коммерциялық банктердің пассивті операцияларының ішіндегі ең ауқымдысы - депозиттік операциялардың жағдайына талдау жүргізіп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды беру.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
банктің негізгі функциялары мен операцияларын қарастырып, коммерциялық банктің пассивтік операцияларының негізі ретінде депозиттік операцияларды қалыптастыру ерекшеліктерін ашу;
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттік салымдарынның динамикасына және «Тұран Әлем Банкі» АҚ мысалында банктің депозиттік қызметіне талдау жүргізу;
коммерциялық банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін депозиттік операцияларды тиімді жүргізудің кейбір жолдарын ұсыну.
Зерттеу обьектісі болып – коммерциялық банктің депозиттік операциясы.
Зерртеу пәні- ҚР-ның депозиттік нарығының дамуы мен қалыптасуы және депозиттік операцияларды жүзеге асыру процесінде пайда болатын экономикалық және ұйымдық қатынастардың жүйесі.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында коммерциялық банктердің қаржы ресурстары және оны қалыптастырудың көздері анықталған, коммерциялық банктегі пассивтік операциясының ішінде депозиттік операцияның мәні ашылған.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттік салымдарынның динамикасына және «Тұран Әлем Банкі» АҚ мысалында банктің депозиттік қызметіне талдау жүргізілген.
Үшінші тарауда банктегі депозиттік операцияларын дамытудың кейбір жолдары және пайда болатын өзекті мәселелерді шешу қарастырылған.
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР
Коммерциялық банктердегі пассивті операцияларын жүргізу нәтижесінде банк ресурстары құрылады. Пассивті операциялардың негізі депозиттік операциялар болып табылады. Депозиттік саясат коммерциялық банктердің маңызды саласы болғандықтан, бұл тарауда коммерциялық банктердің жалпы түсініктерін, оның функцияларын, банк ресустары мен қалыптасу көздерін қарастырамыз.
1.1 Коммерциялық банктің ресурстары және оларды қалыптастыру көздері
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің құрылуы және қызмет етуі Қазақстан Республикасының " ҚР-ғы Банк және банктік қызмет " туралы заңға негізделген. Банк – жоғарыда көрсетілген заңға сәйкес банктік қызметті жүзеге асыра алаты, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсеклестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы" Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
ақылы негізде депозиттерді тарту
клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету
қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жек тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру
инвестицияланатын қаражаттар иелерініңнемесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру
заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді)
төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу
ақшалай нысанда орындпуды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндеттемелерді беру
тауар тасымалын талап ету құқығын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу
банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету
клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер
коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг)
клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды
банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету
лизингтік операцияларды жүзеге асыру
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:
уақытша бос ақша қаражаттарын тарту және оны капиталға айналдыру
кәсіпорындарды, мемлекетті және халықты несиелендіру
шаруашылықтағы төлемдер мен есептерді жүзеге асыру
эмиссиялық-құрылтай функциясы
кеңес беру, экономикалық және қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ету
Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту және капиталға айналдыру функциясын жүзеге асыру барысында, банктер ақшалай табыстар мен жинақтарды салымдар түрінде тартады. Тартылған қаражатты банк мемлекетті, заңды және жеке тұлғаларды несиелендіру үшін қолданады. Банктің бір функциясы есеп-төлем механизмі болып табылады. Төлемдерді өтеу үшін банк өз клиенттері үшін есеп және төлемдерге байланысты опеоацияларды жүзеге асырушы делдал ретінде болады. Коммерциялық банктердің эмиссиялық-құрылтай функциясы бағалы қағаздарды шығарып және орналастыру арқылы жүзеге асырады. Экономикалық жағдайды әрдайым бақылап тұруға мүмкіндігі бар коммерциялық банктер өз клиенттеріне кеңес беру қызметін көрсетеді.
Банктің жүргізетін операциясының экономикалық негізі ақша қаражаттарының қозғалысы құрайды. Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің барлық операцияларын негізгі 3 топқа бөлуге болады:
пассивті операциялар (банкке ақша қаражаттарын тарту және ресурстарын қалыптастыру бойынша операциялар)
активті операциялар (банк ресурстарын орналастыру)
активті-пассивті операциялар (белгілі төлемдеоді төлеп, клиенттің банкке тапсырысы бойынша комиссиондық операциялары)
Коммерциялық банктер, басқа да шаруашылық субьектілер сияқты, өзінің коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін белгілі ақша қаражат сомасын, яғни ресурстарды иемденуі қажет. Экономиканың қазіргі замандағы даму жағдайында ресурстардың қалыптасуы маңыздылығы бойынша бірінші кезекте. Бұл нарықтық экономикаға өтумен, банктік іске мемлекеттік монополияның жойылуымен, екі деңгейлі банктік жүйенің қалыптасуымен байланысты банк ресурстарының белгілі өзгерістерге ұшырауымен байланысты.
Коммерциялық банктердің активті операциялары: өндірістік, сауда және басқа кәсіпорындарды несиелендіру; халыққа ссуда беру; валютамен, асыл тастармен және бағалы қағаздармен операциялар.
Коммерциялық банктің пассивті операциялары: қызмет көрсетумен клиенттердің ақша қаражаттарын тарту; қызмет көрсетпей клиенттердің ақша қаражаттарын тарту; басқа көздерден ақша қаражаттарын тарту.
Активті- пассивті операциялары (делдалдық операциялар): клиенттердің тапсырмасы бойынша есеп операциялары; клиенттерге кассалық қызмет көрсету.