Депозит нарығының дамуы және қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 21:59, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................................3



1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ..............................................5

1.1 Коммерциялық банктің ресурстары және оларды қалыптастыру көздері .....5

1.2 Коммерциялық банктің депозиттік саясаты ....................................................11



2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫН КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ДЕПОЗИТТІК ҚЫЗМЕТІ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ ...................................................................................................................18

2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттерi мен оның құрылымы талдау ...........................................................................................18

2.2 Банктің депозиттік салымдар құрылымын талдау .........................................26



3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ........................................................................................29

3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесін қалыптастыру ....................................................29

3.2 Депозиттік операцияларды жетілдіру жолдары ............................................32



ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................................................38

Работа содержит 1 файл

Депозиттік нарықтың дамуы және қалыптасуы Мадина (Банк ісі) 2009-00.doc

— 424.00 Кб (Скачать)

Депозиттік саясаттың жалпы принциптері негізінде макроэкономикалық деңгейдегі ҚР ҰБ-ның жүргізетін мемлекеттік ақша-несие саясаты және әрбір нақты коммерциялық банктің жүргізетін саясатының принциптері түсіндіріледі. Оларға кешенді тәсілдер, ғылыми дәлелденген, оптималды және нәтижелі, сонымен қатар банк депозиттік саясаттың барлық элементтерінің біртұтастық принциптерін жатқызуға болады. Кешенді тәсіл банктің стратегиялық даму тарапынан банктің депозиттік саясатының приоритетті бағыттарының теориялық негізінде орын алумен қатар, оны жүзеге асырудың тактикалық тәсілдері мен әдістерінің аса нәтижелі жолдарын анықтау маңызды орын алады.

Депозиттік саясатының өзіндік ерекшелігі бар принциптеріне банк шығындарының оптималды деңгейін қамтамасыз ету, депозиттік операцияларды жүргізудің қауіпсіздік және сенімділік принциптері жатқызылады, себебі банк уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру кезінде, өзіне табысты кез-келген жолмен алуды көздемейді, ал өз қызметін жүзеге асыратын нарықтың нақты мүмкіндіктерін ескере отырып табыс алғанды жөн көреді.

Жоғарыда көрсетілген принциптерді ескеру банкке депозиттік процесті ұйымдастырудың стратегиялық және тактикалық бағыттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар оның депозиттік саясатының нәтижелігін қамтамасыз етеді.

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының қалыптасу принциптерін келесі кестеден көруге болады.

 

Кесте 2

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының қалыптасу принциптері

Жалпы

Спецификалық

Ғылыми дәлелдену принципі

Шығындардың оңтайлы деңейін қамтамасыз ету принципі

Оңтайлық және нәтижелік принципі

Банк операциясының қауіпсіздік принципі

Кешенділік принципі

Сенімділікті қамтамасыз ету принципі

Депозиттік саясат элементтерінің біртұтастылық принципі

 

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының депозиттік шекаралары маңызды болып табылады, оны жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражаттарын шоғырландырудағы нақты шекаралары деп түсіндіреміз. Сондықтан, аталған шекаралар келесі түрлері бойынша нысандары көрсетіледі:

      депозит нарығындағы ұсыныс пен сұранысқа тәуелді (экономикалық шекара);

      ҚР ҰБ нормативтері мен банк лимиттері (әкімшілік шекара);

      депозиттік қатынас субьектілеріне тәуелді (сыртқы және ішкі шекара);

      депозиттік қатынастың жеделдігіне тәуелді (уақытша шекара);

      географиялық принципке тәуелді (территориялы шекара);

      тартылған қаражаттың құрылымы мен обьектілеріне тәуелді (сапалы және сандық шекара).

Сонымен қатар, банктің депозиттік саясаттың құрылуына әсер ететін факторларға жататындар:

a)     клиенттер жағынан (географиялық жағдайлар; әлеуметтік топтардың ерекшелігі; салымшының жасы; табыс деңгейі; сақтандыру жүйесінің даму деңгейі; зейнетақымен қамтамасыз ету);

b)    банк тарамағынан (бәсекелестік деңгейі; тәуекелділікті диверсификациялау; банк қызметкерлерінің біліктілік деңгейі; «клиент үшін барлығы саясаты»; қызмет көрсету саясатын жоғарлату; банктік қызметтер спектр)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 Депозиттік саясаттың құрылуына әсер ететін факторлар

 

Банк депозиттік операцияларын жүргізуде, яғни ақша қаражатын тартуда келесі міндеттерді сақтайды:

      қайтарымдылығы;

      жеделдігі;

      ақылығы (егер бұл келісім – шартта көрсетілсе);

      жариялылығы (қаражаттарды тарту шарттарына сәйкес).

Банк депозиттік операцияларды іске асырғанда негізгі принциптердің бірі болып аз мөлшерде шығын жұмсап, керекті ресурс деңгейімен қамтамасыз ету болып табылады. Банктің депозиттік саясатын жалпы банк саясатының бір элементі ретінде қарастыра отырып, депозиттік саясаттың негізгі мақсаты  - ақша ресурстарын аз бағада үлкен көлемін тарту. Депозиттік саясаттың қалыптасу процесінде келесі тапсырмаларды шешуді көздейді:

      банктік табысты алу үшін депозиттік операцияларды өткізу процесіне ықпалын тигізу немесе болашақта пайда түсіруге жағдай жасау;

      банктік өтімділіктің қажетті деңгейін ұстау;

      депозиттік операция субьектілерінің әртараптылығын қамтамасыз ету және депозиттердің түрлі формаларының үйлесуі;

      депозиттік шоттардағы бос қаражаттарды минималдау;

      икемді пайыздық саясат жүргізу;

      тартылған ресурстар бойынша пайыздық шығындарды төмендетудің жолдарын әрдайым іздестіру;

      банктік қызметті дамыту және клиенттерге қызмет көрсетудің сапасы мен мәдениетін жақсарту.

Бұл сұрақта коммерциялық банктің депозиттік саясатының қалыптасу механизмін қарастырып өткен жөн, ол 5 суретте нақты көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2   Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының

қалыптасу кестесі

 

Осы механизмнің нәтижелі жұмыс істеуінен банктің депозиттік саясатының қалыптастыру және жүзеге асыру процесіндегі мақсаттар мен тапсырмаларды жоғары дәрежеде орындалуына байланысты.

Шетел зерттеушілерінің сыныптамасы бойынша, көбінесе талап еткенге дейінгі депозиттер анағұрлым тұрақты болып есептеледі. Депозиттердің бұл түрі пайыздық мөлшерлеме деңгейіне тәуелді емес. Оның банкке керек-жарағы келесі факторларға байланысты:

      қызмет көрсетудің сапасы мен жылдамдығы;

      банк сенімділігі;

      салымшыларға ұсынылатын қызметтің әртүрлілігі;

      банк ғимаратының клиентке жақын орналасуы.

Шетел ғалымдарының зерттеуі бойынша мерзімді және жинақ салымдары бойынша депозиттер тұрақтылығы төмен. Оған нақты пайыздық мөлшерлеме деңгейінің болуы өз ықпалын тигізеді. Сондықтан түрлі банктердің ұсынысы бойынша депозиттік пайыз деңгейінің өзгеруіне әкеліп соғуы мүмкін.

Депозиттік шоттардың жеке түрлері бойынша пайда көлемі салым мерзіміне, сомасына, қызмет көлеміне және салым бойынша клиенттердің барлық талаптарды орындауына байланысты.

Депозит бойынша банктің пайызды төлеу – операциялық шығындардың негізгі бөлігі. Сондықтан, бір жағынан банкті жоғары пайыздық мөлшерлеме аса көп қызықтырмайды, ал екінші жағынан – клиенттерді тарту үшін депозиттер бойынша пайыз мөлшерлеменің белгілі деңгейін ұстап тұтуға мәжбүр. Үлкен көлемді және ұзақ мерзімді депозиттерді тарту үшін коммерциялық банктер клиенттерге пайыздық шығындардың өсуіне қарамай, жоғары пайыздық мөлшерлеме ұсынады.

Пайызды аудару кезінде пайыз мөлшерлемесі, нақты күндер саны есепке алынады. Өз қаражатын орналастыру мақсатымен банкті таңдаған салымшы үшін пайызды есептеу көлемінің тәртібі өте маңызды, себебі кейбір банктер пайызды есептеу кезінде нақты 1 жылдағы күндер санымен (365 немесе 366) есептейді, ал басқа банктер 360 күнді болжалдап есептейді, мұның барлығы табыс көлеміне әсерін тигізеді.

Жеке депозиттік шоттар бойынша табыс көлемі салым мерзіміне, соммасына, шоттың қызмет ету ерекшелігіне, атқарылатын қызметтердің мәніне және клиенттердің салым шартын орындауына байланысты анықталады.

Салым мерзімі өткеннен кейін осы сома бойынша жай пайыз көлемі келесі формуламен анықталады:

                                                                      (1)

мұндағы,

БСn – пайыз көлемі есептелгеннен кейінгі ақшаның болашақ соммасы;

АС – ақшаның қазіргі немесе ағымдық соммасы;

iқ – қарапайым пайыздық мөлшер;

n – пайыз көлемі есептелінетін жыл саны.

(1) формуласын келесі түрде көрсету ыңғайлырақ:

                                                                                    (2)

Келтірілген формулаларда «n» жыл негізінде қолданылады. Егер есеп шартында пайыз есептеу көлемі күндерде берілсе, онда келесі формуламен есептелінеді:  n = t / k

мұндағы, t - пайыз есептелінетін күндер;

k – есептеуде  қолданылатын 1 жылдағы күн саны (360 немесе 365 күн). «t» уақыты өз кезегінде 1 айдағы нақты құн бойынша (28,30,31) немесе кез-келген айдың ұзақтығы 30 күнге тең деп есептелінеді.

Есеп беру келесідей 3 вариантта қолданылады:

1)     k = 365 күнге, «t» - депозиттің нақты күн санын есептеумен анықталады;

2)     k = 360 күнге, «t» - депозиттің нақты күн санын есептеумен анықталады;

3)     k = 360 күнге, «t» - депозиттің шамалы түрде есептелінетін күн санымен анықталады.

Осы варианттар бойынша есептесуді жүргізу үшін пайыз мөлшерін белгілеу ерекшелінген қаржылық қорытындыға алып келеді.Салым біртекті және көптекті болып келеді. Енді біртекті салым бойынша мысал келтіретін болсақ, клиент банкке 10 жылға, 50% жылдық ставкасынан 1000 y.e. соммасында салым салды. 10 жыл өткеннен кейін клиент банкте қанша ақша соммасын иемденеді? Оны (3) формуланы қолдана отырып, есептейміз:

Көптекті салым бойынша есептейтін болсақ, егер клиент осы салымдарды (КЛС) әрбір жылдың аяғында салып отырса, онда ол келесі сызба бойынша көрсетілген:

 

                КЛС1              КЛС2       КЛС3                   КЛС4      КЛСn

             

                                                                                                                                жылдар

   0          1             2           3           4           n    

Сызба 1   Әрбір жылдың аяғындағы салымдар көлемі

Енді клиенттің «n» жылдан кейінгі алатын ақша соммасын есептеу үшін жалпы формула құрайық. Депозит саны «n» - ге тең:

 

БС=КЛС+ КЛС2+ КЛС3+…+КЛСn *1

Егер де КЛС1 = КЛС2 = КЛС3 =...=КЛСn=КЛС болса, онда формула тең болады:

              БСn=КЛС

тең болса, онда БСn=КЛС

Сонымен,                                                                       (3)

Енді салымдар әр жылдың басында жасалатын жағдайларды қарастырайық:

                КЛС1          КЛС2       КЛС3                   КЛС4      КЛСn

             

                                                                                                                                жылдар

   0          1             2           3           4         n-1    

Сызба 2   Әрбір жыл басындағы салымдар көлемі

«n» жыл бойынша депозиттік салым соммасының жалпы формуласын құрайық; «n» - салым саны:

                                                                                                                                                                        (4)

Егер болса, онда (4) формула тең болады:

тең болса, онда бұл жағдай              тең              (5)

Егер банкке жыл сайын төлем бойынша депозиттік салым салатын болсақ, онда бірінші біз алғашқы салым соммасын (АС) анықтауымыз қажет. Ол клиент үшін «n» жыл ішіндегі жылдық төлемді (ЖТ) қамтамасыз етеді. Бұл төлемдердің келесі сызбасын көрсетуге болады.

   0          1             2           3           4           n    

             

                                                                                                                                жылдар

                 ЖТ1               ЖТ2        ЖТ3                    ЖТ4          ЖТn

Сызба 3.   Жыл сайын төлем бойынша салынатын депозиттер көлемі

(2) формуланы қолдана отырып келесі теңдеуді құруға болады:

                                                        (6)

Егер барлық төлемдер бірдей деп алатын болсақ,

Информация о работе Депозит нарығының дамуы және қалыптасуы