Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 21:59, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр.
КІРІСПЕ ......................................................................................................................3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ..............................................5
1.1 Коммерциялық банктің ресурстары және оларды қалыптастыру көздері .....5
1.2 Коммерциялық банктің депозиттік саясаты ....................................................11
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫН КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ДЕПОЗИТТІК ҚЫЗМЕТІ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ ...................................................................................................................18
2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттерi мен оның құрылымы талдау ...........................................................................................18
2.2 Банктің депозиттік салымдар құрылымын талдау .........................................26
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ........................................................................................29
3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесін қалыптастыру ....................................................29
3.2 Депозиттік операцияларды жетілдіру жолдары ............................................32
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................................................38
Сонымен қатар, банк қызметінің масштабтары ресурстар көлемінің жиынтығына байланысты. Банктік ресурстар активті операцияларды жүзеге асыру үшін қолданатын өз иелігінде бар меншікті және тартылған ақша құралдар жиынтығын құрайды.
Банктің меншікті ресурсына банктік капитал және оған теңестірілген баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен көлемі айырықша қасиетті иемденеді, олар басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдардан ерекше, себебі банк меншікті капиталынан 10%-дан кем емес ақша құралдарына жалпы қажеттілігін жабады. Мемлекет банктер үшін меншікті және тартылған қаражат арасында белгілі минималды шекті бекітеді. Бірақ, Қазақстанда мұндай шек бекітілмеген.
Банктің меншікті ресурстарының мәні ең біріншіден, оның тұрақтылығын қолдау үшін. Банктің алғашқы даму кезінде меншікті қаражат бірінші шығындарды, яғни банк өз қызметін онсыз жүзеге асыра алмайтын шығындарға (жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақы) жұмсайды. Меншікті капитал есебінен банк аса қажетті резервтерді қалыптастырады. Сонымен, меншікті ресурстар ұзақ мерзімді активтерге салымдардың басты қайнар көзі болып табылады.
Тартылған қаражаттар банктің активті операцияларын жүзеге асыру үшін ақша қажеттіліктеріне, әсіресе несиелеудің 90%-ын жабады. Олардың маңызы өте зор. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын тарту арқылы коммерциялық банктер халық шаруашылығының қажетті айналым құралдарына қажеттілігін қамтамасыз етеді, ақшаны капиталға айналдырады, халықты тұтынушылық несиемен қамтамасыз етеді.
Меншікті және тартылған ресурстар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің корреспонденттік шотында тіркеледі. Бұл активті шот, сондықтан ресурстар осы шоттың дебетінде, ал салынған құралдар бұл шоттың кредитінде көрініс табады.
Осылайша, дебеттік сальдо көлемі банктің бос резерв көлемін айқындайды. Бос резерв көлемі қаншалықты үлкен болса, сол дәрежеде банк тұрақты деп есептеледі, бірақ соншалықты аз табыс алады. Керісінше, егер банктің бос резерв көлемі неғұрлым аз болса, соғұрлым банк көп табысқа ие болады, бірақ тұрақтылық деңгейі төмен болады. Сондықтан, кез келген корреспонденттік шоттағы ресурстар қалдығын оңтайландыруға талпынады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, банктің меншікті ресурстары ең алдымен банк тұрақтылығын айқындайды.
Әлемдік банктік тәжірибеде барлық тартылған ресурстар аккумуляция жолымен келксідей топтастырылады:
депозиттер
депозиттік емес тартылған ресурстар
Коммерциялық банктердің тартылған ресурстардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды, яғни заңды және жеке тұлғалардың банкке салған ақша қаражаттары және олардың банк заңы бойынша және шот жүйесі бойынша қолданылуы.
Депозиттік емес тартылған ресурстар – бұл банктің ақша нарығында меншікті қарыз міндеттемелерін сату жолымен немесе банк қарыз түрінде алатын ресурстары. Депозиттік емес көздердің депозиттерден ерекшелігі, біріншіден персоналды қасиеті, яғни нақты клиенттің салымы емес, ол нарықта бәсекелестік негізде пайда болады, ал екіншіден бұл ресурстарды тарту инициативасы банктің өзінен шығады. Депозиттік емес тартылған ресурстарды көбінесе ірі банктер қолданады. Депозиттік емес ресурстар ірі сомаларда пайда болады және олар көтерме қасиетін иемденеді.
Ресурстарды тартудың депозиттік емес көздеріне банкаралық нарықта қарыз алу, бағалы қағаздарды сату және қайта сатып алу келісімі, вексель есебі және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде ссуда алу, банктік акцепті сату, коммерциялық қағаздарды шығару, евродоллар нарығында қарыз алу, капиталды нота және облигацияларды шығару жатады.
Қазақстандық банктер аталған көздердің банкаралық несиелерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық банк несиелерін қолданады. Банкаралық несие нарығында Қазақстан Республикасының корреспонденттік шотындағы ақша қаражаттары сатылады және сатып алынады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банк несиелері қазіргі уақытта коммерциялық банктерге көбінесе қаржыландыру тәтібінде ұсынылады, орталықтандырылған несиелердің тек 10%-ы банктерге конкурс негізінде сатылады.
Банкаралық несие нарығы 3 сегментке бөлінеді:
үш айлық несие
бір-екі айлық несие
"қысқа ақшалар" (ең қысқа мерзімді ссудалар, 1-2 күн)
Тартылған ресурс рөлі банк үшін өте маңызды, соның ішінде депозиттердің орны ерекше.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жaғдайлармен түсiндiрiледi - бiрiншiден, банктер қаржылық нapықтapдa қаржы делдалы ретiнде басқа кәсiпорындардың, мекемелердiң және халықтың yaқытшa бос каражаттар сомасын депозит түрiнде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиiмдi басқарады, сондай-ақ олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi және пайдалық негiзде қарызды қарыз алушыға ұсынaды. Екiншiден, депозиттердi мемлекеттiк caқтандыру жүйесi болады, бұл салымдарды жаппай кepi алу қayiптiгiн төмендетедi. Үшiншiден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсiпорындардың материалдық обьектiлерiнде орналастырған активтерiне қарaғанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтiмдi және нарықта оңай өткiзiледi.
Депозиттердiң қалыптасуы және құралуы тiптен пайда болуы несиеге және несиелiк қатынастарға негiзделедi. Олай болу себебi банктiк есеп шот ашылып, онда ақшалай қаражат түрiнде салымдардың пайда болып, депозиттiң құралуы бiр жағынан коммерциялық банктер үшiн клиенттерi алдында мiндеттемелер туғызады, ал клиенттердiң немесе салымшылардың сол депозитке қатысты банктерге деген мүлiктiк талап ету құқығын туғызады. Себебi, депозитке айналған банктiк емес шоттарда жатқан ақшалай қаражаттарға деген қаражаттарды уақытша пайдалану құқығы өзгергенмен меншiк құқығы өзгермейдi. Сондықтан кейбiр ғалымдар Соколов А.А., Козлов Г.А., Панкус Ю.В. депозиттiк ақшалар – несиелiк ақшалардың дербес түpi деп қарастыра келiп, банктiк салымдардың негiзiнде пайда болатындығын дәлелдейдi. Себебi банктен ашылған шоттардағы
ақшалай қаражаттар клиент пен банктiң арасындағы мүлiктiк
қатынастармен өзара мүлiктiк жауапкершiлiктердiң пайда болуының
негiзгi көзi /12,17 б., 13,56 б., 14, 52 б./.
Сондықтан депозиттер мен депозиттiк операциялардың экономикалық мәнiн, мазмұнын өзара мүлiктiк жауапкершiлiктерге негiзделген несиелiк қатынастардан iздеу керек. Мұндай ғылыми iзденic тек қана депозиттер мен несиелiк ресурстарды қатар қоя отырып, зерттеп талдаған кезде ғана бiздiң ойымызша нақты ғылыми нәтижелерiн бере алады.
Ал бұл өз кезегiнде коммерциялық банктердiң депозиттiк және несиелiк портфелiн бipтұтac басқару объектiсi ретiнде қарастырса, банк менеджментiнiң тиiмдiлiгiн арттырары сөзсiз. Себебi банктiң қаржылық орнықтылығы және өтiмдiлiгi осындай бipтұтac басқарудың нәтижесiнде қамтамасыз етiледi.
Қазiргi банктiк тәжiрибеде салымдардың, депозиттердiң және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердiң жоғарғы бәсекелестiк нapықтa банк қызметтерiне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктiк шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Осындай жағдайда, коммерциялық банктердiң активтiк операцияларын қаржыландырудың басты көзi ретiнде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттiк саясатты белсендi түрде жүргiзе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттiк операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтiмдiлiгiн сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:
депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
депозиттiк операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшiн жұмыс жасауға тиiс;
депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзiмдi депозиттер мен мерзiмдi салымдардың көбiрек тартылуына көңіл бөлу;
салым иелерiнiң санын өcipy мақсатында, депозиттiк операциялар түрлерiн ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетiп, жеңiлдiктер жасауға
тиiс /16, 81б./.
Жоғарыда айтылғандарды жинақты түрде көрсету үшін депозиттердің сыныптамасын кесте түрінде көрсетуге болады (1-кесте), (Қосымша А).
Кесте 1
Салым түрлерiнiң жiктелуi
Жiктелу белгiлері | Салым түрлерi |
1 | 2 |
субъектiлер бойынша | жеке тұлғалардың депозиттерi заңды тұлғалардың депозиттерi |
|
|
мерзiмi бойынша (өтiмдiлiгi) | талап етiлгенге дейiн мерзімдi, соның iшiнде: a) тiркелген мерзiммен; b) өтеу үшiн белгiленген мерзiм; c) депозиттiк келiсiмнiң тоқтатылуы туралы хабар |
мерзiмi бойынша | қысқа мерзiмдi ұзақ мерзiмдi |
шотты алу түрі бойынша | шоттағы салымдар: талап етiлгенге дейiн, мерзiмдi, жинақ ақша. |
депозитке ақша қаражатты тартуда қызмет көрсететін қаржылық құралдар типi бойынша | жинақ кiтапшалы салымдар депозиттiк пластикалық карталы салымдар |
белгiлi пайыздық ставканың түрлерi бойынша | тұрақты, сатылы және өзгермелi пайыздық ставкалы салымдар |
салымғa тартылған қapaжaттардың шарты бойынша | cтaндapтты, ерекше немесе жеңiлдетiлген шарттармен |
пайыздық ставканы немесе сомманы шектеу мүмкiндiгi бойынша | лимиттелiнген лимиттелiнбеген |
сақтандырылу деңгейi бойынша | сақтандырылған сақтандырылмаған |
қолдану режимi бойынша | талап еткенге дейiн: мерзiмдi және трансакциялық салымдар |
қымбаттау дәрежесi бойынша | тeгiн (есеп айрысу, ағымдағы шоттар); ақылы (депозиттiк шоттар); қымбат (банкаралық несие) |
* Ескертпе – дерек көзі: Бохаев Д.Т. Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер |
Қорыта келе мына тұжырымға сүйенеміз: қазiргi банктiк тәжiрибеде салымдардың, депозиттердiң және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердiң жоғарғы бәсекелестiк нapықтa банк қызметтерiне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктiк шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
1.2 Коммерциялық банктің депозиттік саясаты
Коммерциялық банктер өз қызметіне ресурстарды тарту мақсатымен депозиттік стратегиясын құру өте маңызды, депозиттік саясат старатегиясын коммерциялық банктер банктік өтімділікті сақтап және максималды табыс алу үшін жарғыда бекітілген мақсаттар мен тапсырмаларға сүйене отырып қалыптастырады. Депозиттік саясат ең біріншіден келесі талаптарға сай болуы керек
экономикалық бағыт;
бәсекелестік;
ішкі қарама-қайшылықсыз.
Экономикалық бағыт дегенде тартылған ресурстарды қолданудың рентабельдігі. Бұл мәселе, әрине, активті-пассивті басқарудың жалпы контекстінде қарастырылуы қажет. Жеке тұлғалардың депозиттік ресурстарын тартудың нәтижеләгән есептеу кезінде олармен байланысты шығындарды да ескергенжөн, оның ішінде – резервтік аударымдар, сонымен қатар олардың өтімділігінің анықталмаған дәрежесін, және табысты.
Салымдар бойынша мөлшерлеме жүйесі нарықтық коньюктураға сай болуы керек, себебі, мөлшерлемені төменгі деңгейде ұстайтын банк, бәсекелес банктеріне қарағанда, клиентурасының біршама бөлігін жоғалту тәуекелі бар.
Депозиттік саясаттың ішкі қарама-қайшылықсыз талабын бірнеше салаларда қарастыруға болады. Ол депозиттік мөлшерлеменің уақытша құрылымы, олардың сомалар бойынша сол банктің басқа да салыстырмалы салымдар түрлері бойынша (сертификаттар, вексель және т.б.) және клиенттердің түрлі санаттары (мысалы, жеке және заңды тұлғалар үшін) дифференциациясы. Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының маңыздылығын қарастыра отырып, депозиттік саясаттың субьектілерін, обьектілерін, оның қалыптасу принциптерін және депозиттік саясаттың шекараларын қарастырып өткен жөн деп ойлаймыз.
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының субьектілер құрамына банк клиенттері, коммерциялық банктер және мемлекеттік мекемелер кіреді. Депозиттік саясат обьектілері болып банктің тартылған қаражаттары және банктің толықтырылған клиенттері (кешенді қызмет көрсету) саналады.
Коммерциялық банк депозиттік саясатын қалыптастыру негізінде жалпы және өзіндік ерекшелігі бар принциптер пайда болады, ол 5 суретте айқын көрсетілген.