Депозит нарығының дамуы және қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 21:59, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................................3



1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ..............................................5

1.1 Коммерциялық банктің ресурстары және оларды қалыптастыру көздері .....5

1.2 Коммерциялық банктің депозиттік саясаты ....................................................11



2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫН КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ДЕПОЗИТТІК ҚЫЗМЕТІ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ ...................................................................................................................18

2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттерi мен оның құрылымы талдау ...........................................................................................18

2.2 Банктің депозиттік салымдар құрылымын талдау .........................................26



3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ........................................................................................29

3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесін қалыптастыру ....................................................29

3.2 Депозиттік операцияларды жетілдіру жолдары ............................................32



ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................................................38

Работа содержит 1 файл

Депозиттік нарықтың дамуы және қалыптасуы Мадина (Банк ісі) 2009-00.doc

— 424.00 Кб (Скачать)

ЖТ1 = ЖТ2 = ЖТ3 = ЖТn = ЖТ, онда

Сонымен,                                                                       (7)

Табысты есептеудің келесі әдісі болып күрделі пайыз табылады (пайызды пайызға есептеу). Бұл жағдайда депозиттік салым соммасына есеп беру кезеңі біткеннен кейін пайыз есептелінеді және алынған сомма салым соммасына қосылады. Сонымен, келесі есеп беру кезеңінде пайыз мөлшері алдын-ала есептелінген табыс соммасына жаңа өсіммен қолданылады. Күрделі пайыз мөлшерін депозиттік салым мерзімінің аяғындағы нақты табыс төлемінде қолданылады.

 

 

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫН КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ДЕПОЗИТТІК ҚЫЗМЕТІ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ

 

2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттерi мен оның құрылымы талдау

 

Қазақстанның қазіргі экономикалық жүйесінің ең негізгі ерекшелігі – макроэномикалық тұрақтылығы қамтамасыз ету үшін банктік құрылымдарды белсенді қолдану. Депозиттік нарықтың қалыптасып, дамуының банктік саясаты уақытша бос ақша қаражаттарын тартуға және инвестициялаудың ішкі қайнар көздерін белсендіруге бағытталған. Дамыған банктік жүйеде банктер экономиканы дамыту үшін өте үлкен ақша массаларын жұмыс істетіп, халық жинақтарын тарту үшін көп қызмет атқарады. Әлемнің ірі банкирлерінің пассивтерін сараптай келе, халық жинақтары мен кәсіпорын қаржылары банк міндеттемелерінің 70-80%-ын құрайды.

Қазақстанда 1994 жылы, яғни депозиттік нарықтың жаңадан аяқ басқан кезеңде, салымдар, депозиттер небәрі 15-35%-ын құрады.

Қазақстанда депозиттік нарықтың қалыптасуы және дамыған процестерін 3 негізгі кезеңге бөліп қарастыруға болады:

1 кезең (1994-1995). 1994 жылдың аяғына қарай жинақтар нарығының дамуы басталды, дәл осы уақытта теңге бағамы тұрақтанып және айлық инфляция деңгейінің төмендеуі байқалды. Ресми мәліметтер бойынша, 1995 жылдың аяғына қарай қолдағы бар ақша қаражаттары мен жинақтар көрсеткіші 5096,2 млн.теңгені құрады.

Шын мәнінде халықтың жинақтары аталған сомадан анағұрлым жоғары болды, олардың көлемі 1,5-2 млрд.АҚШ долларын құрады. Қалық өз қаражаттарын дұрыс және сенімді сақтау үшін тәсілдер іздей бастады.

Осы кезеңде бәсекелестік коммерциялық банктер арасында ғана бола қоймай, сонымен қатар басқа да коммерциялық құрылымдар бұқаралық ақпарат құралдарында заңды және жеке тұлғалардың жинақтарын тарту үшін үлкен жарнаманың компанияларын құрды, халықты қызықтыру үшін жоғары пайыздық мөлшерлемелерді немесе басқа да табысты шарттарды ұсынды, дегенмен олардың қызметі халықты алдау екендігі тез айқындалды. Сондықтан, халық өз сенімін көбінесе банктерге артты, сол себептен банктер өз несиелік, депозиттік саясаттарын жақсартуға үлкен көңіл бөле бастады.

1994 жыл аяғында инфляция деңгейінің айтарлықтай төмендегені байқалғандықтан, салымдар мен депозиттер бойынша банктік пайыздар өз нәтижелерін көрсете бастады. Бұл мәселе ақша құралдарын банкке салу керектігіне тағы да көз жеткізді. 1995 жыл бойы халықтың банкке салымдары көбейе бастады, 1995 жылдың қаңтар айында 7,7 млрд.теңге болса, 1995 жылдың қараша айында 18,5 млрд.теңгеге көбейді.

Банктер депозиттер аша бастады: мерзімді немесе талап еткенге дейін, мерзімді депозиттер 3,6,9-айлық, 1-3 жылдық, 3-5 жылға дейін немесе10 жылдан астам уақытқа қабылдана бастады.

2 кезең (1996-2000) 1996 жылы инфляция деңгейі 26-28%-ы құрады. Депозиттер бойынша банктің пайыздық мөлшерлемесі 2 жавғдайға байланысты: инфляция деңгейін жабатын пайыз және депозитордың ақша құралдарын қолданғаны үшін төленетін пайыз. Инфляция деңгейін жабатын пайызды анықтау қиын, себебі оған көптеген факторлардың әсерін есептеу керек. Ал екінші пайыз мөлшерлеме депозиттің көлемі мен мерзіміне байланысты анықталады.

1996 жылы мерзімі 6 айдан асатын депозит барлық мерзімді депозиттердің 55%-н құрады. Ең көп орын алған депозиттер 3 ай мерзімдегі мерзімді депозиттер болды, олар барлық мерзімді депозиттердің 40%-н немесе жалпы депозиттердің 16%-н құрады. Барлық депозиттердің 60% депозиттері халық салымдары болды, бұл халықтың банкке деген сенімінің артуын білдіреді. Ең көп салымдар Шығыс Қазақстан облысында, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау қалаларында байқалды.

ҚР ҰБ-ң мәліметтері бойынша 2001 жылдың 1 қыркүйегінде, банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері 21,9 млрд.теңгені құрады, валютада – 10,5 млрд, соның ішінде мерзімді депозит көлемі – 9,1 млрд. теңгені құрады.

3 кезең (2001-2003жж) Бұл кезеңде қаржылық сектор дамудың жаңа сатысында, яғни сапалы сатысында тұрды.

Дегенмен, бұл кезеңде салымдарды қорғау депозиттерді сақтандырудың негізгі халықаралық стандарттарына сай келген жоқ.

Банктік емес заңды тұлғалардың шетел валютасындағы салымдары 7,86%-ға төмендеді, ал ұлттық валютада 6,24%-ға көбейді. Жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы салымдары 7,36%-ға өсті және 2004 жылдың басында 141,579 млн.теңгені құрады, ал шетел валютасында 5,73%-ға төмендеп, 192,973 млн.теңгені құрады.

Шетел валютасында жалпы салымдар көлемі 7,071 млн.теңгеге азайды, ал ұлттық валютада керісінше көбейді, бұл жағдай халықтың салымдарды ұлттық валютада салуына үлкен сенімін артқанын көрсетеді.

Сонымен, біздің елімізде депозиттік нарықтың дамуында келесі қорытындыларға келеміз:

      банктік депозиттік нарық 1994 жылдың аяғынан дами бастады, осы уақытта депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемесі оңтайлы болып, ақша жинауға нақты мүмкіндік болды

      депозиттердің жалпы көлемінің өсуі халықтың банк жүйесіне сенімінің артуын білдіреді, ең алдымен бұл Ұлттық Банк пен Үкіметтің заңды және жеке тұлғалардың депозиттерінің конвертациясы бойынша өз міндеттерін орындаумен байланысты. әрине, жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша сақтандыру жүйесінің және банк құпиясы туралы заңның қабылдауын ескерусіз қалдыруға болиайды.

Қазақстан Республикасының депозит нарығы күрделi де қарқынды дамып келе жатқан жүйе бола отырып, iшкi және сыртқы факторлардың әcepін әр уақытта өзiне қабылдап отыр. Экономикадағы әр түрлi экономикалық, саяси және әлеуметтiк жағдайлардың әcepi депозит нарығының дамуына да әсер eтeдi. Бұған қарамастан депозит нарығының даму қарқыны өзiнiң жеке заңдылықтары мен ерекшелiктерiне ие болып отыр. Бұл жағдайларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жариялаған және өзіміз есептеген статистикалық мәлiметтер негiзiнде депозит нарығына мiнездеме бере отырып, оны сaлыстырмалы тaлдay негiзiнде көpceтyгe болады (2-кесте). Депозиттерге әрбiр кезең мәлiметтерi бойынша салыстыра отырып талдау жасайтын болсақ банк жүйесiндегi депозиттердiң 2001 жылдың қаңтарынан бастап 2008 жылдың қаңтарына дейiн қарқынды өскендiгiн байқаyға болады. Бұл өсiм 1999 жылдың қаңтарында 73464 млн. теңгеден 2004 жылдың тамызында 497904 млн. теңгеге дейiн өсiп, 7 есеге жуық көлемдi құрады. 2006 жылы 739468млнтеңге болса, 2008 жылы барлық депозит сомасы 1349063млн.теңге құраған.

 

Кесте 3

Коммерциялық банктердiң депозиттерi және оның құрылымы

Кезеңдер

Кезең соңындағы депозиттер (млн. теңге)

Барлығы

Валюта түpлepi

бойынша

Субъектiлерi бойынша

Ұлттық валюта

Шетел валютасы

банктiк емес

заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар

2000

73514

54226

19288

45648

27866

2001

73464

44497

28967

44511

28951

2002

168156

83764

84392

113301

54855

2003

284533

134744

149788

192826

91706

2004

420725

150284

270440

233255

187470

2005

581933

235466

346467

327809

254123

2006

739468

400071

339397

396848

342620

2007

1219177

669754

549423

781733

437444

2008

1349063

734717

614346

763018

586045

Ескертпе – дерек көзі: Статистикалық бюллетень – ақпан 2006 ж.

 

Әрбір жыл кезеңдерiне тоқталатын болсақ 1993 жылдан бастап 1999 жылдың 1 қаңтарына дейiн екiншi деңгейдегi банктердегi депозиттердің көлемi бiрқалыпты деңгейде болды.

2001 жылдың қаңтарынан, 2001 жылдың тамызына дейiн барлық депозиттер сомасы 73464 млн. теңгеден 120681 млн. теңгеге дейiн өстi. Бұл 47000 млн. теңгенi құрады. Осы өciм коммерциялық банктердегi жалпы депозиттердің кейбiр жылдардағы сомасына тең (1995 ж). Miнe осы кезден бастап Қазақстан Республикасының Банк жүйесiндегi жеке және заңды тұлғалардан депозиттiк салымдары үздiксiз өсу үстiнде.

2001 жылдың тамызында депозиттер сомасы 120681 млн. теңгенi құраса, 2002 жылдың қаңтарында ол 168 156 млн. теңгені құрап, 48000 млн. теңгеге өсті. Ал 2002 жылдың қаңтарынан бастап 2003 жылдың қаңтарына дейiнгi аралықта депозит сомасы 168 156 млн. теңгеден 284 533 млн. теңгеге дейін өсiп, жалпы өciм 116 000 млн. теңгені құрады (3-сурет).

 

Сурет 3   Банк жүйесіндегі депозиттердің кезеңдер бойынша өсу қарқыны, млн.теңге

 

2003 жылдың қаңтарында депозиттер сомасы 284 533 млн. теңгені құраса, 2004 жылдың қаңтарында бұл көрсеткiш 420 725 млн. теңге болды. Бұл кезеңдердегi өсім 136 000 млн. теңгеге өсті. Ал осы өсiмнің 107 000 млн. тeңгeci 2003 жылдың қаңтар айы мен тамыз айлары аралығында банк жүйесiне келдi, мұндай өciм Үкімет тарапынан экономикамызға ақшалай қаражаттарды тарту мақсатында шетелдердегi банктердiң шотында жатқан және көлеңкелi бизнесте жүрген ақша қаражаттарын жария ету процесiн жүргiзу нәтижесiнде пайда болды. Бұл банк жүйесiндегi депозиттердің жалпы өсу тенденциясын көpcетeтін мәлiметтер болатын болса, келесi сандық статистикалық талдау осы депозит нарығының құрылымдық кезеңаралық талдауына арналады.

Депозиттердің құрылымын валюта түрлері бойынша талдайтын болсақ, онда ұлттық валюта мен шетел валютасы арасындағы келесі қатынастарды атап айтуға болады (Сурет 4).

1998 жылдың қаңтары мен 2000 жылдың қаңтарына дейінгі уақыт аралығында ұлттық валютадағы депозиттер көлемі шетел валютасындағы депозиттерден жоғары болғанын көруге болады. Ал 2000 жылдың қаңтарынан бастап  2004 жылдың қаңтарына дейін

Халықтың банктердегi депозиттерiнiң артуы нәтижесiнде қазiргi кезде жеке тұлғалар несие алу мүмкіндiгiне көптеп ие болуда. Жеке тұлғалардың депозиттерiнің өсу қapқынын салыстыратын болсақ ол 1999 жылдың қaңтapына дейiн өзгерiссiз келдi. Ал 1999 жылдың қаңтарындағы депозиттер жaлпы сомасы 29 948 млн. теңгенi құраса, 2002 жылдың тамызында ол 227849 млн. тeңгeнi құрап, 8 есеге жуық өсiп отыр. Егер әрбiр кезең бойынша салыстыратын болсақ 1998 жылдың қаңтарында депозиттердiң жалпы coмacы 29124 млн. теңгенi құраған, келесi кезеңдерде 1999 жылдың қаңтарындa 29948 млн. тeңгенi, 2000 жылдың қаңтарында 56911 млн. теңге, 2001 жылдың қаңтарында 95 190 млн. тeңгe, 2004 жылдың қаңтарында 187470 млн. теңгеге, ал 2008 жылдың қаңтарында 586045  млн. теңгеге жеткен.

Сурет 4   Валюта түрлері бойынша депозиттердің құрылымы, млн. теңге

 

Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарының жағдайына, статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, талдау жасайтын болсақ, онда соңғы жылдары депозиттердің көлемінің қарқынды өскендігін байқауға болады (5-сурет).

Сурет 5   Кезеңдер бойынша халықтың салымдарының өсу қарқыны, млн.теңге

 

Осы көрсеткiштер бойынша 2003 жылдың қаңтары мен 2004ж. қаңтары арасындағы өciм сомасы бойынша басқа кезеңдерден ерекшеленiп көрiнедi.

Ендi Қазақстанның aлдыңғы қатардағы Коммерциялық банктерiндегi депозиттердiң жағдайына тaлдay жасайтын болсақ «Қазақстанның Халық Банкi» АҚ-нда барлық депозиттер 2007 жылдың ақпан айында 228593 млн. теңгенi, 2008 жылдың осы кезеңiнде 319888 млн. теңгенi құрап, aлдыңғы жылмен салыстырғанда 91295 млн. тeңгeгe өскен.

 

Кесте 4

Қазақстанның алдыңғы қатардағы Коммерциялық банктерiндегi депозиттердiң жағдайы

Банктер атауы

жылдар

Салымдардың барлығы

(млн. теңге)

Қормен сақтандырылған салымдар (млн. теңге)

1

2

3

4

1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ

01.02.2008

228593

108649

01.02.2009

319888

132895

2. «Казкоммерцбанк»  АҚ

01.02.2008

197827

78588

01.02.2009

303405

102199

3. «Тұран Әлем Банкі» АҚ

01.02.2008

86200

36813

01.02.2009

103514

90020

4. «ЦентрКредит Банкі» АҚ

01.02.2008

91546

44765

01.02.2009

139703

64844

5. «АТФ Банкі» АҚ

01.02.2008

69161

14889

01.02.2009

114371

25668

6.  «Темір Банк» АҚ

01.02.2008

19890

5691

01.02.2009

41587

10025

Информация о работе Депозит нарығының дамуы және қалыптасуы