Депозит нарығының дамуы және қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 21:59, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................................3



1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ..............................................5

1.1 Коммерциялық банктің ресурстары және оларды қалыптастыру көздері .....5

1.2 Коммерциялық банктің депозиттік саясаты ....................................................11



2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫН КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ДЕПОЗИТТІК ҚЫЗМЕТІ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ ...................................................................................................................18

2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттерi мен оның құрылымы талдау ...........................................................................................18

2.2 Банктің депозиттік салымдар құрылымын талдау .........................................26



3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ........................................................................................29

3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесін қалыптастыру ....................................................29

3.2 Депозиттік операцияларды жетілдіру жолдары ............................................32



ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................................................38

Работа содержит 1 файл

Депозиттік нарықтың дамуы және қалыптасуы Мадина (Банк ісі) 2009-00.doc

— 424.00 Кб (Скачать)

Ескертпе – дерек көзі: «Тұран Әлем Банкі» АҚ-ның қаржылық есебі.

 

Бұл  клиенттер тартудың есебінен 2 еседен астамға өскен заңды түлғалардан клиенттер базасының көлемінен айтарлықтай көрінді.

2007 жыл  Банк үшін жетілу жолында өсудің тағы да бір сатысы, кезекті елеулі кезең болды. Біз Қазақстанның банктік кеңістігінде өзіміздің бағытымызды нығайттык, және таңдап алынған банкті дамыту стратегиясының келешегін және дұрыстығын растайтын маңызды нәтижелерді көрсете алдық. «Тұран Әлем Банкі» АҚ қарқынды дамуда және өз қызметін белсеңді түрде кеңейтіп келеді.

Банк қаржылық институттардың бірі бола отырып, өзінің бөлшектік желісін белсенді түрде кеңейтіп келеді. Қазірдің өзінде Банк Қазақстанның барлық ірі қалаларында ұсынылған. Заңды, сондай-ақ жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер ауқымы кеңейіп келеді.

Стратегиялық бағыттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын тартуды, яғни салымшылар санын көбейту мақсатымен өз желісін тек ҚР-ы аумағында емес, сонымен қатар ТМД елдерінің банк жүйесінде өз орнын алуды көздеп отыр.

Маркетингтік стратегияны жүзеге асыру үшін банк келесі шараларды көздеп отыр:

      маркетингтік шаралар жоспарын құрастыру сапасын көтеру

      банктік қызметтер тұтынушыларын сегменттеу

      мақсатты сегменттерді анықтау.

Банк өз депозиттері мен басқа қызметтері туралы халыққа жеткізу үшін маркетингтік стратегияны мөлшерлеме мен тарифтерді есептеуге, қалыптастыруға, банктік қызметтерді нығайтуға және жарнамалық акцияларға сүйене отырып құрастырады.


3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

Бұл бөлімде Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердегі салымдарға кепілдік беру жүйесінің қалыптасуы қарастырылып, депозиттік операцияларды жүргізуді жетілдірудің кейбір жолдары ұсынылған.

 

3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесін  қалыптастыру

 

Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және сол заң мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүесінің мақсаты қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның ішінде қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу арқылы банк жүйесіне деген сенімді қолдау болып табылады.

2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде орналасқан депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының жаңа заңа өз күшіне енді, бұл заң 2006 жылдың 7 шілдесінде қабылданаған болатын.

Аталған заң қазақстандық банк салымшыларының құқықтарын қорғауға бағытталған, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қызмет етуінің негізгі құқықтарын анықтайды. Сонымен қатар, депозиттерге кепілдік берудің қазақстандық қорының қызмет тәртібін және коммерциялық банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінде қатысуын анықтаған.

Бұл заңды қабылдауөте маңызды рөл атқарады, ол депозиттерге кепілдік берудің қазақстаедық жүйесінің халықаралық тәжірибеге сай келтіруін, бұл жүйенің қызмет етуінің анықтығын, сонымен қатар депозиттерге сай тәуекелдерді азайтуын қамтамасыз етуге бағытталған. заң депозиттерді сақтандыру саласындағы халықаралық ұйымдардың ұсынысы мен әлемдік талдауы негізінде қалыптасты.

Заңды қабылдау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк басқармасының бекіткен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұйымдық сақтандыру ережелері

      Міндетті ұйымдық сақтандыру ережелері бойынша жеке тұлғалар депозиттерін сақтандыру және Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің қатысуы.

Аталған жүйенің ережелеріне толықтырулар мен енгізулер енгізілген. Олар сақтандыру обьектілерінің нығаюын, кепілдік мөлшерлемесін көбейтуді, кепілдік сомасын төлеу жүйесін жеңілдету, жүйеге қатыскшы-банктер үшін міндетті күнтізбелік салымдар мөлшерлеме көлемін өзгертуін, қор қызметін нығайту және т.б. қамтиды.

Қабылданған заң кепілдік беру механизміне өзгертулер енгізді.

1. Қор қызметіне байланысты "Депозиттерге кепілдік берудің Қазақстандық Қоры" АҚ ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінде орналасқан депозиттерге міндетті кепілдік беруші ұйым болып табылады. Қор құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.

Қор қызметіне жалпы басшылықты Директорлар кеңесі жүзеге асырады. Оның құрамына ҚР ҰБ басшы орынбасары, қаржылық ұйымдарды және қаржылық нарықты реттеу мен қадағалау бойынша ҚР Агенттігі басшысының орынбасары, ҚР қаржы вице-министрі, Қазақстан қаржыгерлер Ассоциациясының өкілі, сонымен қатар ҚР ҰБ-і бекіткен Қордың Генералды басшысы кіреді.

Мемлекетпен бекітілген Қордың негізгі мақсаттары қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар жүйеге қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда, салымшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Негізгі мақсаттарды орындау үшін қор келесі функцияларды атқарады

      қатысушы-банктер салымдарын төлеу мен көлемі мен тәртібін анықтайды

      жинақтау негізінде орнын толтыру резервін қалыптастырады

      меншікті активтерін инвестициалайды

      мәжбүрлеп таратылған банк салымшыларының депозиттері бойынша кепілдік сомаларын төлейді

      салымшыларға кепілдік сомаларын төлейтін банк-агентін тағайындайды.

Жаңа заң бойынша аталған функциялардан басқа қор қатысушы-банктің барлық банктік операцияларын жүргізуге лицензияны беру немесе қайтару кезінде уақытша әкімшілік құрамына қатысады, сонымен қатар, қатысушы-банкті мәжбүрлеп тарату кезінде ликвидация комиссиясы және кредиторлар комиссиясы мүшелігіне қатысады.

2. Кепілдік беру обьектілері және кепілдік сомалар көлеміне қатысты

1999 жылы бір салымшыға төленетін максималды кепілдік сомасы 200.000   теңге болды. Мемлекеттің экономикалық дамуын және халық табысы көлемінің өскенін ескере отырып, 2003 жылы бұл көрсеткіш 400.000 теңгеге дейін көтерілді, ао 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір банкте бір салымшыға төленетін максималды кепілдік сомасы 700.000 теңгені құрады.

Жүйенің қызмет ету жылдарының тарихына үңілетін болсақ, келесі кезеңдерді атап өтуімізге болады

      1999-2003жж кепілдік беру обьектілері болып мерзімді салымдар мен талап еткенге дейінгі салымдар болып табылды.

      2003-2006жж 50.000 АҚШ долларына дейін мерзімді және шартты салымдар, сонымен қатар карт-шоттағы және ағымдағы шоттар қалдықтары, кепілдік салымдары, талап еткенге дейінгі салымдарға кепілдік берілген. 2004 жылы Қазақстан экономикасының дедолларизация саясатын жүзеге асыру шеңберінде салымдарға кепілдік сомасы 50.000 АҚШ долларынан 7 млн. теңгеге өзгертілді.

Сонымен қатар, алғашқы 2 кезеңде қатысушы-банк басшылық қызметкерлері, олардың жұбайлары мен туысқандарының, сонымен қатар 5 немесе одан көп акция пайызы иелігінде бар тұлғалар мен олардың жақындарының салымдары бар болса, олар кепілдік обьектілері бола алмаған.

      2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап кепілдік обьектілері шектелмеген сомада  теңге және шетел валютасымен  салған барлық жеке тұлғалар болып табылады.

Бұл дегеніміз қатысушы банктің еріксіз жабылу кезінде әрбір салымшы -  жеке тұлғаға депозиттерге кепілдік берудің Қазақстандық Қоры  700мың  теңге көлемінде кепілдік сомасын беруі міндет.

Егер 2007 жылға дейін кепілдік сомасы салым валютасында қайтарылса, заңға сәйкес кепілдік сомасы теңгемен беріледі. Шетел валютасы бойынша салымдар бойынша кепілдік сомасы валютаны нарықтық айырбастау бағамы бойынша жүзеге асырылады.

Салымшылардың қолайлығы үшін кепілдік соманы алу мерзімі 3 айдан 6 айға дейін ұзартылды.

3. Банктің жүйеде қатысуы бойынша

Алғашқыда жүйе қатысушысы ҰБ-ң бекітуі бойынша халықаралық стандарттарға көше бастаған банктер болып табылатын. 2003 жылдан бастап депозиттік опепацияларды жүргізуге құқығы бар барлық банктер жүйе мүшесі болды. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастапжүйе мүшелері Қазақстанда қызмет етуші 34 банктің 33 екінші деңгейлі банктері болып табылады.

Заңмен екінші деңгейлі банктердің қорға төлейтін максималды салымдар көлемдері (міндетті күнтізбелік, толықтырылған, төтенше) анықталған.

Міндетті күнтізбелік салымдар қатысушы банктің тоқсандық төлем сомасының көлемі болып табылады. Мұнда, салым көлемі айдың бірінші күнгі жағдайы бойынша банктің кепілдік депозитінің 0.5%-нан аспауы керек.

Толықтырылған салымдар - бір мәртелік төлемдер, кепілдік соманы төлеуге арналған қордың арнайы резервінің жетіспеушілігі кезінде банктің төлейтін бір мәртелік төлемдері.

Төтенше салымдар - салымшыларға кепілдік соманы төлеу үшін арнайы резерв құралдарының жетіспеушілігі кезінде ҚР ҰБ-нен қордың алған қарыз сомасын өтеу үшін қаиысушы банктің төлемдері. Қатысушы банктің төтенше салымының жылдық көлемі міндетті күнтізбелік салымның жылдық көлемінен аспауы тиіс.

Сонымен аталған заң, әрине жылдан жылға жақсарып келе жатыр деп айтуымызға болады. Бірақ, менің ойымша бұл заңда банкті мәжбүрлеп таратылған кезінде ғана кепілдік сомаларын өтейді. 

 

 

 

 

 

 

 

3.2  Депозиттік операцияларды жетілдіру жолдары

 

Депозит салымдарының және соған байланысты айналым шығындарының өсуі халық салымдарына деген сұраныстың тек өсуін және еңбекке жұмсалған қаражаттарды азайтатын, айналым шығындарын төмендететін ақша қаражаттар айналымын шектеуді қамтамасыз ететін жаңа ақша айналым механизмін құруды талап етеді.

Қазіргі таңдағы, екінші деңгейлі банктің ерекшеліктерін айтып кеткен жөн:

      Қазақстан бойынша ең сапалы ақпараттық қамтамасыз етулер және компьютерлер;

      төлем карточкаларымен жұмыс жасаудағы жоғары тәжірибелік;

      POS-терминалдар мен банкоматтарды эксплуатациялауда жеткілікті жоғары тәжірибелік;

      карточка иелеріне қызмет көрсетудің және банкомат жүйесінің көптігі;

      клиенттерді тәулік бойы техникалық қолдау;

      клиенттерді тәулік бойы қолдау қызметі;

      банктік телекоммуникациялық жүйенің дамығандығы;

      программаларды енгізудің қысқа мерзімділігі;

      корпоративтік клиенттер үшін арнайы сервис.

Екінші деңгейлі банктерінің өз қызметтерінің сапасын жаңартып отырады:

      жылдамдық;

      құпиялылық;

      иілгіш тарифтер.

Бұл сапалар қазіргі таңдағы коммерциялық банктерінің жоғары маманданғандығын көрсетеді.

Екінші деңгейлі банктер өз қызметінде пассивтік операцияларды жетілдіруде жаңа айналым механизмін және маркетингтік құралдарды пайдалануы  мүмкін.

Коммерциялық банктер маркетингтік құралдарды депозиттік саясатта қолдана алады. Маркетингтік құралдарға келесі іс-шараларды қарастыруға болады:

      телемаркетинг қызметін қалыптастыру;

      клиенттер бойыншадепозиттік портфельді сегменттеу;

      жарнама саясатын белсендендіру.

Бұл проблема жалпы қолда бар ақша түрлерін қолдану арқылы шешілмейді, яғни олар өзінің табиғатынан жылжымалылықтың шегіне ие, Қаржылық есептеулердің қиындығын ескертеді, есеп берудің үздіксіздік шынжырын қамтамасыз етпейді және қозғалысты бақылауда қиындық туғызады. Бұл проблеманы шешудің негізгі жолы – нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер тәжірибесіне негізделген «қағаз емес» атты технологияны қолдану болып табылады.

Біздің елде халықтың қолма-қолсыз есептеулерінің жүйелік автоматтандырылған жүйесін құрудың концепциясы жасап шығарылды. Қызметтер мен тауарлар үшін қолма-қолсыз есеп айырылысуларынан басқа концепцияда салымдар сферасындағы халыққа банктік қызмет көрсету проблемалары жүйелі түрде қарастырылған. Жүйелік ой банк өндірісінің ғылыми-техникалық деңгейіне сәйкес келеді және кез-келген банк жүйесі үшін болар-болмас модификация жағдайында да қолайлы. Концепция әртүрлі банк жүйесінің идеологиялық және технологиялық біркелкілігін қарастырады, бұл кез-келген банктің жоғары рентабельділігін кепілдендіреді және бірдей жалпы мемлекеттік ақша айналым жүйесін құруды міндеттейді. Автоматтандыру процесі бірнеше деңгейлі несие-қаржылық салада жүргізіледі. Бір жағынан, несие институттарымен банкаралық және банк ішілік қосылған жүйелерді, сонымен қатар көтерме банктік бизнес ауданына қызмет көрсететін электронды техникалық құралдарды енгізу жатады. Ал, бір жағынан жеке және заңды тұлғаларға жекелеген автоматты қызмет көрсету жүйесі қолдануда.

Жеке клиенттердің электронды депозиттік жүйесінің қызмет ету механизмі пластикалық карточкаларды қодануға негізделген және келесі операциялардан тұрады: есептесудің электронды жүйесі, сауда орындарында орналастыру, тұтынушыға жекелеген қызмет көрсетуді жеткізу әдісі ретінде жеке тұлғаларға үйде немесе жұмыс орнында банктік қызмет көрсету жүйесі және тағы басқалар. Бұл операциялардың барлығы банкомат арқылы жүзеге асады.

Информация о работе Депозит нарығының дамуы және қалыптасуы