Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 06:05, дипломная работа
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді.
Кіріспе........................................................................................................................1
1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы.............................5
Құқықтық норманың негізгі сипаттары............................................................7
Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері..............................9
2 Құқытық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы
2.1 Құқықтық қатынастың түсінігі мен мазмұны және оның негізгі белгілері.....................................................................................................................13
2.2 Қоғамдық қатынастар.........................................................................................23
2.3 Құқықтық қатынастардың түрлері....................................................................25
3 Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері,
субъективті заңды құқығы мен міндеттері.
3.1 Құқықтық қабілеттілік және әрекеттілік.........................................................27
3.2 Құқықтық қатынастардың объектісі................................................................32
3.3 Субъективтік құқық және заңды міндеттілік .................................................35
3.4 Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері, заңды және оқиғалы себептер ...................................................................................................................37
Қорытынды...........................................................................................................76
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................81
Қосымшалар..........................................................................................................83
3.4 Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері, заңды және
оқиғалы себептер
Құқықтық қатынастар құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас бұл субьективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіптіде жақсартуға мүмкіншілік жасайды.
Құқықтық
қатынастардың құрылымы төрт
элементтен тұрады: субьект, обьект,
субьективтік құқық, заңды
1. Құқықтық қатынастың субьектісі жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының және басқа елдердің азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады (КРАК, 12б.). Қатынастың субьектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеті және әрекеттілігі қалыптасуы керек. Құқықтық қабілет құқыққа бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Құқықтық қабілет адам туған сәттен басталып, өлгенде аяқталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтардың құқықтық қабілетінің ең негізгі мазмұнын анықтайды: меншігінде мүлік, оның ішінде шетелдік валютаны ұстауға ие болу;
мүлікті
мұрагерлікке не өсиет етіп
қалдыру; шет елдерге кетуге, қайтып
келуге ерікті; шаруашылық құруға,
қарым-қатынас жасауға т.б.
Қоғамдағы толып жатқан неше түрлі, неше салалы құқықтық қатынастар өмірге келіп, ескіріп, жаңарып жатады. Оның заңды негіздері мен себептері бар. Бұл обьективтік процес. Заңды себептер құқықтық қатынастардың, пайда болуы өзгеруі, ескіруі және жаңаруының негізі болады. Заңды себептердің екі түрі болады: оқиғалар және іс-әрекеттер.
Табиғаттың обьективтік даму процесінен пайда болатын жағдайлар (өрт, жер сілкінуі, су тасқыны т.б.).
Оқиға құқықтық-азаматтық құқықтар мен міндеттің пайда болу негіздерінің бір түрі. Оқиға деп-адамның тууын, өлуін, стихиялық апаты, уақыттың өтуін т.б. табиғи құбылыстар аталады. Азаматтық құқық пен міндеттемелерге оқиға заңда көрсетілген реттерде ғана негіз бола алады. Мысалы, қауіпсізденушіге тиісті ақшаны оның мүлкі заңда көрсетілген оқиғадан (жер сілкіну, өрт) апатқа ұшыраса ғана төлеуге міндетті. Азаматтың немесе заңды ұйымның кінәсінсіз пайда болатын кейбір оқиғаларға арнаулы мән береді. Мысалы, жұмыс әрекеттері төңірегіндегілерге қатерлі қауып туғызатын ұйымдар мен заттар (транспорт ұйымдары, өнеркәсіп орындары, құрылыстар, автомобиль иелері т.б.) егер зиянның келтірілуі бой бермейтін күштің салдарынан немесе жәбірленушінің қасақана іс-әрекеттен болғаны дәлелденсе, зиянды өтеуге міндетті. Азаматтық құқықта мүліктің кездейсоқ апатқа ұшырауы немесе бүліну тәуекелін (риск) тиісті мерзімді өткізген жақ көтереді. Адамдардың және заңды тұлғалардың іс-әрекеттері арқылы қалыптасатын себептер-адамның өзінің жұмыстарының нәтижесінде пайда болатын жағдайлар. Бұл себептер заңды және заңсыз іс-әрекеттер болып екіге бөлінеді. Заңсыз іс-әрекеттер тоқтатылуға немесе жауапкершілігі анықталуға тиіс.
Құқықтық
қатынастардың өмірге келуінің,
өзгеруінің, ескіруінің, жаңаруының, дамуының
заңды себептерінен басқа үш
бөлімнен тұратын негіз болады:
нормативтік актілер, заңды
Оқулықтың бастапқы білімінде қылмысты квалификациялаудың жеке қағидасы немесе ережесі ретінде қажетті жағдайларда Жалпы бөлімнің нормаларына сілтеме жасау арқылы құқықтық баға беру туралы айтылған болатын. Міне осындай Жалпы бөлімге сілтеме жасауды талап ететін қылмыстық құқықтағы жағдайдың бірі, аяқталмаған қылмыстарды квалификациялау болып табылады.
Аяқталмаған қылмыстардың қатарына қылмыстық құқық қылмысқа даярлану мен оқталуды жатқызады. Қылмыстық заңның Ерекше біліміндегі баптардың диспозицияларында тек аяқталған қылмыстардың белгілері келтірілген. Ал қылмыс кінәлінің еркіне байланысты емес жағдайларда аяғына дейін жеткізілмесе, онда аяқталмаған қылмысты әрекеттердің түрлері орын алып, іс-әрекетті квалификациялау аяқталған қылмыстармен салыстырғанда өзгеше жүргізіледі және жауаптылық тағайындауда да айырмашылық болады.
Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігін білдіретін белгілердің қатарына мыналар жатады:
1. Аяқталмаған
қылмыстар тек қасақана, оның
ішінде тікелей қасақана
Ал абайсыздықпен жасалатын
қылмыстарда қылмысқа
2. Аяқталмаған қылмыстарда
кінәлінің еркіне тәуелсіз
3. Аяқталмаған қылмысты
құрайтын әрекеттер қоғамға
Аяқталмаған әрекеттердің қоғамға
қауіпті болуы қылмыстық
Аяқталған қылмыстармен аяқталмаған қылмыстардың басты айырмашылығы, ол аяқталмаған қылмысты әрекеттерде қылмыстық құқықта бейнеленген қылмыс құрамы белгілерінің толық болмауы болып табылады. Аяқталмаған қылмыстарда құрам элементтерін сипаттайтын белгілердің ішінен тек қылмыс объектісі ғана емес, сонымен бірге субъективтік белгілерден қылмыстың мақсаты мен ниеті, ал объективтік белгілердің ішінен көпшілік жағдайларда қылмыстың орындалуын білдіретін әрекет немесе әрекетсіздік және материальдық құрамдар бойынша қылмыстың зардабы орын алмайды.
Мұндай белгілердің аяқталмаған қылмыстарда орын алмау себебі, ол қылмыс субъектісі, іс-әрекеттің қасақана түрде жасалуы сияқты қылмыс құрамының барлық немесе көпшілік түрлеріне тән, көбінесе бірдей анықталатын белгілер болмауына байланысты. Қылмыс объектісі, қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын іс-әрекеттер, ниетпен мақсаттың, елеулі зардаптың түрі тәрізді белгілердің бір ерекшелігі, ол аталған белгілердің аяқталған қылмыстарда көрініс алатын белгілер болып саналуына байланысты болып табылады. Бұл белгілердің кейбіреулері түсіндіре кетуді талап етеді. Ең алдымен қылмысқа даярлану немесе оқталу тәрізді әрекеттерде қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге зардап келмесе, онда қылмыстық жауаптылықты қолданудың қандай негіздері бар, қылмыстық жауаптылыққа адамды тарту үшін құрам элементтері толық болуы керек емес пе деген сұрақ туындауы мүмкін.
Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігінің бірі, ол әдетте заңмен қорғалатын объектілерге зардап келмеуі немесе зардап келгенде де кінәлінің ойындағыдай емес, одан төмен деңгейде туындауы болып табылады. Мысалы адамды қасақана өлтіру мақсатын көздегенмен, оның еркінен тәуелсіз жағдайда мұндай зардап туындамай, тек жәбірленушінің денсаулығына зардап келуі мүмкін. Аяқталмаған қылмыстарда заңмен қорғалатын объектілердің бұзылу дәрежесі екі түрлі болады деп түсіну керек.
Біріншісінде, қылмысқа даярлану
және оқталудың нақты зардаптар
тудырмаған жағдайларында қылмыстың
объектісі нақты
Екіншісінде, қылмыскердің ойындағыдай объектінің түрі бұзылмағанмен, бірақ оған ұқсас немесе төменгі мөлшерде зардап келуі арқылы маңыздылығы қылмыскердің көздегенінен көрі жеңілірек объекті бұзылғанда, аяқталмаған қылмыстардың да зардаптарсыз болмайтындығы анықталады.
Мұндай зардаптар келгенде
де немесе қорғалуға жататын
объектілерге нұқсан
себебі мұндай жағдайларда кінәлі адам қасақаналықпен сипатталатын бір қылмысты жасауды көздейді, тек осы қылмыстың орындалу мазмұнында айырмашылықтар орын алады, екіншіден қылмыстық кодексте жүкті әйелге абайсыздықта қаза келтіруді қарастыратын бап жоқ, 96 бап субъективтік жағы бойынша тек қасақаналықпен сипатталатын қылмыс болып табылады.
Қылмысқа дайындалу және квалификация тәртібі
Қасақаналықпен
жасалатын, оның ішінде тікелей қасақаналықпен
жасалатын қылмыстар кейде
Міне осындай себептерге байланысты қасақаналық пайда болғаны үшін жауаптылық болмайды. Адам қылмысты әрекеттер жасайтындығы туралы қоғамға немесе жәбірленушіге хабарлағанда да қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің баптары бойынша квалификация жасауға немесе жауаптылыққа тартуға барлық кезде заңды негіздер бола бермейді. Себебі қылмыс жасайтындығы туралы ойының, шешімінің бар екендігін хабарлау әрекеттері ҚК 24 баптың 1 бөліміндегі қылмысқа дайындалу әрекеттерін білдіретін белгілер қатарына жатпайды. Қылмысты деп танылған әрекеттерді жасайтындығын жариялау немесе оған шақыру- ҚК Ерекше бөлімі баптарында тікелей көрсетілген жағдайда ғана қылмысты деп танылады және аяқталған қылмысты білдіреді. Мысалы 157 баптағы басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария тҹрде шақыру, 164 баптағы әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, немесе діни араздықты қоздыру. Мұндай қылмыстарда кінәлінің осындай қылмыстар туралы шешімінің бар екендігін жариялауының өзі, осы баптардың диспозицияларындағы әрекеттерге сәйкес келеді. Мұндай ережеге сүйене отырып, қылмыс жасау туралы қасақаналықтың пайда болғанын жариялау қандай жағдайларда қылмыстың жасалғанын білдіреді немесе неліктен қылмыстық заңның кей баптарында қасақаналықтың пайда болғанын жариялау қылмыс деп бағаланған деген сұрақ туындауы мүмкін. Мәселе кейбір қылмыс түрлерінде қылмыстың орындалуы негізінен осындай әрекетті жасау түрінде анықталатындығына байланысты болып отыр. Жоғарыда келтірілген қылмыс түрлеріндегі қылмыскердің шешімі, оны жариялау әрекеттері бір адамның емес, бүтіндей бір нәсілдің, ұлттың, дін өкілдерінің заңды мүдделеріне, олардың тең құқықтылығына зиян келтіреді және екіншіден, қылмыстың нақты орындалуы, яғни заңмен қорғалуға жататын объектілерге ауыр зардаптар келтіру үшін өзі ғана емес, көпшілікті қатысуға шақырады. Жеке адамның өміріне, денсаулығына немесе меншігіне, абыройына қарсы бағытталған әрекеттерді жасайтындығын да жариялау қылмыстың орындалғанын білдіреді.