Құқытық-нормалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 06:05, дипломная работа

Описание работы

Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................1
1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы.............................5
Құқықтық норманың негізгі сипаттары............................................................7
Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері..............................9
2 Құқытық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы
2.1 Құқықтық қатынастың түсінігі мен мазмұны және оның негізгі белгілері.....................................................................................................................13
2.2 Қоғамдық қатынастар.........................................................................................23
2.3 Құқықтық қатынастардың түрлері....................................................................25
3 Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері,
субъективті заңды құқығы мен міндеттері.
3.1 Құқықтық қабілеттілік және әрекеттілік.........................................................27
3.2 Құқықтық қатынастардың объектісі................................................................32
3.3 Субъективтік құқық және заңды міндеттілік .................................................35
3.4 Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері, заңды және оқиғалы себептер ...................................................................................................................37
Қорытынды...........................................................................................................76
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................81
Қосымшалар..........................................................................................................83

Работа содержит 1 файл

Құқытық-нормалар.doc

— 443.00 Кб (Скачать)

Ал егер қылмыскердің бұрынғы қылмыстары бойынша соттылығы  болғанмен, ол айыпталып отырған  баптың бөлімдері қылмыстың қайталануын жауаптылықты ауырлататын құрам түрінде қарастырмаса, онда қылмысты квалификациялауға әсер етпейді және іс-әрекет негізгі бөлім бойынша бағаланады, бірақ жаза, жауаптылық белгілеу кезінде кінәні ауырлататын белгі ретінде қолданылуы  мүмкін. Мүмкін деп отырған себебіміз, адам кінәні жеңілдететін жағдайда қылмыс жасаған болса, (мысалы бұрын сотталған адам қажетті қорғану шегінен шыға отырып қылмыс жасағанда) сот жазаны немесе жауаптылықты жеңілдетіп белгілеуге құқылы. Нормалар бәсекелестігінің түсінігі және түрлері. Қылмысты квалификациялау кезінде сақталуға жататын ереженің бірі, нормалар бәсекелестігі байқалғанда заң нормасын дұрыс, яғни бәсекелес нормалардың қажеттісін қолдану болып табылады. Нормалар бәсекелестігі дегеніміз, бір қылмыстың Ерекше бөлімде қарастырылған бір неше нормалардың диспозицияларындағы белгілерге сәйкес келуі болып табылады. Демек, қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің баптарының әр қайсысы басқа қылмыстардан айырмашылығы бар, жеке қылмысты уақиғалардың түсінігін беруге және олар үшін жауаптылық белгілеуге арналған дегенмен, заң қолдану жұмысында қиындық тудыратын жағдай болып табылатын нормалар диспозициялары мазмұнының қайталануы кездеседі. Нормалар мазмұнының қайталануы кездескенде қай норманы қолдана отырып квалификация жасау керек деген сұрақ туындайды. Бұл мәселені қарастырмас бұрын нормалар бәсекелестігінің орын алу себептерін анықтаған дұрыс. Нормалар бәсекелестігі орын алуының басты себептерінің бірі, ол қылмыстық заңның кейбір баптарының құрылымы күрделі болуына байланысты бір неше қоғамдық қатынастарды қорғаумен айналысатындығы және осы міндетті іске асыру үшін бір баптың өзінде қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің кең көлемін қамтитындығы болып табылады.

 

Қылмыстық заң  нормалары диспозицияларында өзге қылмыстың объектілері болып табылатын қоғамдық қатынастардың кездесетіні бұған дейін де айтылды және мұның себебі кейбір қылмыстардың жасалуы кезінде кінәлінің асыра сілтеуі немесе осы қылмысты жасай отырып қасақана басқа қылмыстың белгілерін білдіретін әрекеттерді де жасауы болып табылады. Мысалы адамды кепілге алу, қарақшылық, әйел зорлау сияқты қылмыстарды жасау кезінде жәбірленушіге қасақана немесе абайсыздықта қаза келтіру. Мұндай кезде қылмыстық заңда жеке-жеке қарастырылған екі немесе одан көп қылмыстың объектілері, яғни қоғам қауіпсіздігі, жеке адамның бостандығы және адамның өмірі деген тәрізді объектілер бір қылмыстың жасалуында орын алады және бұл объектілер бір қылмыстық құрамның белгілері ретінде кездеседі. Көріп отырғанымыздай, адамның өміріне зардап келтіру кез-келген қылмыстың жасалуы кезінде бола бермейді, бұл зардап түрі көбінесе зорлық-зомбылықпен, күш қолданумен жасалатын немесе экологиялық, көлік саласындағы, адамзатпен бейбітшілікке қарсы қылмыстарда көрініс алады. Кейбір баптарда өзге қылмыстардың объектілерінің де кездесуі, бұл қылмыстық заң нормаларының бір бірімен жай ұқсастығын ғана емес, олардың арасында іштей байланыс бар екендігін көрсетеді. Шындығында бұл байланыстар заң нормаларының бір бірімен байланысын көрсетпейді, ол әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде бағаланатын қылмыстылықтың кейбір түрлерінің арасында байланыс бар екендігін көрсетеді. Дәлелдей кетейік. Мысалы қызмет саласындағы қылмыстардың, айталық мемлекеттік  қызметкердің кәсіпкерлік қызметпен айналысуы, пара алуы сияқты әрекеттерде адам өміріне, денсаулығына зардап келтірудің орын алуы мүмкін емес. Себебі бұл қылмыстардың бағыты, орындайтын іс-әрекеттерінің сипаты мүлдем басқа, олар адамның жеке басына қарсы белгілерді иеленбейді. Ал адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы немесе қарулы шабуыл арқылы жасалатын қарақшылық, бандитизм сияқты қылмыстардың жасалуы кезінде жәбірленушінің денсаулығы мен өміріне зардаптар келуі мүмкін.

 Қылмыстық заң нормаларының диспозициялары көбінесе қылмыстың объективтік жағының белгілерін келтіретіндіктен, заң баптарына қарай отырып кейбір қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің, елеулі зардап түрлерінің бір неше қылмыс түрлеріне ортақ екендігін байқауға болады. Мысалы жалған құжатты жасауды білдіретін әрекеттер, адамның ар намысына келтірілген зардаптар бір неше баптарда кездеседі. Сырттай қарағанда қылмыстық заңда қанша қылмыс түрі келтірілген болса, соншалықты әрекет түрімен қылмыс жасалатын сияқты көрінеді. Шын мәнінде қылмысты әрекеттердің көлемін заң баптарының санымен лшеуге болмайды, себебі кейбір қылмыс түрлері объективтік жағы бойынша бір неше немесе бір бағыттағы әрекеттермен жасалса, кейбір қылмыстарға бір іс-әрекет түрі тән немесе ортақ болып табылады. Мысалы Қылмыстық кодексте парақорлық қылмыстар 224,231,311,312,313,349 баптарда қарастырылған. Бұл қылмыстардың объективтік жағының белгілері ұқсас бейнеленген. Субъективтік жағы бойынша да қылмыстар бірін бірі қайталайды деуге болады, себебі міндетті белгі болып табылатын кінә нысандарының тек қасақаналық және абайсыздық болып бөлінетініне байланысты бұл екі кінә нысандарының бірінсіз жасалатын қылмыс жоқ. Қылмыстық заң нормаларының субъективтік жақ бойынша қайталануын негізінен кінәнің қос нысанымен жасалатын қылмыс түрлері бойынша келтіруге болады. Себебі кінәнің аралас нысанымен жасалатын қылмыстарда екі кінә нысаны қосылып бір қылмыстық құрамды білдіргенмен, қасақанлықпен жасалған әрекет осы баптың негізгі біліміндегі әрекетті ғана білдірсе, ал абайсыздық басқа қылмыс тҹріне тән зардаптың туындағанын көрсетіп тұрады. Қылмыстық заң нормаларының қайталануы субъективтік жақтың қосымша белгілері ретінде танылатын ниет және мақсат түрі бойынша да кездеседі. Мысалы 164 баптағы ұлттық, нәсілдік, діни, рулық әлеуметтік ерекшеліктеріне қарай өшпенділік тұтату және 96 баптың «л» және 103 баптың 2 бөлімінің «з» пункттеріндегі осындай ниет бойынша өзге адамдардың денсаулығы мен өміріне зардаптар келтіру.

Қылмыстық заң  нормалары көпшілік жағдайда қылмыстың субъектісі бойынша да бірін-бірі қайталайды деуге болады. Бұл әсіресе бір тараудың ішінде қарастырылатын қылмыс тҹрлері бойынша жиі кездеседі.

Демек, қылмыстық  заң нормаларының бірін-бірі қайталауы  құрам элементтерінің белгілері  бойынша көрінеді. Бірақ қылмыстық заң нормалары бірі-бірі толық қайталап, кейбір нормалардың бір-бірінен айырмашылықтары болмайды деп айтуға болмайды. Себебі ерекше бөлім нормаларының әр  қайсысы жеке қылмысты білдіруге, нақты бір қылмысты уақиғалардың негізгі бейнесін көрсетуге арналған. Номалар бәсекелестігінде кейбір баптардың олардың бөлімдерінің басқа баптармен ортақ белгілері кездесетіндігі айтылады. Бір айта кететін жәйт, ол заң нормаларының ұқсастығы қылмыстық құрам элементтері бойынша квалификация жүргізу деген тақырыптарда да қарастырылды. Бұл тақырыптың ерекшелігі, ол нормалар бәсекелестігі байқалған жағдайда олардың ұқсастығы кейбір құрам элементтері бойынша ғана емес, одан жақынырақ, тығыз байланыс байқалатын жағдайлар болып табылады. Тығыз, жақынырақ байланыстар ретінде ҚК белгілі бір бабында келтірілген қылмыстың басқа бапта қарастырылған қылмысты толық қамти отырып, өзіндік жеке сипатқа, жеке қылмыстық құрамға ие болуын ескереміз. Мысалы 344 бапта көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе 345 бапта қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату қылмыстары қарастырылған және бұл қылмыстардың орындалғанын білдіретін негізгі белгі қылмыс жасамаған адамды жауаптылыққа тартуға соқтыратын немесе жауаптылықтан заңсыз босатуға негіз болатын тергеу құжаттарына жалған мәліметтер қосу болып табылады. Осыған ұқсас немесе құжаттарға жалған мәлімет енгізуді 314 баптағы қызметтік жалғандық қылмысынан да кездестіруге болады. Бұл баптар бірін-бірі толық қайталамаса да негізгі белгілері болып саналатын қылмыстың объективтік жақ белгілері, кінә нысандары, сонымен қатар субъектісі және объектілері де ұқсас анықталған.

Сондай-ақ қылмыстық  заңның бір нормасының осы қылмысқа тән белгілерді келтіре отырып, басқа норманың белгілерін толық қамтып, бір қылмыстық құрамды көрсетуін мынандай баптар бойынша келтіруге болады. Мысалы қинау қылмысы үшін жауаптылық қарастыратын 347- 1 бабының 2 бөлімінің «в» пунктінде денсаулыққа орташа зардап келтіруге соқтырған азаптау, ал осы баптың 3 бөлімінде денсаулыққа ауыр зардап келтірумен ұштасқан немесе жәбірленушінің абайсыздықта өліміне соқтырған қинау әрекеттері келтірілген. Егер осы баптың мазмұнына назар аударсақ, онда бұл қылмыстың құрамында 107 баптағы азаптаудың барлық белгілері бар екендігін байқауға болады, сондай-ақ жоғарыда аталған бөлімдерде 103, 104 баптардағы денсаулыққа орташа және ауыр зардап келтірудің, сонымен қатар 101 баптағы абайсыздықта қаза келтірудің құрамы толық қамтылғанын көруге болады. Мұндай жағдайда 347-1 бабы 101, 103, 104, 107 баптардағы қылмыстың құрамын қайталайды деуге болады. Қылмыстық заң нормаларының осындай бір-бірімен жақындығын және олардың бірін-бірі қайталайтынын немесе бәсекелестік көрсететінін білгеннен кейін жасалған қылмыс қандай норма бойынша квалификациялануы керек немесе барлық бәсекелес нормалар қолданыла ма деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл сұраққа жауап беру ҹшін алдымен қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі бәсекелес нормалар мағынасы Және көлемі бойынша бір-бірінен ажыратылатынын білу керек. Б.А. Куринов бәсекелес нормаларды 1) жалпы және арнайы нормалар, 2) арнайы нормалар, 3) бүтін және бөлік нормалар деп үш түрге бөледі, бірақ оның пікірінше барыншаанық бөлінетін нормалар 1) жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігі, 2) арнайы нормалардың бәсекелестігі болып табылады.1 В.Н. Кудрявцев қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі нормалардың арасында 1) жалпы және арнайы 2) бүтін және бөлік нормалардың бәсекелестігі кездесетінін келтіреді.

 

 

Қорытынды.

 

Қорыта айтқанда, құқықтық қатынастар  адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиеді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғам-дағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде мақсаттары түрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым қатынастарға шектеу қойылды.

Құқықтық қатынастардың өмірге келуінің, өзгеруінің, ескіруінің, жаңаруының, дамуының заңды себептерінен басқа үш бөлімнен тұратын негізі болады: нормативтік актілер, заңды себептер, субъективтік кұқық. Осы күрделі үш негіздер арқылы құқықтық қатынастар дамып, нығайып қоғамның объективтік даму процесін реттеп, басқарып отырады. Құқықтық қабілеттілік пен әрекеттілікке заң актілерінде қарастырылған тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса, ешкімге шектеу қойылмайды. Адамдардың әрекеттілігіне бірнеше шектеулер қойылады:  Реттейтін құқықтық қатынастар субьектілердің заңға сәйкес мінез-құлқы, былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде және соған сәйкес мінез-құлық. Мұндай құқықтық қатынастар құқық тәртібінің негізін құрайды. Бұларға жататындар: мемлекеттік, мүліктік, отбасы, еңбек т.б. құқықтық қатынастар.

Қорғайтын құқықтық қатынастар  субьектілердің заңсыз әрекетінің салдарынан пайда болады. Оның мақсаты қоғамдық тәртіпті қорғау, кінәліні жазалау, сөйтіп әділдік орнату.

Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі (құқық иесі) болады. Басқалардың  барлығы міндеттітарап болып  саналады. Мысалы, бұларға меншікке байланысты қатынастар жатады.

 Салыстырмалы  құқықтық қатынастарда барлық  оған қатысушылар белгілі (сатушы  мен сатып алушы) болып келеді.

Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс қатынастар моральдық, әдет-ғүрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр,  діни нормалармен реттеліп жатады.

Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Құқықтық қатынас мемлекеттік кепіддіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан белгілері:

Құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің кұқықтары мен міндеттері, дүрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.

Қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының кұқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады. Субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды. Егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.

 

 

Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер 
қүқықтың жүйе саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: 
мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық  процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.

Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.

   Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы, саудасату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.

  Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына қарай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын кұқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның қүқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады.

Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар  арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.  Құқықтық қатынастар құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде иайда болады. Құқықтық қатынас бұл субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс.

Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіптерді жақсартуға мүмкіншілік жасайды. Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субъективтік құқық, занды міндеттер.

Субъективтік  құқық бар жерде сонымен бірге занды міндеттер болады. Бұл екеуі бір-бірінсіз бола алмайды. Себебі қатынастардың көпшілігінде екі жақты субъектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субъектілердің міндеттері бар. Олардың дүрыс орындалуын қамтамасыз ету субъектілердің өздерінің іс-әрекетіне, жұмысына байланысты. Егерде әр субъект өзінің тиісті міндеттерін дұрыс, уақытында орындаса, онда сөз жоқ құқық та дұрыс уақытында орындалады деуге болады. Жекелеген субъектілермен ұйымның құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігінің айырмашылығы  мақсаттары мен міндеттеріне байланысты тежеледі, себебі сол үшін құрылып қызмет істейді. Әр түрлі ұйымдардың қызметі заңдармен не болмаса олардың меншік ережелерімен белгіленеді. Ережелер мемлекеттік билік органдармен рұқсат етілген және оның құқықтық негіздеріне қайшы болмауы қажет. Әржақты осындай қызметтеріне  қарамай ол жалпы не болмаса жекелеген адамдардың мүдделерін құқықтық қатынас субъектілері ретінде қанағаттандыруға бағытталған. Ұйымдардың құқығы және міндеттері қатаң түрде олардың атқаратын қызметтеріне қарай анық белгіленген. Сол қалыпта ұйымдардың құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігі  іске асырылады. Ұйымның әрекеттілігі тікелей ұйымның атынан шыққан өкілдер лауазымды адамдардың белгілі қимылдарынан көрінеді.

Информация о работе Құқытық-нормалар