Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 06:05, дипломная работа
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді.
Кіріспе........................................................................................................................1
1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы.............................5
Құқықтық норманың негізгі сипаттары............................................................7
Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері..............................9
2 Құқытық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы
2.1 Құқықтық қатынастың түсінігі мен мазмұны және оның негізгі белгілері.....................................................................................................................13
2.2 Қоғамдық қатынастар.........................................................................................23
2.3 Құқықтық қатынастардың түрлері....................................................................25
3 Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері,
субъективті заңды құқығы мен міндеттері.
3.1 Құқықтық қабілеттілік және әрекеттілік.........................................................27
3.2 Құқықтық қатынастардың объектісі................................................................32
3.3 Субъективтік құқық және заңды міндеттілік .................................................35
3.4 Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері, заңды және оқиғалы себептер ...................................................................................................................37
Қорытынды...........................................................................................................76
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................81
Қосымшалар..........................................................................................................83
Себебі қылмыстық заң нормаларының бір неше білімдерге бөлініп күрделенуі немесе күрделі құрамдарды көптеп келтіруіне байланысты қылмыстар жиынтығы әр түрлі баптардың жиынтығынан емес, бір баптың көлемінде де құралады. Заң баптары кейде өз ара ұқсас екі қылмыстық құрамды бір баптың жекелеген бөлімдерінде қарастыруы кездеседі. Мысалы, 194 баптағы мемлекеттік несиені заңсыз алу және мемлекеттік несиені мақсатсыз жұмсау, 231 баптағы коммерциялық сатып алу қылмысындағы сатып алу және сатылу. Біз 231 бапта жеке қылмыстық сипаттағы бір неше қылмыс құрамдары бір баптың көлемінде қарастырылған деп санаймыз, себебі осыған ұқсас 311 және 312 баптарда пара алу және пара беру қылмыстары қарастырылған. Мұнан өзге білімдерде айтқандай, бір қылмыстың жекелеген құрамдары бір баптың көлемінде жеке білімдер ретінде де келтірілген. Сондықтан бір баптың әр түрлі білімдерімен қарастырылған әрекеттерді жасау барлық кездерде бір неше рет қайталанған қылмыстарды емес, қылмыс жиынтығын білдіретін кездер де болады. Мұндай жағдайда іс-әрекеттерді бір неше рет қайталанған қылмыс немесе қылмыс жиынтығы екендігін ажырату үшін әр қайсысы аяқталған қылмысты білдіретін әрекеттердің баптың бір біліміне сыю мүмкіндігін ескеру керек. Мысалы пайдақорлық ниетпен және бұзақылық ниетпен кісі өлтіру қылмыстары жеке-жеке жасалғанда қылмыс жиынтығы ретінде 96 баптың «з» және «и» пункттерімен емес, осы баптың «н» пунктімен бұрын қасақана кісі өлтірген адамның қайтадан кісі өлтіруі деп, бір неше рет қайталанған қылмыстар ретінде бағалау керек. Себебі «н» пунктінде келтірілген кісі өлтіру түрі пайдақорлық және бұзақылық ниетпен кісі өлтіру қылмыстарымен салыстырғанда толық және белгілері бойынша әр түрлі ниетпен, мақсатпен немесе тәсілмен жасалған қылмыстарды қамтитын күрделі құрамды білдіреді. Егер жеке-жеке жасалған қылмысты әрекеттер бір бөліммен квалификациялануға жатпаса, онда қылмыс жиынтығы түрінде квалификация жүргізілуі қажет.
Сонымен қылмыстар жиынтығы қылмыстық заңның әр түрлі баптары бойынша ғана емес, бір бабтың бір неше бөлімдерімен қарастырылған қылмыстарды жасағанда да бола алатынын ескере отырып, ҚР ҚК 12 бабының 1 бөліміне сәйкес, қылмыстар жиынтығы дегеніміз, кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының түрлі бөлімдерінде көзделген қылмыстарды бір Адам жасап және солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан көп әрекеттерді жасауы болып табылады. ҚК 12 бабында қылмыстар жиынтығының анықтамасымен қатар квалификация ережелері де келтірілген қылмыстар жиынтығын қылмыстық құқықта екі түрге, нақты және идеальдық жиынтық деп бөледі. Нақты жиынтық ретінде әр түрлі қылмыс құрамдарын кінілінің жеке іс-әрекеттер арқылы орындауы алынса, ал идеальдық жиынтық-бұл екі немесе одан көп қылмыстардың бір іс-әрекет арқылы жасалуын білдіреді. Сырттай қарағанда нақты жиынтықпен идеальдық жиынтықтың арасында өзгедей айырмашылық жоқ болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл екеуінің құқықтық салдары немесе қылмыскердің қоғамға қауіптілігін анықтауда елеулі ролі бар деуге болады. Анығырақ қарағанда бір әрекет арқылы бір неше қылмыс жасаған адамға қарағанда жеке-жеке әрекеттер арқылы әр түрлі қылмыс жасаған адамдарды қауіптірек деуге болады, себебі мұндай адамдар қылмыстық жолға бейімделген немесе қылмыстылықты көсіп еткен адамдарға ұқсайды. Сондықтан нақты және идеальдық жиынтықтар бойынша квалификация жүргізуде айырмашылықтар байқалмағанмен, жауаптлық белгілеу кезінде қылмысты нақты жиынтық тҹрінде жасаған адамдарға қаталырақ белгілеуге негіз бар. әдетте қылмыстар жиынтығында қылмыстардың бір-бірінен айырмашылығын көрсететін әр түрлі қылмыстың объектілері, объективтік жақтың белгілері орын алады және кінә нысандары да бірдей болуы да, болмауы да мҹмкін. Мысалы бір қылмысты қасақаналықпен жасаса, екінші қылмысты абайсыздықпен жасауы мүмкін.
Кінәнің абайсыздық және қасақаналық нысандарының кездесуін тек нақты жиынтықта ғана емес, идеальдық жиынтықта да келтіруге болады. Мысалы кінәлінің қасақаналығы бөтеннің меншігін жоюға бағытталып, бірақ адамның өліміне соқтыратын зардаптың болу мүмкіндігін көре білуге мүмкіншілігі бола тұрып, абайсыздықта осындай зардап келтіруі де мүмкін. Демек мұндай бір әрекетпен жасалған қылмыстарды қасақана бөтеннің мүлкін жою және абайсыздықта қаза келтіру қылмыстарының жиынтығымен бағалау керек. Көптік қылмыстардың өзге түрлеріндегідей сиқты құрам элементтерінің ішінен тек қылмыс субъектісі ғана қашанда өзгермей, ол бір адамның бойындағы қылмысты әрекеттердің көптілігін көрсетеді. Бір неше қылмыстарды жасау уақиғаларында қылмыс субъектісі бір адам болғанмен, қылмыс рецидиві мәселесінде бұрын сотталған адамның қайтадан қылмыс жасауы басқа құқықтық мағынаға қарай ол адамды өзгертеді. Идеальдық жиынтықты білдіретін қылмыстарды анықтаушы белгілер, көбінесе жасалған бір іс-әрекетте әр түрлі объектілердің бұзылуы мен әр түрлі зардаптардың туындауы болып табылады. Бір іс-әрекет жасала отырып, ол қылмыстық заңның бір бабымен қамтылмаған әр түрлі қылмыстық зардаптарға соқтырады және соған сәйкес әр түрлі баптармен қорғалатын қоғамдық қатынастардың бұзылғандығы көріс береді. Идеальдық жиынтықтың орын алғанын анықтаудың кілті де бір неше зардаппен қоғамдық қатынастың бұзылуы және бұл зардаптармен қоғамдық қатынастарды бір баптың толық қамтымауы болып табылады. Нақты жиынтықта осындай белгілер негізінде анықталғанмен, идеальдық жиынтықтың орын алып отырғанын анықтау көбінесе қиындық тудырады. Себебі нақты жиынтықта әр қайсысы аяқталған және әр түрлі қылмысты білдіретін бір неше әрекеттердің жасалуы арқылы қылмыс жиынтығының орын алғанын білуге бірден мүмкіндік болса, ал идеальдық жиынтықта бір әрекеттің өзінде бір неше қылмыстың белгілері бар екендігін анықтау қажет болып,
ол үшін квалификация кезінде қолданылып отырған баптың осы әрекетті, туындаған зардаптарды, бұзылған қоғамдық қатынастарды толық қамти алатынына немесе алмайтынына көңіл аударамыз. Көпшілік қылмыстық құқықтық нормалар бір неше зардаптарды немесе заңмен қорғалатын бір неше объектілерді бір қылмыстың көлемінде келтіреді. Жасалған іс-әрекет бір неше зардаптарға соқтырғанмен немесе өзге қылмыстың негізгі объектісін білдіретін қоғамдық қатынастарға нұқсан келтітіргенмен, бұл объектілер бір қылмыстың белгілері ретінде қарастырылған болса, онда идеальдық жиынтық емес, бір қылмыс ретінде түсіну керек. Мысалы абайсыздықта адам өліміне соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзуға квалификация жасағанда бірден 152 баптың 2 бөлімін қолдану керек, абайсыздықта қаза келтіргендікті арнайы қарастыратын 101 баппен қосып квалификациялау керек емес. Идеальдық жиынтықта бір неше қылмыстың жасалу уақыты бірдей сияқты болып көрінеді, өйткені бір неше қылмысты жасайтын әрекет біреу ғана болғандықтан олардың жасалу уақыты да бірдей болып анықталуы керек сиқты. Идеальдық жиынтықта қылмыстардың жасалу уақыты бірдей бола ма дегенде, бір іс-әрекетпен жасалған қылмыстардың аяқталу уақытын ескеру керек. Кейбір қылмыстардың әрекет жасалысымен бірден аяқтала бермейтіні белгілі, бұл әсіресе аяқталу уақыты үшін тиісті зардаптың туындауы қажет болып табылатын материальдық құрамдарға байланысты кездеседі. Соған орай мұндай жиынтық түрінде жасалған қылмыстардың бірі әрекет жасалу уақытымен бірден аяқталса, басқа қылмыстар кейін, белгілі-бір уақыт өткеннен кейін аяқталуы мүмкін. Идеальдық жиынтықтың орын алуының басты негізі бір іс-әрекетте әр түрлі баптармен қарастырылған қылмыс құрамдары белгілерініңкездесуі болып табылады. Жасалған бір іс-әрекетте бір баптың әр түрлі бөлімдерінде келтірілген белгілердің кездесуі қылмыс жиынтығы емес, бір қылмыс ретінде бағаланатын кездер болады.
Мұндай жағдайдың, яғни баптардың бір неше бөлімдерден құралуының басты себебі, ол заң баптарының бөлімдерінде осы қылмыстың ауырлататын белгілермен жасалғандығын немесе ауыр белгілер болмағанда осы қылмыстың жеке көріністерін бейнелеуге байланысты. Сондықтан бір қылмысты әрекет баптың бір неше бөлімдеріне сәйкес келгенде, іс-әрекет бір неше бөлімдермен емес, олардың ішіндегі мазмұны, мағынаса кең құрам немесе жауаптылықты ауырлататын құрам түрі қолданылады. Мысалы ірі мөлшерде ұрлық жасау мақсатында тұрғын-жайға кіріп жасалған ұрлық бір қылмыс деп бағаланып, 175 баптың 3 бөлімімен ірі мөлшерде жасалған ұрлық деп танылуы керек. Бір қылмысты жасау әрекеті Ерекше бөлім баптарының бір неше бөлімдерінің белгілеріне сәйкес келгенде, барлық кезде жоғарыдағы сияқты іс-әрекет баптың бір бөлімімен ғана квалификациялана бермейді.
Мысалы ұрлық қылмысы алдын ала келісіммен пайда болған топ адаммен және үй-жайға кіру арқылы жасалғанда да бір қылмыс ретінде бағаланады, бірақ іс-әрекет 175 баптың 2 бөлімімен «а» және «в» пункттерімен адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша және үй-жайға кіріп жасалған ұрлық деп квалификацияланады. Себебі бұл «топ адам болып қылмыс жасау» және «үй-жайға кіру» деген белгілер бір бірімен өз-ара байланысты немесе бір-бірінің арасында бағыныштылық жоқ белгілер болып табылады. Басқаша айтқанда осы сияқты белгілердің қайсысы мағынасы, қауіптілігі бойынша ауыр, кең белгі екендігі белгісіз болуы мүмкін. Сондықтан қылмыстың жасалуын, оның көрінісін сипаттау үшін заңда бейнеленген елеулі белгілерді квалификация кезінде қолдану қажеттілігі туындайды. Жасалған бір іс-әрекетті баптың бір неше бөлімдерімен квалификация жасай отырып және мұны бір қылмыс ретінде тану-мұнан бұрынғы бөлімдерде айтқандай «бап бір неше бөлімдерден құралғанда оның әр бөлімінде осы қылмыстың жеке құрамдары келтірілген» деген түсінікке қайшы келеді. Негізінде заң шығарушының Ерекше бөлім баптарын бөлімдерге бөлуі бір неше себептерге байланысты деп түсінген дұрыс.
Біріншіден, Ерекше бөлім баптары блімдерге бөлінгенде бір- біріне бағынышты емес және бір қылмыс болып табылмайтын ұқсас екі қылмысты бір бапта қарастыру негізінде пайда болады. Мысалы 117 баптың 1 және2 бөлімдеріндегі заңсыз абортты тиісті медициналық білімі жоқ адамның жасауы және тиісті білімі болғанмен абортты заңсыз жасау, 194 баптағы мемлекеттік несиені мақсатсыз жұмсау және осындай несиені заңсыз алу. Екіншіден, Ерекше бөлім баптары бір неше бөлімдерге бөлінгенде осы қылмыстың жасалуында кездесуі әбден мүмкін ауырлататын немесе аса ауырлататын, сондай-ақ кінәні жеңілдететін белгілерін қарастыруды көздеген. Мұндай ауырлататын белгілерді баптың жекелеген бөлімдерінде келтіре отырып, заң шығарушы «осы қылмыстың ауырлататын құрамы» ретінде тануды ұсынады. Мұндай бөлімдердің заң баптарында өмір сүру себебі, ол негізгі бөліммен қарастырылған қылмыс ауырлататын белгілермен жасалғанда, жауаптылықты қатал белгілеуді іске асыруға байланысты деп түсіну керек. өйткені баптар бөлімдерге бөлініп, ауырлататын құрамдарды қарастырмаса, онда қылмыс бәрібір негізгі бөліммен квалификацияланып, сол негізгі бөлім бойынша жаза тағайындалады. ҚК 54 бабы қоғамға қауіптілікті, кінәні ауырлататын белгілерді келтіргенмен, ол жалпы бөлім нормасы болуына байланысты онда жаза қарастырылмаған.
Бірнеше рет жасалған қылмысты квалификациялау.
Қылмыстық кодекстің 13 бабына сәйкес, «Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады». Қылмыстық заң қылмыстың қайталануының үш түрін келтіреді: жай, қауіпті және аса қауіпті. 13 баптың 1 бөлімінде қылмыстың жай қайталануының түсінігін бере отырып, жалпы қылмыстың қайталануының да анықтамасын осы түсінік көлемінде қарастырған. Ал бұл түсінікті кеңірек мағынада қарастырсақ, онда қылмыстың қайталануы дегеніміз, бұрын қасақана қылмысы үшін соталған немесе соттылық мерзімі өтпеген адамның қайталай қасақана қылмыс жасауын білдіреді.
Қылмыстық құықық теориясында қылмыстың қайталануының тҹсінігі және оның түрлері даулы мәселе болып саналады. ҚК 13 бабының 2 және 3 бөлімдерінде қылмыстың қауіпті және аса қауіпті қайталануы түрлерін анықтау негізі ретінде қылмыстардың қоғамға қауіптілік санаттары алынған. Қылмыстық құқықта қылмыстың қайталануының басқа да түрлері келтірілген. Мысалы жалпы және арнайы қайталану, пенитенциарлық қайталану деген ұғымдар кездеседі. Жалпы қайталану ретінде бұрын қасақана қылмыс жасаған, соттылығы бар адамның кез-келген қасақана қылмысты жасауы алынады. Яғни қылмыстың қайталануының бұл түрі кез-келген қасақана қылмыстардан құрала алады. Арнайы қайталану дегеніміз, қылмыс жасағаны үшін сотталған адамның кейіннен қайтадан сол қылмыс түрін немесе соған ұқсас қылмыс түрін жасауы болып табылады. Пенитенциарлық қайталану дегеніміз, бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген адамның, кейіннен тағы да қылмыс жасағандығы үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталуы болып табылады. Яғни екі рет бас бостандығынан айыру жазасын өтеген адамдар пенитенциарлық рецидив деп танылады.
Қылмыстың қайталануының қылмысты квалификациялауға әсері қылмыстық заң нормаларының осы белгіге арнайы бөлім арнауына немесе жауаптылық белгілеуіне қарай болады. Сондықтан ҚК 13 бабы жоғарыда айтқандай қылмыстың қайталануын жай, қауіпті, аса қауіпаті деп үш түрге бөлгенмен, қылмыстық заңның Ерекше бөлім нормаларында өзге де қайталану түрлері, мысалы арнайы қайталану кездеседі. Мысалы талан-таражды білдіретін қылмыстар үшін жауаптылық қарастыратын баптардың 3 бөлімінің «в»пункттерінде «ұрлық немесе қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан көп рет сотталған Адам жасаған болса» деген кінәні ауырлататын құрам түрі кездеседі. Баптың осы бөлімінің осы пунктімен квалификация жасау үшін қылмыс жасаған адам бұрын осындай талан-таражға жататын немесе қорқытып алу қылмыстарын кем дегенде екі рет жасаған адам болуы керек.
Бұрынғы
жасаған қылмыстарын
Бір айта кететін жәйт, ол бұрын сотталған адамның ҚК 77 бабында белгіленген соттылық мерзімдері өтіп кеткеннен немесе алынып тасталғаннан кейін, қайтадан қылмыс жасаса, онда қылмысты қайталау деп бағаланбайды. Бұл тіпті бұрынғы жасаған қылмысымен байланысты немесе ұқсас болғанда да осы ереже сақталып, бұрын сотталған Адам деп танылмайды. Мысалы жалған ақша жасағандығы үшін бұрын сотталып, кейін соттылық мерзімі өтіп кеткеннен кейін осы қылмысты қайтадан жасағанда, бұл адам бұрын сотталмаған деп бағаланады. Мысалы Б. өз ара жанжал ҹстінде А-ның кеудесіне қасақана пышақ ұрып, нәтижесінде оның денсаулығына ауыр дәрежелі зардап келтіреді. Келесі күні Б. бұрын талан-тараж қылмыстарын жасағандығы үшін екі рет сотталған бола отырып, С-тің пәтеріне заңсыз кіріп
74770 теңге сомаға ұрлық жасаған. Жаңа өзен қалалық сотының үкімімен Б. ҚР ҚК 103 бабының 1 Бөлімімен, 175 баптың 3 бөлімінің «в» пунктімен сотталған. Маңғыстау обылыстық сотының қылмыстық істер бойынша алқасы сот үкімінен қылмыскердің әрекеттерін қауіпті қайталану деп тану туралы бөлімді алып тастап, үкімнің қалған бөліктерін өзгеріссіз қалдырған. ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы соттың үкімін және кассациялық қаулыны өзгертіп, Б.-ның ұрлық жасау әрекеттерін 175 баптың 3 бөлімі «в» пункітінен 175 баптың 2 бөлімінің «б,в» пункттеріне ауыстырған. Сонымен қатар Жоғарғы Сот өзінің жасап отырған өзгерісін былай негіздеген.
Б.-ның ұрлық қылмысы үшін бірінші соттылығы оның кәмелетке толмаған кезінде 1990 жылдың 25 қазанынан басталған және 1993 жылы 15 наурызда жазадан шартты түрде ерте босатылған, ал жазаның толық аяқталуы осы жылдың 12 тамызында болған. Осыған байланысты Б.-ның бұрын сотталған адам деген атағы 1994 жылдың 12 тамызында өткен. Сондықтан Б. бұрын талан-тараж қылмыстары бойынша екі рет емес, бір рет сотталған деп танылып, 175 баптың 3 бөлімінен 2 бөлімінің бір неше рет қылмыс жасағандықты және тұрғын үйге кіріп қылмыс жасауды білдіретін «б,в» пункттерімен қайта квалификацияланған.1 Бұл мысалда төменгі соттар 11 баптың 3 бөліміндегі адам бұрын жасаған қылмыстары үшін жауаптылықтан босатылған немесе соттылығы жойылған болса, кейін осындай қылмысты жасағанда бір неше рет жасағандық ретінде танылмайтынын ескермеген. Қылмыстың қайталануын абайсыздықпен жасалған және 18 жасқа толмай тұрып жасаған қылмыстары құрамайтынын өткен білімде ескерттік. Мұның себебі қылмыстың қайталануы деген құқықтық бағалау түрі, адамның кінәсі мен жауаптылығын ауырлататын белгі болып табылады. Бұл белгі ҚК 54 бабында жауаптылықты ауырлатушы белгі ретінде келтірілген және бұрын сотталғандық Ерекше бөлімнің баптарында ауырлататын немесе аса ауырлататын құрам ретінде кейбір баптардың арнайы білімдерінде қарастырылған. 18 жасқа толмаған адамның ақыл-есі әлі толық жетілмеуіне, оларда ұшқалақтық, жеңілтектік мінез көп кездесуіне байланысты, сол сияқты абайсыздықпен қылмыс жасаған адам мұқият, тыңғылықты немесе сабырлы болмауына байланысты қылмысты әрекеттер жасаған адам болуы мүмкін. Мұндай адамдардың жалпы қоғамға қауіптілік дәрежесі 18 жасқа толғаннан кейін немесе қасақанана қылмыс жасаған адамдарға қарағанда ауыр немесе қауіпті деп бағаланбайды. Қылмыстың қайталануы бойынша квалификация ережесі қарапайым деуге болады, өйткені қылмыстың қайталануы Ерекше бөлім баптарының бөлімдерінде арнайы келтірілгенде және қылмыскердің бұрынғы қылмыстары бойынша соттылығы болғанда ғана квалификацияға әсер етеді.