Құқытық-нормалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 06:05, дипломная работа

Описание работы

Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................1
1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы.............................5
Құқықтық норманың негізгі сипаттары............................................................7
Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері..............................9
2 Құқытық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы
2.1 Құқықтық қатынастың түсінігі мен мазмұны және оның негізгі белгілері.....................................................................................................................13
2.2 Қоғамдық қатынастар.........................................................................................23
2.3 Құқықтық қатынастардың түрлері....................................................................25
3 Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері,
субъективті заңды құқығы мен міндеттері.
3.1 Құқықтық қабілеттілік және әрекеттілік.........................................................27
3.2 Құқықтық қатынастардың объектісі................................................................32
3.3 Субъективтік құқық және заңды міндеттілік .................................................35
3.4 Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері, заңды және оқиғалы себептер ...................................................................................................................37
Қорытынды...........................................................................................................76
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................81
Қосымшалар..........................................................................................................83

Работа содержит 1 файл

Құқытық-нормалар.doc

— 443.00 Кб (Скачать)

   Заңды  себептері    құқықтық  қатынастардың,  пайда  болуы  өзгеруі,  ескіруі  және  жаңаруының    негізі  болады.   Заңды  себептердің  екі  түрі  болады:  оқиғалар  және  іс - әрекеттер. 

        Оқиғалы   себептер – табиғаттың  объективтік   даму  процесінен  пайда  болатын   жзағдайлар  (өрт,  жер  сілкіну,  су  тасқыны т.б.).    Оқиға   құқықта -  азаматтық  құқықтыр  мен   міндеттің  пайда  болу  негіздерінің  бір  турі.  Оқиға  деп – адамның  тууын,  өлуін,  стихиялық  апатты,   уақыттың  өтуін  т.б.  табиғиқұбылыстар  аталады.  Азаматтық  құқық  пен  міндеттемелерге   оқиға  заңда  көрсетілген  реттерде   ғана  негіз  бола  алады.   Мысалы, қауыпсіздендіруші  ұйым  (госстрах)  қауіпсізденушіге  тиісті  ақшаны  оның  мүлкі  заңда  көрсетілген  оқиғадан  (жер  сілкіну,  өрт)  апатқа  ұшыраса   ғана төлауге  міндетті.   Азаматтың  немесе  заңды  ұйымның  кінәсінсіз  пайда  болатын  кейбір  оқиғаларға  арнаулы  мән  беріледі.  Мысалы,  жұмыс  әрекеттері      төңірегіндегілерге  қатерлі  қауіп  туғызатын  ұйымдар  мен  заттар  (транспорт  ұйымдары,  өнеркәсіп  орындары,   құрылыстар,  автомобил  иелері  т.б.)  егер  зиянның  келтірілуі  бой  бермейтін  күштің  салдарынан  немесе   жәбірленушінің  қасақана  іс - әрекеттен  болғаны   дәлелденсе,  зиянды  өтеуге  міндетті.  Азаматтық  құқықта  мүліктің  кездейсоқ  апатқа  ұшырауы  немесе  бүліну  тәуекелін  (риск)  тиісті  мерзімді  өткізген  жақ  көтереді.  Адамдардың  және  заңды   тұлғалардың   іс - әрекеттері  арқылы  қалыптасқан  себептер -  адамның  өзінің   жұмыстарының  нәтижесінде  пайда  болатын  жағдайлар.  Бұл  себептер  заңды  және  заңсыз  іс - әрекеттер болыпекіге  бөлінеді.  Заңсыз  іс - әрекеттер тоқтатылуға немесе  жауапкершілігі   анықталуға   тиіс. 

     Құқықтық  қатынастардың  өмірге  келуінің ,  өзгеруінің,  ескеруінің,   жаңаруың,    дамуының  заңды   себептерінен  басқа  үш  бөлімнен   тұратын негізі   болады:  нормативтік   актілер,  заңды  себептер,   субъективтік  құқық.  Осы  күрделі  үш  негіздер  арқылы  құқықтық  қатынастар  дамып,  нығайып  қоғамның  объективтік  даму  процесін  реттеп,  басқарып  отырады.

                                       2.2 Қоғамдық қатынастар.

 

Қоғамдық қатынастар – белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективтік, адамдардың санасы мен еркін байланысты емес. Материалдық қоғамдық  қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас қоғамдық өндірістін қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндірісі орын алады. 

 

  Идеологиялық қатынастар  адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары  саяси, құқықтық, моральдік, ұлттық, діни т.б. қатынастар . Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы-өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір ізділікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады .

   Қоғамдық  қатынас антогонистік және антогонистік  емес болып екіге бөлінеді. Антогонистік қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды қанауға негізделген қоғамдық-экономикалық формацияда болады. Антогонистік емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ қоғамда болады. Мәселен, алғашқы қауымдық қоғам Марксизм болашақ комунизм қоғамында да болуға тиіс деп түсіндіреді. Қоғамдық қатынастардағы кез келген түбірлі өзгеріс тек өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты.

   Қоғамдық  қатынастардың басым көпшілігі  әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік т.б. күрделі мәселелер құықтық нормалар арқылы  реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен құқықтың ең жауапты қызметіне  айналады.               

  Құқықтық  қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік  байланысы, қарым- қатынасы. Адамдар  өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру  үшін т.б. басқа себептермен  бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл обьективті процес. қоғамның  диалектикалық даму процесіне  сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процес әр түрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекеттің шеңбері кеңеиеді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.

   Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдік, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыстар-қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.

   Қоғамдағы  барлық қатынастар құқықтық нормалармен  реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық  мүдде мақсаттарды қамтитын қатынастарды  реттеп, басқарып отырады.

 

2.3 Құқықтық қатынастардың түрлері.

  Құқықтық  қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамсыз етеді. Құқықтық қатынастардың түрлері:

  1. Қоғамдық барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе-саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.

   2. Құқықтық  норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.

   3. Құқықтық  қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғада расталады. Мысалы, сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.

   4. Құқықтық қатынастардың субьектілерінің жағдайларына қарай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы субьектіде болады, ал екінші жағындағы субьектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субьектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субьектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады.

Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік қүбылыстардың  ең күрделісі және ерекше түрі.

Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.

Құқықтық қатынастардың нышан белгілері:

Бірінші  құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер  арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде  қатынастың мазмұны, субъектілердің кұқықтары  мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.

Екінші қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары  мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының кұқығы екінші жағының  міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.

Үшінші  субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын  іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.

Төртінші  егер қатынаста нормативтік актінің  мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.

Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады.  Құқықтық қатынас  бұл субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіптіде жақсартуға мүмкіншілік жасайды.

 

 

 

      

           3 Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері,

субъективті заңдылық құқығы мен міндеттері.

 

3.1 Құқықтық қабілеттілік және әрекеттілік.

 

Қазіргі заң  ғылымында тәжірибе мойындағандай, құқықтық қатынасты белгілі қоғамдық қатынастардан бөлек қарауғаболмайды, себебі олар құқықтық нысанға айналады. Олар құқықтық нормалар негізінде пайда болып,и адамдар қимылдарының ерекше нысандарына және қылықтарына айналады. Заңдылық нысанмен қоғамдық қатынастардың нақты мазмұны-тұтас әлеуметтік құбылыс.

    Дегенмен де, құықтық нысандардың негізгі бөліктерінің қайсысының нақты қатынасына мемлекеттік мәртөбе беретінін және оның қорғалу кепілдігінің қамтамасыз етілуін білу өте маңызды.

   Құықтық қатынастардың  құрамында төрт қажетті бөліктер  бар:

Субьектілер, обьектілер, құқық және міндеттілік :

   1. Құқықтық қатынастардың  субьектілері - бұл жекелеген жеке  адамдар (индивидтер) және ұйымдар,  олар құқық нормаларына сай  субьективті заңдылық құқықпен  міндеттіліктің иелері болып  табылады. Бұл жалпы ереже, шын  өмірде, барлық жеке адамдар және ұйымдар құқықтық қатынастардың субьектілері бола бермейді, оны әртүрлі обьективті факторлармен: физиологиялық психологиялық, экономикалық түсіндіріледі.   Жас балалар, ұйымдар өз өмір сүруін тоқтатса, шын мәнісіндеқұқықтық қатынасқа араласа алмайды, егер құқықтың субьектісі болмаса, міндетті субьекті де жоқ және міндеттіліктің өзі де жоқ біреу туралы міндетті болуға болмайды.

   Құқықтық  қатынастың қатынасушыларына тек  сол субьектілер жатады, егер  олар обьективтік құқық аясында  болса. 

Олардың көпшілігі  құқықтық мемлекетте болады. Басқа  адамдарәр түрлі себептерге байланысты құқтық реттеу аясына қосылмаса, әр түрлі  жақсылық жасайтын қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттің қарауында болады.

   Құқықтық  қатынастар, субьектілердің қатынасу  өлшеміне, олардың құқықтық қабілеттілігіне және өзін - өзі билеу қабілеттілігіне байланысты.

Құқықтық  қабілет  – құқыққа бостандықтар  мен  міндеттерге  ие болу  қабілеті.  Құқықтық қабілет  адам туған сәттен басталып, өлгенде аяқталады. Қазақстан  Республикасының   Азаматтық  еодексі азаматардың құқықтық қабілетінің  негізгі  мазмұнын анықтайды: меншігінде мүлік, оның ішінде шетелдің валютаны  ұстауға ие  болу; мүлікті  мұрагерлікке  не  өсиет  етіп қалдыру;  тұратын   жерін  өзі  таңдап алу; шет  елдерге кетуге, қайтып  келуге ерікті;шаруашылық құруға, қарым–қатынас жасауға т.б.құқықтары   бар. 

  Әрекеттілік -  объективтік құқық нормаларымен мойындалған, өзінің саналы  қимылымен заңды құқықты және міндеттерді субъектінің өз еркімен іске асыру қабілеттілігі. Әрекеттілік жалпылама және арнайы бөліктерден тұрады. Жалпыламаға, мысалы заңды келісімдер жатса, арнайыға тек қатаң белгіленген келісімдер жатады. Табағи себептерге байланысты құқықтық қабілеттілікпен, әрекеттілік әр уақытта бір – бірімен сәйкес келмейді. Барлық адамдар құқықтық қабілетте болады, бірақ оның барлығы бір мезгілде әрекеттілікте болмайды.

    Керісінше,  барлық әрекеттілігі бар, адамдардың  құқықтық қабілеттілігі болады. Сондықтан, құқықтық қабілеттілік  көбіне кеңірек түсінік, себебі  көпшілік адамдардың ортасына таралады. Жекелеген адамдардың әрекеттілігінің өзгешелігі адамдардың өзіндік табиғатына берілгендік және олардың өмірлерінің жағдайларына байланысты болады.

 

 

 

 

 Әрекеттіліктің  көлемі және мазмұны көптеген  факторларға байланысты:

   1. Құқықтық қабілеті бар субъектінің жасына байланысты. Барлық мемлекеттердің заңдары азаматтың кәмелеттік жасын анықтайды, себебі сол жасқа толғаннан кейін жеке адам әрекеттілік жағдайда болады, яғни өзінің қимылымен толық көлемде азаматтық құқыққа ие болады және өзі үшін азаматтық міндеттерді белгілейді (азаматтық әрекеттілік). Тең жағдайда адамның заңмен саяси есейгендік жасы белгіленеді, сол арқылы азамат саяси құқыққа ие болып, соған сай міндеттерді атқарады (мысалға, мемлекеттік органдарға сайлауға және құқығы бар, депутат болса халықтың алдыңда есеп беруге міндетті). Барлық елдерде тұрмыс құру жасы белгіленген. Субъектінің жасына байланысты оның әрекеттілігі толық не болмаса тежеулі болады. Мысалы, кәмелетке толмағандар келісімді тек ата – аналарының рұқсатымен жасайды.

Информация о работе Құқытық-нормалар