Құқытық-нормалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 06:05, дипломная работа

Описание работы

Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................1
1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы.............................5
Құқықтық норманың негізгі сипаттары............................................................7
Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері..............................9
2 Құқытық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы
2.1 Құқықтық қатынастың түсінігі мен мазмұны және оның негізгі белгілері.....................................................................................................................13
2.2 Қоғамдық қатынастар.........................................................................................23
2.3 Құқықтық қатынастардың түрлері....................................................................25
3 Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері,
субъективті заңды құқығы мен міндеттері.
3.1 Құқықтық қабілеттілік және әрекеттілік.........................................................27
3.2 Құқықтық қатынастардың объектісі................................................................32
3.3 Субъективтік құқық және заңды міндеттілік .................................................35
3.4 Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері, заңды және оқиғалы себептер ...................................................................................................................37
Қорытынды...........................................................................................................76
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................81
Қосымшалар..........................................................................................................83

Работа содержит 1 файл

Құқытық-нормалар.doc

— 443.00 Кб (Скачать)

 

Мазмұны

                                     Кіріспе........................................................................................................................1 

1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары

    1. Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы.............................5
    2. Құқықтық норманың негізгі сипаттары............................................................7
    3. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері..............................9

2 Құқытық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы

2.1 Құқықтық қатынастың түсінігі мен мазмұны және оның негізгі         белгілері.....................................................................................................................13

2.2 Қоғамдық қатынастар.........................................................................................23

2.3 Құқықтық қатынастардың түрлері....................................................................25

3 Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері,

     субъективті заңды құқығы мен міндеттері.

3.1 Құқықтық қабілеттілік және әрекеттілік.........................................................27

3.2 Құқықтық қатынастардың объектісі................................................................32

3.3 Субъективтік құқық және заңды міндеттілік .................................................35

3.4 Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері, заңды және оқиғалы себептер ...................................................................................................................37

 Қорытынды...........................................................................................................76

 Қолданылған әдебиеттер....................................................................................81

Қосымшалар..........................................................................................................83

 

 

 

 

 

 

                                                        Кіріспе.

 

      Құқықтық норма – қоғамдық  қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен  реттейді.     Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді.

Қатынастар  құқықтық сипатты тек сол кезде  алады, егер әңгіме әлеуметтік маңызы бар актілерді жүргізуге арналса. Ал, оймен сезімге сәйкес олардың  қимылын көрсетпейтін болса, олардың заңды табиғаты туралы айтып та қажеті жоқ.

Тақырыптың  өзектілігі. Қоғамдық қатынастар - белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы өрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді ендіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын алады.

Идеологиялық  қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары саяси, құқықтық, моральдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар.      Құқықтық  нормалар  арқылы  реттелетін қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйелігінде.

Ғылыми  жаңалығы. Адамдардың және олардың ұйымдарының арасындағы өмірлік қарым-қатынастардың әр түрлі жақтары және сыртқы көріністерінің өзіндік нысандары болады. Олар моральдік, саяси, ұлттық, діни, соған қосымша құқықтың болуы мүмкін. Әрбір қоғамдық қатынастар қиын және көпжақты құбылыстар, оларға әртүрлі қоғамдық мүдделердің бөлімдері және қажеттіліктері қосылуы ықтимал. Кейбіреулері құқықтық реттумен қамтылса, басқалары қамтылмайды. Мысалы, отбасы өмірінде заңды нысандарға көшетін әдеттегідей, материалдық қарым-қатынастар адамдардың дінге, өзіне қатынасы, құқықтық реттеу аясынан сыртта болады. Соған байланысты, қоғамдық қатынастардың бәрі бірдей толық көлемде заңды нысандарға көшпейді. Құқықтық қатынас адамдар арасындағы құқық нормаларымен белгіленген анық қатынастарды көрсетеді. Барлық қоғамдық құбылыстар обьективті түрде заңды бола алмайды. Дипломдық жұмыста құқықтық  қатынастар мен нормалардың құндылығы, мазмұны, түсінігі,  түрлері, субъектілері, объектілері мен субъективті заңды құқығы  мен міндеттері  толық айқындалған.

Тақырыптың  зерттелу  деңгейі. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір ізділікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын зандылықтарды ашу ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады. Қоғамдық қатынас антагонистік және антагонистік емес болып екіге бөлінеді.

Антагонистік  қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды қанауға негізделген қоғамдықэкономикалық формацияда болады.

Антагонистік  емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ қоғамда болады. Мәселен, алғашқы қауымдық қоғам Марксизм болашақ коммунизм қоғамында да болуға тиіс деп түсіндіреді. Қоғамдық қатынастардағы кез келген түбірлі өзгеріс тек өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты. Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік т.б. күрделі мәселелер кұқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен кұқықтың ең жауапты қызметіне айналады –деп заңгер - ғалымдар  тұжырымдайды.

Жұмыстың  методологиялық  негізі.  Құқықтық қатынастар адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. себептермен бір-бірімен қарым қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сөйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.

Тақырыптың  зерттеу  объектісі. Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.

Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.

Зерттеу  жұымысының  мақсаты мен  міндеттері.  Дипломдық жұмыстың  мақсаты қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының кұқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады. Субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды. Егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.

Теориялық  және  практикалық  маңыздылығы. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер  құқықтың жүйе саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық  процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.  Оның  теориялық негіздерін  заңгер  ғалымдар  ғылыми  тұжырымдамаларымен  практикалық мәні  бар еңбектері құрайды.   

Жұмыстың  құрылымы  және  көлемі.  Жұмыс кіріспеден, үш  тараудан, он  параграфтан, қорытнды мен  пайдаланылған  әдебиеттерден  тұрады. Көлемі алпыс үш  беттен  тұрады.

 

 

 

 

 

1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары

1.1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы.

      Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен  реттейді.

       Жеке  дара  норма  немесе  нормалардың  бір  жүйесі  құқық бола алмайды. Құқық деп  қоғамның билігін, саясатын, мүддесін  іс жүзіне асыруды толық қамтыған  нормативтік актілердің жиынтығын  айтамыз. Сонда да жеке дара  құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді: қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын және тағы басқа демократиялық іс - әрекеттерді біріктіреді.

     Заң  нормаларында анықтамалар берілуі  мүмкін. Қазақстан Конституциясында  құқыққа мынадай анықтама берілген: Республикада қолданылатын құқық  Констетуцияның, соған сай келетін  заңдардың, өзгеде нормативтік – құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық міндеттемелерінің нормалары болып табылады. Норма принциптері де болады. Республика қызметінің түбегейлі принциптері – делінген Констетуцияда, ол – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін эканомикалық даму, Қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде Республикалық референдумда немесе парламентте дауыс беру арқылы шешіледі.

     Құқықтық  норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді.

 Құқықтық  нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді. Заң бұзушылық қоғамға, тұлғаға шексіз зиян келтіруі мүмкін. Құқықтық норма осындай іс - әрекеттерді де қамтиды. Құқықтық норманың екінші белгісі – ол реттелетін қоғамдық қатынастардың үлгісі (моделі) болып саналады. Үлгі – оң және теріс мінез – құлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға өзіне жүктелген міндетті қалқысыз орындаса, ол оң үлнгіге жатады. Егер адам заң бұзса, онда ол теріс үлгіге жатады. Құқықтың норманың жалпыға бірдей сипаты бар. Құқықтық нормада нақтылы, жеке субъектілер көрсетілмейді. Ол

реттейтін қоғамдық қатынастарға қатысатындардың барлығы  құқықтық норманың талабына бағынуы  қажет. Мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жеке адам заң нормасының талабын  мүлтіксіз сақтауға, орындауға міндетті. Заң нормасының талабын өз еркімен орындамаса, оны бұзған тұлғаға мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Демек, заң нормасын мемлекет қорғайды.

 

- құқықтың нормалар  қоғамды реттеп басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым – қатынастарына дұрыс бағыт беріп отырады;

- құқықтың нормалар  қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы  ең сапалы құрал, нормативтік  актілер қоғамға зиянды іс - әрекеттерге  жауапкершілікті күшейтіп отырады;

- құқықтың нормалар  қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, эканомиканың әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;

-  құқықтық  нормалар қоғамда әділеттікті,  теңдікті, бостандықты және тағы  басқа демократиялық қағидаларды  қалыптастырады;

- құқық нормалар  халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудығ құралы;

       Құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін  нормалардың жиынтығы. Құқықтық  норма – құқықтың  бір клеткасы, қоғамдық қатынастарының жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым – қатынасын реттеп, басқарып отырады.

       Адамдардың бостандығын реттейтін  норма екі тұрғыдан қарастырады:

Біріншісі –  адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау – жоспарлауы (ішкі бостандық);

Информация о работе Құқытық-нормалар