Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 06:05, дипломная работа
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді.
Кіріспе........................................................................................................................1
1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы.............................5
Құқықтық норманың негізгі сипаттары............................................................7
Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері..............................9
2 Құқытық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы
2.1 Құқықтық қатынастың түсінігі мен мазмұны және оның негізгі белгілері.....................................................................................................................13
2.2 Қоғамдық қатынастар.........................................................................................23
2.3 Құқықтық қатынастардың түрлері....................................................................25
3 Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері,
субъективті заңды құқығы мен міндеттері.
3.1 Құқықтық қабілеттілік және әрекеттілік.........................................................27
3.2 Құқықтық қатынастардың объектісі................................................................32
3.3 Субъективтік құқық және заңды міндеттілік .................................................35
3.4 Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері, заңды және оқиғалы себептер ...................................................................................................................37
Қорытынды...........................................................................................................76
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................81
Қосымшалар..........................................................................................................83
Мұндай әрекеттер 112 баптағы қорқыту, 181 баптағы қорқытып алушылық қылмыстары ретінде квалификацияланады. Сондықтан адамның қылмысты әрекеттер жасайтындығын қоғамға немесе жәбірленушіге ашық білдіруі, жариялауы ҚК Ерекше бөлімнің баптарында тікелей көрсетілгенде ғана қылмысты деп бағаланады. Мұндай әрекеттерде қылмыстың құрамы бар деп танылу себебі, ол қылмыстық заңмен қорғалатын объектілердің бұзылу қаупінің болуы және қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілердің адамгершілікке жатпайтын, заңды мүдделерге зардап келтіруге бағытталған іс-әрекеттерді білдіретіндігіне, сонымен қатар зұлым ниеттерін іске асыруды көздей отырып, тікелей қасақаналық түріндегі кінәмен сипатталатынына байланысты. Қасақаналықпен жасалатын қылмыстардың кезеңдерінде дайындалу сатысы қылмыстық ой-шешімді іске асырудың алғашқы сатысын білдіреді. Дайындалу әрекеттерін қылмысқа оқталу немесе аяқталған қылмыстар өз құрамына сіңіреді, себебі қылмыстың кейінгі сатысы алдыңғы сатыға қарағанда қоғамға қауіптілігі, тәсілі бойынша ауыр деп бағаланады. Сондықтан қылмыс жасалып және ол қылмысты жасауға алдын ала дайындық болғанда, бірден Ерекше бөлімнің бабымен 24 бапқа сілтеме жасалынбай квалифкацияланады. Негізінде қылмыстық құқық ережесі бойынша қылмыстың алдын ала дайындық арқылы жасалуының квалификация жүргізу кезінде ролі жоқ. ҚК 24 бабының ережесі аяқталмаған қылмысты әрекеттердің түрлерін және оның белгілерін анықтауға арналған. Сондықтан қылмысқа дайындалудың қылмыстық құқықтағы негізгі мағынасы, қасақана қылмысты жасауға алдын ала дайындық жасау әрекеттерінің кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен аяғына дейін жеткізілмеуін білдіреді және осындай жағдайды сот-тергеу құжаттарында бейнелеуді, сонымен қатар жауаптылық тағайындау кезінде ескеруді қамтиды.
Қылмысқа дайындалу төмендегідей белгілермен анықталады:
- қылмыстың
құралдары мен қаруын
- қылмыстың құралдары мен қаруын дайындау;
- қылмыстың құралдары мен қаруын бейімдеп жасау;
- қылмысқа қатысушыларды іздестіру;
- қылмыс жасауға сөз байласу;
- қылмыс жасау
үшін өзге де қасақана
Қылмыстың орындалуы үшін белгілі бір құрал-жабдықтың түрі арнайы түрде қажетті болғанда, ол қылмыс құрамы белгілерінің қатарына жатады, сондықтан осындай құрал, қаруды дайындау өзге бапта жеке қылмыс ретінде қарастырылса іс-әрекетке квалификация жасау кезінде ол қолданылмайды. Мысалы 179 баптың 2 бөлімінің «г» пунктінде «қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған» қарақшылық қылмысының ауырлататын түрі келтірілген. Қару немесе қару ретінде қолданылатын құралдарды пайдалана отырып қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 251 немесе қаруды заңсыз жасау ретінде 252 баптармен қосып квалификация жасауға болмайды. Өйткені 179 баптың келтіріп отырған 2 бөлімі күрделі құрамды білдіреді және 252 баппен салыстырғанда бүтін норма болып табылады. 179 бап 2 бөлімінің мазмұнында 251 немесе 252 баптың белгілері толық қамтылған.Қылмыстың құралдары мен қаруын бейімдеп жасау- бұл қылмыстың орындалуы кезінде қолдануға болатын немесе қылмыстың жасалуын жеңілдете алады деген затты әдепкі түрінен өзгертіп, қылмысты жасау құралына айналдыруды білдіреді.Қылмысқа қатысушыларды іздестіру- қылмыс жасауға ниеті бар екендігін кем дегенде бір адамға айтып айтып, қылмыстың бірге орындаушысы немесе көмектесушісі болуға шақыруды білдіреді. Қылмысқа қатысушылады іздестіру белгісі бойынша қылмысқа дайындалу ретінде квалификация жасау ҹшін адамның келісім беруі міндетті емес. Яғни қылмысты бірге орындауға адам келісім бермегенде де қылмысқа дайындалу әрекеттері үшін 24 бапты қолдануға болады. Қылмысқа қатысушылық ережесі бойынша мұндай жағдай, анығырақ айтқанда іске аспаған қылмысқа қатысушылық деп аталады.Іске аспаған қылмысқа қатысушылық жасалған әрекеттің түріне қарай қылмысқа дайындалу немесе оқталу деп бағаланады. Қылмысқа қатысушыларды іздестірген адам орындап отырған әрекетінің сипатына қарай қылмыстың ұйымдастырушысы болып табылады және құқықтық Тишкевич И.С.
Приготовление и покушение по советскому уголовному праву (понятие и наказуемость). –М.: Госюриздат, 1958. С.38 бағалау жасағанда ҚК Ерекше бөлімінің тиісті бабымен 24 бапқа сілтеме жасай отырып квалификация жүргізу керек. Мұндай адамдардың әрекеттерін квалификациялағанда 28 бапқа сілтеме жасалынбайды,себебі қылмысқа қатысушыларды іздестіру 28 бапта да айтылғанмен, 24 бапта оның нақты жағдайы, қылмысқа дайындалудың бір тҹрі ретінде келтірілген. Яғни ұйымдастырушылық әрекет екі бапта да келтірілгенмен, бірақ 28 бапта аяқталған ұйымдастырушылық әрекет қарастырылса, ал 24 бапта аяғына дейін жетпеген қылмыстық әрекет тҹрінде келтірілген.Қылмыс жасауға сөз байласу-бұл кем дегенде екі адамның белгілі бір қылмысты жасау туралы келісімге келіп, бірақ олардың еркіне тәуелсіз себептермен қылмысты аяғына дейін жеткізудің мҹмкін болмауын білдіреді. Сонымен қатар бұл кезеңде келісім жасаған адамдардың арасында кімнің қандай ролдер орындайтыдығы тәрізді қылмыс жоспарының деталдары әлі анықталмаған болуы мүмкін. Келісім жасау қылмысқа қатысушылық ережесіне сәйкес әр түрлі болуы мүмкін, мысалы ауызша немесе жазбаша келісім беру, ым жасау арқылы келісімге бару. Кейбір әдебиеттерде келісім әрекетсіздік тҹрінде де бола алады дейді,мысалы ҹндемей келісім беру. Алдын ала келісім болмаған жағдайда қылмысқа қатысушылар іштей келісімде болады. Соған қарай бірінің әрекетін екіншісі басқа мағынада емес, сол бірінші адамның әрекетінің мағынасында түсінуі арқылы іштей бірлестікте болады.Қылмыс жасалардың алдында ғана немесе аяқ астынан қылмыс жасау туралы пайда болған келісім алдын ала келісімге жатады. Себебі мұндай жағдайда келісімді білдіретін белгілі бір сөздер, ымдар жасалмай болмайды. Мұндай келісімді зерттеушілер еңбектерінде «элементарное соглашение» деп атайды.1 Ал алдын ала келісімсіз түрде қылмыс жасалғанда қылмысқа қатысушылар көрінеу сөзбен, ыммен келіспейді. Мұнда бір-бірінің әрекетінің мағынасын түсініп, іштей келісімді түрде қылмыс жасалады.
Қылмысқа қатысушылықтағы алдын ала келісім мен алдын ала келісім болмау жағдайының шекарасы міне осылай ажыратылады.Қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау-бұл көлемі бойынша қылмысқа дайындалуды білдіретін, өзге белгілерге қарағанда кең және тыл белгі болып табылады. Қылмыстың жасалуы үшін өзге де жағдайлар жасау ретінде қылмыстың орындалар жерін немесе қылмыстың жәбірленушісін алдын ала барлау, қылмыстың жасалуы кезінде кедергі жасауы мүмкін бөгеттерді құрту, қылмыс жасалғаннан кейін қылмыстың затын, ізін, қылмыскердің өзін жасыру керек болғанда алдын ала жасыратын жерлерді іздестіру т.б дайындық әрекеттері түрінде түсіну керек.Осындай жоғарыда баяндалған дайындалуды білдіретін белгілер кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен қылмыс аяғына дейін жеткізілмесе, жасалған іс-әрекет қылмысқа дайындалу ретінде бағаланып, ҚК Ерекше бөлімінің тиісті бабымен және 24 баптың 1 бөліміне сілтеме жасау арқылы квалификацияланады. Қылмысқа дайындалудың аяқталу моменті немесе 24 баптың 1 бөлімін қолдану негізі, ол дайындалуды білдіретін белгілердің аяғына дейін орындалуына байланысты емес. Дайындалу- уақыт аралығы бойынша қылмысқа оқталуға дейінгі кезеңді толық қамтиды.
Қылмысқа оқталу және квалификация тәртібі
ҚК 24 бабының 3 бөліміне сәйкес, «тікелей қылмыс жасауға бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады». «Қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекет» ретінде қылмыстың объективтік жағы белгілерін орындауға бағытталған немесе обьективтік жағы белгілерін орындағанмен, бірақ тиісті зардаптың туындамауы алынады. Бұл екі жағдайда да, яғни қылмыстың объективтік жағы белгілерін орындауға бағытталған немесе ол белгілер орындалғанмен зардаптың туындамауы кінәлінің еркіне тәуелсіз жағдайларға, себептерге байланысты болуы керек.
Осы екі жағдайға қарай қылмыстық құқық қылмысқа оқталудың екі түрін, аяқталған және аяқталмаған оқталуды келтіреді.Қылмыстық құқық теориясында қылмысқа оқталудың түсінігі туралы мынандай анықтамалар кездеседі. «қылмысты қасақана орындағанмен, оны ойлаған субъектінің еркіне тәуелсіз жағдайларда қылмыстың нәтижесінің аяқталмауы» немесе «Аяқталған қылмыстың құрамын орындауға тікелей бағытталған қоғамға қауіпті қасақана іс-әрекет осындай әрекеттер жасап отырған адамның еркіне тәуелді емес себептермен мақсаттына жетпеуі болып табылады»1, сонымен қатар «қылмысқа оқталу- бұл тікелей қасақаналықпен қылмыс жасауға тікелей бағытталған, ҚК Ерекше бөлімінің тиісті баптарының диспозицияларында бейнеленген аяқталған қылмыс құрамдарының объективтік жағының белгілері бар, яғни материальдық құрамдардағы қылмыстарда зардаптарға соқтырмаған немесе осы баптарда көрсетілген іс-әрекеттердің тек бастапқы бөлімін қамтитын әрекет немесе әрекетсіздіктің кінәліге байланысты емес жағдайлар бойынша аяғына дейін жеткізілмеуі болып табылады».
Қылмысқа оқталудың тҹсінігін беруге арналған бұл анықтамалардың сапасы туралы сөз қозғамаймыз. Бұл біздің міндетімізге жатпайды, тек бұл жерде қылмысқа оқталу түсінігінің қылмыстық құқықта даулы екендігін ескертеміз.
Аяқталмаған оқталу
ҚК Ерекше бөлімінің баптарындағы қасақаналықпен
жасалатын қылмыстарды жасауға
Аяқталған оқталуда қылмыстың обьективтік жағын білдіретін іс-әрекеттер толық немесе ішін-ара жасалады, бірақ кінәлінің еркіне тәуелсіз себептерге байланысты қылмыстың зардабы туындамайды немесе қылмысты әрекет мақсатына жетпей аяқталады. Сондықтан аяқталған оқталу материальдық құрамдарға жататын қылмыстарға тән деуге болады, өйткені материальдық құрамдарда қылмыстың обьективтік жағын білдіретін әрекеттер жасалғанмен, қылмыстық зардап туындамай тұрып аяқталды деуге болмайды. Мысалы ұрлық қылмысы материальдық құрамға жатады, бірақ бөтеннің меншігіне қарсы бағытталған әрекетті кінәлі адам жасағанмен, сол жердегі қылмыс затына, жағдайды толық білмеуіне байланысты аз көлемдегі мүлік немесе өздерінің жоспарына кірмеген басқа, жарамсыз затты алып кетуі мүмкін. Сондай-ақ кісі өлтіру мақсатымен адамға қаратып мылтықтың
шүріппесін басқанмен мылтық атылмауы немесе оқ тимей кетуі мүмкін. Міне осы тәрізді іс-әрекеттер кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен аяғына дейін жеткізілмегенде де қылмысқа оқталу деп бағаланады.Демек аяқталмаған оқталу мен аяқталған оқталудың айырмашылығы қылмыстың объективтік жағын құрайтын іс-әрекетті жасауы немесе жасауға үлгірмегендігінде болып табылады. Ал ұқсастығы қылмыстың мақстына жетпеуінде немесе қылмыстың заң жҹзінде аяқталу моментіне жетпеуінде.
Жоғарыда аяқталған оқталуда қылмыстың объективтік жағын құрайтын іс-әрекеттер толық немесе ішін-ара жасалады дедік (бұл жерде біз бір неше әрекеттерден тұратын және осы әрекеттердің біреуі жасалса да қылмыстың аяқталуын білдіретін диспозицияларды айтып отырған жоқпыз). Қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттер Ерекше бөлім нормалары диспозицияларының ерекшелігіне қарай жай диспозиция түрінде бір әрекеттен, сипаттамалы диспозиция түрінде бірнеше әрекеттен де тұрады. Қылмысқа оқталу мәселесінде Ерекше бөлім баптарының диспозицияларындағы іс-әрекеттерді толық немесе ішін-ара жасау,қылмыстың аяқталған немесе аяқталмағанын шешуде ролі болмайды.
Бұл тек формальдық
құрамдарға жататын қылмыстарда
ғана өзгеше анықталады. Формальдық құрамдарды
білдіретін қылмыстарда қылмыстың
обьективтік жағын құрайтын әрекеттерді
толық жасау қылмыстың
Басқаша айтқанда, егер қысқартылған құрамдарда немесе тұрақты топты құруға бағытталған әрекеттерді 24 баптың жалпы ережесін нақтыламай-ақ қылмысқа дайындалу ретінде бағаласақ, онда қысқартылған құрамдарда қылмысқа оқталу шектеледі, яғни қылмыскер ауыр зардап келтіруге тырысып, бірақ оның еркіне байланысты емес себептермен жеңілірек зардап туындаған жағдайда қылмыс жеңіл зардапты қарастыратын бапппен емес, кінәлінің қасақаналығына кірген ауыр қылмысқа оқталу ретінде квалификацияланады. Мысалы қылмыскер қасақана кісі өлтіру қылмысын жасамақшы болғанмен, нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына әр тҹрлі дәрежелі зардаптар келсе, онда 24 және 96 баптармен кісі өлтіруге оқталу және денсаулыққа зардап келтіру қылмысы жасалды деп 103 баппен квалификация жасауға болмайды. Мұндай жағдайларда іс-әрекет бірден қылмыскердің қасақаналығының бағыты бойынша 24 және 96 баптарман қылмысқа оқталу деп бағалануы керек.Аяқталған оқталудың бір көрінісі жарамсыз оқталу болып табылады және мағынасы адамның қылмыс затына немесе жәбірленушіге,сондай-ақ қылмыстың құралына қатысты шын мән-жайды дұрыс білмеуі салдарынан қателесіп, жасалған іс-әрекеттің кінәлінің ойындағыдай,жоспарындағыдай болмай аяқталуын білдіреді. Қылмыстың заты кейбір қылмыс түрлерінде қылмыстың объектісін де белгілеуге әсер ететіндіктен жарамсыз оқталуға объектіден қателесуді де жатқызуға болады.