Құқытық-нормалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 06:05, дипломная работа

Описание работы

Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................1
1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы.............................5
Құқықтық норманың негізгі сипаттары............................................................7
Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері..............................9
2 Құқытық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы
2.1 Құқықтық қатынастың түсінігі мен мазмұны және оның негізгі белгілері.....................................................................................................................13
2.2 Қоғамдық қатынастар.........................................................................................23
2.3 Құқықтық қатынастардың түрлері....................................................................25
3 Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері,
субъективті заңды құқығы мен міндеттері.
3.1 Құқықтық қабілеттілік және әрекеттілік.........................................................27
3.2 Құқықтық қатынастардың объектісі................................................................32
3.3 Субъективтік құқық және заңды міндеттілік .................................................35
3.4 Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері, заңды және оқиғалы себептер ...................................................................................................................37
Қорытынды...........................................................................................................76
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................81
Қосымшалар..........................................................................................................83

Работа содержит 1 файл

Құқытық-нормалар.doc

— 443.00 Кб (Скачать)

   2. Субъектінің  әрекеттілігіне ықпал жасайтын  олардың денсаулығы. Азамат психикалық  ауруына не болмаса кемақылдылығына  байланысты өзінің іс – қимылының  маңызын түсінбейді және оны  басқара алмайды, соттың шешімімен  әрекетсіздігі мойындалады. Ондай адамдардың құқығы және міндеттері олардың күтушілерімен орындалады. Заңға байланысты алкогольмен не болмаса есірткіні мөлшерден тыс пайдаланатын адамдардың әрекеттілігі шектеледі.

   3. Әрекеттілікке,  белгілі мөлшерде субъектінің  туысқандығы ықпал жасайды. Оған ең алдымен неке – отбасы қатынастары жатады. Өркениетті елдерде заңмен, туысқандардың бірімен – бірінің қосылып тұрмыс құруына тыйым салынған. Кейбір елдерде, ерлі – зайыпты адамдар бір мекемеде жұмыс істеуге рұқсат берілмеген, әсіресе бір – біріне бағынышты жағдай.

   4. Әрекеттіліктің  мазмұнына ықпал ететін факторларға  субъектінің заңды бұлжытпай   орындаушылығы жатады. Қылмыс жасаған  адам жазасын өтеу кезінде,  өзінің көптеген азаматтық, саяси  және басқа құқықтарды және  міндеттерді, яғни құқықтық қабілеттілігін іске асыруға мүмкіндігі болмайды.

   5. Әрекеттіліктің  мазмұны, субъектінің дінге сенуіне  де байланысты болады. Дінге сенушілік  еркіндігі жарияланып, кепілдікке  алынған құқықтық мемлекетте, діни  сенімдердің себептеріне байланысты  сенушілер мемлекеттің азаматтары ретінде әр түрлі құқықтар мен міндеттерден бас тартуы ықтимал. Мысалы, әскери қатарында қызмет істеуден, қажетті жағдайда қару – жарақты пайдаланып басқа адамдарға күш көрсетуден бас тартуы мүмкін.

    Жеке  адамға құқықтық қатынастың субъектісі ретінде – мемлекеттің азаматтары, шет ел азаматтары (шетелдіктер) және азаматтығы жоқ сол жер көлеміндегі тұратын адамдар жатады. Құқықтық қатынастың жекелеген субъектісі адам ғана емес – объективтік құқықпен құрылған оның  тек бір ғана қасиеті. Азаматқа арналған барлық еркіндік және міндеттердің жиынтығын құқықтық мәртебе – деп атайды. «Құқықтық мәртебе» атауы толығымен адамның құқықтық жағдайын сипаттауға пайдаланылады, «Құқықтық қабілеттілік» атауы және  «Әрекеттілік» әр түрлі адамдардың құқықтық қатынасқа сәйкестігіне байланысты қолданылады.

    Құқықтық  мемлекеттің азаматтары құқықтық  заңдармен белгіленген барлық  толық құқықтағы еркіндікпен  және міндеттілікпен анық пайдаланады.  Шетелдіктер және азаматтығы  жоқ адамдар құқықтық қатынастың қатынасушылары ретінде, басқа мемлекеттің жерінде, өздерінің құқықтық жағдайларына байланысты, оның меншікті азаматтарымен теңестіріледі. Олар толық құқықты  мүлікті, қаржылық және көптеген басқа да теңдікте көрсетілген құқықтар және еркіндіктер кепілденеді, соған қосымша, өздерінің жекелеген, мүліктік, отбасылық және басқа құқықтарын қорғау үшін, сотқа және басқа мемлекеттік органдарға арыз беруге құқықтары бар. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық қабілеттілігін тежеу мемлекеттік өмірдің арнайы жақтарына байланысты болады (мысалы, олар шет мемлекетте әскери борышты өтемейді, белгілі мемлекеттік лауазымды орындарда істемейді, мемлекеттің өкімет органдарына сайлануға құқықтары жоқ).     

Ұйымдарға  құқықтық қатынастардың ұжымдық субъектілері мемлекеттік, қоғамдық жекешелеген ұйымдар және тұтасымен мемлекет жатады. Жекелеген субъектілермен ұйымның құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігінің айырмашылығы  мақсаттары мен міндеттеріне байланысты тежеледі, себебі сол үшін құрылып қызмет істейді. Әр түрлі ұйымдардың қызметі заңдармен не болмаса олардың меншік ережелерімен белгіленеді. Ережелер мемлекеттік билік органдармен рұқсат етілген және оның құқықтық негіздеріне қайшы болмауы қажет. Әржақты осындай қызметтеріне  қарамай ол жалпы не болмаса жекелеген адамдардың мүдделерін құқықтық қатынас субъектілері ретінде қанағаттандыруға бағытталған. Ұйымдардың құқығы және міндеттері қатаң түрде олардың атқаратын қызметтеріне қарай анық белгіленген. Сол қалыпта ұйымдардың құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігі  іске асырылады. Ұйымның әрекеттілігі тікелей ұйымның атынан шыққан өкілдер лауазымды адамдардың белгілі қимылдарынан көрінеді. Мемлекеттік ұйымдардың өкілдері ретінде парламент мүшелері, министрлер, прокурорлар, соттар, мемлекеттік мекеменің не болмаса ұйымдардың директорлары болуы мүмкін. Ондай өкілдердің қимылы ұйымдардың өздерінің қимылындай есептеледі.

    Ұйымдардың  субьектілерінің ішіндегі ерекше  орынды заңды тұлғалар алады.  Заңды тұлғаларға өздерінің мүліктері бар, өз аттарынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды қабылдап, міндеттерді атқарып, сотта арбитражда арызданушы және жауап беруші бола алатын ұйымдар жатады. Заңды тұлғалар ең алдымен, мүліктік, азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілері болады.

  Базар экономикасының жағдайында көптеген ұйымдардың субьектілеріне заңды тұлғалар жатады. Олардың қызметтері жалпы құқықтық принциптермен жүргізіледі, дегенмен олардың арасында белгілі айырмашылықтар бар. Заңды тұлғалар функцияларын орындауына байланысты көпшілік, не болмаса жекелеген болып бөлінеді.

  Мемлекеттік  ұйымдар және мекемелер (парламент,  үкімет, сот, милиция, мемлекеттік  мекеме, жергілікті өкімет орындары  және басқалар) әдеттегідей, жалпы,  көпшілік мақсатын көздейді. Бұл  олардың үлкен тұрақтылығын сонымен  бірге, жекелеген адамдардың тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, себебі олар заңды тұлғалардың қатарына кіреді. Көпшілік құқықтық сипаттағы заңды тұлғалардың өмір сүруін тоқтата алмайды, тіпті барлық министрлер кабинетінің мүшелері отставкаға кеткен жағдайда да үкімет сақталған.

  Мемлекеттік  оқу орындары, оның басшысы зейнеткерлікке  кетуіне байланысты жабылмайды. Отставкаға кеткен министрлер  кабинетінің орнына жаңа кабинет  құрылады, оқу орнын басқа жаңа  адам басқаратын болады, сот жаңа  адамдармен өз құрамын толтырады-тек осылай  ғана, көрсетілген ұйымдарда қызметтерін заңды тұлға ретінде және жалпы құқықтық қатынастардың субьектілері болып жұмыстарын жалғайтын болады.

Құықтық қатынастардың  арнайы субьектісі-мемлекеттің өзі  болады. Ол мемлекеттік құқықтық және әкімшілік құқықтық қатынастардың басты қатынасушыларының бірі болып табылады. Қылмыспен күресу жолында, мемлекет қылмыстық-құқық қатынастарының субектісі болады. Халықаралық арнада елдің арнайы өкілі ретінде, мемлекет халықаралық құқық қатынастарының негізгі субьектісі болады.

                 

3.2 Құқықтық қатынастардың объектісі.

 

Құқықтық қатынастардың обьектісі құқықтық қатынастың не нәрсге бағытталып ықпал етуі. Құықтық қатынас неге ықпал ететінін білу үшін, ең алдымен құқық нормаларының обьектісін анықтау қажет. Олардың ықпал жасайты обьектісіне, адамдардың ерікті тәртібі жадатады. Құқықтық қатынас құқық нормаларымен белгіленген, жеке субьектілерге арналған жалпы құқықпен міндеттілікті анықтайды. Сондықтан, құқықтық қаынастың обьектісіне оған қатынасушылардың шын тәртібі жатады.

 Субьективті құқықтың  мазмұндарына және заңды міндеттеріне  байланысты құқықтық қатынастардың  мүшелері өз тәртіптерін құрайды.

   Құықтық қатынастың  обьектісіне мазмұндары әр түрлі  адамдардың тәртіптері де жатады. Мүліктік құқық қатынастарындағы белгілі өмір жағдайын қанағаттандыруға бағытталған адамдардың тәртібі обьектіге жатады. Мысалы ,сатып-сату құқықтық қатынастардағы обьектіге, сатуға және сатып алуға қатынасушылардың тәртібі болып есептеледі.

  Барлық құқықтық қатынастар  мүліктік болмайды, мүлік туралы субьективтік заңды құқықтар және міндеттер барлық уақытта пайда бола бермейді. Мүліктік емес құқықтық қатынастарда обьектіге, шын мәнісіндегі оның қатынасушыларының тәртібі жатады. Құықтық нормалармен белгіленген әр түрлі қимылдарды жасап құқықтық қатынастың мүшелері өздерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Басқа сөзбен айтқанда, заңды құқық және міндеттер мүліктік емес қатынастардың қатынасушыларына ықпал етіп құқықтық реттеудің мақсатына жетеді. Мысалы, еңбек жөніндегі құқықтық қатынастардың обьектісіне мекеме, ұйым әкімшілігінің жұмысқа жұмысшыларды және қызметкерлерді қабылдауы, еңбектерін төлеуі. Қылмыстық процессуалдық қатынастарда обьектіге алдын ала қылмыстық істі сотық тексерудегі процеске қатынасушылардың заңды және адал, үкім шығаруға арналған мақсат қимылдары жатады. Әр түрлі шын мәніндегі қимылдар арқылы мемлекеттік құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастардың мүдделері қанағаттандырылады .

  Құқықтық қатынастардағы  обьект мәселелеріне заң ғылымында бірдей көзқарас жоқ. Обьект туралы көп көп жайылған анықтамаға оның құқықтық қатынасқа қатынасушылардың мүдделерінің аясындағы әр түрлі материалдық немесе материалдық емес жайлардың жиынтығы, деген тұжырымдар жатады. (Г.Ф.Шершенович, Е.Н.Трубецкой, Н.М.Коркунов, С.С.Алексеев).

 

Жоғарыдағы  түсініктеме бойынша, обьект заңдылық мазмұндарына байланысты құқықтық қатынастардың  сыртьында болады, яғни субьективтік құқықтық және міндеттердің сыртында деген сөз. Бұл бізді қоршап тұрған дүниелік құбылыс, соған бағытталған  субьективтік заңды құқықтар мен міндеттер. Қазан ревалюциясына дейінгі орыстың заң ғылымы, құқықтық қатынастардың обьектілерін мүліктік және әрекет деп бөлді. Жеке құқықтық қатынастардың обьектісіне әдеттегідей мүлік, ал көпшілік құқыққа құқықтық қатынастарға мүше болғандардың әрекеті жатады.

  Материалдық  не материалдық емес жағдайлар  құқықтық қатынасқа түскендердің  басты мақсаты болмауға тиіс. Театрдағы операны тыңдауды құқықтық  қатынастардың обьектісіне жатқызу  дұрыстыққа жатқызу мүмкін емес  сияқты, себебі оны көруге мүмкіндік мүмкіндік берген билетті сатып алу сату келісімі негізінде болғаны анық. Құқықтық қатынастар қимылы билетті сатып алғаннан кейін бітеді, яғни адамдардың белгілі рухани қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай туады. Қажеттілікті қанағаттандырудың өзі құқықтық қатынастардың сыртында болады. Материалдық дүниенің мүліктері, заттары философиямен, әлеуметтанумен, экономикалық ғылымдармен және өндіріс тәжірибесімен зерттеледі. Құқық теориясы болса тек қана құқықтық қатынастар субьектілерінің мүдделеріне сай келетін заттардың заңды қасиеттерін анықтайды.       

    Құқықтық  қатынас мемлекетпен қорғалатын жақтардың арасындағы пайда болатын, заңдылық құқыққа және міндеттілікке сай біріккен қоғамдық қатынастар. Құқықтық қатынас сыртқы еркіндіктің өлшемі, оның қатынасушыларына құқық нормалары арқылы беріледі.

 

 

 

 

 

3.3 Субъективтік құқық және заңды міндеттілік.

 

   Құқықтық  қатынас нағыз қоғамдық қатынастардың  нысаны ретінде тығыз байланыстағы  құқықтар мен субьектілердің  міндеттерінен тұрады. Субьективті  құқық және заңды міндеттер-құқықтық қатынастардың жүйелі элементтері, олар нағыз қоғамдық қатынастарға ерекше сапа береді. Құқықтық реттеу, субьектілерді арнайы қоғамдық қызметтер қатарына қосады. Қоғамдық қатынастар мүшелерінің әрқайсысының еркіндік өлшемі, оның мүдделерінің қанағаттану деңгейі, құқық нормаларының алдын ала белгілеуімен анықталады. Заңды құқықтар мен міндеттер-құқықтық қатынастың тең элементтері, бірақ олардың мазмұндары әр түрлі болады. Олардың байланныссыз өркениетті құқықтық нысаны ұдайы дамыту мүмкін болмас еді.

   Азаматтық,  құқықтық қоғамның болжамына  сәйкес, қоғамның кейбір мүшелерінің  құқығы басқалардың міндеттері  арқылы қанағаттандырылады, соған  қосымша құқықтар мен міндеттер  қоғамдық өмірдегі нақты адалдықты  қамтамасыз етіп, еркіндіктің өлшемі ретінде көрінеді. Бір жағдайда, жеке адамға не болмаса, ұйымға құқық беріледі, басқа жағдайда оларға міндеттер жүктеледі. Осыған байланысты, әр түрлі қоғамдық және оның жекелеген индивидтерінің мүдделерінің қанағаттандырылуы, қоғамдық өмірдің гормониясына жеткізеді. Егер жеке адамға не ұйымға белгілі міндеттер жүктеу керек болса, мемлекет қоғамдық мүдделермен санаса отырып, ондай міндеттерге құқықтық нысан береді. Егер сол субьектілердің өздері құқықпен қамтамасыздықты қажет етсе, оларға субьективтік құқық беріледі.

  Субьективтік  құқық пен міндеттердің көлемі  және шегі жалпы түрде, құқық  нормаларымен белгіленеді. Құқықтық  қатынастарда олар жеке субьектілерге  байланысты белгіленеді.

  Субьективті  құқық  мемлекет берген және  қорғалатын, өзінің көзқарасына сай қанағаттандырылатын, обьективті құқықпен субьективті құқық деп атайды, себебі тек субьектінің еркіне байланысты ғана, оны басқаруға болады.

  Субьективті  құқық үш түрде көрінеді:

   Біріншіден, өзінің мүдделерін қанағаттандыру  мақсатындағы субьективтік құқықпен иесінің жөнді тәртібінің мүмкіндігі. Мысалы, меншік иесі өзіне қарайтын заттарды пайдалануға, басқаруға құқығы бар фермер болса өзінің жерінде кез келген ауылшаруашылық өнімдерін өсіруге болады.

  Субьективті  құқыққа, логикалық жолмен обьективті құқықтың белгіленген міндеттері сай келеді.

  Қай жерде  субьективті құқық болса, сол жерде қайткен күнде заңды міндеттер болады. Субьективті құқықтан субьектінің міндеттері, өзіне қойылған  талаптарға байланысты, қажетті өз тәртібін табу болып табылады.

  Құқық және міндеттілік құқықтық қатынастардағы басты және адам баласының араласуындағы жөнді жағдайлар.

  Заңды міндеттер заңмен белгіленген және мемлекетпен қорғалатын, құқықтық қатынастар мүшелерінің құқығы бар субьектінің мүдделеріне керек міндетті тәртіптілік (жеке адамдар, ұйымдар, мемлекет тұтасымен). Егер субьективтік құқықтың мазмұы тәртіптің рұқсат етілген деңгейін құрса, міндеттіліктің мазмұны құқықтық қатынастағы қажетті тәртіптің деңгейін құрады. Міндетті адамға қажетті тәртіп деңгейі, құқығы бардың мүддесін қанағаттандыру мақсатында алдын ала көрсетіледі.

   Заңды  міндеттің мазмұны екі түрде  көрінеді:

   Біріншіден, құқықтық қатынастардың басқа  мүшелерінің пайдасы үшін, қажетті  белсенділік қимылын жасау. Мысалы, сатып алу-сатушарты бойынша,  сатушы сатып алушының меншігіне затты беруге міндетті, себебі ол белгіленген ақшаны төледі. Заңды міндеттілік бұл жағдайда, алдын ала құқықтық қатынастың мүшесінің құқығын іске асыруға бағытталған белсенді қимылды жасаудың қажеттілігін көрсетіп береді

  Екіншіден, заңды міндеттілік, құқық нормасында тыйым салынған қажетті ұстамдылықты көрсетеді.

Мысалы, шартпен  жалға берілген  нәрсе, сол алған  адам арқылы басқа біреуге жалға  беру, заңмен тыйым салынған. Ондай  заңды міндеттер, ескерусіз сипатта  болады, себебі құқықтық қатынастар мүшелерінен

заңды тыйым  салынған қимылдарды жасамауды талап  етеді.   Жоғарыда көрсетілгендей, құқықтық қатынастардағы заңды құқықтар мен міндеттер субьектілердің өздерінің тәртіптері емес, құқықтық нормаларда берілген мүмкіндік, не болмаса, қажетті тәртіптілік болып табылады.

Информация о работе Құқытық-нормалар