Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 16:01, дипломная работа

Описание работы

Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1- Тарау Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы
1.1.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның қылмыс құрамында алатын орны.........................................................................................5
1.2. Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау……………..13
2-Тарау Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
2.1. Қылмыстық құрамның субъективтік жағының қосымша белгілері бойынша калификациялау………………………………………………………34
2.2. Қате және оның түрлері бойынша квалификациялау…………………….42
2.3. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті заңи белгілері…………….47
3-Тарау Қылмыстарды субъективтік жағы бойынша саралау
3.1.Атмосфераны ластаудың субъективтік жағының жалпы сипаттамасы….50
3.2.Ұрлықтың субъективтік жағын талдау……………………………………..59
3.3.Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмысының субъективтік жағын талдау………………………………………………….......61
3.4.Адамды кепілге алудың субъектісі және субъективті жағы……………...65
Қортынды………………………………………………………………………...73
Пайдаланған әдебиеттер………………

Работа содержит 1 файл

9 суб стор Жолдасбек.doc

— 520.00 Кб (Скачать)

       Адамның жасаған әрекеті қылмыс  болғанда оны қылмыс емес деп  тусіну себебі, ол заңнан шала  сауатты болуы немесе өз мүддесін өзге мүдделермен салыстырғанда артық бағалауы тәрізді жағдайлар болады.

       Практикада мұндай жағдайлар  қылмыстың құрамы бар екендігі  бірден анық білінбейтін әрекеттер  бойынша кездеседі. Сондай-ақ  қылмыстық құқықта кейбір қылмыстардың  объективтік жағының белгісі  ретінде қолданылатын бағалаушы  ұғымдар бойынша да кездеседі.  Қылмыстық заңның Ерекше бөлімнің баптарында кездесетін “көріну,” “үнемі,” “кәнігі” деген тәрізді т.б. бағаланушы ұғымдардың жасалған қылмыста орын алғандығының кінәлінің жеткіліксіз деп немесе мүлдем қылмысты емес деп бағалануы орын алуы мүмкін. Мұндай бағалаудың адамда болуының себептері бар өйткені «үнемі» деген тәрізді белгінің орын алғанын білу үшін қылмысқа жатпайтын «үнемі емес», деген әрекеттің мөлшерін ашу керек болады.

       Қылмыстың орнынан немесе уақытынан  қателесу нақты жағдайлардан  қателесудің түрлеріне жатады, бірақ бұлар квалификациялау тәртібі бойынша заң тұрғысынан қателесуге белгіленген ереже бойынша шешіледі. Мысалы 288 баптағы заңсыз аңшылықты құрайтын белгілердің бірі, тиым салынған уақытта немесе тиым салынған жерлерден аң аңлау болып табылады. Кінәлі тиым салынған уақыт немесе орын екенін білмесе де қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Ал кінәлі іс-әрекеттің жасалуының, уақытын қылмысты деп бағалап, бірақ заң жүзінде бұл уақыт немесе орын қылмыстылықты білдірмесе, онда іс-әрекет қылмыс деп бағаланбайды.

       Кейбір қылмыс түрлерінде іс-әрекеттің жасалу орны мен уақыты жауаптылықтың ауырлататын немесе аса ауырлататын құрамы ретінде бағалауға заңды негіз береді. Сондықтан мұндай қылмыстардағы уақыт пен орнынан қателес-кінәні немесе жауаптылықты ауырлататын белгілерден қателесудің бір түріне жатқызылады.27

       Кінәлінің жасаған әрекетінің заң бойынша жауаптылықты ауырлататын белгі екенін білмеуі немесе оны бағалаудан қателесуі орын алғанда, заң тұрғысынан қателесудің үшінші көрінісі орын алады. Мұндай қате квалификациялаудағы қате деп аталады. Квалификациялаудан қателесу қылмыстың орны мен уақытына байланысты ғана емес, қылмыс тәсіліне, жағдайына, құралына, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі баптарындағы ауырлататын құрам ретінде қарасатыруға негіз беретін қылмысты ұйымдасқан топпен, қызмет бабын пайдаланып жасаумен, пайдақорлық, бұзақылықпен ниетпен, өкімет өкілінің киімін немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау тәрізді т.б белгілері бола алады. Қылмыскердің кейбір әрекеттердің заң бойынша ауырлататын құрам ретінде бағаланатынын білмеуі, қылмыстық квалификациялауда ескерілмейді, яғни жасалған қылмыста ауырлататын белгілер болғанда жауаптылықты ауырлататын құрам бойынша квалификацияланады. Мысалы адам қылмысын ұйымдасқан топпен жасаудың заң бойынша жауаптылықты ауырлататын екенін білмеуі мүмкін.28

       Заң тұрғысынан қателесудің төртінші түрі жаза түрімен көлемімен қателесу болып табылады. Жазадан қателесудің негізгі мағынасы, ол қылмыскердің қылмысты әрекет жасағанда оның жазасы туралы белгілі бір мөлшерді есептеуін білдіреді. Ал заң бойынша бұл қылмыс бойынша жаза мөлшері ол ойлағаннан аз немесе көп болуы мүмкін.

       Нақты жағдайлардан қателесу дегеніміз қылмыстық объективтік белгілерінен қателесу болып табылады. Нақты жағдайлардан қателесу қоғамға қауіптілік дәрежесі бойынша бір-біріне қарама-қарсы екі бағытта болады. Біріншісі, адм қылмыс жасауға жеңіл объектінің затты, құралды, құралды, уақытты, орынды қолданысы келгенде абайсыздықпен немесе сол жағдайды дұрыс түсінбеуіне, толық мағлұматы болмауына байланысты ауыр әрекетті жасауы немесе зардапты тудыруы түрінде болады. Мұндай қателесу түрлерінде қоғамға қауіпті ой-ниеттің, қылмыс жасауға деген шешімнің болуына қарай квалификация жүргізіледі. Мұндай қателесуде қылмыс жиынтығымен, ал заңда арнайы қарасатыратын бап немесе оның бөлімі болғанда кінәнің аралас нысанымен квалификацияланады. Нақты жағдайлардан қателесудің екінші түрінде адам аса қауіпті әрекетті жасау немесе ауыр зардапты келтіру қасақаналығында болғанмен, қылмыстың объектісінен, затынан, құралынан т.б. жағдайларынан қателесуіне байланысты зардап туындамайды немесе жеңіл зардап туындайды.

       Қатеге байланысты квалификация жүргізілгенде көпшілік жағдайларда кінәлінің қасақаналығына кірген қылмыстың түрі қолданылып, қылмысқа оқталу түрінде квалификация жиі қолданылады.

       Нақты жағдайлардан қателесуге  құқықтық бағалауды қате түрлері  бойынша келтірейік.

       Объектіден қателесу екі түрде кездесе алады. Бірінші жағдайда кінәлі заңмен қатал қорғалатын құнды объектіге зиян келтіруге қасақаналығын бағыттайды, бірақ іс-жүзінде объектінің түрінен немесе құндылығынан қателесіп, жеңілірек объектіге зиян келтіреді. Мысалы халықаралық қатынастарды шиеленістіру ниетімен шетелдік қайраткерге немесе халықаралық қорғау аясындағы адамға қастандық жасау әрекеттерін көздеп, бірақ қателесіп жай адамға зардап келтірсе, іс-әрекет 163 баппен халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасауға оқталу деп 24 баптың 3 бөліміне сілтеме жасай отырып квалификацияланады. Мұндай жағдайда қателесіп жай адамға шабуыл жасағанда туындаған зардап түрі бойынша қосымша квалификация жасалмайды. Басқа адамға қаза келген жағдайда 163 баптың 2 бөлімімен «абайсыздықта адам өліміне соқтырған қылмыс» деп бағаланбайды, себебі біріншіден қылмыскерде екі қылмыс емес, бір қылмыс жасау туралы тілек болды, екіншіден халықаралық қорғауға алынбаған бөтен адамға зиян келгенде бейбітшілік немесе халықаралық қатынастарға нақты зардап келмейді. Қателесіп жеке адамға қарсы әрекет жасаудың қауіптілігі бейбітшілікке қарсы қылмыстың қауіптілік дәрежесінен аспайды, жауаптылық белгілеуде қателесіп нақты зардап келтіргендік 163 баптың көлеміндегі жауаптылық деңгейінде ескеріледі. Бұл жағдай керісінше де болуы мүмкін, яғни кінәлі жеңілірек объектіге қарсы бағытталған қылмысты жасауды көздеп, бірақ қателесу салдарынан одан да ауыр объектіге зиян келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайда да жасалған іс-әрекет нақты туындаған зардап немесе бұзылған объекті түрі бойынша емес, кінәлінің іс-әрекетінің бағыты, қасақаналығына кірген қылмыс түрі бойынша квалификациялануы керек. Мысалы жай адамды өлтіремін деп, бірақ жағдайды толық түсінбеу салдарынан қателесіп, шетел қайраткеріне зардап келтіргенде іс-әрекет кісі өлтіру қылмысына оқталу деп квалификацияланады. Ал нақты шет елдік қайраткердің өлімі түрінде туындаған зардапты квалификация барысында арнайы ескеруге қылмыстық заң мүмкіншілік бермейді. 163 баптың 2 бөліміндегі денсаулыққа ауыр зиян немесе абайсыздықта адам өліміне соқтырған әрекеттер үшін жауаптылық тек халықаралық қорғаудағы адамдарға , олардың от басы мүшелеріне шабуыл жасау немесе ұрлау, бостандығынан айыру әрекеттері абайсыздықта ауыр зардаптарға соқтырғандығы үшін белгіленген.

       Қылмыстың объектісінен қателесудің  бір түрі жарамсыз объектіге  оқталу болып табылады. Мысалы адам ұрлық жасау мақсатында бөтеннің меншігіне қарсы бағытталған әрекеттер жасағанмен, бірақ пайдалануға келмейтін жарамсыз затты алғанда, қылмыс кінәлінің қасақаналығы бойынша, яғни ұрлыққа оқталу деп бағаланады. Бұл мысал қылмыс затынан қателесуге ұқсас, бірақ мұндай жағдайлардың объектіден қателесу түріне жатқызылу себебі, ол қылмыстың заты көпшілік жағдайда қылмыс объектісін анықтайтын құрал болуына байланысты болып табылады.

       Қылмыстың затынан қателесуде  екі түрлі болып кездеседі.  Бірінші жағдайда, мысалы мүлік ұрлауға бағытталған әрекет қателесу салдарынан есірткі заттарды ұрлау түрінде жасалуы мүмкін. Мұндай қателік әрекет кінәлінің ойыың бағытына қарай ұрлық қылмысына оқталу деп бағаланғаны дұрыс. Бірақ қателесіп есірткі ұрлаған адам бұл қателесуді артынан қош көріп, осы есірткі арқылы пайда табуды көздегенде әрекет есірткі заттарға қатысты қылмыс түрінен квалификацияланады. Себебі мұндай жағдайда кінәлінің қоғамға қауіптілігі есірткі заттарға қатысты немесе халықтың денсаулығына қарай дәрежеге дейін жоғарылайды. Немесе қателесу салдарынан болған объективтік белгілерімен кінәлінің субъективтік белгілері түсіністік табады. Мұндай квалификация тәртібін мынандай анық мысалмен дәлелдеуге болады. Мысалы адам жай ұрлық көлеміндегі меншікке қарсы әрекет жасап, бірақ қателесіп ірі мөлшердегі ұрлықтың затын алуы мүмкін. Мұндай жағдайда қылмыскерде алғашқы қателесуге қатысты кейінгі кезеңде түсіністік, ол қатесіне келісіммен қарау орын алып, қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғарылайды.

       Қылмыс затынан қателесу басқа мағынасы бірдей затты алу, пайдалану түрінде де болуы мүмкін. Мұндай жағдайда квалификация өзгермейді. Мысалы ұры телевизор ұрлаймын деп компьютерді қателесіп алуы мүмкін. Ал қылмыс заты жарамсыз болғанда, қасақаналыққа кірген қылмысқа оқталу деп квалификацияланады.

       Құралдан қателесуде бірнеше  түрлерде кездеседі. Бірінші жағдайда қылмыс жасауға қолданылатын құрал кінәлі ойлағаннан ауыр немесе жеңіл мағынада болуы мүмкін. Құралдан қателесу орын алғанымен кінәлі жоспарланған қылмысын аяғына дейін жеткізсе, онда қылмыстың аяқталуына және кінәлінің қасақаналығының бағытында ешқандай өзгеріс болмауына байланысты квалификацияда өзгермейді.

       Келесі құралдан қателесу түрі, қауіптілігі жеңіл құралды пайдалануға әрекет жасап, бірақ қолданып отырған құралдың қауіптілігі дәрежесінен толық хабардар болмауына байланысты ауыр зардап туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда адам құралдың өзі ойлағаннан да қауіпті зардаптарға соқтыруы мүмкін екенін білуге мүмкіндігі, міндеттілігі болған болса, онда абайсыздықпен жасалатын қылмыс түрі бойынша квалификация жүргізіледі.

       Келесі қылмыс құралынан қателесуде жарамды деп есептеген құралдың шын мәнінде жарамсыз немесе қауіптілігі аз болуы салдарынан қылмыстың аяғына дейін жеткізілмеуі орын алады. Мұндай қателесуде жоспарланған қылмысқа оқталу түрінде квалификация жасалады. Мысалы кісі өлтіруге бағытталған әрекетте кінәлі қарудың жарамсыз екенін немесе шын оқпен оқталмағанын білмеуі мүмкін. Немесе «у» екен деп беріп отырған затының «у» емес екенін білмеуі т.б.

       Қылмыс құралынан қателесудің  келесі түрінде ешқашанда жарамды  болып есептелмейтін, қылмыстың жасалуына немесе зардаптың туындауына жеткізе алмайтын құралды адам өзінің сенгіштігіне байланысты пайдалануы мүмкін. Шын мәнінде құрал ретінде қолданылмайтын әрекетті немесе затты пайдаланғаны үшін, іс-әрекет қылмыс немесе оған оқталу деп саналмайды. Бұл жағдай қасақаналықтың пайда болуы ретінде бағаланады. Мысалы сыйқырлау арқылы қылмыс жасамақшы болу.

       Сонымен қорта айтқанда, қылмыстың  субъективтік жағының өзге құрам элементтерімен салыстырғанда квалификациядағы маңызы, кінәлінің қоғамға қауіпті ой-ниетінің немесе қасақаналығының бағыты, сондай-ақ өзге зардаптың туындау мүмкіндігінің көре білуге мүмкіндігі немесе міндеттілігі болғанда ондай зардапты негізгі белгі ретінде қарастыратын қылмыс түрі бойынша құқықтық бағалау болып табылады.        
 
 
 
 
 
 
 

2.3. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті заңи белгілері. 

     Қылмыстың егжей-тегжейлі зерттеу қажеттілігі  Қазақстан Республикасының Жоғарғы  сотының барлық қаулыларында көрсетілген. Мысалы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі пленумының «Қылмыстық жазаны тағайындау кезінде соттардың заңдылықты сақтау туралы», «Азаматтардың өміріне және денсаулығына қолсұғушылық үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» қаулыларында қылмыстың өзге де мән-жайлары мен қатар кінәні анықтау қажеттілігіне назар аударылған.    Алайда көп жағдайларда қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілер заңда көрсетілмеген. Осы жағдайларда тиісті белгілер талқылаудың әртүрлі тәсілдерінің көмегімен әрекеттің объективтік белгілеріне талдау жасау кезінде анықталады. Мысалы, ұрлықтың(ҚР ҚК 175-бабы) құрамын анықтау кезінде заңның бөтен мүлікті жасырын түрде ұрлау туралы көрсетілген. Осы әрекеттің сипатынан ол қасақана пайдакүнемдік мақсатында жасалады деген қорытындыға келуге болады.  
Қылмыстың құқықта кінә дегеніміз ниет немесе айыпсыздық нысанында адамның жасаған қоғамға қауіпті әрекетіне және оның қоғамға қауіпті салдарынапсихикалықкөзқарасы.        Қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілерге кінә, қылмыстың себебі және мақсаты жатады. Атап айтқанда белгілер қылмыс жасап жатқан тұлғаның ойы мен ерік-жігері және жасалып жатқан қоғамға қауіпті әрекет арасындағы байланысты көрсетеді. Алайда осы белгілердің қылмыстық-құқықтық маңыздылығымен шектеле алмаймыз. Ниетті және абайсыздық нысандағы кінә әр қылмыстың қажетті белгісі болып табылды. Кінәсәз қылмыстың құрамы жоқ, сондықтан қоғамға жасалған қауіпті әрекет үшін қылмыстық жауаптылық туындамайды.       Қылмыстың жасалу себебі мен мақсаты ретінде субъективтік жақтың белгілерінің өзге мағынасы бар. Олар факультативтік белгілер болып табылады және кейбір қылмыстың құрамын құру кезінде ғана қылмыстың субъективтік жағының қажеттік белгісі ретінде кіреді(Мысалы, ҚР ҚК 165-бабы бойынша мемлекеттік құпияны жария ету мемлекеттік опасыздық ретінде ҚР сыртқы қауіпсіздігін және егемендігін бұзу мақсатында болса ғана танылады).          Қылмыстың субъективтік жағын, кінәнің нысандарын, қылмыс жасаудың ниеттері мен мақсаттарын дұрыс анықтаудың зор маңызы бар. Ол әрекеттің қылмыстық емес екенін анықтауға, объективтік жағымен ұқсас қылмыстық құрамдардың арасында айырмашылықтарды анықтау, қылмыстық әрекетті жасаған адамның қауіптілігі деңгейін анықтауға және әділ жазасын беруге мүмкіндік береді.      Қорыта келгенде, қылмыстың субъективтік жағының маңыздылығын былай тұжырымдауға болады: егер қылмыскер сол немесе нақты мән-жайлардың және қылмысты жасау шарттарының бар болуы туралы мәлімет алса және олар бар болғанда қылмыс жасаса, онда олар оған кінә болып тағылуы керек.

       Қылмыстың субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың ішкі жағын құрайтын белгілері, яғни адам істеген коғамға қауіпті іс-әрекет не психикалық қатынас сипатталады. Субъективтік жақтың белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады. Кінә екі түрлі нысанда: касақа-налық және абайсыздық түрінде (20,21-баптар) көрініс табады. Субъективтік жағынан бір қылмыстар қасақаналықпен (ұрлық), екінші біреулер абайсыздықпен (абайсызда кісі өлтіру), үшіншіден қасақаналықпен де, абайсыздықпен де жасалуы мүмкін. Кінәнің нысанының көпшілігі қылмыстық заңның өзінде тікелей ашып көрсетіледі. Ал көрсетілмеген жағдайда олар қылмыстың құрамының белгілеріне талдау жасау арқылы анықталады. Кейбір қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың ниеті мен мақсаты да жатады. Мысалы, пайдакорлық ниетпен кісі өлтіру, басқа қылмыстың ізін жасыру мақсатымен кісі өлтіру. Қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілерін анықтау, қылмысты саралауда кылмыстың және қылмыскердің, қауіптілік дәрежесін анықтау үшін және жаза мөлшерін белгілеу үшін аса маңызды болып табылады.  

          Қылмыстың субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың  ішкі жағын құрайтын белгілері, яғни адам істеген коғамға қауіпті  іс-әрекет не психикалық қатынас сипатталады. Субъективтік жақтың белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады. Кінә екі түрлі нысанда: касақа-налық және абайсыздық түрінде (20,21-баптар) көрініс табады. Субъективтік жағынан бір қылмыстар қасақаналықпен (ұрлық), екінші біреулер абайсыздықпен (абайсызда кісі өлтіру), үшіншіден қасақаналықпен де, абайсыздықпен де жасалуы мүмкін. Кінәнің нысанының көпшілігі қылмыстық заңның өзінде тікелей ашып көрсетіледі. Ал көрсетілмеген жағдайда олар қылмыстың құрамының белгілеріне талдау жасау арқылы анықталады. Кейбір қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың ниеті мен мақсаты да жатады. Мысалы, пайдакорлық ниетпен кісі өлтіру, басқа қылмыстың ізін жасыру мақсатымен кісі өлтіру. Қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілерін анықтау, қылмысты саралауда кылмыстың және қылмыскердің, қауіптілік дәрежесін анықтау үшін және жаза мөлшерін белгілеу үшін аса маңызды болып табылады. Қылмыстық заң бойынша қылмыстың субъектісі болып, қылмыстық жауаптылықка тартылуда кез келген адам жатады. Қылмыстық жауаптылыққа есі дұрыс, қылмыс жасаған уақытта 16-ға, кейбір қылмыстар үшін 14,18-ге толған (14, 15-бап) жеке адамдар жатады.

    Сонымен кез келген қылмыс құрамының субъектісінің  жалпы белгілері болып: жеке адам, есі дұрыс адам, белгілі жасқа толғандар саналады. Кайсыбір қылмыс құрамдары үшін жауаптылыққа осы жалпы белгілерден бөтен қосымша белгілер болғанда ғана жол берілуі мүмкін. Әдетте, мұндай қосымша белгілер осы қылмыс үшін жауап беруі мүмкін адамдардың шеңберін шектейді. Мысалы, пара алудың субъектісі болып тек қана мемлекеттік органдардың адамдары ғана, ал әскери қылмыстардын субъектісі болып әскери кызметшілердің болуы қылмыстың субъектісін белгілейтін белгілердің қылмысты саралау үшін, қылмыстық жауаптылық мәселелерін шешуде және жаза мөлшерін белгілеуде маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда қылмыстық құқық теориясында қылмысытың кұрамының жалпы тусінігі, қылмыс құрамының кажетті, міндетті белгілері және факультативті белгілері болып өзгешеленеді. Мұндай өзгешелену қылмыс құрамының мазмұнын ашуға, қылмысты іс-әрекетті дұрыс саралауға көмектеседі. Қылмыстың құрамының кажетті, міндетті белгілері дегеніміз бұл кез келген қылмыс құрамында болатын белгілер. Ондай белгілердің кем дегенде біреуінің болмауы қылмыс құрамының мүлде болмауының көрінісі болып табылады. Мұндай  белгілерге жататындар: әрекет немесе әрекетсіздік, кінәнің нысаны, адамның есі дұрыстығы және оның белгілі жасқа толуы.

Информация о работе Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау