Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 16:01, дипломная работа
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр.
Кіріспе......................................................................................................................3
1- Тарау Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы
1.1.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның қылмыс құрамында алатын орны.........................................................................................5
1.2. Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау……………..13
2-Тарау Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
2.1. Қылмыстық құрамның субъективтік жағының қосымша белгілері бойынша калификациялау………………………………………………………34
2.2. Қате және оның түрлері бойынша квалификациялау…………………….42
2.3. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті заңи белгілері…………….47
3-Тарау Қылмыстарды субъективтік жағы бойынша саралау
3.1.Атмосфераны ластаудың субъективтік жағының жалпы сипаттамасы….50
3.2.Ұрлықтың субъективтік жағын талдау……………………………………..59
3.3.Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмысының субъективтік жағын талдау………………………………………………….......61
3.4.Адамды кепілге алудың субъектісі және субъективті жағы……………...65
Қортынды………………………………………………………………………...73
Пайдаланған әдебиеттер………………
Жоғарыда аталған тау-кен
Екіншіден, еңбекті қарғау
Абайсыздықпен жасалатын
Абайсыздықпен жасалған
Абайсыздықпен жасалған қылмыспен басқа бір адамның іс-әрекеті қандай да бір байланыста болғанда қылмысты орындаған, яғни қылмыстық құрамның объективтік жақ белгілерін орындаған адам ғана жауаптылыққа тартылады және орындаған іс-әрекетін қарастыратын баппен квалификация жүргізіледі.20
Қылмыстық құқық теориясында
абайсыздықтағы қылмысқа
Қылмысқа қатысушылардың бірі қасақана, екіншісі абайсыздықпен әрекеттер жасағанда олардың араларында қылмысқа қатысушылықтың бар-жоқтығын анықтауда міндетті белгі болып саналатын, «қылмысты ой-ниеттің бірлескен түрде» болуы және соған сәйкес іс-әрекеттердің бірлескен түрде немесе күш біріктіріп орындалуы болмайды. Қылмысты ой-ниеттің, іс-әрекеттің бірлескен түрінде болмағандығын былай дәлелдеуге болады. Қылмысқа қатысушылыққа жатппайтын абайсыздықтағы әрекеттерде қылмыстың болуын тілеп, қасақана әрекет жасаған адамнан абайсыздықта әрекет жасаған адамға байланыс болады. Яғни белгілі бір адамның абайсыздықпен зардап келтіруге бағытталған әрекеті орындауына себеп, қасақана тілек болған адамның әрекетіне байланысты ьолады. Ал абайсызда зардап келтірген адамда жағдайы толық түсіну болмайды, ол әрекеттің зардапқа соқтыратынын білмейді. Сондықтан абайсыздықта әрекет жасаған адамнан қасақана әрекет жасаған адамға кері субъективтік байланыс болмайды. Осы себептен орырндаушы абайсызда, өзге адамдар қасақаналықпен зардап келтіргенде, қылмысты қасақаналықпен жасаған адамдар осы қылмыстың орындаушылары ретінде, абайсыздықпен зардап келтірген адам осы қылмыстың құралы ретінде қолданылған деп саналады. Жоғарыдағы мысалдағыдай біреу мылтығын ұмытып тастап кетіп, ол кейін қасақаналықпен жасалған қылмысқа пайдаланылғанда да бұл адамдардың араларында екі жақты субъективтік байланыстар болмайды, яғни мылтықты ұмытып кеткен адамнан қасақана кісі өлтірген адамға қатысты кісі өлтіру қылмысына деген өзара түсіністік, бірлескен қылмысты ниет, әрекет болмайды. Тіпті қаруды кісі өлтіру қылмысына пайдалансын деп әдейі ұмытып кеткенде де екі жақты субъективтік байланыстар болмайды. Мұндай жағдайда мылтықты әдейі ұмытып кеткен адамнан оны кісі өлтіруге пайдаланған адамға қарай бір жақты субъективтік байланыс болады. Яғни ол мылтықты не үшін әдейі тастап бара жатқанын, оның салдары неге соқтыратынын біледі. Ал мылтықты пайдаланған адам оның әдейі ұмытып кеткенін білмейді, яғни қылмыстық ниетің жасаған әрекеттердің өзара түсіністігі болмағандықтан мылтықты пайдаланған адамнан әдейі ұмытып кеткен адамға кері субъективтік байланыс болмайды. Олардың әрекеттері ҚК бір бабымен, 96 баппен квалификацияланады, бірақ қылмыс бірлесіп орындалмағандықтан қылмысқа қатысушылық болып саналмайды. Мұндай жағдайда мылтығын әдейі ұмытып кеткен адам кісі өлтіру қылмысын біреу арқылы орындаған болып танылады.
Жоғарыда келтірілген ереже-бірі қасақаналықпен, екіншілері абайсыздықпен әрекет жасайтын барлық жағдайларға ортақ квалификация ережесі болып табылады, бірақ абайсызда әрекет жасаған адамда барлық кезде қылмыс құрамы бола бермейді. Мысалы біреу екінші біреуге қылмыс жасап пайда табатын және қылмыс ашылмайтындай тәсілдіжай әңгіме қылып айтуы мүмкін. Екіншісі мұны кейін қасақана түрде орындауы мүмкін. Мұндай жағдайдағы абайсыздықтағы азғырушылық әрекетінде қылмыс құрамы жоқ, өйткені мұндай жай әңгіме қылып айту біріншіден, қылмысқа азғыруға тікелей бағытталған әрекет емес, екіншіден қылмысты бірлескен түрде қатысып жасау орын алған жоқ. Осы сияқты жоғарыда айтылған үш аңшының темекі тартатын трубкаға тигіземін деп, абайсызда бөтен адамға зардап келтіру туралы мысалында адамдардың әрекеттерінің (абайсыздықтағы азғыру, абайсыздықтағы қылмысқа көмектесу және абайсыздықпен қылмысты орындау) арасында жне туындаған зардаппен байланыс болғанмен қылмысқа қатысушылыққа жатпау себебі, ол қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің баптарындағы жауаптылық, тек орындаушының әрекеттеріне белгіленуіне байланысты деп түсіну керек. Үш аңшының ішінен абайсыздықтағы қаза келтіру қылмысын орындаған адам ғана қылмыстық жауапшылыққа тартылады. Екіншіден бұл мысалда да және үй төбесінен металл сынықтарын лақтыру арқылы абайсызда бөтен адамға зардап келтіруде де екі жақты субъективтік байланыстар, яғни қылмыс жасауға деген ой түсіністігі мен іс-әрекетінің бірлестігі белгілері жоқ мұндай жағдайдада зардапты тікелей келтірген әрекет анықталып, абайсыздықтағы қылмыс түрі бойынша квалификация жасалады.
Соңғы кездерде абайсыздықпен
қылмысқа қатысудың
Бұл жерде біріншіден, абайсыздықта бірге зардап келтірудің болуы мүмкін бе және екіншіден, абайсыздықта бірге зардап келтірудің қылмысқа қатысушылықтан айырмашылығы қаншалықты деген сұрақ туындайды.
Өндірістерде немесе өзге де шаруашылық салаларында апатты жағдайлардың орын алуы жиі кездеседі десе болады және мұндай өндірістік апаттарда қауіпсіздік ережелерін сақтауға бір ғана адам емес, бірнеше адамдар жауапты болуы мүмкін. Мекеме қаншалықты үлкен және қауіпті зардаптар келтіруге ықтималдығы жоғары болса, соншалықты ол мекемеде жауапты адамдар көп болуы мүмкін. Осындай мекемелерде, құрылыс саласында зардаптар туындағанда, осы апатты жағдайдың алдын алуға қызметі бойынша міндетті адамдар бірнешеу болғанда, олардың әр қайсысы өз қызметінің түріне қарай жауапты болады. Мысалы үлкен өндіріс орындарында техникалық қауіпсіздік ережелері бойынша жұмыс істейтін арнайы бөлім, инженерлер жұмыс істегенде, олардың әрқайсысы бір басшылыққа бағына отырып, осы зардаптың алдын алу жұмыстары бойынша міндетті болады. Бірнеше адамдардың жауаптылығын өндіріс салаларындағы арнайы мамандардың қызметі бойынша ғана емес, қарапайым мысалдармен де келтіруге болады. М. Д. Шаргородскийдің жоғарыда келтірген мысалын, яғни екі жұмысшының үй төбесінен металл сынықтарын төменге лақтырып жатқанда адамның үстіне түсіп, адамның өміріне немесе денсаулығына зардаптар келтіруін алайық. Кейінгі зерттеулерде осы тәріздес жағдайларда зардап келтіргендік үшін бірнеше адам емес, тікелей зардап келтірген адамның әрекеті анықталуы керек және сол адам жауаптылыққа тартылады деген шешім қалыптасты. Біз осы мысалды сәл өзгертейік. Мысалы екі жұмысшы үлкен темірді екі жағынан ұстап тұру арқылы зардап келтірді дейік. Мұндай жағдайда екі жұмысшының қызметі бірдей дәрежеде, яғни олардың арасында біреуі зардапты көре білуге міндетті болмағанда, олардың екеуі де қоғамға қауіпті зардаптың туындауы мүмкін екендігін көре білуге мүмкіндігі болды деп саналады. Демек бұл екі адамның тек біреуі емес, екеуі де кінәлі деп танылады. Осы тұрғыдан алғанда бірнеше адамдардың абайсыздықта зардап келтіруі мүмкін жағдай болып табылады. Бірақ екі немесе одан көп адамдардың абайсыздықпен келтірген зардаптары бірлескен түрде келтірілген деп бағалауға болмайды. Себебі бірнеше адамдардың бірлесуі бұл орындалатын әрекеттер туралы өзара хабардар болуын, нақты бір мақсатқа жету жолындағы күш біріктірген және бір-бірінің әрекеттерімен саналы түрдегі байланыста болған әрекеттің сипатын білдіреді.
Абайсыздықта бірге зардап
Қылмысқа қатысушылықтың басты
ережесінің бірі, ол қатысқан
барлық адамдардың іс-
Қылмыстық заңдағы кейбір
Информация о работе Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау