Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 16:01, дипломная работа
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр.
Кіріспе......................................................................................................................3
1- Тарау Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы
1.1.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның қылмыс құрамында алатын орны.........................................................................................5
1.2. Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау……………..13
2-Тарау Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
2.1. Қылмыстық құрамның субъективтік жағының қосымша белгілері бойынша калификациялау………………………………………………………34
2.2. Қате және оның түрлері бойынша квалификациялау…………………….42
2.3. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті заңи белгілері…………….47
3-Тарау Қылмыстарды субъективтік жағы бойынша саралау
3.1.Атмосфераны ластаудың субъективтік жағының жалпы сипаттамасы….50
3.2.Ұрлықтың субъективтік жағын талдау……………………………………..59
3.3.Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмысының субъективтік жағын талдау………………………………………………….......61
3.4.Адамды кепілге алудың субъектісі және субъективті жағы……………...65
Қортынды………………………………………………………………………...73
Пайдаланған әдебиеттер………………
Қазіргі қылыстық заң
Кінәсіз зардап келтірудің
Кінәсіз зардап келтірудің келесі жағдайы, ол мұндай зардапты абайсыздықта келтіргені үшінде жауаптылықтың заңда қарастырылмауына немесе зардаптың туындау мүмкін екендігін көре білуге мүмкіншілігі және міндеттілігі болмауына, сондай-ақ адамның психо-физиологиялық немесе жүйке- психикалық жағдайларда зардапты тоқтата алмауына байланысты субективтік жақтың белгілері немесе кінә жоқ деп танылуы болып табылады.
Қылмыстық субъективтік жағы объективтік жақ белгілерінің ішкі мазмұны анықтайтындықтан, яғни іс-әрекетке және зардапқа, өзгеде белгілерге қатысты қылмыскетдің сезімін және шешімін білдіретінгіктен, бұл жағдайлар кінә ұғымында ескерілуі тиіс. Сондықтан кінә дегеніміз, қасақаналық немесе абайсыздықпен бейнелейтін адамның өз іс-әрекетіне және оның нәтижесіне деген психикалық болып табылады. Бұл анықтамадағы іс-әрекетке деген психикалық қатынас белгісі, адамның жасаған әрекеті немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілігін сезінуімен, одан белгілі бір зардаптар туындауы мүмкіндігін көре білуімен, сондай-ақ қылмыскердің нәтижеге деген психикалық қатынасы қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің жасалуын немесе елеулі зардаптардың туындауын тілеу, сондай-ақ саналы түрде жол беру немесе зардаптың пайда болуына мән-мағынасыз, яғни бәрібір деп қарау немесе болдыртпаймын деп жеңіл ойлылықпен есеп жасау, зардаптың болу мүмкіндігін көре білуге мүмкіндігі, міндеттілігі болғанда, бірақ көре білмеуімен анықталады. Демек, іс-әрекеттің орындалуына немесе зардаптың туындауына деген кінәлінің психикалық қатынастары кінә түрлерінде еріктілік және интеллектуальдық моменттері арқылы шешіледі.
Анығырақ айтқанда психикалық
қатынас қылмыскердің кінә
Қылмыс құрамының қоғамға
Бірақ
кінә түріне немесе кінә дәрежесіне байланысты
қылмыстардың ауырлық дәрежелері анықталмайды.
Кінәнің ең жоғарғы, қауіпті жәрежесі
тікелей қасақаналық болып
Сондай-ақ менмендікпен салыстырғанда қылмысты немқұрайлылықтың белгілері қауіптілік дәрежесі бойынша жеңілірек болып табылады, өйткені бұл кінә түрінде адам зардаптың туындау мүмкіндігін білуге міндетті және мүмкіншілігі болғаны үшін қылмысты деп танылады. Демек кінә дәрежесінің ең ауыр түрі тікелей қасақаналық, ал ең жеңіл түрі немқұрайлық болып шығады. Кінә түрін былай дәрежелеу қылмыстың құқықта қолданылмайды себебі қылмыстардың қауіптілік жәрежесі мен сипаты кінә дәрежесі бойынша барлық қылмыстар осылай болып келе бермейді. Мысалы ашу шегінен, қажетті қорғау шегінен шығып кісі өлтіру тікелей қасақаналықпен де жасалады. Мұндай жағдайларда қылмыс жасау кінәні және жауаптылықты жеңілдететін құрамдар түрінде бағаланады. Ал адамның өміріне зардап келтіру мүмкіндігіне мағынасыз қарап бұзақылық ниетпен өзге адамға қару жұмсағанда қылмыскерде жанамақасақаналық бола алады. Яғни қылмыскерге адам өлеме, өлмейме бәрібір болуы немесе ол жағын мүлдем ойламауыда мүмкін12.
Мұндай жағдайда қажетті қорғау шегңнен шығып тікелей қасақаналықпен кісі өлтірген адамның қауіптілігінен жанама қасақаналықпен жасалған қылмыстың ауырлығы асып кетеді. Сондай-ақ немқұрайлықтың салдарынан ауыр апатты жағдайлар орын алуы мүмкін. Мысалы, жарылыс қауіпі бар объектілерде немқұрайлылықтың салдарынан жарылыс болғанда, оның зардаптары тікелей қасақаналықпен жасалған қылмыстардан асып кете алады. Сондықтан қылмыстың ауырлық дәрежелері барлық кездерде кінә, мақсат, ниет түрлеріне байланысты емес, ол өзге құрам белгілеріне де қатысты бола алады. Кінәнің қылмыстық құқықтағы басты ерекшеліктерінің бірі, ол қылмыстың жауаптылықтың бір негізі болып саналатын,субьективтік негізді білдіруі болып табылады.
Қылмыстың құқықтағы кінә түрлерін, яғни тікелей немесе жанама қасақаналық деген ұғымдарды кең ұғымдар деп санауға болады. Қылмыстың құқықтағы тек тікелей қасақаналықпен жасалатын қылмыстардағы әрекеттердің өдзі, мағынасы бойынша нақты қасақаналықтарды білдіреді. Мысалы тонау қылмысында бөтеннің мүлкін ашық түрде қайтарусыз алу туралы қасақаналық болса, ал қорқытып алушылық қылмысында кінәліде қорқыту арқылы мүлікті немесе мүлікке құқық беретін құжатты талап етуге қасақаналық болады. Демек қылмыстардың қасақана немесе абайсыздықпен, олардың түрлерімен сипатталуын кінә мазмұны арқылы ашу керек. Бірақ кейбір әдебиеттерде айтылғандай, кінә нысанын ары қарай кінә мазмұнына бөлудің еш қажеті жоқ. Объективтік жақ белгілері бірдей анықталатын қылмыстардың кінә нысаны баптың атауында тікелей көрсетілмегенде, кінә мазмұны бірдей анықталатыны белгілі В. Курдрявцев «әр қылмыстың субъективтік жағын тек қасақаналық немесе абайсыздық құрамайды, оны осы қылмысқа ғана тән белгілі бір ой мазмұны қамтитын қасақаналық немесе абайсыздық құрайды. Мысалы тонау тікелей қасақаналықпен жасалғанмен, ондағы қасақаналықтың әйел зорлау қылмысындағы тікелей қасақаналықтан мазмұны бөлек деп» қылмыстардың кінә нысаны бірдей болғанда, олар бәрібір кінә мазнұны бойынша бірдей болмайтындығын келтіреді.13
Кінә мазмұнын кінә нысандарымен салыстырғанда кең ұғым ретінде қабылдауға болады, өйткені оған қылмыс жасалар алдында немесе жасау кезінде қылмыскер көре білген, оның қауіпті ойымен қамтылған объективтік жақ белгілерінен басқа да жәбірлеушіге, қылмыс объектісімен затына қатысты жағдайлар енеді. Сондықтан кінә мазмұны ретінде жасалған іс-әрекеттің елеулі құқықтық белгілерінің, оның қоғамға қауіпті салдары туындау мүмкіндігінің және қылмыс жасау жағдайының субъектінің санасында бейнеленуін түсіну керек. Кінә мазмұнын дұрыс түсіну және оны Ерекше бөлімдегі қылмыстарда қолдану маңызды болып табылады. Қылмыстың құқықтың Ерекше бөлімінде әр қылмысқа құқықтың талдау берілу барысында кінә нысанын анықтау үшін, кінә мазмұнын бір қырынан қолданамыз. Бірақ адамның қылмысқа деген психикалық қатынастарын және іс-әрекеттегі кінә мазмұнын дұрыс аша білмеу себебінен, кейбір қылмыстардың қылмыстық құқық тұрғысынан кінә нысандарының анықталуы даулы болатын кездер болады.14
Кінәнің нысандары
Қасақаналықтың өзі кінәлінің өз іс-әрекетіне және оның зардабына қатысты еркін білдіру түріне қарай тікелей және жанама қасақаналық деп бөлінеді. Қылмыстың заңының 20 бабының 2 бөлімінде «Егер адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамға қауіпті зардаптары болуының мүмкін екінін немесе осы зардаптардың болуын тілесе, тікелей қасақаналықпен жасалған қылмыс деп танылады» деп отырып анықтама берген. Бұл анықтамада психикалық қатынастардың үш түрі келтірілген. Олар адамның іс-әрекетінің қауіпті екенін сезінуі немесе ұғынуы, екінші зардаптың туындау мүмкіндігін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала білуі немесе көре білуі, үшінші зардаптың болуын тілеуі. Бірінші және екінші кезекте келтіріліп отырғандар интеллектуальдық белгілер болып табылады, яғни қылмыс жасау жағдайында кінәлінің объективтік жағдайлар туралы хабардарлық дәрежесін білдіреді, ал үшінші кезекте айтылып отырған «тілеу» еріктілік белгісін білдіреді немесе адамның шешімін көрсетеді. Уақыты бойынша интеллектуальдық белгілер зардап туындағанға немесе қылмыстың жасалуын білдіретін әрекет орындалғанға дейңн анықталады. Ал еріктілік белгісі қылмыс жасау әрекетін орындау немесе зардаптың туындау уақыттарында болады.
Жанама қасақаналықтың тікелей қасақаналықтан айырмашылығы еріктілік моментінде, яғни зардаптың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол беруінде немесе немқұрайлы қарауында болып табылады.15
ҚК 20 бабында берілген тікелей
және жанама қасақаналықтар
Формальдық құрамдарда интеллектуальдық және еріктілік моменттер тек қылмысты іс-әрекетке деген кінәлінің психикалық қатынастарымен анықталады, яғни формальдық құрамдарда қылмыскер өз іс-әрекетінің қауіптілігін сезінеді және осындай іс-әрекеттердің жасалуын тілейді немесе міндетті әрекеттің орындалуынан саналы түрде бас тартады. Формальдық құрамдарға жататын қылмыстар тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады деген пайымдау кездеседі. Шынында да моральдық зардаптар қарастырылған басқа формальдық құрамдарда қылмыстың аяқталуы және қасақаналығы заң бойынша қылмысты деп тиым салынған іс-әрекетті жасау немесе жасамау туралы шешімімен, еркімен анықталады.
Қасақаналықтың түрлері
Кінәнің тікелей қасақаналық
түрі қылмыс қатысушылықпен
Мысалы 2001 жылы 24 қаңтарда Ц. өзара ұрыс- керіс жағдайында Н-ның кеудесінде екі рет пышақ ұрып, оның денсаулығына ауыр дәрежелі зардап келтіреді.16
Жамбыл облыстық соты Ц- ның әрекетін 96 баптың 1 бөлімімен ( кісі өлтірудің жай түрі ) және 24 баптың 3 бөліміне ( қылмысқа оқталу ) сілтеме жасай отырып квалификациялайды.
Қазақстан Республикасы Жоғары
Сотының қылмыстық істер
Информация о работе Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау