Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 16:01, дипломная работа

Описание работы

Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1- Тарау Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы
1.1.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның қылмыс құрамында алатын орны.........................................................................................5
1.2. Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау……………..13
2-Тарау Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
2.1. Қылмыстық құрамның субъективтік жағының қосымша белгілері бойынша калификациялау………………………………………………………34
2.2. Қате және оның түрлері бойынша квалификациялау…………………….42
2.3. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті заңи белгілері…………….47
3-Тарау Қылмыстарды субъективтік жағы бойынша саралау
3.1.Атмосфераны ластаудың субъективтік жағының жалпы сипаттамасы….50
3.2.Ұрлықтың субъективтік жағын талдау……………………………………..59
3.3.Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмысының субъективтік жағын талдау………………………………………………….......61
3.4.Адамды кепілге алудың субъектісі және субъективті жағы……………...65
Қортынды………………………………………………………………………...73
Пайдаланған әдебиеттер………………

Работа содержит 1 файл

9 суб стор Жолдасбек.doc

— 520.00 Кб (Скачать)

     Мақсат  – ұры ұмтылған нысан, оған заңға  қайшгы әрекеттер арқылы қол жеткезеді. Себебке қарағанда қылмыс жасаудағы  мақсат айыптының қоғамға қауіпті  әрекет жасай отырып қол жеткізген  тікелей нәтижесімен сипатталады. Мақсат пен себеп арасындағы айырмашылық еріктік проценті әр түрлі сипаттауға негізделген.

     Ұрлықтың  себебі ұрық асаған адам нені байлыққа алды деген сұраққа жауап берсе, қылмыстың мақсаты әрекетіне  бағытталған адам ұмтылған жақын  арадағы нәтижені анықтайды.

     Қылмыстық нәтиже -  бөтен мүлікті заңға қайшы жолмен алу – ұрлық жасаудағы айыпты алға қойған тікелей мақсат, ол ұрлық құрамының элементіне жатады. Онда бөтен мүлікті жасырын алуға, одан пайда көруге ұмтылу сипаты бар. Ұрланған мүліктен пайда көру, іс жүзінде, ұрлық құрамынан тысқары жатыр. Ол қылмыстан туындайтын қажеттілікті қанағаттандыруға  бағытталған.

     Субъективтік  жағынан меншікке қарсы қылмыстар  тікелей ниетпен жасалынады, меншікке қарсы тек бір қылмыс қана- бөтен  мүлік абайсызда жою немесе бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 88 бабы) кінәнің абайсыз нысанында жасалуы мүмкін.

     Меншікке  қарсы қылмыстар пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз  болып  бөлінеді.

     Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті белгісі- пайда  табуды көздеу немесе сондай себептер.

     Сонымен қатар, пайда табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың объективтік жақтарына  қарай, мүлікті алу мін байланасты ұрлау деп аталатын қылмыстрға және ұрлау мен байланысты емес қылмыстарға  бөлуге болады. Ұрлауға мына қылмыстар  жатады ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық ерекше құнды заттарды ұрлау. Пайда табу мақсатындағы, бірақ ұрлаумен байланысты емес қылмыстарға мыналар жатады алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрнеу, қымыстық жолымен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интелекттуалдық меншік құқықтарын бұзу, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз аңсыз иемдену, жерге заттай құқықтарды бұзу. Ал бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру пайда табу мақсатынсыз жасалған қылмыстарға жатады.

     Субъективтік  жағынан алғанда алаяқтықта тікелей  ниет болады: алдау немесе сенімге  қианат ету жолымен бөтен мүлікті  заңсыз иемдениетін немесе сол мүлікке  құқықты алатынын субъект ұғынады, нақты зиян келтіруі мүмкін екенін немесе оның қалай да болатынын алдын ала біледі, соны тілейді. Бұл қылмыстың субъективтік жағының міндетті нышаны – пайда көру мақсаты, яғни айыптының бөтен мүлікті өз пайдасына немесе үшінші адамның пайдасына айналдыруы. Алаяқтықты ұрлықтан ажыратқан жөн. Ұрлық кезінде алдау кейін бөтен мүлікті жасырып алғанда соны жеңілдететін шарт қана (мысалы: үй-жайға, қызметтік немесе өндірістік жағдайға кіру үшін алдау). Алаяқтық жасалғанда алдау мүлікті субъектіге берудің негізгі себебіне айналады. Және де, ұрлық жасағанда мүлік жәберленуден жасырын, оның еркінсіз ұрланады. Ал, алаяқтықта мүлік қылмыскерге «еркімен» беріледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      3.3.Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмысының субъективтік жағын талдау 

      Заң әдебиеттерінде құрамында есірткі  заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің кінәсінің түрі туралы осы  уақытқа дейін тұрақты бір  пікір жоқ.

      Көптеген  авторлардың пікірлері, құрамында  есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру тек қасақана жасалынады дегенге тіреледі. Мысалы, профессор Б.А.Куринов былай жазады, “қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен жасалынады, кінәлі өңдеуге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар дақылдарды егу немесе өсіру фактісін саналы түрде сезінеді және солай әрекет етуді қалайды” /65/. Тап осы позицияны украин ғалымдары Н.А.Мирошниченко мен А.А.Музыка және өзбек ғалымы М.М.Қадыров жақтайды /66/.

      Керісінші, Л.Н.Анисимов қарастырылп жатқан қылмыс абайсыздық түрде, ал В.К.Глистин қасақаналық  түрде жасалу мүмкіндігі туралы ойды айтып отыр /67/.

      Біздің  ойымызша, Л.Н.Анисимов пен В.К.Глистиннің көзқарастары дұрыс емес. Олардың  позициясының негізсіздігі, “формальды деп аталатын құрамында қасақаналықты  тікелей және жанама деп бөлумен  қатысты анықтайтындығы бізге мәлім, яғни субъектінің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне, сондай-ақ оның зардаптарына деген психикалық қатынасын көрсетеді. Материалды құрамынан айырмашылығы формальды құрам үшін зиян зардаптардың келіп түсуі міндетті элемент болып табылмайды, яғни оған деген психикалық қатынас тіпті жоқ немесе саралауға және кінәнің түріне әсер етпейді. Осыған байланысты, “… формальды құрамды қылмысты жасауда қасақаналықтың мазмұны әруақытта жасалған қылмыстың қоғамдық қауіпті сипатын сезінумен және бұл әрекетті жасауды қалаумен қортылады” /68/ деп қылмыстық-құқық әдебиетінде әділ көрсетіліп отыр.

      Формальды қылмыстардың бұл қасиеттері өңдеуге  тыйым салынған құрамында есірткі  заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге де тән. Сонымен субъект  қандай да бір құрамында есірткі  заттары бар дақылдарды не жеке өзі тұтыну мақсатымен, не өткізу мақсатымен өсіреді, яғни арнайы мақсатпен әрекет етеді.

      Жанама  қасақаналық және абасыздықта “қылмыстың нәтижесі кінәліге соңғы мақсат ретінде  де, қандай да бір басқа мақсатқа жету үшін құрал ретінде де керек емес” /69/.

      Өңдеуге тыйым салынған құрамында есірткі  заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің қасақаналық сипаты туралы қорытындының 1961 жылғы “Есірткі нәрселер туралы біртұтас конвенцияның” жағдайларымен  бекітілінуі біздің көзқарастарымызды  жақтайды. Аталған конвенцияның 36 бабында былай делінеді: “Жақтардың пікірі бойынша, осы конвенцияның қаулыларын бұзушылық деп саналатын әрекеттер, жазаланылатын іс-әрекет деп танылады, егер олар қасақана жасалса”.

      Бұл қылмысты жасау барысында тікелей  қасақаналық түріндегі кінәнің бар болуы туралы мына факт дәлел, кінәлі, өңдеуге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіріп жатқанын саналы сезінеді, халықтың денсаулығы үшін зиян келетінін алдын-ала біледі және оны қалайды.

      Сондықтан да, өңдеуге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің кінәсінің жалғыз түрі, тікелей қасақаналық болып табылады.

      Осыған  байланысты, қарастырылып жатқан қылмыстың  тікелей қасақаналығының бағыттылығының мазмұны туралы сұрақ туады. Кез-келген қылмыстың мазмұнын, соның ішінде біз қарастырып жатқанның да мазмұнын интеллектуалды және ерікті деген белгілер құрайды.

      Оның  интеллектуалды белгісі, кінәлінің  өңделуге тыйым салынған, құрамында  есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіргенін және оның қоғамдық қауіптілігін санналы түрде сезінуімен анықталады.

      Қоғамдық  қауіптілігі, олардың шикізатынан  біртектес есірткілер жасалынатындығымен көрінеді. Есірткілерді тұтыну халықтың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді, ал оларды жиі тұтыну нашақорлыққа соқтырады. Сонымен бірге кінәлі, қол сұғатын қоғамдық қатынастың сипатын, яғни осы қарастырылып жатқан қылмыстың өлшем бірлігінің (категориясының) белгілерін саналы сезінеді.

      Кінәлінің құрамында есірткі заттары бар  дақылдардың аталуына қатысты шатасуы оның әрекетін саралауға ықпалын тигізбейді. Мысалы, егер адам апиынды көкнәрдің ұрығын ектім деп, ал шынында үнді, оңтүстік маньчжур, және т.б. зығырының ұрығын ексе, мұндағы қате істелген әрекетті саралау туралы сұрақты шешу барысында ешқандай құқықтық мәні жоқ, өйткені аталған зығырлардың бәрі өңдеуге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің шеңберіне кіреді, сондай-ақ халықтың денсаулығына қауіпті.

      Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз егу немесе өсіру барысында  субъектінің санасымен сондай-ақ қылмыстың объективтік жағының барлық белгілері қамтылады. Кінәлі заңмен тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді егіп немесе өсіріп жатқандығын түсінеді, мұның барысында субъект өзінің іс-әрекетінің қауіпті сипатын саналы сезінеді.

      Ауырлататын мән-жайлар мына жағдайда кінәға тағылады, егер олар кінәлінің санасымен қамтылса. Бұл дегеніміз, кінәлі, құрамында  есірткі заттары бар қандай да бір өсімдіктерді өсіре отырып мынадай  мән-жайларды саналы түрде сезінсе: ол мұндай іс-әрекетті бірінші рет емес, әлденеше рет (қайталап) жасап отырғандығын, яғни бұл өсімдіктерді өсіргені үшін немесе заңда көрсетілген есірткілерге байланысты қылмыстарды жасағаны үшін сотталғандығын және сотталғандығы алынбағандығын; бір топ адамдармен алдын-ала сөз байласып, яғни қылмысты жасау туралы уақытынан бұрын келісіп жасағандығын; өңдеуге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді көп мөлшерде өсіргендігін, яғни өсірілген өсімдіктердің саны ҚР Есірткілерді қадағалау бойынша Мемлекеттік комиссияның есірткі нәрселерге жататын өсімдіктерді заңсыз өсірудің мөлшері туралы қорытындысында көрсетілген мөлшерден асатындығын.

      Факультативті белгілер, кінә формасының негізгі  белгі сияқты, талданып жатқан қылмыстың  субъективтік жағын толық теориялық сипаттау үшін үлкен мәні бар. “… Қасақана жасалған қылмыстың субъектитік жағын сипаттайтын факультативті элементтердің арасында, жасалған қылмыстың ниеті мен мақсаты үлкен роль ойнайды" деп”жазады А.Н.Трайнин /18/. Олар барлық жағдайда міндетті түрде анықталуы керек. Ниетсіз бірде-бір қасақана қылмыс жасалуы мүмкін емес, не қасақаналықтың да, қылмыстық әрекеттің мақсатын да тап осы ниет құрайды /21/.

      Мақсат  дегеніміз бұл, адам өзінің іс-әрекетінің нәтижесі туралы субъективтік ойы /30/. Егер ниет, адамның қылмыс жасау барысында немен жетекшілік еткенін анықтаса, онда мақсат – іс-әрекеттің бағытын, адамның ойының ұмтылатын зардаптарды анықтайды.

      Сонымен мақсат, өңдеуге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар  өсімдіктерді заңсыз өсіру құрамының  субъективтік жағының белгілерінің бірі ретінде оның шегінен тыс болғанымен оны анықтаудың маңызды мәні бар. Соңғысы жарастырылып жатқан қылмысты жасауға қасақаналықтың дәлелденуін қамтамасыз етсе, ал кейбір жағдайларда мұндай әрекеттерді жиынтық бойынша саралауға негіз болады, оларды ескеру қарастырылып жатқан қылмыстар үшін жазаны жекелендіру барысында қажет. Әрбір нақты жағдайда жасалған қылмыстың мақсатын және сондай-ақ ниетін анықтаудың мәні зор екендігі белгілі /21/. Кезінде В.И.Ленин де қылмыстың ниетін анықтауға ерекше маңызды мән берген. “Әртүрлі ниеттер істелген әрекетті саяси бағалауды өзгертпейді, кінәлінің жауаптылығын жекелендіру үшін үлкен мәні жоқ” деп атап көрсеткен ол /32/. Ең алдымен мұнан шығатыны, ниетті анықтау қылмыстың қоғамдық қауіптілігіне сөзсіз ықпалын тигізеді, яғни “…қылмыстың ниетін ескерусіз жазаны жекелендіру қағидасының талаптарын тиісті орындауға мүмкін емес” /33/. ҚР Жоғарғы Сот Пленумы осы сұраққа үлкен мән қоя отырып 1999 жылғы “Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтау туралы” қаулысында істің басқа да мән-жайларымен қатар, сондай-ақ қылмыстың ниеті мен мақсатын, қылмыстық мақсатқа жету үшін жасалған әрекеттердің мағынасын жан-жақты зерттеу қажет деп көрсетеді /24/.

      Келтірілген жайттар, барлық жағдайда қылмыстың ниетін анықтау қажеттілігін дәлелдейді. Қылмыстық ниеті дегеніміз адамның қылмыс жасауына шешімділік тудыратын санасының оянуы /75/. Біздің жүргізген зерттеуіміз, басым көп жағдайда (99,9 пайыз) қарастырылып жатқан қылмысты жасау ниеті анықталғандығын көрсетеді.

      Н.А.Мирошниченко мен А.А.Музыка есірткі нәрселермен  заңсыз әрекет етумен байланысты қылмыстардың ішіндегі есірткі нәрселерді ұрлаудың ниеттерін анықтауға тырысқан. Авторлар оларды, өзгермейтін сипаттағы ниеттер  және өзгермейтін болып табылатын ниеттер деп бөледі. Қарастырылып жатқан қылмыс ниеттерінің бірінші тобына пайдақорлық, кек, көре алмаушылық және т.б. жатады; екіншісіне - қызық көру, еліктеу, достық сезімін жалған түсіну, есірткіге құштарлық және т.б. Өзгермейтін ниеттердің ішінде сот тәжірибесінде пайдақорлық жиі кездеседі, субъект есірткі нәрселерді сату мақсатымен ұрлайды.

      Келтірілген ниеттердің түрлері нақты жеке алынған  іс-әректке тән емес, сондай-ақ ол есірткілердің заңсыз айналымын  құрайтын қылмыстардың көбіне тән. Жеке алғанда, ұрлаудың, есірткілерді заңсыз дайындаудың, алудың, сақтаудың немесе тұтынудың және т.б. ниеттері қызығушылық, жалған достық сезім, ауыру, пайдақорлық, есірткілік ашығу және т.с.с. болуы мүмкін /76/.

      М.М.Қадыров  “Проблемы уголовно-правовой борьбы с незаконным оборотом наркотических средств” деген монографиясын құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің ниеті туралы былай жазалы: “Сонымен бірге ниеттері едәуір шектелген қылмыстар бар. Олардың қатарына ең алдымен өңдеуге тыйым салынған, құрамындаесірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіруді жатқызу керек. Аталған қылмыстың мотивтері – пайдақорлық, есірткілерді тұтыну арқылы табиғи және моральды қанағат алу үшін ұмтылу,… Егер пайдақорлық бұл қылмыстың ниеті ретінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіріп сонан соң материалды пайда алумен көрінсе, онда екінші ниет өсімдіктерді тек тұтыну мақсатында ғана өсіруде көрінеді” /15/, Осы жағдайда бұл қылмысты жасау ниеті кінәлінің қасақаналығының бағытын анықтайды. Кінәлі, осындай ниеттерді жетекшілікке ала отырып, өңдеуге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді қандай да бір мақсатта заңсыз өсіреді. Сондықтан да, аталған қылмыстың ниеті оның мақсаттарын анықтайды деуге болады, яғни “… ниет, субъектіні мақсатына жетуге жетелейтін белсенді күш болып табылады” /7/. Аталған қылмыстың пайдақорлық ниеті жеке өзі тұтыну мақсатында өсімдіктерді өсіру барысында көрінетін ниеттен айырмашылығы басқа да қылмыстық-құқықтық салдарлар туғызады. Осыған байланысты, кінәлі құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді пайдақорлық ниетпен, яғни есірткілерді өткізу мақсатымен әсіресе, онда субъектінің әрекеті бұрын көрсетіліп кеткендей жиынтық бойынша саралану керек.

      Сонымен, әрбір жағдайда өңдеуге тыйым  салынған, құрамында есірткі заттары  бар өсімдіктерді заңсыз өсіру құрамының белгілерін анықтау маңызды, өйткені соңғысы аталған қылмысты дұрыс саралауға, жазаны жекелендіруге мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 

     3.4.Адамды кепілге алудың субъектісі және субъективті жағы 
 
       Есі дұрыс, қылмыс жасаған кезде қылмыстың заңда көзделген белгілі бір жсқатолған жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады.           Қылмыс субъектісінің белгілері қандай ? Егер қылмыс жасаған жеке тұлғаның бойында, есі дұрыстық, қылмыстың заң тағайындаған жасқа жету сияқты белгілер болса, ол өзінің жасағаны үшін қылмыстық жауап беруге қабілетті. Қылмыстың субъектісі тек жеке тұлға ғана бола алатындығы жөніндегі ереже Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарынан туындайды. Мысалы, ҚР ҚК-нің 6, 7, 14 – баптарында Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қылмыстық және қылмыстық жауаптылықтың субъектілері болу мүмкіндігі туралы айтылған.           Қылмыстың субъектісі міндетті түрде есі дұрыс, яғни өзінің әрекетін (әрекетсіздігін) басқара алатын, оның шын мәніндегі сипаты мен қоғамға келтіретін қауіптілігін түсінуге қабілеті жететін жеке тұлға болуы керек. Ал, психикасыың бұзылуына байланысты мұндай қабілеттен айырылған есі дұрыс емес (ҚР ҚК 16 - бабы) тұлғалар қылмыстың субъектілері бола алмайды. Тіпті психикасы сау адамның да сана мен еркінің қабілеті белгілі бір жасқа толғанында ғана пісіп жетіледі. Осыған байланысты – қылмыстық заң қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуға болатын жас мөлшерін тағайындаған (ҚРҚК15б.).       Бұл көрсетілген үш белгі қылмыс субъектісінің ортақ заңды белгілері болып табылады. Олар қылмыстың кез-келген құрамының міндетті белгілер болып табылады және бұлардың біреуінің болмауы іс-әрекетте қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді.       Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінде кейбір жағдайларда тиісті қылмыстың субъектісін сипаттайтын жалпы ғана емес қосымша да белгілері бар тұлғалардың жауаптылығы қарастырылады. Мысалы, әскери қызметке қарсы қылмыстардың субъектісі болып әскерге шақырылып, міндетін өтеп жүрген немесе ҚР Қарулы күштерінің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың қатарында келісіп шартпен жүрген әскери қызметкерлер ғана сол сияқты запастағы азаматтар әскери жиында жүрген кездерінде және де кейбір басқа тұлғалар табылады. Бұл қосымша белгілер тиісті тұлғаны қылмыстыңарнайысубъектісінеайналдырады.      ҚР Қылмыстық кодексінің 15–б.2–т.сәйкес адамды кепілге алу қылмысының субъектісі – 14 жасқа толған, ақыл есі дұрыс жеке тұлға. 
Қылмыстың субъективтік жағы дегеніміз адамның өзі жасаған қылмыстық іс-әрекетке және оның салдарына (зардабына психикалық қатынасы). 
Сыртқы көріністі білдіретін қылмыстың объективті жағына қарағанда субъективтік жағы қылмыстың ішкі мәнін білдіреді. Сонымен қатар, қылмыстың объективтік және субъективтік жақтары өзара тығыз байланысты және олар қандай да бір тұтастықты құрайды. Сондықтан да, қылмыстың субъективті жағын зерттеу қылмыстың тиісті құрамының объективті жағына талдау жасаумен тығыз байланыста жүргізіледі1.     Қылмыстың субъективтік жағына мыналар жатады: кінә, қылмыс жасаудағы ниет (себеп) және мақсат.        Бұл белгілердің барлығы өз жиынтығында қылмыс жасаған адамның психикасында пайда болатын ішкі процесті сипаттайды, адамның санасы мен еркінің жасалған әрекетпен байланысын бейнелейді.  Бұлбелгілердің әрқайсысының мәні әртүрлі. Кінә - қылмыстың кез-келген құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі. Кінәсіз қылмыстың құрамы да болмайды, сәйкесінше қылмыстық жауаптылық та орыналмайды.  Қылмыстық заңға сәйкес, кінә бұл әрқашан не қасақаналық, не абайсыздық ҚР ҚК-нің 19 – б. 3 – б. бойынша қасақана немесе абайсызда іс-әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Қасақаналық та, абайсыздық та жасалған іс-әрекет пен оның салдарына кінәлі психикалық қатынастың нысандары болып табылады. Бұл – олардың ұқсастығы. Ал, айырмашылығы – қасақана және абайсыз кінәні құрайтын интеллектуалдық және еркіне қарай сәттердің ерекше, өзіне ғана тән мазмұны мен ара қатынасында. 
        Қылмыстың субъективтік жағына оның міндетті белгісі болып табылатын кінәмен бірге қылмыстың ниеті және мақсаты кіреді, 
Егер қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі нақты қылмыс құрамында ниет пен мақсат оның белгісі ретінде көрсетілсе, онда ол осы құрамның субъективті жағының міндетті, қажетті белгісі болып, ал басқа жағдайларда құрамның факультативті белгісі болып  саналады.      Қылмыстық ниет деп белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі болуына байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып саналы түрде қылмыс істеуге бел бууын айтамыз. Қылмыстық мақсат деп адамның қылмыс істеу арқылы болашақта белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз. 
         Сонымен, қылмыстың мақсаты қылмыстық ниетке негізделіп пайда болады, ал қылмыстық ниет мақсатпен бірге белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыру арқылы түпкілікті нәтижеге жетуге итермелейді. 
Қылмыстық ниет пен мақсат өзара тығыз байланысты ұғым. Адамның мақсатының қалыптасуы ниетке байланысты болса, ал мақсат пайда болған ниеттің қандай әдіспен, ниетпен жүзеге асырылатынын анықтайды. 
Қылмыс жасаудағы ниет пен мақсаттың кінәдан айырмашылығы, олар бір құрамдар үшін міндетті болып табылса, екіншілері үшін – субъективті жақтың факультативтік белгілері болып табылады.     Қылмыстың субъективтік жақтарын – кінәнің нысандарын, қылмыс жасаудағы ниет пен мақсатты дұрыс анықтаудың маңызы зор; ол қылмыстық іс-әрекетті қылмыстық емес әрекеттен айырып алуға, қылмысты дәл саралауға, объективті жағы бойынша өте ұқсас қылмыс құрамдарын бірбірімен ажыратуға, қылмыстық әрекет жасаған адамның қауіптілік дәрежесін анықтауға, жазаны жеке даралауға мүмкіндік береді. 
Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мұқият зерттеу қажеттігі Қазақстан Республикасы жоғарғы соты Пленумының 1993 жылғы 24 маусымдағы «жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы» қаулысында көрсетілген: «жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік деңгейін анықтағанда сол нақты қылмыстық іс-әрекет жасалған барлық мән-жайлардың (кінәнің нысаны, қылмыс жасау себебі, әдісі, мән-жайы, кезеңі, келген зардаптың ауырлығы, әрбір қатысушының қылмысқа қатысу дәрежесі жәнесипаты,т.б.)жиынтығынасүйенуқажет»1.     Адамды кепілге алу қылмысының субъективтік жағы тікелей қасақаналық түріндегі к!нә нысанымен сипатталады. Тұлғаның кепілге алғанын не ұстап отырғанын айыпты өз түсінеді және осылай болуын қалайды. Пайдакүнемдік, өш алу немесе басқа опасыз ниеттер қылмыстың себебі болуы мүмкін, олар қылмыстың бағалануына әсер етпейді, бірақ жеке жаза тағайындауда ескеріледі.         Бұл құрамның субъективті жағының міндетті белгісі – кінәлілер көздейтін арнайы мақсаттың болуы1. Ол – айыптының кепілдікке алған адамды босатудың шарты ретінде қандай да болса бір әрекетті жасауға немесе қандай да болса бір келісім жасаудан бас тарту, қамауға алынғанды немесе сотатталғанды босату, айыптыны құралмен, ақшамен, көлік құралдары мен т.б. қамтамасыз ету.        ҚР Қылмыстық кодексінің 234 – бабының 2 – тармағы адамды кепілге алу қылмысының сараланған түрін көздейді. Саралаушы белгілер ретінде заң шығарушы келесілерді көздеді:        А. Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша. Егер адамды кепілге алуды бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын-ала сөз байлаысып жасаған қылмыс деп танылады.33 
Б. Бірнеше рет. Бұл қылмыстың бірнеше рет жасалуы дегеніміз адамды кепілге алуды екі немесе одан да көп рет жасау, егер адам бұрын жасалған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болмаса не адамның бұрын жасалған қылмыс үшін соттылығы жойылған немесе онысыалынған болмаса немесе мұндай қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтіп кетпесе. 
В. Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып. Өмірге және денсаулыққа қауіпті күш ұғымы денсаулыққа жеңіл, орташа ауырлықтағы немесе ауыр зиян келтірудегі, азаптауды қамтиды. 
Г. қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып. Қолдану дегеніміз қаруды немесе адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру үшін қару ретінде пайдаланылатын заттарды іс жүзіне қолдану.34 
Қару ретінде пайдаланылатын өзге де заттар дегеніміз олармен адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге болатын кез-келген заттар. Оларға шаруашылық – тұрмыстық қызмет атқаратын заттарды жатқызуға болады, мысалы, балта, айыр, шалғы, пышақ, таяқтар және т.б. олардың дене жарақаттарын түсіруге алдын-ала дайындалуы қажет етілмейді. 
Д. Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты, яғни 18 жасқа толмаған адамға қатысты. 
Е. Айыптыға жүктілік жағдайы көрінеу мәлім әйелге қатысты (жүктілік мерзімі ұзақтылығының маңызы жоқ).       Іс көпе – көрінеу дәрменсіз күндегі адамғақатысты.Жасалған әрекетті ҚР Қылмыстық кодексінің 234 – бабының 2 – бөлімінің «д», «е», «ж» тармақтары бойынша бағалау үшін кепілдікке алынған адамның кәмелетке толмағандығын, жүкті әйел екендігін немесе оның дәрменсіз күйде екендігін айыптының алдын-ала түсінгендігін анықтау қажет.     З. Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған кепілге алу әрекеті біртұтас қылмыстық ниетпен және бірнеше жәбірленушіге қарсы қиянат жасаудың бір мерзімде орын алатындығымен сипатталады. Бұл жерде, екі не одан да көп тұлғаларды кепілге алу туралы ниет тұтас болып табылады. Ал, егер аталған қылмысты жасау жөніндегі ниет әр жолы жаңадан пайда болып отырса, онда мұндай әрекет бірнеше мәрте жасалған адамды кепілге алуды құрайды. 
       И. пайдакүнемдікпен немесе жалдау арқылы адамды кепілге алу айыптының өзі үшін немесе басқа тұлғалар үшін қаражаттық пайда алуға (ақша, мүлік, мүлікке құқық т.б.) немесе қаражат шығынынан құтылуға (мүлікті қайтару, мүлікке қатысты міндеттемелерді орындау т.б.) ұмтылумен сипатталады. 
ҚР Қылмыстық кодексінің 234 – бабының 2 – бөлімінің «И» тармағы бойынша, сонымен қатар, адамды кепілге алудың жалдау арқылы жасалғандығы, яғни айыптының үшінші тұлғалардан алынатын ақу үшін адамды кепілге алуы немесе ұстауы да бааланады. Ескеретін жағдай: ақы алу мерзімінің адамды кепілге алуды іске асыруға дейін немесе одан кейін екендігініңмаңыздылығыжоқ.        ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т. заң шығарушы адамды кепілге алудың сараланған белгілерін көздеді. Адамды кепілге алудың ерекше сараланған белгілері ретінде, оны ұйымдасқан топтың жасауын, не абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуын ажырату аталған салдардың ерекше әлеуметтік мәнімен негізделеді. Заңшығарушының ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т. конструкциясына аталған салдарды енгізуі абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан адамды кепілге алу материалдық құрам болып табылатындығын және ол орын алуы үшін нақты осы салдар туындауы қажет екендігін көрсетеді. 
1959 ж. Қазақ ССР ҚК 115 – 1 – б. 2 – т. заң шығарушы адамды кепілге алудың міндетті сандары ретінде «ауыр зардаптарды» ажыратты. Мұндай салдардың қатарына заңшығарушы арнайы атап өтпесе де абайсызда адам өміріне әкеп соғу да жатқызылды. Мұндай салдардың адамды кепілге алу кезінде салыстырмалы түрде кең таралғандығы абайсызда адам өліміне әкеп соғуды ауыр салдардың қатарынан заңдық деңгейде оқшаулаудың негізі болыптабылады.          Адамды кепілге алудың ерекше сараланған түрі ретіндегі «өзге де ауыр зардаптар» ұғымы әрекет етуші қылмыстық заңдылықта ашылмайды, сондықтан да, ол бағалаушы ұғым ретінде әрбір нақты жағдайда істің барлық мән-жайларын ескере отырып құқыққолданушылармен субъективті талқылануы тиіс1. Алайда, бұл зардаптардың негізгі мазмұны аталған белгі мазмұндалған барлық қылмыс құрамдары үшін бірдей болуы керек. Дегенмен, заңгер ғалымдар аталған белгіні әр түрлі анықтайды. Мысалы, М.Лысов ауыр зардаптарға «дене жарақаттарының әртүрлі түрлерін, оның ішінде денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе елеулі емес тұрақты еңбек қабілеттілігінен айырылуға әкеп соққан, жеңіл дене жарақаттарын да» жатқызады1. В.Мальцевтің пікірі бойынша терроризм, адамды кепілге алу кезінде ауыр зардаптар ұғымына адамды өлтіруді, денсаулыққа ауыр зиян келтіруді, орман массивтерінің елеулі бүлінуін немесе жойылуын жатқызу қажет2.          А.Е.Беляевтің пікірі бойынша терроризмнің, адамды кепілге алудың ауыр зардаптарына бірнеше немесе көптеген адамдардың өлуін, олардың денсаулығына ауыр зиян келтіруді, жаппай улануды, экологиялық апаттарды, ірі материалдық залалды, тарих және мәдениет ескерткіштерінің жойылуын және т.б. жатқызу қажет3.       И.Ш.Борчашвилидің пікірі бойынша терроризм, адамды кепілге алу кезінде ауыр зардаптарға бірнеше адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру немесе көптеген тұлғалардың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру, сонымен қатар аса ірі мөлшердегі материалдық залал келтіру жатады4.           Аталған саралаушы белгіле түсінік беретін заңгер ғалымдар арасында денсаулыққа орташа ауыртпалықтағы зиян келтіруді адамды кепілге алудың ауыр зардабына жатқызу туралы сұрақ бойынша ауызбірлік жоқ. 
Адамды кепілге алудың объектісі, сонымен қатар, оның мазмұны жәбірленушінің денсаулығына орташа ауыртпалықтағы зиян келтіруге қарағанда қоғамдық қауіптіліктің жоғары деңгейін көздейді. Заңшығарушы бұл қылмысты орташа ауыртпалықтағы қылмыстарға, ал адамды кепілге алуды ерекше ауыр қылмыстарға жатқызады. 
Адамды кепілге алудың ерекше сараланған түрі үшін (ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т.) заңшығарушы он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көздеді. 
Абайсызда адам өміріне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғу іс-әрекетті ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т. бойынша саралау үшін қажетті шарт болып табылады. Бұл жағдайда адамды кепілге алудың ерекше сараланған элементтері ҚР ҚК-нің 234 – б. Көзделген негізгі құрамның міндетті белгілерімен қатар бірқатар өзге белгілермен сипатталады. Мұндай мән – жайларға келесілерді жатқызу қажет: біріншіден, қарастырылып отырған қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын, яғни ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т. көзделген сандар, сонымен қатар, қоғамдық қауіпті іс-әрекет пен осы салдар арасындағы себептік байланыс, екіншіден, субъективтік жағын сипаттайтын, атап айтқанда субъектінің адамды кепілге алуға немесе кепілдік ретінде ұстауға және туындаған қоғамдық қауіпті салдарға әртүрлі психикалық қатынасы. 
       Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан адамды кепілге алу ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т. бойынша біріншіден, адамды кепілге алу немесе ұстау мен осы салдар арасында себептік байланыс болса, екіншіден, аталған салдар абайсызда туындаса сараланады. 
Себептік байланыс «қажеттілікпен, заңдылықпен садарды туындатады»1. 
Іс-әрекет пен салдар арасында себептік байланыстың бар екендігін келесілер анықтайды: біріншіден, қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің қоғамдық қауіпті салдардан бұрын орын алуы; екіншіден, қоғамдық қауіпті салдарды туындатады, яғни, себеп салдардың пайда болуы үшін қажетті және жеткілікті болуы қажет.         Осылайша, іс-әрекетті ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т. бойынша саралау үшін нақты адамды кепілге алу немесе кепілдік ретінде ұстау объективті түрде адамның өміріне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққанын анықтау қажет. 
         Ауыр зардаптың туындайы және адамды кепілге алу мен ауыр зардаптар арасындағы себептік байланыс іс-әрекетті ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т. бойынша саралау үшін қажетті жалғыз шарт емес. Бұл норманың диспозициясынан мұндай салдардың абайсызда келтірілуі тиіс екендігі туындайды, яғни, іс-әрекетті аабйсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп сққан адамды кепілге алу деп тану үшін кінәлінің адамды кепілге алуға және туындаған зардаптарға әртүрлі психикалық қатынасы болғанын анықтау қажет.          ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т. бойынша сараланатын адамды кепілге алуды жүзеге асыратын тұлғаға оның ниетінің ауыр зардаптар келтірілуінің қамтылмауы тән. Оның адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға психикалық қатынасы менменді немесе немқұрайлы болуы мүмкін.  
Бірінші жағдайда кінәлі адамды кепілге алу кезінде аамның өлуі немесе өзге де ауыр зардаптардың туындауы мүмкін екенін алдын-ала біледі, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызу мүмкіндігіне сенеді. Бұл жерде ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т. көзделген салдарлардың туындауы мүмкін екенін алдын-ала білу және жеңілтектікпен болғызбау мүмкін екендігіне сену қылмыстық менмендіктің интеллектуалдық сәттерін, ал мұндай салдарлардың туындауын қаламауы қылмыстық менмендіктің еріктік сәттерін сипаттайды.35         Екінші жағдайда, яғни, қылмыстық немқұрайлықта кінәлі қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра адамды кепілге алу кезінде адамның өлуі немесе өзге де ауыр зардаптардың туындауы мүмкін екенін болжап білмейді. Бұл жерде қылмыскер ауыр зардаптардың туындауын болжап білмейді, оларды абстрактылы түрде мүмкін деп қарастырмайды. Қылмыстық немқұрайлыққа қатысты қылмыстық құқық теориясында оның екі критериін – объективті және субъективті ажыратады1. Бірінші критерий бойынша тұлға күнәлінің лауазымдық мәртебесіне, оның кәсібіне, заңдық ұйғарымдарға, т.б. негізделуі мүмкін қоғамды қауіпті салдардың туындау мүмкіндігін болжап білуге міндетті; екінші критерий –тұлға оның физикалық және интеллектуалдық қабілеттеріне сәйкес мұндай салдардың туындау мүмкіндігін алдын-ала болжап білу мүмкіндігінің болуы. 
Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан адамды кепілге алу кезінде кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс орын алғанымен заңшығарушы ҚР ҚК-нің 22 – б. «Тұтас алғанда мұндай қылмыс қасақана жасалған деп танылады» деп бекітті.        Жоғарыда аталғандардың негізінде келесі қорытынды жасауға болады: ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т. көзделген адамды кепілге алудың ерекше сараланған түрі адамды кепілге алудың қоғамдық қауіптілігі жоғары түрі болып табылады, ол орын алу үшін қарастырылып отырған қылмыстың жалпы белгілерімен қатар арнайы белгілерін де анықтауды қажет етеді. 
ҚР ҚК-нің 234 – б., 3 – т. заңшығарушы абайсызда бір адамның да, бірнеше адамның да өліміне әкеп соғуды қарастырады. Егер адамды кепілге алу немесе кепілдік ретінде ұстау кезінде кепілге алынған адамға немесе өзге де кез-келген тұлғаларға қасақана өлім келтірілсе, бұл іс-әрекетті жиынтық бойынша, яғни, ҚР ҚК-нің 234 – бабы мен 96 – баптың 2-бөлігінің «В» тармағы бойынша саралау қажет.      Н.И.Загородников әділ атап кеткендей «Қасақана кісі өлтіру спецификалық, ауыр және заңдық анықталған іс-әрекет болғандықтан, саралау кезінде ол міндетті түрде қылмыстар жиынтығы ережелеріне қатысты көрініс табуы тиіс»1.        Заңшығарушы қасақана кісі өлтірудің ееркше қоғамдық қауіптілігін ескереді және қасақана қаза келтірудің барлық жағдайында, егер іс-әрекет тікелей адам өміріне қарсы бағытталмаса, немесе қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі блып табылмаса, іс-әрекетті ҚР ҚК-нің 96 – б. 2 – бөлігі «В» тармағымен жиынтықты адамды өліміне қолсұғушылық ретінде саралануды көздейді.      Егер қолсұғушылықтың объектісі адамның өмірі емес, ал, мысалы, адамды кепілге алу кезіндегі қоғамдық қауіпсіздік болса, бірақ абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға бұл іс-әрекетті ҚР ҚК-нің 234 – б., 3 –т.бойынша саралау қажет.         ҚР ҚК-нің 234 – бабының ескертуіне сәйкес кепілге алынған адамды өз еркімен немесе үкіметтің талап етуі бойынша босатқан адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапшылықтан босатылады.          Отандық заңдылықта адамды кепілге алу қылмысына қатысты мұндай норма ең алғашқы рет 1997 жылы жаңа Қылмыстық Кодекс қабылданғанда енгізілді. Бұл норма кінәліге адамды кепілге алғаннан кейін ойлануға және жәбірленушіні босатуға мүмкіндік береді, сонымен қатар, жәбірленушіге қатысты өзге е күштеу әрекеттерінен тартынуға ықпал етеді деп көзделді. Сонымен қатар, кейбір заңгерлер жаңа Қылмыстық кодекс күшіне енгізілген кездің өзінде қарастырылып отырған новелла іс жүзінде жәбірленушілердің мүдделеріне қарағанда қылмыскерлердің мүдделерін көздейді деген пікір айтып, оны нақтылауды (өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) немесе заңның мәтіннен толығымен алып тастауды ұсынды1. 
Кінәлі адамды кедергісіз кепіл ретінде ұстай алатынын түсінуі (мысалы, кепілге алынған адамның қай жерде ұсталып отырғаны ешкімге белгісіз болуына байланысты) және оның өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатуы қажет.          Егер кінәлі заңда билік өкілдеріне қарсыласу барысында кепілге алынған адамдарды босатуға мәжбүр болса, немесе, одан әрі қарсыласуды сенімсіз деп санаса кепілге алынған адамды босату ерікті деп саналмайды.  
Адамды кепілге алуға кінәлі тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босату оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса ғана орын алуы мүмкін. 
Егер кінәлі кепіле алынған адамдарды босатқанымен оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыстың құрамы (қаруды, жарылғыш заттарды ұрлау, адамдарды кепілге алу барысында оның денсаулығына зиян келтіру, кісі өлтіру, т.б.) бар екендігі анықталса, онда кінәлі осы қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.         Әдебиеттерде кепілге алынған адамды босату егер кінәлі жәбірленушіні заңсыз ұстауды жалғастыра алғанымен оны босатса, және егер де босату жәбірленуші немесе өзге тұлға қылмыскердің талаптарын орындағанға дейін жүзеге асырылса, немесе егер де босатудың шарты ретінде қандай да бір талаптар мүлдем қойылмаса, ерікті болып табылады дегенпікірбасым.          Сонымен, жоғарыда аталған жәбірленушіні босатудың еріктілігі критерийі ҚР ҚК-нің 234 – бабының ескертуіне сәйкес екі шартты қамтиды: 
Біріншісі – кінәлінің жәбірленушіні заңсыз ұстауды жалғастыруға объективті және субъективті мүмкіндігінің болуы. Бұл шарт қажетті (міндетті) болып табылғанымен жеткілікті емес. Егер бұл шарт болса, жәбірленушіні босату ерікті болуы да, болмауы да мүмкін, ал егер бұл шарт болмаса босату ерікті болмайды.Екіншісі – шарт бойынша босату жәбірленуші немесе өзге тұлға қылмыскердің талаптарын орындағанға дейін жүзеге асырылуы немесе босатудың шарты ретінде қандай да бір талаптар мүлдем қойылмауы орын алуы қажет. Бірінші шарт орын алған жағдайда екінші шарттың бар-жоқтығын анықтау жәбірленушіні босату ерікті болғанын, я болмағанын түпкіліктішешугемүмкіндікбереді.       Сонымен, төмендегі жағдайлар адамды кепілге алу қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарттары болып есептеледі: 
а) кепілге алынғандарды өз еркімен босататын – еріктілік немесе өкіметтің талапетуібойыншабосату;б)айыптының іс-әрекеттерінде қылмыстың өзге құрамыныңболмауы. 

Информация о работе Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау