Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 16:01, дипломная работа
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр.
Кіріспе......................................................................................................................3
1- Тарау Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы
1.1.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның қылмыс құрамында алатын орны.........................................................................................5
1.2. Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау……………..13
2-Тарау Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
2.1. Қылмыстық құрамның субъективтік жағының қосымша белгілері бойынша калификациялау………………………………………………………34
2.2. Қате және оның түрлері бойынша квалификациялау…………………….42
2.3. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті заңи белгілері…………….47
3-Тарау Қылмыстарды субъективтік жағы бойынша саралау
3.1.Атмосфераны ластаудың субъективтік жағының жалпы сипаттамасы….50
3.2.Ұрлықтың субъективтік жағын талдау……………………………………..59
3.3.Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмысының субъективтік жағын талдау………………………………………………….......61
3.4.Адамды кепілге алудың субъектісі және субъективті жағы……………...65
Қортынды………………………………………………………………………...73
Пайдаланған әдебиеттер………………
Қылмыстың мақсатында
В.А. Сергиевский «қылмыстың
Абайсыздықпен сипатталатын қылмыстардың ниеті кінәлінің зардаптың туындауға мүмкін екенін көре білуге міндеттілігі немесе мүмкінділігі бола тұрып, оны көре білмей немесе болдырмаймын деп есеп жасап жеңіл ойлылықпен әрекеттер жасауында енжарлық, жауқаулық, мақтаншақтық тәрізді ниеттер болады. Қылмыстық құқық жауаптылықпен ең қатал түрін қолданумен айналысатындықтан нақты ұғымдарды ғана қолданады, соның бір дәлелі ретінде абайсыздықтағы қылмыстардың ниетін анықтауға және жауаптылық белгілеуде ескеруде тырыспайды.
Қылмыстың ниеті мен мақсатының қылмыстық құқықтық мәселе ретінде қандай маңызы бар дегенде, ең алдымен ниетпен мақсаттың түріне қарай қылмыстың қоғамға қауіптілігі дәрежесін анықтауға болады. Кейбір мақсатпен ниеттер қылмыстың ауырлық санаттарын белгілеуге себепші болады. Мысалы 96 баптың 2 бөліміндегі пайдақорлық, қанды кекті қайтару ниеттерімен жасалған кісі өлтірудің сас ауырлататын құрамға жатқызылу себебі, ол ниетің ауыр түрлерінің кездесуі болып табылады. Сондай-ақ өзге адамның дене мүшесін немесе тілін алу, бұрын жасаған қылмысты жасыру немесе қылмыстың жасалуын жеңілдету мақсаттарында кісі өлтіруде де мақсаттың түрі жауаптылықты ауырлатып белгілеуге себепші болған. Сондықтан кейбір ниетпен мақсаттар қылмыстық заңның баптарында ауырлататын құрамның белгісі ретінде келтірілгенде, осы ниеттің немесе мақсаттың осы қылмыста не үшін жауаптылықты ауырлататынын немесе аса ауырлататынын түсіну керек. Ниеттің түрі кейбір қылмыстарға тән белгі болып танылуына байланысты ауырлатушы белгі болып бағаланбайды. Мысалы, ұрлық қылмысына пайдақорлық, әйел зорлау қылмысына жыныстық құмарлығын қанағаттандыру ниеті тән болып табылады. Бұдан бұрынғы тақырыпта айтқанымыздай, кейбір қылмыстарға тән болып табылатын және жауаптылықты ауырлатуға негіз бермейтін ниет түрі (мысалы ұрлықтағы пайдақорлық ниет), басқа қылмыс түрінде (мысалы кісі өлтіру қылмысындағы пайдақорлық ниет) ауырлатады. Мұндай құрамдарда ниеттің түрі қылмыс объектісінің түрімен, оның құндылығымен, жасалатын әрекеттің сипатымен, бағытымен байланыстырылады. Яғни мұндай қылмыстарда ниеттің түрі қылмыскердің аса қауіптілігін, шектен шыққан дөрекілігін білдіреді.
Қылмыстық ниетпен мақсаттың қылмыстық-құқықтық маңыздылығын, оның қасақана жасалған қылмыстарды тергеу кезінде анықталуы қажет екендігін Жоғарғы Соттың қылмыстық істер туралы қауылдары үнемі көрсетіп келеді. Мысалы, 1960 жылдың 4 маусымындағы «қасақана кісі өлтіру қылмыстары бойынша сот практикасы туралы» КСРО жоғарғы соты Пленумының қаулысында «соттар көпшілің жағдайларда қылмысты квалификациялауға және жазаның мөлшерін белгілеуде маңызы бар жасалған қылмыстың ниетін жеткілікті анықтамайды. Кісі өлтіру кезінде болған ниеттің түрін анықтамағандықтан соттар кінәлінің әркеттерін бұзақылық ниетпен жасалған кісі өлтіру деп жиі квалификация жасайды» дей отырып қылмыс ниетін анықтаудың маңыздылығын дұрыс көрсеткен.
Қ.К. Ерекше бөлімінің
Үшінші жағдайда, заң бабының
жауаптылықты ауырлататын
Факультативті
белгілер, кінә формасының негізгі
белгі сияқты, талданып жатқан қылмыстың
субъективтік жағын толық теориялық
сипаттау үшін үлкен мәні бар. “… Қасақана
жасалған қылмыстың субъектитік
жағын сипаттайтын
Мақсат дегеніміз бұл, адам өзінің іс-әрекетінің нәтижесі туралы субъективтік ойы /20/. Егер ниет, адамның қылмыс жасау барысында немен жетекшілік еткенін анықтаса, онда мақсат – іс-әрекеттің бағытын, адамның ойының ұмтылатын зардаптарды анықтайды.26
Сонымен мақсат, өңдеуге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру құрамының субъективтік жағының белгілерінің бірі ретінде оның шегінен тыс болғанымен оны анықтаудың маңызды мәні бар. Соңғысы жарастырылып жатқан қылмысты жасауға қасақаналықтың дәлелденуін қамтамасыз етсе, ал кейбір жағдайларда мұндай әрекеттерді жиынтық бойынша саралауға негіз болады, оларды ескеру қарастырылып жатқан қылмыстар үшін жазаны жекелендіру барысында қажет. Әрбір нақты жағдайда жасалған қылмыстың мақсатын және сондай-ақ ниетін анықтаудың мәні зор екендігі белгілі /21/. Кезінде В.И.Ленин де қылмыстың ниетін анықтауға ерекше маңызды мән берген. “Әртүрлі ниеттер істелген әрекетті саяси бағалауды өзгертпейді, кінәлінің жауаптылығын жекелендіру үшін үлкен мәні жоқ” деп атап көрсеткен ол /22/. Ең алдымен мұнан шығатыны, ниетті анықтау қылмыстың қоғамдық қауіптілігіне сөзсіз ықпалын тигізеді, яғни “…қылмыстың ниетін ескерусіз жазаны жекелендіру қағидасының талаптарын тиісті орындауға мүмкін емес” /13/. ҚР Жоғарғы Сот Пленумы осы сұраққа үлкен мән қоя отырып 1999 жылғы “Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтау туралы” қаулысында істің басқа да мән-жайларымен қатар, сондай-ақ қылмыстың ниеті мен мақсатын, қылмыстық мақсатқа жету үшін жасалған әрекеттердің мағынасын жан-жақты зерттеу қажет деп көрсетеді /24/.
Келтірілген
жайттар, барлық жағдайда қылмыстың
ниетін анықтау қажеттілігін дәлелдейді.
Қылмыстық ниеті дегеніміз
Қылмыстық құқық теориясы және қылмыстық заң, қылмыс жасаған адамның кінәсі бар болған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылық болуы мүмкін деген қағидаға негізделінеді. Ал, кінә - кез-келген қылмыстың субъективтік жағының негізгі және міндетті белгісі.
ҚР қылмыстық құқығы субъективтік кінәлау позициясында тұр, яғни қасақана немесе абайсызда жасаған қылмыстық іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік тағайындалынады. Ғалымдар, қасақаналық пен абайсыздықтың заңды анықтамалары толық жетілмегендігін талай рет көрсеткендігін атап кеткен жөн. Қасақаналық пен абайсыздықтың заңды анықтамалары қылмыс жасаумен байланысты интеллектуалды-еріктік процестердің барлық мүмкін кінәнің әртүрлі модификациялары арасында анық белгілі шекара өткізуге мүмкіндік бермейді /31/.
Қылмыстық-құқық әдебиетінде кінә мен қылмыстық субъективтік жағының қатынастылығы туралы пікірлердің бірлігі жоқ. Бір авторлар, кінә дегеніміз ол қылмыстың субъективтік жағы деп санайды, яғни кінәнәі мазмұны қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын қамтиды, бұл түсініктер біртұтас /32/. Басқалары, кінә қылмыстың субъективтік жағының маңызды бөлігі бола отырып оның мазмұнын қамти алмайды деп санайды. Субъективтік жақ өзіне басқа белгілерді (ниет, мақсат, эмоция) қосады /33/.
Кінә
- бұл адамның өзі жасаған
Кінә
- кез-келген қылмыстың субъективтік
жағының қажетті белгісі
2.2. Қате және оның
түрлері бойынша квалификациялау
Қылмыскердің саналы түрдегі қоғамға қауіпті ой-ниеті қылмыстық құрамның объективтік белгілерімен ұштастырса іске асырылады, бірақ барлық жағдайларда субъективтік белгілермен объективтік белгілер бір-біріне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Яғни кінәлінің қасақана ойында болған қылмыстың объектісіне, затына, құралына, орнына, уақытына қатысты шешімдері іс жүргізгенде өзі ойлағандай бола бермеуі мүмкін. Мұндай жағдайды қылмыстық құқықта «қате» деп атайды және қате ретінде адамның өз іс-әрекетінің құқықтық мағынасын немесе нақты жағдайын дұрыс түсінбеуі алынады. Соған орай адамның жасайтын қателері екі түрге бөлінеді: заң тұрғысынан және нақты жағдайлардан қателесу. Заң тұрғысынан қателесу-адамның қолданыстағы заңды дұрыс түсінбеу немесе білмеу салдарынан жасалған іс-әрекеттерін қате бағалауы боып табылады. Адамның заң тұрғысынан өзге әрекетін қате бағалауының себептері, заңды дұрыс түсінбеуі немесе заңнан сауатсыз болуына байланысты болуы мүмкін. Заң тұрғысынан қателесу бірнеше түрде кездесе алады. Біріншісінде, адам өзі жасаған іс-әрекетін қылмысты деп бағалайды, ал заң жүзінде бұл іс-әрекет қылмыс ретінде қарастырылмайды. Мұндай жағдайлардағы іс-әрекеттер қылмыс болып саналмайды, өйткені адам өзі жасаған іс-әрекетін қылмысты деп санағанымен, жауаптылықтың болуы немесе болмауы заң бойынша шешіледі. Яғни қылмыстық заңда ол адамның әрекетін қылмыс ретінде қарастыратын норма жоқ. Мысалы адам кінәсіз зардап келтіре отырып, қылмыстық құқық ережелерінен хабарсыз болуына байланысты қылмыс жасадым есептеуі мүмкін. Сондай-ақ қылмыскерді ұстау, қажетті қолдану кездерінде қорқу, шошу, сасқалақтау нәтижесінде абайсыздықпен әрекеттер жасап өзге адамның өміріне, денсаулығына немесе меншігіне зардаптар келтіруі мүмкін. Заң тұрғысынан қателесудің бұл түрі көбінесе бөтен адамның өміріне, денсаулығына, меншігіне зардаптар келтіру жағдайларында болады. Мұндай жағдайларда адамның жасаған іс-әрекеті қылмысты емес екендігін анықтау үшін, қылмыстық заңда осындай іс-әрекетті немесе зардапты білдіретін баптың бар-жоқтығын анықтау қажет емес, ең алдымен өзін қылмыс жасадым деген адамның іс-әрекеттерінде кінә бар жоқтығын анықтау керек.
Заң тұрғысынан қателесуінің
екінші түрі бойынша адам
Адамның заңды білмеуі
Информация о работе Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау