Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 16:01, дипломная работа
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр.
Кіріспе......................................................................................................................3
1- Тарау Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы
1.1.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның қылмыс құрамында алатын орны.........................................................................................5
1.2. Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау……………..13
2-Тарау Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
2.1. Қылмыстық құрамның субъективтік жағының қосымша белгілері бойынша калификациялау………………………………………………………34
2.2. Қате және оның түрлері бойынша квалификациялау…………………….42
2.3. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті заңи белгілері…………….47
3-Тарау Қылмыстарды субъективтік жағы бойынша саралау
3.1.Атмосфераны ластаудың субъективтік жағының жалпы сипаттамасы….50
3.2.Ұрлықтың субъективтік жағын талдау……………………………………..59
3.3.Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмысының субъективтік жағын талдау………………………………………………….......61
3.4.Адамды кепілге алудың субъектісі және субъективті жағы……………...65
Қортынды………………………………………………………………………...73
Пайдаланған әдебиеттер………………
Қасақаналықты мұндай пайда болу уақытына және анықталуына қарай келтіру қылмыстық құқықта заңды негізде қолданылмайды. Оның себебі мұндай түрлердегі қасақаналықтардың кінәлінің іс- әрекетке және оның зардабына деген психикалық әр түрлі қатынастарын, сондай- ақ интеллектуальдық және еріктілік моменттерін қамти алмауына байланысты болып табылады. Мұндай қасақаналық түрлерінің қылмыстық құқықта өмір сүруінің себебі қарапайым, яғни қасақаналықтың пайда болу кезеңіне және нақты анықталу дәрежесіне қаай осындай түрлерге бөлуге де болады. Шындап келгенде бұл қасақаналықтар тікелей және жанама түрдегі қасақаналықтардың бсқа қырынан қарағандағы түрлері деп түсіну керек. Мысалы алдын- ала пайда болған қасақаналық барлық жағдайда тікелей қасақаналықты білдіреді. Қылмыс жасау туралы ниет алдын- ала пайда болғаннан немесе күні бұрын жоспарланғаннан кейін, қылмыскердің қандай әрекетті қалай жасайтындығы, не үшін осы қылмысты істейтіндігі қандай зардапты келтіретіні белгілі болады. Бұл тікелей қасақаналық. Алдын-ала пайда болған қасақаналық қылмысқа даярлау болғанда немесе топ адамдар түрінде, ұйымдасқан топ немесе қауымдастық нысандарында қылмыс жасағанда міндетті түрде болады. Сондықтан тікелей қасақаналық түрінде бағаланатын алдын- ала қасақаналықпен қылмыс жасалғанда, ол қылмыстық құқықта тікелей қасақаналықпен жасалады деп танылатын қылмыстарды квалификациялауда ескеріледі.
Кенеттен немесе аяқ астынан пайда болған қасақаналық тікелей және жанама қасақаналық түрінде кездесе алады. Мұндай қасақаналықта кінәліде тек қылмыс жасау туралы ой алдын- ала пайда болмайды, онда қылмыс жасау туралы шешім аяқ астынан пайда болады. Мысалы ұрлық жасау туралы ой ұрыда ыңғайлы сәтті көруге байланысты кенеттен пайда болуы мүмкін. Бұл тікелей қасақаналық. Ал жанама қасақаналықта кінәлінің зардапқа деген психикалық қатынасы саналы түрде жол беру немесе зардаптың болуына көз қарасы бәрібір деген сияқты сипатта болады, бұл көпшілік жағдайда аяқ астынан пайда болған қасақаналықта болады.
Анықталған қасақаналықта
Анықталмаған қасақаналықта
Анықталмаған қасақаналықта кінәлінің іс-әрекеті нақты туындаған зардап түрін қарастыратын қылмыс түрімен квалификацияланады. Кінәлінің қасақаналығының түрі негізінен зардапқа деген қатынасымен анықталады, себебі қасақаналықтың түрлерінің және қылмысты менмендіктің де интелектуалдық белгілері бірдей деуге болады. Сондықтан зардаптың болуын немесе болмауын кінәлі өз ойында нақтыламағанда немесе кем дегенде екі зардаптың бірінің болуын тілемегенде, яғни қасақаналығының бағыты белгісіз болғанда туындаған зардап түрін қарастыратынын қылмыс түрі бойынша квалификациялау керек.
Нақты қылмыс құрамдарындағы
кіәнің нысанын қалай
-Бабтың атауында немесе
-Қолданылып отырған терминен шығады. Мысалы диспозицияларда үнемі, өз бетінше, көрінеу, кәнігі түрде деген ұғымдар қолданылады.
-Қылмыстың мақсатымен
- Объективтік жаққа қатысты белгілерді талқылау арқылы анықталады.
Қылмысты субъективтік жағы
Заңдағы қылмыс түрлерінің тек қасақаналықпен, ал кейбір қылмыстардың қасақаналықпен де, байсыздықпен де жасалатындығын білу қылмыс құрамының бар жақтағын анықтауда және квалификация жүргізу кезінде маңызды болып табылады. Себебі қылмыстық құқықтық ереже бойынша тек қасақаналықпен жасалатын әрекет абайсыздықта жасалса онда, мұндай әрекеттің абайсыздықтағы қылмыс ретінде қарастырылмауына байланысты қылмыс құрамы жоқ болып табылады. Мысалы баланы ауыстыру қылмысты субъективтік жағынан қасақаналықпен сипатталады, ал егер баланы абайсызда ауыстырып алса, онда қылмыс ретінде бағаланбайды. Өйткені заңда қылмыс жоқ.
Кейбір қылмыстардың қасақаналықпен
де, абайсыздықпен де
Кейбір қылмыс түрлері бойынша тек қасақаналықтың белгіленуі, ол абайсыздықта мұндай әрекеттер жасалғанда заңмен қорғалатын қатынастар бұзылғанмен, іс-әрекет қоғамға қауіпті болып саналғанмен бірдей жауаптылықты белгілеудің субъективтік негіздерінің төмен болуына яғни абайсызда жасаған мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту тым қаталдықты білдіреді деген пайымдау, бағалау болуына байланысты. Мұның дәлелі ретінде қылмыстық заңда материалдық зардаптар келтірілген абайсыздықтағы әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық көрсетілуін келтіруге болады. Яғни кінәнің абайсыздық нысанымен сипатталатын формальдық құрамдар қылмыстық құқықта кемде-кем. Мұндай абайсыздықпен жасалатын формальдық құрамдарды тек қоғам қауіпсіздігіне қарсы сипатталатын қылмыстардың ішінен тек 244 баптың 1 бөліміндегі атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, 247 баптың 1 бөліміндегі жарлық қауіпі бор объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу қылмыстарынан ғана кездестіруге болады. Бұл қылмыс түрлеріне абайсыздықтың қылмысты менмендік түрі болып табылады, себебі мұндай қауіпті мекемелерде жұмыс істейтін адамдар мамандығына байланысты өз қызметінің тәртібін, қауіптілік ережелерін жақсы біледі бірақ өзге нәтижелерге, жетістіктерге жету мақсатында жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелерін бұзуы әбден ықтимал. Бұл қылмыстарда кінәлінің іс-әрекетке деген психикалық қатынасы қасақаналықпен анықталады. Зардапқа соқтырмаған, бірақ ауыр заптарға соқтыруы мүмкін қасақана әрекеттердің абайсыздықпен сипатталатын формальдық құрамға жатқызылу себебі, ол бұл құрамдардағы қасақана әрекетке деген психикалық қатынастың зардаптың болуын тілемеуінде немесе саналы түрде жол беру, мән-мағынасыз қараудың болмауында деп түсіну керек. Яғни мұндай мекемедегі адамдар қасақана қауіпсіздік ережелерін бұзу әрекетін жасағанмен, зардаптың болуын тілемейді немесе немқұрайлы қарамайды. Бұл менмендікті білдіреді.
Абайсыздықпен жасалған
Сондықтан ҚК 10 бабында келтірілгендей, абайсыздықтағы қылмыстар ауыр немесе аса ауыр санаттарға жатқызылмайды. Абайсыздықтағы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі негізінен материальдық зардаптардың туындауымен айқындалады. Әдетте зардаптарға соқтырмаған абайсыздықтағы әрекеттер жауаптылықтың объективтік негіздерінің жеткілікті болуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық ретінде бағаланады.
Абайсыздықтағы кінәнің
Қылмысты менмендікпен жанама қасақаналық бір-бірімен ұқсас, олардың айырмашылығы ерітілік моментін сипаттайтын белгілерінде болып табылады. Бұл кінә түрлерінің интеллектуалбдық белгілері тек атауына қарай ұқсасдеуге болады, ал терңірек қарағанда онда жанама қасақаналықтағы интеллектуальдық белгі болып табылатын «адамның өз әрекетінің қауіптілігін сезінуі, одан белгілі бір зардаптар туындауы мүмкін екенін көребілуі» қылмыс жасауға тікелей бағытталмаған әрекеттер болып көрінеді.
Қылмыстық менмендікте интеллектуальдық және еріктілік белгілері бірін-бір толықтырушы белгілер болып саналады. Өйткені адамда жеткілікті негіздердің болуы немесе жеңіл ойлылықтың болмауы, ол адамның жасаған әрекетінің қауіпті екендігін, зардап келтіру мүмкіндігін көре білу деген белгілерді жояды. Яғни адам зардап туындағынмен жеткілікті негіздермен, жеңіл ойлылықсыз әрекет жасаса, онда әрекеттің қауіптілігін, зардаптың туындау мүмкіндігін көре білу деген интеллектуальдық моменттің белгілеріде болмайды.
Абайсыздықпен қылмыс жасаудың келесі түрі немқұрайлылықты қылмыстық заңның 21 бабының 6 бөлімі «Егер адам қажетті ұқыптылықпен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптардың болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайлылықпен жасалған деп танылады», - деп анықтайды. Абайсыздықтың бұл түріндегі кінәлінің өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін және зардапқа соқтыру мүмкіндігін көре білмеуінің интеллектуальдық белгі ретінде бағалауға болады. Ал қажетті ұқыптылықпен сақтық болғанда зардаптың туындау мүмкіндігін болжауға тиісті және болжауға мүмкіндігі болуы еріктілік моментін білдіреді. Немқұрайлықтағы интеллектуальдық және еріктілік моменттері, қасақаналық түрлерінің және менмендіктің осындай моменттеріне ұқсамайды. Немқұрайлылықта еріктілік моменті ретінде кінәлінің міндеттілігі немесе мүмкіншілігі бола отырып зардаптың алдын алуға тиіс әрекеттерді орындамауы, ал зардаптың болуы мүмкін жағдайда әрекет жасауға міндетілігін және мүмкіншілігін орындамауы танылады. Немқұрайлылықтың еріктілік моменті кінәлінің зардапқа қатысты абайсыздықтағы шешімін немесе іс- әрекеттің заңға қайшы түрде болуымен анықталады деп түсіну керек.
Абайсыздықтың бұл түрінің
Абайсыздықтағы кінә түрлерінің қылмыстық заңда өмір сүру себебі ол адамның өзгелермен бірге өмір сүруіне, сондай- ақ қоғамдық құндылықтар бар жерге тіршілік етуіне байланысты мұқияттылықты талап ету болып табылады.
Мұндай мұқияттылықты сақтамай,
қоғам мен адамзаттың
Қылмыстық заңның 19 бабының 4 бөліміне сәйкес, «абайсызда жасаған әрекет осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады». Жоғарыда келірілген 244, 245, 246, 249 баптардың 1 бөлімінің диспозицияларында абайсыздық белгісі келтірілмеген. Демек 19 баптың ережесіне сүйенсек, онда бұл қылмыстардың 1 бөлімде қарастырылған құрамдары қасақаналықпен жасалған қылмыстар ретінде танылуы керек. Ал бұл баптардың екінші бөлімдерінде абайсыздықта ауыр зардаптарға немесе кісі өліміне соқтырған әрекеттер үшін жауаптылық қарастырылған. Мұндай жағдайда екінші бөлім бойынша қарастырылатын құрамдар кінәнің аралас нысанымен жасалған қылмыстар болып шығады. Яғни 1 бөлімде қасақана кінә нысаны болса, екінші бөлімдегі абайсызда ауыр зардаптарға соқтырған қасақана түрде жасалған әрекеттер кінәнің аралас нысанын білдіреді және қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, әйел зорлау, нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, қарақшылық, кепілге алу, адамды ұрлау сияқты қасақана жасалатын қылмыстардың абайсыздықта адам өліміне соқтыруынан ешқандай айырмашылығы болмай шығады.18
Мұндай пайымдаумен бұл
Информация о работе Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау