Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 16:01, дипломная работа

Описание работы

Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1- Тарау Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы
1.1.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның қылмыс құрамында алатын орны.........................................................................................5
1.2. Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау……………..13
2-Тарау Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
2.1. Қылмыстық құрамның субъективтік жағының қосымша белгілері бойынша калификациялау………………………………………………………34
2.2. Қате және оның түрлері бойынша квалификациялау…………………….42
2.3. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті заңи белгілері…………….47
3-Тарау Қылмыстарды субъективтік жағы бойынша саралау
3.1.Атмосфераны ластаудың субъективтік жағының жалпы сипаттамасы….50
3.2.Ұрлықтың субъективтік жағын талдау……………………………………..59
3.3.Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмысының субъективтік жағын талдау………………………………………………….......61
3.4.Адамды кепілге алудың субъектісі және субъективті жағы……………...65
Қортынды………………………………………………………………………...73
Пайдаланған әдебиеттер………………

Работа содержит 1 файл

9 суб стор Жолдасбек.doc

— 520.00 Кб (Скачать)

       Мысалы, соттардың мынадай квалификациясымен  келісу қиын. 1988 жылы 17 желтоқсанда  Б. өзара ұрыс-керіс жағдайында  А-ның төсіне пышақ ұрып, оның денсаулығына ауыр зардап келтіргені үшін ҚР. ҚК 103 бабының 1 бөлімімен айыпталады. Адамның өмірі үшін маңызды органдар днп танылатын іш-құрылысқа немесе төсіне қылмыскер пышақ жұмсағанда денсаулыққа зардап келтіру үшін емес, адамның өміріне қарсы әрекет жасайды. Ал кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен жәбірленуші қайтыс болмай, тек денсаулығына зардап келгені үшін 103 баппен бағалау – іс-әрекеттің түрі реттінде көрініс табатын кінәлінің ойына, мақсатына және қасақаналығының бағытына сәйкес келмейді.

       Қылмыстың жасалуында субъективтік  жақтың белгілері мен объективтік жақ белгілерінің арасындағы ауытқулар екі түрлі жағдайда кездеседі. Бңрақ нақты қылмыстың обективтік белгілері, мысалы зардаптің түрі кінәлінің қасақаналығына, әрекеттің мақсатына сай келсін немесе сай келмесін, бірақ қылмысты квалификациялау қасақаналықтың, мақсаттың түріне қарай жүргізіледі. Объективтік және субъективтік жақ белгілерінің бір-біріне сәйкес келмеуі, бірінші жағдайда кінәлінің алдына қойған мақсаттарына еркіне тәуелсіз себептерге байланысты жете алмауы түрінде көрінеді. Мұндай жағдайда іс-әрекет қылмысқа оқталу және даярлану деп бағаланады. Формальдық құрамдарда осы тәріздес аяқталмаған қылмыстарды квалификациялауда аса қиындық тудырмайды. Ал материалдық құрамдарда, яғни кінәлінің қасақаналығы, мақсаты ауыр зардаптар келтіруге бағытталып, біақ оның еркіне тәуелсіз себептермен жеңілірек зардап келтірумен аяқталғанда квалификация жүргізу қиындайды. Мысалы, қылмыскердің мақсаты адам өліруге бағытталып, біақ нәтижесінде денсаулыққа ауыр немесе орта дәрежелі зардаптар келтірумен аяқталса, мұндай ірекеттірді квалификациялауда практикада әртүрлі нұсқаулар кездесуі мүмкін. Мысалы:

  1. Кісі өлтіруге оқталу және денмаулыққа зардап келтіру қылмыстарының жиынтығы.
  2. 103 немесе 104 баппен денсаулыққа зардап келтіру.
  3. Кісі өлтіру қылмысына оқталу.

       Бұл нұсқаулардың ішінен бірінші келтіріп отырған кісі өлтіруге оқталу және денсаулыққа зардап келтіру түүрінде квалификация жасау дұрыс емес болып табылады, себебі кінәлінің қасақаналығында бір қылмыс жасау, яғни кісі өлтіру мақсаты болды. Ол қауыпті әрекеттерін екі қылмыс жасауға бағыттаған жоқ. Оның еркінен тыс жағдайға байланысты басқа қылмыс түрінде қарастырылатын зардап туындады. Демек денсаулыққа қарсы әрекеттер жасау кінәлінің қасақаналығында болған жоқ, сондықтан 103 немесе 104 баптарды қолдану дұрыс емес. Екінші нұсқа түрінде, яғни нақты келтірген зардап бойынша квалификация жасауда қате болып табылады, себебі іс-әрекетке мұндай баға беруде кінәлінің қоғамға қауіптілігінің жоғарғы дәрежесі мүлдем көрінбей қалады, соған сәйкес денсаулыққа зардап келтіру үшін белгілеген жауаптылықты ғана қолданумен шектелуге тура келеді. Бұл нұсқаулардың ішінен тек үшіншісін, яғни кісі өлтіруге оқталу деп бағалау дұрыс деп танылады. Себебі, біріншіден мұндай квалификация жүргізуде кінәлінің қасақаналығы, оның қандай қылмыс жасағысы келгендігі, соған сәйкес адамның қоғамға қауіпті ойының жоғарғы мөлшері заң жүзінде көрініс табады. Екіншіден, қылмыскердің еркінен тыс туындаған жеңілірек зардабы оның мақсатына, қасақаналығына кірген ауырырақ қылмыстың жауаптылығына сияды және ауыр қылмыс түрімен квалификацияланғанда жасалған қоғамға қауіпті әрекет және туындаған зардап кісі өлтіру сиаөты ауыр қылмыстың белгілерінен асып, ауыр болып көріне алмайды.

       Іс-әрекеттің түрінің, келтірген  зардабының қылмыскердің қасақаналығының  бағытына, мақсатының түріне сәйкес келмейтін жағдайлардың бірі, ол келген зардаптың кінәлі тілеген зардаптан абайсыздыққа асып кетуі болып табылады. Мысалы, жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зардап келтіру әрекеттері абайсызқта өліміне соқтыруы мүмкін. Өйткені денсаулыққа ауыр зардап келтіру қылмысының басты белгісі, адамның өліміне қауіпті жарақаттар келтіру болып табылады. Мұндай кездерде де практикада бірнеше квалификация түрлері кездесуі мүмкін. Мысалы:

  1. Абайсыздықта қаза келтіру;
  2. Абайсыздықта қаза келтіру және денсаулыққа ауыр зардап келтіруге оқталу;
  3. Абайсызда жәбірленушінің өліміне соқтырған қасақана денсаулыққа ауыр зардап келтіру.

       Бұлардың ішінен бірінші нұсқаны қате деп бағалауға болады, өйткені тек абайсыздықта қаза келтізу деп квалификациялағанда, біріншіден қылмыс жасау туралы қасақана кінә нысаны көрінбей қалады, екіншіден қасақаналықтың бағыты бойынша іс-әрекетке құқықтық баға берілмейді, үшіншіден мұндай жағдайларда кінәліні өз қауіптілік деңгейінен жеңіл жазалауға тура келеді. Себебі абайсыздықта қаза келтіруді қарастыратын 101 баптың 1 бөлімі бойынша ұш жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеу немесе бас ботандығынан айыру келтірілген. Демек кінәліні өз деңгейінен жеңілрек жазалауға тура келер еді.

       Екінші нұсқадағы абайсыздықта қаза келтіру денсаулыққа ауыр зардап келтіруге оқталу деп бағалауда дұрыс емес, себебі мұндай квалификацияда біріншіден бір қылмыстың ой немесе мақсат екі қылмыс деп бағаналар еді. Екіншіден, мұндай жағдайда жасалған қылмыс уақиғасының объективтік жақ белгісі бойынша бір қылмыс, яғни абайсыздықта қаза келтіру деп, ал субъективтік жағы бойынша екінші қылмысты, яғни денсаулыққа зардап келтіруге оқталу деп бағалар едік. Үшіншіден, бір әрекеттегі абайсыздықта қаза келтіру және денсаулыққа зардап келтіруге оқталу сиыспайтын жағдайды, мағынасы бойынша бір*біріне қарама-қайшы квалификацияны білдіреді.

       Бұл мысалда үшінші нұсқаны  дұрыс деп бағалау керек, өйткені  қылмыстық заңның бабы немесе  оның бөлімі жасалған қылмыстың  белгілерін толық қамтып тұрса,  онда басқа баптарды қолдану артық, әрі қате квалификацианы білдіреді. Қылмыстық заңда әдетте баптың бірінші бөлімінде келтірілген қылмысты іс-әрекеттің абайсыздықта одан да ауыр зардаптар келтіруге ықтималдығы бар деп танылса, онда кінәнің аралас нысаны түрінде сипатталатын ауыр зардаптардың туындағанына жеке квалификация тәртібін, жеке жауаптылық түрін белгілейді. 1998 жылға дейін қолданылған қылмыстық заңнан қазіргі қылмыстық заңның сапалығы және заңды қолдану жұмысындағы икемділігі, ол ауырлататын құрам ретінде кінәнің аралас нысанымен жасалатын құрамдарды қажетті баптарда көрсету болып табылады. Қасақана қылмысты әрекеттердің абайсыздықта ауыр зардапиарға соқтыруын қарастыратын құрамдар, әйел зорлау, нәспі құмарлық сипаттағы күш қолдану, адамды ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру, психатриялық стационарға заңсыз орналастыру, кепілге алу, терроризм тәрізді баптарда келтірілген.

       Қылмыстың субъективтік жағының  белгілері қылмыстық заңның баптарында  барлық кездерде анық көрсетіле  бермейді. Көпшілік жағдайда, ол қылмыстың объективтік жағын бейнелейтін іс-әрекет түріне, сипатына байланысты талдау кезінде ашылады. Іс-әрекеттің сипатын, түрін немесе мағынасын ескере отырып, кейбір қауіпті әрекеттер тек қасақаналықпен жасалады деп бағалауға болады. Мысалы, парақорлықпен, бұзақылықпен, кәмілетке толмағандарды қлмысқа, қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тарту сиақты т.б. әрекеттер мағынасы бойынша тек қасақаналықпен жасалатындағы белгілі. Сондықтан мұндай қылмыс түрлеріне келгенде баптардың диспозицияларында кінә нысаны туралы артық міліметтер келтірілмейді. Кінәнің нысанын заңды тікелей көрсету, яғни тек қасақана түрде жасалатындығын көрсету, бұл әрекеттің абайсыздықпен және қасақаналықпен жасалуының арасында елеулі айырмашылықтың бар екендігін білдіреді. Мұндай жағдайдағы бірінші айырмашылық, іс-әрекет абайсыздықта жасалғанда, оның қасақана жасалуымен салыстырғанда қоғамға қауіптілік дәрежесі бойынша елеулі айырмашылықтың болуы болып табылады. Мысалы 96 баппен тек қасақана кісі өлтіру квалификацияланады. Қсақана кісі өлтірумен абайсыздықта қаза келтірудің арасында қылмыскердің белсенділігі немесе оның қоғамға қауіпті пиғылының арасында елеулі айырмашылық жатыр. Демек, бұл 96 баптың көлемінде абайсыздықпен қаза келтіруді де қарастыру, абайсыздағы өзге адамның өміріне зардап әкелетін әрекеттерді қасақана кісі өлтіруге жақындастыру болар еді. Қазіргі заң бойынша бұл қылмыстырдың кінә нысаны ғана емес ұғымы да, қауіптілік дәрежесі де бір-біріне бөлек жатыр. Субъективтік жақтың белгілерін Ерекше бөлім баптырында тікелей көрсетудің келесі себебі, ол белгілі бір әрекет түрінің қасақана және абайсыздықта жасалуының арасында іс-әрекеттің қылмысты болуы немесе болмауы мәселесінің жатқандығы болып табылады. Мысалы 134 баптағы баланы ауыстыру қылмысында қасақаналықтың тікелей диспозицияда көрсетілуінде, абайсыздықпен баланы ауыстырған адамның қауіптік дәрежесі тым төмен деген мағына жатыр. Яғни абайсызда баланы ауыстырып жіберген адамның іс-әрекеті қылмысты деп бағаланбайды. Ол үшін әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылықтар туындайды. Демек, баптың атауында диспозициясында кінә нысанының тікелей көрсетілуінде бұл әрекеттің осы кінә нысанына қарай қылмыстылығын көрсету мағынасы да жатады.

       Ерекше бөлім баптарының көпшілігінде  субъективтік жаққа қатысты белгілер  келтірілмеген. Мұндай қылмыстарды талдау кезінде объективтік жақ белгілеріне, оның ішінде іс-әрекеттердің әр-түрлі көріністеріне, мағынасына терең үңілу арқылы бұл қылмыстың қасақаналықпен де абайсыздықпен де жасалу мүмкіндігі ашылады. Мұндай қылмыстарда заң шығарушы субъективтік жақ белгілерін анықтауды қылмыстық-құқықтық талдаудың еншісіне қалдырады. Мысалы, 172 баптың 2 бөлімімен бағаланатын мемлекеттік құпия мәліметтерді жариялау. Бұл қылмыс қасақаналықпен де, абайсыздықпен де жасалуы мүмкін. Бірақ бапта қылмыстың кінә нысандарына қатысты диспозицияда ештеңе атпайды.

       Қылмыстың субъективтік жағының  қосымша белгілері болып табылатын  ниет пен мақсатта осы тәріздес  мағыналарда заң мазмұнында кездеседі.  Ниет пен мақсат бір жағдайларда  қылмысты әрекеттің қылмыстылығын көрсетіп, бұл әрекеттің қылмыс ретінде заңда өмір сүру мүмкіндігін білдіріп тұрса (мысалы 206 баптағы жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе өткізу қылмысы үшін осы баптың диспозициясында «өткізу мақсатын» арнайы көрсетеді. Егер адам жалған бағалы қағаз немесе ақша жасағанмен, бірақ өткізу мақсатында жасамаса, онда қылмыс деп танылмайды), келесі бір жағдайларда мақсатпен ниеттің баптың диспозициясында көрсетіліуінде кінәні немесе жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде тану мағынасы жатады.

       Мақсатпен ниет субъективтік жақтың қосымша белгілері ретінде бағаланатындықтан, көпшілік баптарда бұл белгілер туралы айтылмайды. Мұндай қылмыстарда мақсат көбінесе іс-әрекеттің түпкі бағытын білдіретіндіктен квалификацияға әсер етпейді, сондай-ақ қылмыстық ниеттерде іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесін ауырлату немесе жеңілдету негіздеріне әсер ете алмайды 7.

       Қылмыстың субъективтік жағының  белгілерін құрайтын кінә, ниет  және мақсат нақты өмір сүріп  отырған құбылыстың объективтік  шындығын, өмір сүру негіздерін білдіреді. Олардың мағынасын, мазмұнын жасалған қылмыстардың объективтік белгілеріне талдау, бағалау жасай отырып анықтауға болады, сонымен қатар бұл белгілер бойынша ұқсас қылмыстарды ажыратып квалификация жүргізуге де болады.8

        1.2.Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау

      

       Кінә-қылмыстың субъективтік жағының  міндетті белгісі болып табылады, себебі қылмыстың құрамының өзге  элементтері жасалған қылмыс  уақиғасында болғанмен қасақаналық  немесе абайсыздық түрінде бейнеленетін кінә болмаса, онда қылмыстың субъективтік жағыда жоқ деп танылады.

       Қылмыстың заң – қылмыс құрамдарын  анықтаудың заңды моделі ретінде  қолданылатындықтан, осы заңда қарастырылған  барлық қылмыстардың құрам белгілерін  анықтауға негіз береді. Соның бірі кінә мәселесіне тек қылмыстық – құқықтық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік саяси жағынан да мағына беріліп адамды жауапкершілікке тартуда кінәліліктің сақталуын талап етеді. Кінәліліктің құқықтық мәселе ретінде әлеуметтік-саяси ролін, оның конституцияда тікелей көрсетілуі мен түсінуге болады.

       Қазақстан Республикасының Конституциясында  кінәлілігі дәлелденбей ешкімнің  де жаза тартылмауы тиіс екендігі  және айыпты деп тану тек  соттардың құзіретіне жататындығы  көрсетілген.9

       Кінә - жауапкершілік мәселесін қарастыратын қылмыстық құқық тәрізді құқықтардың әділдік және заңдылық қағидаларын сақтауының бір кепілі түрінде бағаланады. Өйткені адамның кінәсі анықталған жағдайда ғана жауапқа тарту – құқықтық мәжбүрлеудің кез-келген жағдайда емес, белгілі бір заңды негіз, яғни кінәлі болу нәтижесінде тартылуы, ол әлеуметтік құқықтық тұрғыдан қарағанда дұрыс, әділ жұмыс істеуді білдіреді.

       Кінәлілік қағидасымен заңдылық  қағидасының байланысын, қоғамға  қауіпті іс-әрекет жасаған адамның заңның бүкіл мазмұны бойынша емес оның тек белгілі бір баптары бойынша ғана кінәлі немесе жауапты деп танылуымен анықтауға болады. Әрине заңдылық қағидасы нақты мағынада алғанда заңның дұрыс, толық қолданылуымен және құқық бұзушылықтардың түрлері заңда көрсетілуімен анықалады.

       Қылмыстық құқық қоғамға қарсы  әрекеттердің ең қауіптілерін  қамтитындықтан және өзге құқық  салаларымен салыстырғанда да  жауаптылықтың ауыр түрлерін, көлемін  қолданатындықтан кінәлілікте құқықтық  қағидаларының бірі ретінде келтіреді. Бұл қағида қылмыстық құқықта «кінәлі жауаптылық» деп аталады. Немесе мағынасы қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді кінәлі түрде жасаған және кінәсі анықталған адамдарға қылмыстық жауаптылық қолданылатын білдіреді. Сондықтан кінәсі дәлелденбеген адамдарға қатысты қозғалған қылмыстық істер уақытша тоқтатылады немесе кінәлі деп жауаптылыққа тартылған адамдар кінәсіз екендігі дәеледенгенде жауаптылықтан немесе жазадан босатылады және ол адамдармен мемлекет атынан кешірім сұралады10.

       Кінәлілік қағидасын екінші мағынада «жеке кінәлі жауаптылық» деп түсінуге болады. Себебі, 1960 және 1998 жылдардан бастп қолднылған қылмыстық заңдар бойынша қылмыс жасаған адамның өзі ғана жауаптылыққа тартылуға жатады. Қылмыс жасаған адамның жақын адамдары, туыстары қудалауға, құқықтық шектеулерге алынбауы тиіс. Қылмыскер деп танылған адамдардың отбасы мүшелерін, яғни жұбайы немесе зайыбын, баласын, өзге туыстарын қосып қудалау (мысалы, жұмыстан шығару, жұмысқа алмау, сенім көрсетпеу, арнай лагенге қамау т.б.) ел тарихында кеңес өкіметі өмір сүрген ХХ ғасырдың 20-50 жылдарында болған. Бұл кезең тарихта сталин репрессия деп татлады. Қылмысты деп танылған аданың отбасында қосып қудалау «жеке кінәлі жауаптылық» деген қағиданың мемлекеттік – құқықтық тұрғыда мойындалмаған кезеңде өмір сүрді. 

Информация о работе Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау