Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 16:01, дипломная работа

Описание работы

Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1- Тарау Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы
1.1.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның қылмыс құрамында алатын орны.........................................................................................5
1.2. Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау……………..13
2-Тарау Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
2.1. Қылмыстық құрамның субъективтік жағының қосымша белгілері бойынша калификациялау………………………………………………………34
2.2. Қате және оның түрлері бойынша квалификациялау…………………….42
2.3. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті заңи белгілері…………….47
3-Тарау Қылмыстарды субъективтік жағы бойынша саралау
3.1.Атмосфераны ластаудың субъективтік жағының жалпы сипаттамасы….50
3.2.Ұрлықтың субъективтік жағын талдау……………………………………..59
3.3.Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмысының субъективтік жағын талдау………………………………………………….......61
3.4.Адамды кепілге алудың субъектісі және субъективті жағы……………...65
Қортынды………………………………………………………………………...73
Пайдаланған әдебиеттер………………

Работа содержит 1 файл

9 суб стор Жолдасбек.doc

— 520.00 Кб (Скачать)

Кіріспе......................................................................................................................3 

1- Тарау  Қылмыстық  субъективтік жағының  түсінігі және  қылмыстық     құқықтағы маңызы 

1.1.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның қылмыс құрамында алатын орны.........................................................................................5

1.2. Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау……………..13  

2-Тарау Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау 

2.1. Қылмыстық құрамның субъективтік жағының қосымша   белгілері бойынша калификациялау………………………………………………………34

2.2. Қате және оның түрлері бойынша квалификациялау…………………….42

2.3. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті заңи белгілері…………….47 

3-Тарау Қылмыстарды субъективтік жағы бойынша саралау 

3.1.Атмосфераны ластаудың субъективтік жағының жалпы сипаттамасы….50

3.2.Ұрлықтың субъективтік жағын талдау……………………………………..59

3.3.Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмысының субъективтік жағын талдау………………………………………………….......61

3.4.Адамды кепілге алудың субъектісі және субъективті жағы……………...65 

Қортынды………………………………………………………………………...73

Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………………...75 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

        Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдык катынастардың реггеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.

    Заң талаптарын, құқық нормаларын құрметтеу  және оны бұлжытпай жүзеге асыру  әрбір азаматтың қасиетті борышы.

    Құқықтық  мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр.

        Қазақстан  Республикасы Конституциясында сәйкес біздің  мемлекетіміз  демократиялық  құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет  болып  табылады.  Еліміздің  өркендеуіне,  мемлекетіміздің  нығаюна құқық саласы, құқық қорғау органдарының маңызы ерекше.

    Құқықтық  мемлекетті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі  жетілдіруде  құқық  ғылымы  салаларының  атқаратын  міндеті зор.

    Қылмыстылықпен  күрес, қылмыскердің  тұлғасына  ғылыми негізде зерттеу, орын  алған қылмысты құбылыстардың  себептері мен оған  мүмкіндік  жасайтын мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің  бір болып  саналады.

    Қылмыстық  құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің  бірі  ретінде қылмыстың  түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін  қылмыстың жауаптылықтың негізгі мен шектерін сондай – ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын анықтайтын  құқықтық  нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық басқа да  құқық салалары  сияқты белгілі  бір қоғамдық қатынастарды реттейді.

    Қылмыстық  құқықтың  бірден – бір  жалғыз формальды қайнар көзі – Қылмыстық  Кодекс болып табылады.

    Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 11 - бабын  алатын  болсақ, онда «Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы» деп  аталады. Қазақстан Кодексінің 11 -  бабының  бірінші  бөлігіне  сәйкес – жалғаспалы қылмыс ортақ  ниетпен және мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда, бірдей қылмыстық әрекеттер қатарынан тұрады

    Егер  адам бұрын жасаған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса не адамның бұрын жасаған қылмысы үшін соттылығы жойылған немесе онысы алынған болса немесе мұндай қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылу мерзімі өтіп кетсе, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды - деп Қылмыстық Кодекстің 11- бабының үшінші бөлімінде анық айтылған, сол сияқты, бұл жағдайды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы да бірнеше рет атап көрсеткен. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 - Тарау  Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы 

1.1.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның қылмыс құрамында алатын орны 

       Қылмыс құрамының басты элементтерiнің бiрi және қылмыстың жасалу процесiнiң бастапқы кезеңiнде орын алатын субъективтік жаққа қатысты белгiлер болып табылады. Қылмыс құрамында субъективтік жақтың алатын орнын, ол қылмыстың iшкi жағына қатысты сипаттаманы, яғни жасалған қылмысты iс-әрекетке және тағы басқа белгiлеріне байламысты адамның ми жұмысында болған сезімдердi ашу және осi негiзде iс-әрекетке құқықтық баға беру ретiнде түсiну керек.1

       Бiз бұған дейiнгi бөлiмдерде қылмыстық субъективтiк жағының белгiлерiмен объективтiк жақтың белгiлерiнің арасындағы байланысты бір медальдiң екi жағы түрiнде бағаладық. Себебi қоғамға қауiптi iс-әрекет, елеулi зардап және қылмыстың орны, тәсiлi тәрiздi белгілер қылмыстың сыртқы көрінісін көрсете алғанмен, оның iшкi жақтарымен, яғни адам психикасындағы қоғамға қауіпті ой, ниетпен үндесiп жатпаса, онда қылмыс құрамының субъективтiк жағы. субъектiсi тәрiздi элементтерi жоқтығын көрсетедi. Сондықтан қылмысқа квалификация жүргізуде Қ.К. Ерекше бөлiмi баптарын қолданудың басты талабы барлық жағдайда заңмен қорғалатын объектiнің бұзылуы болып қана қоймайды, сонымен бiрге заңның нақты бір бабына сәйкес келетiн қылмыстың объективтiк және субъективiк белгiлерiнiң бiр-бiрiмен мағынасы бойынша сәйкес келуi деп түсіну керек. Анығырақ айтқанда қылмыстық субъективтiк жағындағы белгiлердi объективтiк жақ көшірiп, қылмыстың жасалғандығын көрсетеді.

       Қылмыстың субъективтiк жағы дегеніміз, қоғамға қауіпті iс-әрекет жасаған адамның психикалық сезiмдерiн бiлдiретiн қылмыс құрамының iшкi жағы белгiлерi болып табылады. Субъективтiк жақты құрайтын қылмысқа деген кiнәлi адамның ми жұмысындағы iшкi жақтың белгiлерiне кiнә, ниет және мақсат жатады. Осы үш белгi қылмыстың және қылмыстық құқықта зерттелетiн қылмыстық құрамдардың субъективтiк жағын толық ашып беруге жарамды деп саналады.2 Жасалған қылмыста субъективтік жақты сипаттайтын белгілердің бар екендiгін анықтау кезiнде қасақаналық немесе абайсыздық түрінде бейнеленетiн кінәні анықтаудың өзi де жеткiлiктi болып табылады.

       Жасалған қылмыста басқа құрам элементтерi болғанмен субъективтiк жақтың болмауы, ол адамның кiнәсiз зардап келтiргендiгiн бiлдiрiп, қылмыс құрамының жоқ екендiгiн көрсете алады. Адамның белгiлi бiр іс-әрекет жасау кезiнде алдымен оны ми жұмысында шешетiндігiне байланысты, егер ми жұмысы әрекеттi билей алмаса, онда ондай әрекет жасаған адамның есi дұрыс емес деп танылады. Демек, адамның iс-әрекетке және оның нәтижелерiне деген ми жұмыстары тек қылмыстың субъективтiк жағына ғана қалтысты емес, ол қылмыс субъектiсi мәселесіне де қатысты болып табылады. Бұл екi мәселеде адамның ми жұмысының құқықтық тұрғыда қолданылуында айырмашылық бар. Қылмыстың субъективтік жағында iс-әрекет жасау кезiнде есi дұрыс адамдардың ми қызметi туралы айтылса, ал қылмыстық субъектiсіне қатысты мәсіледе есi дұрыс еместiк туралы айтылғанда, ми қызметi дұрыс еместiк түрлерi келтiрiледi.

       Қылмыстың субъективтiк жағына қатысты мәселелер қылмыстық құқық теориясында күрделi болып табылады. Қылмыстық құқықта заңның Ерекше бөлiмiнде қарастырылған кейбiр қылмыс түрлерiның, мысалы өзiн-өзi өлтiру жағдайына жеткізу қылмыстың кiнә нысандары даулы болып кездеседi. Қылмыстық құқық туралы оқулықтардың кейбiреулерi бұл қылмыстың кінә нысанын абайсыздық және қасақаналық деп анықтаса, ал кейбіреулерi тек жанама қасақаналық деп айып жатады3.

       Бұл тақырыптың практикалық тұрғыдан күрделiлiгi, ол кiнәлінің әрекеттерiне және оның зардабына деген психикалық қатынасын, яғни әр түрлi психикалық қатынастарын көру, ашу барлық кездерде мүмкiн бола бермеуiне байланысты. Бұл мәселенi анықтау үшiн практика қызметкерлерi адамның жасаған әрекетiнің сипатына, түрiне және өзге де объективтiк жағдайларына көңіл аударып, ол адамның қылмыс жасау кезiндегi ойын ашуға тырысады. Практикалық тұрғыдан бұл мәселенің келесі күрделілігі және өзектігі, адамның кінә түрін дәл анықтаудың қылмысты квалификациялауда және жауаптылық белгілеуде маңызды, шешуші роль атқаруына байланысты болып табылады. Сот-тергеу қызметкерлерінің іс-әрекетті субъективтік жағы бойынша қате квалификациялауы жиі кездеседі. Мысалы М. Және Ю. мас күйінде төбелесіп, М. ауыр жарақат келтіруі мақсатымен Ю.-ны самбоның тәсіліне салып басынан асырып лақтырып жібереді. Осы тәсілге салып лақтырудың нетижесінже Ю. канализация құдығынан шығып тұрған бетон плаформасына басымен соғылады. Бұдан кейін М. оның басынан бірнеше рет ұрады, осы алған жарақаттардан Ю. ауруханада қайтыс болады.4

       Бұл істі Қарағанды қаласының Ленин Аудандық соты ҚК 103 бабының 3 бөлімімен абайсызда мәжбүрлеушінің өліміне соқтырған қасақана денсаулыққа ауыр зардап келтіру деп бағалайды. Қарағанды обылыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалған.

       Ал ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық  істер бойынша сот алқасы 101 баптың 1 бөлімімен абайсыздықта қаза  келтіру ретінде және 104 баптың 1 бөлімімен денсаулыққа қасақана  орташа ауырлықтағы зиян келтіру  деп квалификация жасайды.5

       ҚР Жоғарғы Сотының Президиумы жәбірленушінің арызы бойынша істі қарап, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер бойынша алқасының қаулысын дұрыс емес деп бағалайды және 1 инстациядағы соттардың квалификациясын дұрыс деп қайтадан ҚК 103 бабының 3 бөлімімен белгілейді.

       Жоғарғы Соттың Президиуімі «М. арнайы лақтыру тәсіліп қасақана қолданып отырып, Ю.-дың денсаулығына ауыр зардап келуі мүмкіндігін көре білген және осындай зардаптың келуін тілеген. Бұл туралы М.-нің кейінгі әрекетінен жәбірленушінің бетінен бірнеше рет ұруы дәлел бола алады. Сот – медециналық сараптамасының қорытындысы бойынша денсаулыққа ауыр дәрежелі зардап спорттық тәсілді қолдану және бетінен ұру нәтижесінде келтірілген. Жәбірленушінің өліміне М.-нің кінәсі абайсыздықта болған, ол жәбірленушінің өлімі болу мүмкіндігін көре білмеген, бірақ көре білуге мүмкіншілігі және міндетті болған дей отырып, әдепкі қараған соттардың квалификациясын дұрыс деп таниды.

       Жоғарыда мысалда көрініпте тұрғандай,  қылмыстық субъективтік жағына қатысты белгілер қылмысты іс-әрекет жасалар алдында немесе жасалу кезінде, бірақ бәрібір әрекеттен бұрын анықталып отырады. Субъективтік жаққа қатысты белгілердің бір ерекшелігі, ол қылмыс жасау кезіндегі объективтік жағдайларға қарай өзгеріп отыруы да мүмкіндігінде. Мысалы, қарақшылық әрекеттер қылмысты жасау барысында кісі өлтіруге, ал ұрлық қылмысы тонауға айналуы мүмкін. Бұл жағдайлар кінәлінің қоғамға қауіптілігін нақтылап, ол қылмысты квалификациялауғада әсер етеді.

       Қылмыстық құқықтығы және Ерекше бөлімде қарастырылған қылмыстардың субъективтік жақ белгілері осы элементті сипаттай алатын барынша елеулі белгілер болып табылады, олар қылмыстың ішкі көрінісін талдауда қылмысты сипаттап берудің бір тәсілі ретінде ғана қолданылмайды, сонымен қатар қылмысқа квалификация жүргізуде маңызды роль атқарады. Кейбір оқулық және зерттеу әдебиеттерінде субъективтік жақ белгілерінің қатарына кінә, ниет және мақсатпен қатар қылмыстың жасалу кезіндегі адамның ашулану, қуану, таңқалу түріндегі ерекше көңіл  күйін білдіретін эмоцияны да қосады. Эмоция кейбір қылмыстарға тән білгі деп тануға болады. Өйткені ашу шегінен, қажетті қорғану шегінен шығып адамның өміріне және денсаулығына зардап келтіруде эмоциональдық момент маңызды белгі ретінде бағаланады6.    

       Сонымен қатар қылмыстық заңның өзге баптарында қарастырылған қылмыстарда кейде эмоциональдық күйде жасалуы мүмкін. Бірақ     қолданыстағы қылмыстық құқық құрам элементтерінің қатарында эмоцияны жатқызбайды.    

       Қылмыстың субьективтік жағын  күрделі мәселелердің қатарына жатқызушы келесі себеп, ол адамның сезінуі мен қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасау түріндегі шешімін байланыстыратындығында болып табылады. Бұл сезіну мен ерікті білдіру кезеңдерінің арасындағы байланыс кейде бір біріне сәйкес келе бермеуі де мүмкін, яғни еріктілік немесе жасалған шешім сезінуден асып немесе оған жетпей жатуы  кездеседі.

       Мұндай жағдайларда квалификация  жасаудың жекелеген тәртібі қолданылып, егер сезінуге ерік білдіру  жетпей жатса, онда іс-әрекет оқталу деп, ал сезінуден ерік, шешім білдіру асып кеткенде кінәнің аралас нысаны деп бағаланады.

       Қылмыстың субъективтік жағының  белгілері қылмыстың объективтік  жағы белгілерінің көрініс алуының себепшісі болуынан басқа, қылмысты квалификациялауда қолданылатын өзгеде объективтік білгілердің кездесуіне әсер ете алады. Мысалы, қылмыс объектісінің, затының, құралының, тәсілінің, уақытының, орнының, жағдайының анықталуына, сондай ақ ауырлататын құрамдардың орын алуына, кінәні ауырлататын белгілердің кездесуіне басты себеп бола алады. Демек осы белгілердің барлығына кінәлінің қылмысты іс-әрекеті психикалық қатынаста болады. Егер бұл белгілердің қылмыс оқиғасында көрініс алатындығын кінәлі білмесе, сезбесе немесе сезінуге мүмкіндігі болмаса, онда бұл белгілер осы қылмыс үшін қылмыстық құқықтық маңыздылыққа ие болмайды. Кінәлі көре білмеген объективтік өзге белгілер, ол айыпталатын бапта немесе оның жауаптылықты ауырлататын бөлімдерінде тікелей көрсетілген болуы да мүмкін. Бірақ бәрібір бұл белгілердің қылмыста көрініс алатындығын көре білмесе, ондай жағдайлардың бар екендігін сезінбесе, онда кінәлі тек сезінген, көре білген жағдайлар бойынша айыпталады. Бұл ереже қылмыстық құқықта қылмыс түрлеріне түсіндірме беру кезінде кездеседі. Мысалы, қасақана кісі өлтіру қылмысында кінәлі қайтыс болған әйелдің жүкті екендігін білмесе немесе әйел зорлау қылмысында кәмелетке толмаған адамды зорлағанын білуге мүмкіншілігі болмаса, онда оның әрекеттері қылмыс құрамына қатысты белгілердің ішінен тек өзі білген, сезінген белгілерді қамтитын қылмыс құрамы бойынша квалификацияланады. Қылмыстың субъективтік жағының қылмысты квалификациялаудағы маңызы да осында, яғни бірінші тарауда кваливикация жүргізу кезінде қолданылатын негізгі қағидалардың бірі ретінде аталған, кінәлінің қасақаналығының бағыты бойынша іс-әрекетке құқықтық баға беру немесе квалификациялау осыны білдіреді. Кейде сот тергеу қызметкерлері нақты жасалған іс-әрекет немесе туындаған зардап бойынша қылмысқа құқықтық пара беріп, квалификация жүргізу кезінде негізінен субъективтік жаққа, оның ішінде қасақаналығының бағытына, қылмысты ниетінің түріне, алдына қойған мақсатына қарай қылмыстың түрі анықталатынын естен шығарады. Қылмысты квалификациялауда мұндай қағиданың қолданылу себебі, ол біріншіден кінәлінің жасағысы келген қылмыс түрі бойынша қоғамға қауіптілігі анықталатындығына байланысты және осы қауіптілік деңгейінде жауаптылық қолдану үшін, оның қасақаналығына кірген қылмыс түрі немесе заң бабы қолданылу керек. Екіншіден, субъективтік жақ белгілерін алдыға қоймай нақты зардап бойынша квалификация жасайтын болсақ, онда қылмыскердің көре білмегені немесе көре білуге мүмкіншілігі болмаған, оның еркінен тыс туындаған зардаптар бойынша да айыпты деп таныр едік және ол адамның қауіптілік дәрежесіне сәйкес келмейтін басқа баппенайыптап, жауаптылықты тым ауыр немесе жеңіл белгілеген болар едік.

Информация о работе Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау