Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:12, реферат
1. Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – МГК) объектілерін жобалау, құрылысы, пайдалану, консервациялау және таратуға таралады.
2. Талапта қолданылатын қысқартулар 1 қосымшада көрсетілген.
3. МГК объектілері үшін технологиялық регламеттер, өндірістік бақылау туралы ережелар, аварияларды жою жоспарлары (әрі қарай – АЖЖ) әзірленеді.
4. МГК барлау объектілерін пайдалануға және сынау қабылдау орындарына беруді комиссия жүргізеді.
3) компрессорлық құрылғыны қауіпсіз пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі технологиялық регламент;
4) компрессор жұмысын тіркейтін журнал;
5) дәнеркер қосылыстарды тексеру нәтижелерін тіркеу арқылы компрессорлық құрылғыларды жөндеуді тіркеу журналы (формуляр);
6) компрессорлық майдың паспорт сертификаттары және оның зертханалық анализінің нәтижелері;
7) қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар паспорттары;
8) компрессорлық құрылғыларды жөндеу кестесі.
497. Компрессорлық құрылғы суыту суын беруді тоқтату кезінде, сығылатын ауа немесе газ температурасы жіберілетіннен жоғары болғанда дыбыс және жарық сигнал беруді қамтамасыз ететін және қозғалыс механизмін майлау үшін май қысымының жіберілетінен төмен төмендеуі кезінде компрессордың автоматты тоқтауы кезінде, жіберілетін технологиялық параметрлердің артуы кезінде аварияға қарсы қорғаныспен жабдықталады.
498. Техникалық сипаттарына сәйкес келмейтін газдарды компримирлеу компрессорларды қолдануға жол берілмейді.
499. Компрессор қабылдау үшін газ беру жарық және дыбыс сигнал берушілермен, сепаратордағы сұйықтың жіберілетін деңгейіне жеткен компрессорды тоқтататын блокировкамен жабдықталған сұйық бөлгіштер (сепараторлар) арқылы іске асырылады.
500. Компресссорлар мен газ құбырларын қосу дайындаушының техникалық құжаттары, технологиялық регламент және жоспарлы – ескерту жөндеулер кестелерінде көрсетілген мерзімдерге сәйкес герметикалыққа тексеріледі.
501. Қондырғыларды пайдалану және техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды нақты жағдайлар ескеріле отырып, жүргізу жобалық құжаттарға және технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
502. Жұмыс істеп тұрған компрессорларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді. Компрессорлық қондырғыларға қызмет көрсету оқытылған персоналмен жүргізіледі.
503. Компрессорлық құрылғы ғимаратына бөтен адамдарға кіруге болмайды, кіру есігінің сыртында құрылғыға қызмет көрсететін персоналды шақыруға арналған сигнал беру орнатылады, ескерту белгілері мен плакаттар ілінеді.
504. Компрессорлық құрылғының машина залы ғимаратында және жарылыс өрт қауіпсіздігі аумақтарда жеңіл от алатын сұйықтар сақтауға жол берілмейді.
505. Компрессорды ревизия, жөндеу және ұзақ ажыратудан кейін (резервтегіден басқа) іске қосу бақылау тұлғасының жазбаша рұқсаты бойынша жүргізіледі.
Әрбір компрессорды іске қосу алдында персонал құрылғының техникалық жағдайын, майлау және суыту жүйесін тексереді, технологиялық регламентке сәйкес іске қосуды жүргізеді.
506. Компрессорлық құрылғыны пайдалану кезінде бақылауға алынады:
1) компромирлеудің әрбір сатысынан кейін газ температурасы мен қысымы;
2) мұздатқыштан кейінгі компримирленген газ температурасы;
3) компрессорлар мен мұздатқыштарға суыту суының түсуі;
4) суыту жүйесінен шығатын және түсетін суыту суының температурасы;
5) майлау жүйесіндегі май қысымы мен температурасы;
6) электр кернеулігінің шамасы және статор тогының күші, ал синхронды электр жетекті кезінде – электр двигателі роторының күші;
7) герметизаторлар, лубрикаторлардың техникалық жағдайы және май деңгейі;
Технологиялық регламентпен белгіленген уақыт аралығындағы құралдар көрсеткіштері екі сағаттан жиі емес журналда тіркеледі.
Журналда компрессорды іске қосу және тоқтату, тоқтату себептері, байқалған бұзушылықтар, қорғаныс клапандары мен манометрлерді мерзімді тексеру, конденсатты түсіру және ылғал май бөлгіштерден, ауа жинағыштардан және басқа ыдыстардан май шығару, май және ауа фильтрлерін тазарту және ауыстыру уақыты көрсетіледі.
Жұмыс журналы ауысым сайын компрессорлық қондырғының пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкермен тексеріледі және қол қойылады.
507. Ауа фильтрлері жоспар-ескерту жөндеу кестесінде көрсетілген мерзімдерде тексеріледі және ауыстырылады.
508. Компрессорлық құрылғылардың сыртқы қарауы, сыртқы беттерді тексеру жүргізіледі. Ағулар мен бұзушылықтар себептері журналда тексеріле отырып жойылады.
Сүрту материалдары ретінде мақта қағаз немесе зығыр материалдар қолданылады.
509. Қысым астындағы қондырғылар мен трубақұбырларды жөндеу және тазартуға жол берілмейді.
510. Компрессор:
1) технологиялық регламентте көрсетілген бұзушылықтар;
2) компрессордың кез келген сатысындағы және қысымды желінің рұқсат етілген қысымынан жоғары манометр көрсеткіштері;
3) қозғалыс механизмін майлау жүйесінің манометрінің төменгі шегінің рұқсат етілгеннен төмен қысымының көрсеткіші;
4) суытылған судың немесе суыту жүйесінің басқа авариялық ақауларының берілуін тоқтатуы;
5) компрессор, двигательдердегі қағулар, соққыларды немесе аварияға әкелетін ақаулардың анықталуы;
6) дайындаушының техникалық құжаттарында белгіленген газ, ауа температурасы;
7) өрт;
9) компрессор, электрдвигатель және басқа механизмдердің температурасының, вибрациясының немесе зақымдануларының рұқсат етілген артулары кезінде тоқтатылады.
511. Компрессорлық құрылғы ақаулары жойылғаннан кейін журналға жаза отырып, бақылау тұлғасының рұқсаты бойынша пайдалануға енгізіледі.
512. Газ компрессорлық станцияларды техникалық куәландыру және қондырғыларды диагностикалау дайындаушының техникалық құжаттары бойынша жүргізіледі.
513. Ашық оттарды пайдалану ғимараттарда және компрессорлық алаңдарда пайдалануға жол берілмейді.
Ашық оттар электрмен дәнекерлеу арқылы монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу наряд-рұқсат беру бойынша жүргізіледі.
514. Газ компрессорлық станцияның жеке қондырғыларының трубақұбырларын жөндеу үшін:
Бітегіш орналастыра және журналға жаза отырып, жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша арматурамен ажырату;
Қауіпсіздіктің ескерту және тыйым салатын белгілері орнатылады.
Қоршаулары бар жұмыс алаңдары мен орындары, қорғаныс және өрт сөндіру құралдарын дайындау жүргізіледі.
Жұмыстар наряд-рұқсат беру рәсімделе отырып жүргізіледі.
Жұмыс басталу алдында объект жетекшісі және жұмыс орындаушылар объектінің дайындығы мен қондырғыларды жөндеуге акті бойынша беруді тікелей тексереді.
Жұмыстар бекітілген және келісілген жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.
515. Газ компрессорлық станциялардың жөндеу жұмыстарының, трубақұбырлар мен қондырғыларын сынау нәтижелері акт (хаттама) жасала отырып, компрессорлық құрылғылардың жөндеуін тіркеу журналына (формулярына) қол қоя отырып тіркеледі, соның нәтижесінде объект жетекшісі құрылғыларды іске қосуға жазбаша рұқсат береді.
11-бөлім. Факельді жүйе
516. МГК барлау объектілерінде факельді жүйелеу жобаға сәйкес белгіленеді және пайдаланады.
517. Факельді жүйе құрамына енгізіледі:
1) жалпы факельді коллектор;
2) ортақ факельді жүйеге дейінгі жеке ғимараттар мен объектілердің жеке газ құбырлары;
3) сепараторлар;
4) конденсат жинаушылар;
6) оттықтары және жинақтау бұйымдары бар факельді бағандар;
7) жұмыс факельді құрылғылар мен оттықтардың басқару пульты;
8) автоматизациялау; аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесі.
Егер факельді бағанның лабиринтті тығыздағышы болмаса және факельді жүйе үрлеу (бітегеш) газымен қамтамасыз етілмесе, факельді баған алдынан отты ұстайтын құрылғы орнатылады.
518. Факельді бағандар саны факельді жүйелер санына сәйкес келеді.
Факельді бағандар арасындағы қашықтық көршілес факельдің жұмыс істеуінің жөндеу шартында анықталады.
Газды жандыруға арналған факельді құрылғы бағанынан өндірістік және көмекші ғимараттар мен имараттар және сыртқы құрылғылар арасындағы қашықтық санитарлық зиянды заттардың нормалар бойынша таралуы ескеріле отырып анықталады.
519. Факельді бағандардың биіктігі мен орналастыру орны алаңның топографиясына, қоршаған ауыл шаруашылығы жерлері мен тұрғын кенттердің орналасуына, басымды жел бағытының қарқындылығына, өртке қарсы талаптарды ескеруге, факель негізіндегі жылу кернеулігі және жану өнімдерінің құрамында болатын зиянды заттардың атмосфераға таралу есептеріне байланысты анықталады.
Максималды жылу кернеулігі факель жалынынан артпайды:
1) факельді баған негізінен (персоналды қауіпті аумақтан 20 секунд ішінде шығу шартында - 4,8 кВт/м2 (17 МДж/м2·сағ);
2) қызмет көрсететін және қондырғыларды жөндейтін персоналдың шектеусіз уақыт болу орындарында (5 МДж/м2·сағ).
520. Факельді баған жабдықталады:
1) факельдің дистанционды жану жүйесімен;
2) тұрақты жану оттықтарымен (кезекші оттық);
3) факель диаметрі 100 мм және одан жоғары болғанда лабиринтті тығыздағышпен (газ статитикалық бітгіш).
Тұрақты жану оттықтары мен лабиринтті тығыздағыштар үшін газ беру технологиялық құрылғылардың жұмысына байланыссыз қысым астында болатын отын газы желісінен қарастырылады.
521. Факельді газ құбырларын сынау және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бітегіш құрылғылары үшін фланцті қосылыстар қарастырылады.
522. Факельді жүйенің трубақұбырлары, арматуралары жылытумен (жылу тасымалдағыш) және жылу оқшаулаумен қамтамасыз етіледі.
523. Факельді құрылғылар автоматизация және бақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Факельді жүйенің бақылау және автоматизация жүйесі:
1) үрлеу (бітегіш) газының шығынын тіркеуді;
2) кезекші оттықтарға отын газының минималды қысымына сигнал беруді;
3) оттық жалынының сөнуіне сигнал беруді;
4) конденсат жинағыш пен гидро бітегіштердегі сұйықтардың максималды және минималды деңгейіне сигнал беруді;
5) гидро бітегіштегі минималды температураға сигнал беру және тіркеуді қамтамасыз етеді.
Факель конструкциясы жалынды бақылау құрылғылары мен дистанционды жандыру аппаратураларының мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Параметрлерді жергілікті бақылауға жол беріледі:
1) жандыру жүйесіндегі және реттеуші қалқаншалар немесе бұрандаларға дейінгі отын газы мен ауасының қысымы;
2) конденсат жинағыштағы сұйық деңгейі.
524. Факель бағанынан алаң қоршауына, жоба бойынша өндірістік объектілерге дейінгі қауіпсіз қашықтық 50 м кем емес.
525. Факельдер маркирлеумен және жарық белгілерімен қамтамасыз етіледі.
526. Факельді құрылғылар аумақтары 50 м кем емес радиуста қоршалады.
Факельді жандыру дистанционды басқарылатын автоматты режимді жүргізіледі. Әрбір факель дайындаушының техникалық құжаттары бойынша тазартылған отын газы берілетін кезекші оттықпен жабдықталады.
527. Аумақ қоршауы шегінде траншеялар, құдықтар орналастыруға жол берілмейді.
528. Персоналдың факельді жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бақылау тұлғасының рұқсатынсыз аумақта болуына жол берілмейді.
529. Факельді жүйе әрбір іске қосу алдында инертті газбен үрленеді.
530. Жөндеу жұмыстарын жүргізу алдында жұмыстарды ұйымдастыру жоспары әзірленеді. Факельді жүйе технологиялық құрылғылардан оттегінің 18 % кем емес болуы және зиянды заттардың ШЖК артық болмауы көлеміне дейін жанатын заттарды ауамен үрлеу арқылы толық бітегіштермен ажыратылады және инертті газбен үрленеді (немесе буланады).
531. Факельді бастарды жөндеу биіктікте жұмыс істеу кезіндегі жеке қорғаныс құралдарын, қорғаныс құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.
Қолданыстағы факельді құрылғылардың қоршау аумағында болу кезінде жұмыстар жылу қорғаныс киімдерінде жүргізіледі.
532. Күн күркіреу кезінде факельді құрылғылар аумағында болуға және металл бөліктеріне, трубаларға және конструкцияларға тиісуге жол берілмейді.
533. Факельді құрылғыны пайдалану және жөндеумен байланысты емес қызметкерлерге қоршау аумағында болуға жол берілмейді.
534. Факельді құрылғылар өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
12-бөлім. Технологиялық процестерді автоматизациялау
535. МГК барлауды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қарастырылады:
1) жарылыс өрт қауіпті учаскелерде персоналдың тұрақты болуын болдырмайтын және МГК барлауы объектілерінің техникалық жағдайы, технологиялық параметрлері туралы ақпаратты алу және тіркеуді қамтамасыз ететін қондырғыларды, технологиялық процестерді, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғанысты автоматизациялаудың максималды деңгейін;
2) блокировкалаудың, қауіпті және авариялық жағдайлар туындаған кезде іске қосылатын қорғаныс және сигнал құрылғыларының көп деңгейлі жүйесі;
3) ауа ортасын автоматтандырылған бақылау және жұмыс аумағының герметикалық еместігін, газдануын, адамдар мен қоршаған ортаға зиянды әсер ету қауіптілігін алдын ала бақылауды;
Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу