Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілідер

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:52, курсовая работа

Описание работы

Ежелгішығыстық саяси-құқықтық ойлардағы саясат, құқық, мемлекет және заңнама туралы кµзқарастардың жалпы сипаттамасы. Саяси-құқықтық идеялардың пайда болуы. Ежелгі Египет, Шумер, Хетт патшалығы, Вавилон, Ежелгі Израиль, Ежелгі Ирандағы саяси-құқықтық ойлар. «Хаммурапи заңдары», «Кµне өсиет», «Авеста». Ежелгі ‡ндістандағы саяси және құқықтық ойлар. Ведалар. «Ригведа». Брахмандардың саяси-құқықтық идеялары

Работа содержит 1 файл

Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілімдер.docx

— 99.79 Кб (Скачать)

 

Гоббс ерікті келісім арқылы күрылған мемлекетті орныққан мемлекет, ал күш арқылы қүрылған мемлекетті ойлап табылған мемлекет деп атайды.

 

"Мемлекеттік басқару туралы екі трактат" еңбегінде Дж. Локк µзінің мемлекет туралы ілімін баяндайды. Гоббс тәрізді ол да адамдарды табиғи жағдайда еркін, өзара тең, тәуелсіз ретінде қарастырады. Бірақ оның Гоббстан айырмашылығы жеке меншік пен енбек тақырыбын адамның табиғи ажырамас атрибуттары түрінде түсіндіреді. Оның айтуынша, адамның жеке меншікке ие болу ұмтылысы, адамдардың өздерінің пайдасын көбірек ойлауы табиғи нәрсе.

 

Дж. Локктың пікірінше, мемлекеттің калыптасуына дейін адамдар табиғи жағдайда болған. Мемлекетке дейінгі кауымдастыққа "бәрінің барлығына карсы күресі" болған емес. Адамдар ешкімнен рұқсат сүрамай, ешкімнің еркіне тәуелді балмай өздерінін қадір-қасиеті мен меншігіне иелік еткен. "Барлық билік пен құқықтар өзара тиімді жағдайда және ешкім артықшылықта болмаған", теңдік үстемдік күрған. Ал адамдардың табиғи қалыптан мемлекетке µтуі табиғи жағдайда құкықтардың тұрақсыздығынан туды. Бірақ "мемлекеттік жагдайда да еркіндік пен меншік сақталуы тиіс. Сонымен бірге жоғары мемлекеттік билік қалай болса солай және шексіз бола алмайды.

 

Мемлекеттің пайда болуын Локк адамдардың табиғи құқықтарын, бостандығы мен еркіндігін, жеке меншігін берік  камтамасыз ету мақсатындағы келісім  арқылы құрған саяси қауымдастығы деп  біледі. Бұндай келісімді ол "кез-келген мемлекеттің бейбіт түрде орнауы халық келісімінің негізі" деп түсіндіреді.

 

Зандылық режимін батыл  қабылдаған ол "мемлекетте жоғары билікке  кім ие болса да халық келісімі бойынша жарияланган тұрақты  заңдар арқылы баскаруды" талап етті. Зандар сол кезде "оны бәрі білген және орындағанда ғана" мемлекеттің басты және ұлы мақсатына жетуіне мүмкіндік жасайды. Онын бұндай позициясы XVIII—XIX ғасырларда буржуазиялык саяси-құкықтық ойда дамытыла бастаған "құқыктық мемлекет" идеясын алдын-ала анықтаған еді.

 

 

 

Негізгі әдебиеттер:

 

1.  История политических  и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

 

2.  История политических  и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

 

3.  История политических  и правовых учений: Краткий учебный  курс/ Под. общ.ред. Нерсесянца В.С. –М.,2000.

 

4.  Козлихин И.Ю. История  политических и правовых учений. Новое время: от Макиавелли  до Канта. Курс лекций. СПб.,2001 (издание содержит излечение из  трудов классиков)

 

5.  История политических  и правовых учений/ Хрестоматия  / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.

 

6.  История политических  и правовых учений/ Хрестоматия  / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.

 

7.  Антология мировой  политической мысли: в 5т. Т.I: зарубежная политическая мысль:  истоки и эволюция. Т.II. - М., 1997.

 

8.  Антология мировой  правовой мысли: В 5т. / Рук науч. проекта Семигин Г.Ю. - Т. II: Европа: V-XVII вв. Т. III: Европа Америка: XVII-XX вв. - М., Мысль, 1999.

 

9.  Гоббс Т. Левиафан, или Материя, форма и власть  государства церковного и гражданского // Гоббс Т. сочинения: В 2т.  Т.2. - М., 1992.

 

 

 

Қосымша әдебиеттер:

 

1.  Бачинин В.А. История  философии и социологии права. - Санкт-Петербург, 2001

 

2.  Гобозов И.А. Философия  политики.-М.,1998

 

3.  История политических  и правовых учений (XVII-XVIII вв.). /Под  ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука,1989

 

4.  История философии  в кратком изложении.М.,1991

 

5.  Лейст О.Э. Учение  Спинозы о государстве и праве.М.,1960

 

 

 

Тақырып 9. Х‡ІІІ-ХІХ ғғ. басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер

 

 

 

Х‡ІІІ ғасырдағы Франциядағы  саяси және құқықтық идеологияның басты  бағыттары. Ағартушылықтың саяси-құқықтық идеологиясының жалпы сипаттамасы, оның дамуы.

 

Вольтердің саяси-құқықтық кµзқарастары.

 

Шарль Луи Монтескьенің құқық  және мемлекет туралы ілімі. Заңнама  сипатын анықтайтын факторлар. Биліктің бµліну концепциясының ерекшеліктері.

 

Жан Жак Руссоның саяси  және құқықтық ілімдері. Руссо мемлекеттің келісім негізінде пайда болуы, мәні және нысандары туралы.  Халық егеменділігі теориясы. «Жалпы ерік» және «барлығының еркі» түсініктері.

 

Утопиялық социализмнің саяси-құқықтық идеялары (Жан Мелье. Морелли. Габриэль Бонно де Мабли).

 

ұлы Француз тµңкерілісі  кезеңіндегі саяси-құқықтық ойлардың негізгі бағыттары. Жирондистердің саяси және құқықтық идеялары. Жан Бриссо. Жан Антуан Кондорсе. Якобиншілердің саяси-құқықтық идеологиясы. Максимильен Робеспьер. Жан Поль Марат. Робеспьер тµңкерілістік және конституциялықүкімет және тµңкерілістік диктатура туралы.

 

1789 және 1793 жылдардағы Адам  және азамат құқықтары декларациясының  саяси-құқықтық идеясы. Утопистік коммунизмнің саяси идеологиясы. Гракх Бабеф.

 

Европадағы ағартушылықтың басты идеяларының бірі адам құндылықтарын қадірлеумен қатар, социалистік идеялар да ұлы ойшылдар қозғаған тақырыптардың біріне айналды. XVIII ғасырдың өн бойында социалистік мұратты білдіретін әдеби шығармалар оған дейінгі бүкіл дәуірге карағанда көбірек жазылды. Бұлардың қатарына француз ағартушылары Г. Мореллидің "Табиғат кодексі немесе оның зандарының нағыз рухы", Г. Маблидің "Азаматтардың қүқықтары мен міндеттері туралы", Г. Бабефтің "Теңдік" және тағы басқа еңбектерді қосуға болады.

 

Француз ағартушылары өз еңбектерінде коғам мен табиғаттың арақатынасы, қоғамның қозғаушы күші, теңсіздіктің себептері, діни наным, адам қүндылықтары сияқты сұрақтарга жауап іздеді. Олар қоғам дамуының нәрін парасаттылык пен саналылық, білімділік пен адамның жан-жақты қалыптасуымен байланыстырып, "әлемді пікір билейді" деген қорытындыға келді.

 

 Француздың ұлы ойшылы  және әдебиетшісі Франсуа Мари  Аруэ Вольтер европалық Ағартудың жұрт таныған дем берушісі және көсемі болып табылды. Ол арнайы саяси-қүқықтық еңбектер жазған жоқ. Бірак оның шығармаларында мемлекет, саясат, кұкық және заң туралы көзқарастар көрініс тапты. Сол дәуірдегі феодалдық қоғамның әлеуметтік-құқықтық және идеологиялық кайшылықтарын батыл сынға алған Вольтердің сол қоғамға дейінгі ойшылдардың көзкарастарынан басты ерекшелігі — бостандык, рухы, гуманизм және әділдік болды. Оның пікірі бойынша әлеуметтік зорлық түп-тамырымен жойылуы тиіс, ал оның ең басты көріністері адамгершілікке жатпайтын күштеу әрекеттері, үстемдік, қараңғылық және сананы тұншықтыру.

 

Әлеуметтік зорлық пен  қараңғылықтың басты тірегі мен  жауапкершілігін Вольтер шіркеуден  іздеді. Оның шығармашылык еңбегінің  көп бөлігі де шіркеуге қарсы аяусыз күреске арналған. Вольтердің "егер құдай болмаса, оны ойлап табу қажет болар еді" деген канатты сөзі де бар.

 

Вольтер сонымен бірге  демократиялық идеяларды да жактай койған жок. Бірақ табиғи құқықтар, бостандық, теңдік оның қызу қолдаған мәселелері болды. Вольтердің ілімі бойынша, "Бостандық тек заңға төуелді болуды білдіреді". Оның бұл сөзі кейіннен "құқық үстемдігі" идеясы ретінде бүкіл Батысқа белгілі болды

 

Шарль Луи Монтескье —  француз ағартушылығының көрнекті өкілдерінің бірі, танымал зангер және саяси ойшыл. Ол құкықтану, саясатпен қатар философия, этика, әлеуметтану, тарих, саяси экономия, жаратылыстану ғылымдары, әдебиет пен өнер және дін мәселелеріне арналған көлемді шығармалар қалдырды.

 

Монтескьенің саяси-кұқықтық теориясының басты тақырыбы және онда қорғайтын басты құндылығы  — саяси бостандық. Оны шығармасында бостандықты қамтамасыз етудің қажетті  шарттары ретінде әділ заң мен мемлекеттік құрылымның тиімді жұмыс істей алуын қамтамасыз ете алатын заңдар қарастырылады.

 

Монтескье басқарудың республикалық, монархиялық және деспоттық формасын көрсетеді. Басқарудың аталған түрлеріндгі  заң шығару принциптері мен бұл  зандардың кімге тиімді екендігін, сондай-ақ бұл заңдар жағдайында халықтың тендігі мен бостандығы қандай дәрежеде болатындығын дәлелдеуіне тырысады. Басқарудың әр формасы өз құрылысын сақтауға қабілетті заңдар шығаратындығына назар аударады. Монтескьенің пікірінше, басқару түрінінің өзі мемлекеттің жер көлеміне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Ол биліктің үлкен мсмлекеттер үшін деспоттык, орта мемлекеттер үшін монархиялық, шағын елдер үшін демократиялык түрі тиімді деп есептейді.

 

Монтескье заң мен бостандық  қатынасы мәселесіне арнайы көңіл бөледі, ол саяси бостандық туралы заңның екі түрін атап көрсетсді. Біріншісі — мемлекеттік құрылымдағы саяси бостандьіқты камтамасыз ететін заңдар, екіншісі -азаматтардың саяси бостандығын камтамасыз ететін заңдар. Бұл жерде әңгіме саяси бостандықтың заң жүзінде бекітілуі мен оның жүзеге асу мүмкіндігі туралы болып отыр. Саяси бостандық бұл аспектілерсіз жарым-жартылай, қауқарсыз және қорғансыз болып шығады. Бұл туралы Монтескье "...еркін мемлекеттік құрылымда азамат бостандық ала алмаса немесе азаматтың бостандығы сақталмаса, яки қорғалмаса, мемлекттік құрылыстың бостандығы бар кұрылым деп атауға болмайды" деп жазды.

 

Монтескье сонымен бірге  саяси бостаңдық ойына келгеннің  бөрін істей беру еместігін де атап көрсетеді. "Бостандық — заңмен ерік берілген нәрсенің бәрін істеу құқығы". Монтескьенің заңдар туралы іліміннің құрамды бөлігі оның заңдарының әртүрлі разрядтары (түрлері) туралы тұжырымдары болып табылады. "Адамдар,— деп атап көрсетті ол, әртүрлі заңдармен, табиғи құқықтармен, құдашйшылық құқықтармен (діни құқық) шіркеу құқығымен, халықаралық құқықпен, жалпы мемлекеттік құқықпен, жекелеген қоғамдағы азаматтық құқықпен, отбасы құқығымен басқарылады".

 

Табиғи жағдайда, Руссоның ілімі бойьінша, жеке меншік болмайды, барлык адам еркін және тең. Ал алғашқы  теңсіздік адамдардың табиғи әрқилылығынан, яғни денсаулық кабілеттерінен ғана.

 

Шарт арқылы жасалған мемлекет пен заңдар "әлсіздерге жаңа жол  салды, байларға жаңа күш берді, табиғи бостандықты қайта келместей  етіп жойлы, меншік пен теңсіздік туралы мәңгілік заң шығарды".

 

Қоғам мен мемлекет дамуында адамзат үшін теріс, зиянды және қате бағытына қарама-қарсы Руссо өзінің "халықтар мен билеушілер арасындағы нағыз келісім — саяси организм" құру концепциясын ұсынады. Бұл концепция бойынша әркім өзінің жеке мүддесі мен тұлғасын, өзінің барлық күшін жалпы игілік пен жалпы ерікке бере отырып, тұтастың бөлінбес бөлігіне айналады. Жекелеген адамдардың келісімдік қатынастарға кіруі шартты ұжымдық бүтінді құрайды.

 

Жалпы ерік бойынша бағытталған  бұл билікті Руссо егемендік дсп атайды. Бұл оның жалғыз ғана иесі халықтар егемендігін білдіреді.

 

Атқарушы билікті кімнің атқаратынына қарай Руссо басқарудың демократия, аристократия және монархиялық  түрлерін карастырады. Оның. барлық формаларында егемендік пен заң шығару билігі халықтың қолында болады. Руссо демократиялық басқару шағын мемлекеттер үшін, аристократиялық баскару орташа мемлекеттер үшін, ал монархиялық билік ірі мемлекеттер үшін тиімді екендігін ескертеді. Оның ойы бойынша халық, басқару формасын өзгертуге ғана емес, қоғамдық келісімді тоқтатуға және өздеріне табиғи бостандықтарын қайтаруға да құқьілы.

 

 

 

Негізгі әдебиеттер:

 

1.  История политических  и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

 

2.  История политических  и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

 

3.  История политических  и правовых учений: Краткий учебный  курс/ Под. общ.ред. Нерсесянца В.С. –М.,2000.

 

4.  Козлихин И.Ю. История  политических и правовых учений. Новое время: от Макиавелли  до Канта. Курс лекций. СПб.,2001 (издание содержит излечение из  трудов классиков)

 

5.  История политических  и правовых учений/ Хрестоматия  / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.

 

6.  История политических  и правовых учений/ Хрестоматия  / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.

 

7.  Антология мировой  политической мысли: в 5т. Т.I: зарубежная политическая мысль:  истоки и эволюция. Т.II. - М., 1997.

 

8.  Антология мировой  правовой мысли: В 5т. / Рук науч. проекта Семигин Г.Ю. - Т. II: Европа: V-XVII вв. Т. III: Европа Америка: XVII-XX вв. - М., Мысль, 1999.

 

9.  Сравнительное изучение  цивилизаций. Хрестоматия. Сост.Б.С.Ерасов. М.,1998

 

10.           Монтескье Ш.Л. О духе законов. - М.., 1999.

 

 

 

Қосымша әдебиеттер:

 

1.  Гобозов И.А. Философия  политики.-М.,1998

 

2.  История политических  и правовых учений (XVII-XVIII вв.). /Под  ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука,1989

 

3.  История философии  в кратком изложении.М.,1991

 

4.  Кечекьян С.Ф. Политические  и правовые взгляды Монтескье. "Сов. гос. право" 1955, №4, стр.41-46

 

5.  Кечекьян С.Ф. Ж.Ж.  Руссо - великий французский просветитель XVIII века. "Вопросы философии" 1967, N 7, стр.55-67

 

6.  Казарин А.И. Учение  Дидро о государстве и праве.М.,1960

 

7.  Кузнецов В.Н. Французский  материализм XVIII века.М.,1981

 

 

 

Тақырып 10. Тәуелсіздікүшін  күрес кезеңіндегі АҚШ-тың саяси және құқықтық ілімдері

 

 

Саяси және құқықтық ой негізгі бағыттарының жалпы сипаттамасы.

 

«Федералистердің» саяси  және құқықтық идеялары. Александр  Гамильтон. Джеймс Медисон. Джон Адамс. Джон Джей. Конституционализм және федерализм идеялары. Биліктің бµлінуі теориясы.

 

Радикалды демократтардың (республикашылар) саяси және құқықтық идеялары. Томас  Джефферсонның саяси және құқықтық кµзқарастары және олардың «тәуелсіздік декларациясында» кµрініс табуы. Томас Пейннің саяси-құқықтық кµзқарастары.

 

Тәуелсіздік үшін күрес тұсында (1775—1783) штаттардың Конфедерациясы құрылды. Алайда соғыс аяқталысымен штат­тардың  одағын нығайту жәнс тиімді федералды  үкімет құру қажеттілігі туындады. Осы міндетті атқару үшін 1781 жылдың мамыр айында конституциялык Конвент құрылды. Ол барлық сословистік артықшылықтар мен дворяндық титулдарды жойып, ресиубликалық құрылысты бекітетін ажыратылған үш билік жүйесін енгізетін федералдық Конституцияның жобасын дайындап шығарды. 1803 жылы Жоғарғы сот өзінің конституциялык бақылау құқығын бекіткеннен кейін американдық революциияның барлық негізгі кезеңдері (тәуелсіздік үшін күрес, жана мемлекттік құрылымды калыптастыру және оны өмірге енгізу) толығымен аяқталды.

Информация о работе Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілідер