Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:52, курсовая работа
Ежелгішығыстық саяси-құқықтық ойлардағы саясат, құқық, мемлекет және заңнама туралы кµзқарастардың жалпы сипаттамасы. Саяси-құқықтық идеялардың пайда болуы. Ежелгі Египет, Шумер, Хетт патшалығы, Вавилон, Ежелгі Израиль, Ежелгі Ирандағы саяси-құқықтық ойлар. «Хаммурапи заңдары», «Кµне өсиет», «Авеста». Ежелгі ‡ндістандағы саяси және құқықтық ойлар. Ведалар. «Ригведа». Брахмандардың саяси-құқықтық идеялары
Мүсылман саяси теориясында мүсылман мемлекеттерінің басшыларын орнынан алу және сайлау туралы дәлме-дәл анықтама жоқ. Бірақ Әл-Маварди еңбектеріндс айтылғандай (сунниттік концепция бойынша жоғары азаматтық және діни билік мүрагерлік тәртіппен немесе бұрынғы билеушінің тағайындауымен емес, қауым мен халифат билігіне үміткер арасындағы ерекше шарт бойынша іске асырылады. Ал шииттік саяси концепцияда халиф қауым арқылы сайланбайды, ол Алла мен пайғамбардың тікелей өкілі болып табылады. Халиф өзінің мүрагерін сайлай алады немесе пайғамбардың күйеу баласы Әлидің тікелей ұрпақтарына мүрагерлікке қалдыра алады.
Әл-Маварди халифтік басқару формасының артықшылығын мемлекет басшысынын өзінің барлық іс-әрекеттерінде мұсылмандық кұқықты (шариғатты) басшылыққа альш отыруынан, қол астындағылардың мүддесі мен жалпы игілігін және олардың ар-ожданын қорғау істерінен және маңызды шешімдер қабылдауда өзгелермен ақылдасып, келісіп отыруынан көреді. Халиф өзінін қол астындағылардың кез-келгенімен ақылдасуға құқылы болғанымен, бірақ іс жүзінде қарапайым мұсылмандардын пікірі есепке алынбады.
Шыққан тегі жағынан араб Аверроэсо (Ибн Рушд) өзінің философиялық жүйесін ақыл-ой негізінде құрды, сондыктан да оның ислам дінімен амалсыз соқтығысуына тура келді. Аристотельдің еңбектеріне сүйенген ол о дүниедегі өмір туралы және дүниені құдай жаратты деген діни ұғымдарды жоққа шығарды. Материя мәңгі-бақи өмір сүруде, барлық табиғи құбылыстар және адамдардың іс-әрекеттері құдайдың қүдіретімен емес, өзінің ішкі табиғи заңдарымен жүреді деп түсіндірді ол. Табиғи заңдылықты негізге алған Ибн Рушд мемлекеттің пайда болуын құдайдың ісі емес, адамдардың жердегі тәртіпті сақтауға ұмтылуынан және адамдар арасындағы алауыздық пен қақтығыс нәтижесінде пайда болған деп есептеді.
Әл-Фарабидің саяси
Мұсылман мемлекеті басшысының құқықтық жағдайы мен атқарушы билік формасын оның әр кезеңдегі даму сатыларымен салыстыра отырып, белгілі саясаттанушы-ғалым Ибн Халдун мұсылман мемлекеттеріңдегі басқару формаларының классификациясын жасады.
Ибн Халдуннын ілімі бойынша кез-келген қоғам адамның табиғи әрекеті негізінде, олардың бір-бірін табиғи жоюы мен агрессиясын тоқтатуға арналған "тежеу бастамасын" қажет етеді. Мұндай ықтиярсыз билік мемлекетті көсемдер басқарған тайпалардан ерекшелендіреді және халықтар бастан кеішірген және қол жеткен өркениет деңгейіні көрсеткіші больш табылады. Мемлекеттің тайпадан басты ерекшелігі — қоғам мүшелерін бағыныштылықта ұстайды және олардың еркінен тыс билік жүргізеді, барлығына міндетті заңдар шығарады, елде тәртіпті қамтамасыз етеді, салық жинайды және әскер жасақтайды.
Ибн Халдунның пікірі бойынша мұсылман мемлекеттері өз дамуында төрт сатыдан өтті:
1 Нағыз халифалар басқарған "таза халифат"
2 Халифаттың
сыртқы белгілерін сақтай
3 Халифаттың толық монархияға айналуы (Аббасидтер
әулеті кезкезеңіндегі халифат)
4 Біріңғай мұсылман мемлекетінің ыдырауы және арабтарды басқа халыктардың жаулап алуы (Бағдадты моңғолдардың, Мысырды османдық түріктердің жаулауы).
Ибн Халдун басқару формасының үш түрін 1) "табиғи" монархия; 2) "саяси" монархия; 3) Халифатты атап көрсетеді.
Оның пікірінше, басқарудың бірінші формасында билік билеушінін жеке мүддесі үшін жүргізіледі, яғни "табиғи" монархия өзінін мақсатынан басқа еш нәрсеге қатысы жоқ жеке биліктің деспоттық режимі. Бірінші формадан "саяси" монархияның ерекшелігі мұнда басқару рационалды, саналы өлшемге негізделеді, халық мүддесін қорғайтын саясат жүргізіледі. Бірақ бұл кездегі билеуші саясатында діни құндылықтар ескерілмеді.
Ибн Халдун халифаттың ықтиярсыз билігі мен зорлығына қарамастан, жоғары әділдікті қамтамасыз ететін мұсылман құқығы үшін оған басымдық береді. Өйткені, халифтің ықтиярсыз "саналы" билігі мұсылман қауымы үшін де, басқа халықтар үшін де "пайдалы іс" болып табылады.
Негізгі әдебиеттер:
1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы
2. История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.
3. История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.
4. История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.
5. История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.
6. Антология мировой
политической мысли: в 5т. Т.I:
зарубежная политическая мысль:
7. История философии права. Учебное пособие СПб: Юрид.инс-т 1988. (содержит обстоятельные фрагменты классических трудов).
8. Сравнительное изучение
цивилизаций. Хрестоматия.
9. Аль-Фараби. Афоризмы государственного деятеля // Аль-Фараби. Социально-этические трактаты. - Алма-Ата, 1973; или: Аль-Фараби. Избранные трактаты. - Алматы, 1994.
Қосымша әдебиеттер:
1. Арабо-мусульманская философия в системе мировой культуры.М.,1983
2. Бурабаев М.С., Кенесарин
А.М., Курмангалиева. Проблемы бытия
и познания в философии Аль-
3. Григорян С.Н. Средневековая философия народов Ближнего и Среднего Востока.М.,1956
4. Давид Р. Основные
правовые системы
5. История политических и правовых учений (Средние века и Возрождение), /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука, 1986
6. История философии в кратком изложении.М.,1991
7. Социальные, этические и эстетические взгляды Аль-Фараби. (коллектив авторов: Бурабаев, Сагадиев А.В.)А-а,1984
Тақырып 6. Ортағасырлық Европадағы саяси және құқықтық ілімдер
Ортағасырлық Батыс Европадағы саяси-құқықтық ойлардың негізгі белгілері мен ерекшеліктері. Фома Аквинскийдің құқық пен мемлекет туралы ілімдері. Билік мәні және нысандары. Шіркеу билігі мен зайырлы билік арақатынасы. Заң түрлері. Батысевропалық ортағасырлық еретиктер қозғалысының және шаруалар кµтерілісінің саяси және құқықтық идеялары. Ортағасырлық заңгерлердің құқық туралы идеялары. Глоссаторлар және постглоссаторлар. Марсилий Падуанскийдің саяси-құқықтық ілімі. Халық билік қайнар кµзі ретінде.
ХІ-ХІ‡ ғғ. Ресейдегі саяси және құқықтық идеялар. Ресейде орталықтандырылған мемлекет құру кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары. «Москва –үшінші Рим» теориясы.
Эволюциялық даму нәтижесінд қарай тарихшылар орта ғасырлар кезеңін үш дәуірге бөледі:
1 Ерте феодалдық кезең (V—XI ғ.ғ. ) Бұл кезде феодализм қоғамдық-экономикалық формация ретінде қалыптасты, әлсіз ұйымдасқан ірі мемлекеттер пайда болды, олар біртіндеп саяси батыраңқылыққа ұшырады.
2 Феодалдық қоғамның дамыған және гүлденген кезеңі (XI ғ. ортасынан — XV ғ. соңына дейін). Бұл кезде бір орталыққа бағынған сословиелі — өкілді монархиялар өмір сүрді.
3 Кейіңгі орта ғасыр (XV ғ. соңы — XVII ғ. басы) Феодалдық қоғам әлсіреп, дағдарысқа ұшырады, капиталистік қатынастар пайда болды, абсо-лютті монархиялық билік орнады.
Батыс Европалық орта ғасырлық саяси-құқыктық ойдың басты ерекшелігі оған сол кездегі христиан діні мен рим католиктік шіркеуінің едәуір ықпал етуі болды. Шіркеу орта ғасырлардағы рухани өмір саласына шексіз билік етті. Орта ғасырлық христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының түп тамырын белгіледі, адамдар санасына үстемдік етті
Шіркеу идеологтары мемлекеттін қуаттылығы шіркеудің камқорлығының нәтижесі деп түсіндірді. Осыдан келіп христиан дінінде мемлекеттердің христиан шіркеуіне бағыну міндеттілігі пайда болды. Сол кездсгі саяси-құқықтық ойдын басты мәселелерінің бірі де қоғамдық өмірде қай билік (ұйым) — рухани (шіркеу) немесе азаматтық билік (мемлекет) басымдықка ие болуы керек деген сұрақ төңірегінде болды.
Фома Аквинскийдің айтуынша барлық заңдар субординация тізбектері арқылы байланысқан. Бұл заңдардың ең шыңында бүкіл әлемді басқарушы қүдайлық сананың жалпы принциптері, универсальды нормалар — мәңгі заңдар тұрады. Мәңгі зандар құдайдан келген, ол өздігінен өмір сүреді, басқа заңдар мәңгі зандар негізінде пайда болған. Табиғи заңдар — мәңгі зандардың адам санасындағы бейнеленуі болып табылады. Табиғи зандарды нақтылауға адамгершілік (позитивті) зандары қызмет етеді Оның мақсаты — адамдарды күшпен жәнс қорқытумен зұлымдыққа жоламауды және қайырымдылыққа жетуге мәжбүрлеу болып табылады. Этика ілімі негізінде Ф Аквинский құқық туралы концепциясын жасады .
Аквинат, сонымен қатар, құл иеленудін сақталуын жақтады, жеке меншік пен әлеуметтік теңсіздікті, қоғамның сословиелік ұйымдасуын дәлелдеу арқылы адамдарды оған көнуге шақырды. Аквинский өзі қарастырған мемлекеттік құрылымдағы бес форманың ең дұрысы деп монархияны таңиды. Оның пікірінше. егер монарх тиранға айналса, халық оның билігіне қарсы шығып, оны биліктен тайдыруға құқылы. Бірақ, ол халыктың мемлекет басшысына қарсы шығуын, осы басшының іс-әрекеті шіркеу мүддесіне қайшы келгендс ғана мүмкін деп есептейді.
М. Падуанский барлық биліктің нағыз қайнар көзі халық деген тезисті батыл жақтады. Бірак, М. Падуанский халық қатарына мемлекеттегі барлық тұрғындарды емес, оның бай топтарын ғана кіргізді. Ол қоғам мүшелерін екі категорияға — төменгі және жоғары деп бөлді. Ол қоғамның жоғары тобы (әскерлер, шіркеу иелсрі, чиновниктер) жалпы игілікке қызмет етеді, төменгі тобы (саудагерлер, шаруалар, қолөнершілер) өз мүдделерінс ғана қызмет етеді деп есептеді. Оның айтуынша, мемлекеттік билік, ең алдымен, заңдар шығару арқылы әрекет етеді. Яғни, нақты жаза арқылы адамдарды қорқыту және жақсы істері үшін марапаттауға уәде беру. Падуанскийдің сөзімен айтсақ құқықтық заңдарды шығаруға халықтың ғана құқығы бар.
М. Падуанский алғашқылардың бірі болып мемлекеттегі заң шығару және атқару биліктерінін айырмашылығы туралы айтты. Қабылданған заңдар халық үшін және оны қабылдаушылар үшін де міндетті болуы тиіс. Заң оны шығарушыларға ғана емес, қалың көпшілікке қызмет еткенде ғана толысқан заң болып есептеледі. Заңның күші оның ала-құлалығында емес, барлық адамдар үшін бірдей міндеттілігінде. Заң шығарушы орган атқарушы биліктің құрылымын және өкілеттілігін айкындайды.
Негізгі әдебиеттер:
1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы
2. История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.
3. История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.
4. История политических и правовых учений: Краткий учебный курс/ Под. общ.ред. Нерсесянца В.С. –М.,2000.
5. История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.
6. История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.
7. Антология мировой политической мысли: в 5т. Т.I: зарубежная политическая мысль: истоки и эволюция.
8. Антология мировой правовой мысли: В 5т. / Рук науч. проекта Семигин Г.Ю. - Т. II: Европа: V-XVII вв.
9. История философии права. Учебное пособие СПб: Юрид.инс-т 1988. (содержит обстоятельные фрагменты классических трудов).
Қосымша әдебиеттер:
1. Бачинин В.А. История философии и социологии права. - Санкт-Петербург, 2001
2. Гобозов И.А. Философия политики.-М.,1998
3. Давид Р. Основные
правовые системы
4. История политических и правовых учений (Средние века и Возрождение), /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука, 1986
5. История философии в кратком изложении.М.,1991
Тақырып 7. Қайта µрлеу кезеңіндегі Батыс Европадағы саяси және құқықтық ілімдер
Қайта µрлеу дәуірінің саяси және құқықтық ойларына жалпы сипаттама. Никколо Макиавеллидің саяси және құқықтық ілімдері. «Әмірші». Макиавелли мемлекет түсінігі, пайда болуы және нысандары туралы, саясат міндеттері және құралдары туралы. Макиавеллизм.
Германия мен Батыс Европаның µзге елдеріндегі Жаңғыру дәуіріндегі саяси-құқықтық идеологияның негізгі бағыттары. Мартин Лютер, Томас Мюнцер, Жан Кальвиннің саяси-құқықтық идеялары.
Контрреформация. Иезуиттер.
Жан Боденнің мемлекет және құқық туралы ілімі. Мемлекеттік егеменділік теориясы. Х‡І-Х‡ІІ ғасырлардағы европалық утопистік социализмнің саяси-құқықтық идеологиясы. Томас Мордың «Утопиясы» мен Томмазо Кампанелланың «Күн қаласы».
Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ойдың үш бағытта дамығандығын байқау қиын емес. Оның біріншісі — мемлекет пен саясаттағы жаңа көзқарасты анықтайтын таза үлгідегі саяси ілім (Н Макиавелли, Ж Боден), екіншісі — католик шіркеуінің ықпалынан шығуға ұмтылған гуманистік идеялар (М Лютер, Т Мюнцср, Ж Кальвин), үшіншісі — антибуржуазиялық утопист социалистердің саяси-құқықтық ойлары (Т Mop, T Кампанелла)
Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ілімнің негізін қалаушы Никола Макиавелли саяси қайраткер, дипломат және тарихшы ретінде де кеңінен танылды.
Саяси және мемлекеттік қызметтен шеттетілгсн ол бұдан кейінгі өмірін әдеби шығармашылыққа арнайды. 1513 жылы "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі", 1519 жылы "Әскери өнер туралы",1520 жылы "Флоренция тарихы" және тағы басқа еңбектерін жазады.
Макиавеллидің мемлекет және саясат туралы іліміндегі маңызды жаналығы саясат саласын жеке ғылым ретінде көрсетуге тырысу идеясы болып табылады. Бұл салада орасан зор тәжірибе жинақтаған ол саясат коғамдық өмірдің бөлек саласы болып табылады деген қорытынды жасайды. Ол қоғамдык өмірді түрлі мақсаттары және оларды іске асырудағы мүмкіндіктері бір-біріне ұқсамайтын көптеген әлеуметтік күштер мен әрқилы мүдделердін қақтығысы ретінде қарастырады. Оның айтуынша саясат — адам еркіне бағынышты жанды қозғалыс, дауылды стихия, күндер арасындагы күрес, олардың үздіксіз қақтығысы, қайшылықтардын шешімі өзгерістер мен қайта құрулар.
Информация о работе Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілідер