Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілідер

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:52, курсовая работа

Описание работы

Ежелгішығыстық саяси-құқықтық ойлардағы саясат, құқық, мемлекет және заңнама туралы кµзқарастардың жалпы сипаттамасы. Саяси-құқықтық идеялардың пайда болуы. Ежелгі Египет, Шумер, Хетт патшалығы, Вавилон, Ежелгі Израиль, Ежелгі Ирандағы саяси-құқықтық ойлар. «Хаммурапи заңдары», «Кµне өсиет», «Авеста». Ежелгі ‡ндістандағы саяси және құқықтық ойлар. Ведалар. «Ригведа». Брахмандардың саяси-құқықтық идеялары

Работа содержит 1 файл

Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілімдер.docx

— 99.79 Кб (Скачать)

 

Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады. Аристотельде саясат ғылым ретінде этикамен тығыз байланысты. Оның көзқарасы, бойынша саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады. Этика саясаттың бастауы, оньң кіріспесі ретінде көрінеді. Аристотель әділдіктің екі түрін — теңестіретін және үлестіретін түрлерін анықтайды. Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде "арифметикалық теңдік" қарастырылады.


Мемлекет формасын Аристотель мемлекеттегі жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде сипаттайды. Бұл жерде мемлекет формасы билеушілердің санымен (біреу, аз ғана топ, көпшілік) анықталады. Бүдан басқа мемлекеттін дұрыс және бұрыс формалары туралы да айтылады. Дұрыс формадағы билеушілер көпшіліктін мүддесін қорғаса, бұрыс формадағы билеушілер тек қана өздерінің жеке басының мүдделсрін көздейді. Аристотель пікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және полития, ал екінші формаға тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құрады.

 

Адамдардың табиғи және тарихи қауымдасуын Полибии  олардың жануарлар сияқты қорғансыздығы  мен әлсіздігінен, осыдан келіп тобырға басшылық жасаудың қажеттілігін түсінуінен деп ұғындырады. Алғашқы кезде өзінің күшімен және батылдылығымен тобыр көсемі болғандар бірден билікті өз колдарына алып, бұл билікті табиғи заңдылық ретінде пайдаланды. Мемлекеттің демократиялык басқару формасының алғашқы кезеңінде бостандық пен еркіндік жоғары бағаланады. Бірақ басқалар есебінен өмір сүруге дағдыланған тобыр өздерінің көсемін сайлап, демократиялық билікті құлатады және мемлекет билігінен бойын аулақ салады. Демократия охлократияға айналады. Бұл жағдай ізгілікті мемлекеттің ең нашар түрі ретінде көрінеді және басқару формаларының ең соңғы сатысы болып есептеледі. Мемлекеттік билік формаларының ауысуын сипаттай келе, Полибий басқарудың ең тиімді формасы ретінде патшалық биліктің, аристократияның және демократияның ең жақсы тұстарының араласқан формасын ұсынады. Оның баскарудың аралас формасы туралы ойлары мемлекет, құқық және билікті  бөлу теориясында одан әрі дамытылды.

 

 

 

Негізгі әдебиеттер:

 

1.  Саяси және құқықтық  ілімдер тарихы.

 

2.  История политических  и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

 

3.  История политических  и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

 

4.  История политических  и правовых учений/ Хрестоматия  / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.

 

5.  История политических  и правовых учений/ Хрестоматия  / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.

 

6.  Антология мировой  правовой мысли: В 5т. / Рук науч. проекта Семигин Г.Ю. - Т. I: Античный  мир и Восточные цивилизации.

 

7.  История философии  права. Учебное пособие СПб:  Юрид.инс-т 1988. (содержит обстоятельные фрагменты классических трудов).

 

8.  Сравнительное изучение  цивилизаций. Хрестоматия. Сост.Б.С.Ерасов. М.,1998

 

9.  Лао-цзы. Дао дэ  цзин. (Сер: "Жемчужины истории политической и правовой мысли "). - Алматы: ВШП "Әділет", 2000.

 

 

 

Қосымша әдебиеттер:

 

1.  Бачинин В.А. История  философии и социологии права. - Санкт-Петербург, 2001

 

2.  Гобозов И.А. Философия  политики.-М.,1998

 

3.  История политических  и правовых учений (Древний мир). /Под ред.В.С.Нерсесянца. М.:Наука, 1985

 

4.  История философии  в кратком изложении.М.,1991

 

5.  Кечекьян С.Ф. Учение  Аристотеля о государстве и  праве.М.,1960

 

6.  Мифы народов мира. Энциклопедия в 2-х томах. /Гл.ред.С.А.Токарев.-М.,1992

 

7.  Кун Н.А. Легенды  и мифы Древней Греции. Алма-Ата,1985

 

8.  Луковская Д.И. У  истоков правовой мысли в Древней  Греции. "Правоведение" 1977, №1

 

9.  Материалисты Древней  Греции. /Сб.статей. М.,1955

 

10.           Полибий (Из истории политической  и правовой мысли). /Под ред.  Мирзаева С.Б.М., 1986

 

11.           Политические учения Древней  Греции. /Сб.статей. М.,1979

 

12.           Философский энциклопедический  словарь.-М.,1988;1999;2000

 

 

 

Тақырып 4.Ежелгі Римдегі  саяси және құқықтық ілімдер

 

 

Ежелгі Римдегі саяси  және құқықтық ілімдердің жалпы сипаттамасы. Цицеронның құқық және мемлекет туралы ілімі. Рим стоиктерінің саяси және құқықтық идеялары. Сенека. Рим юристері құқық табиғаты және жүйесі туралы. Табиғи құқық. Халықтар құқығы. Жария және жеке құқық. Ерте христиандықтың саяси және құқықтық идеялары. Інжіл. Августиннің саяси-құқықтық ілімі.

 

Ежелгі Римдегі саяси-құқықтық институттар мен көзқарастар халықтың әртүрлі топтары — патрицийлер мен плебейлер, нобилиттер (патрицийлср мен байыған плебейлер) мен кедейлер, оптиматтар (қоғамның ақсүйектер тобы) мен полярлар (төменгі халықты қолдаушылар). еріктілер мен кұлдар арасындағы өткір күрес жағдайындағы ұзақ тарихы бойында үнемі дамып отырды.

 

Адамның алғашқы табиғи жағдайдан  саяси өмір мен мемлекеттің, заңдар мен ойлардың пайда болуына дейін прогрессивті дамуы туралы жалпы философиялық көзқарастар Гит Лукрецийдің "Заттың табиғаты туралы" поэмасында көрініс тапты және одан әрі дамытылды. Оның бұл шығармасында адамның, табиғаттың, әлемнің және қоғамның пайда болуы туралы мәселелер материалистік түрғыда жеңіл, түбірлі түрде өлеңмен баяндалады.

 

Дүниеде бәрінің негізі материя деп мойындай отырып, Лукреций "бәрі материядан шығады және бәрі сонымен өмір сүреді" деп атап көрсетеді Дінді ғылыми прогрестің кедергісі деп бөлген ол діни ұғымдарды да батыл сынға алады. Рим қоғамының  кемшіліктерін де айыптап отырып, саяси күрес пен билікті өзінің жеке басының мүддесі үшін пайдаланушылар туралы теріс пікірде болды.

 

Бұл кездегі ресми христиан доктринасы мен христиандықтың саяси  идеологиясының көрнекті қайраткері Аврелий  Августин шешімінде схоластика қағидалары да көрініс тапты.

 

 Ежелгі Римнің атақты  шешен заңгері, мемлекеттік қайраткері  және ойшылы Марк Туллий Цицерон б.з.д. 106 жылы туып, б.з.д. 43 жылы қайтыс болды. Ол кейінгі ұрпаққа, адамзат мәдениетіне орасан зор мұра қалдырған ұлы философ және саясаткер болды. Оның кең қамтылған шығармашылығында мемлекет пен құқық мәселелеріне көп орын берген. Бұл мәселелер оның осы тақырыпқа арнайы жазған мемлекет туралы "Құдайлардың табиғаты туралы", "Міндеттілік туралы", "Жамандық пен жақсылықтың шегі туралы" және "Заңдар туралы" еңбектерінде кең қамтылған.

 

Цицерон мемлекетке халық  еңбегінің жемісі рстінде анықтама берді.

 

Мемлекеттін пайда болу себебі Цицерон адамдардың әлсіздігі мен  қорқынышын емес, олардың туғаннан бірге жүру қажеттігіне ұмтылуынан деп есептейді. Бұл мәселе бойынша, Аристотельдің политиясын құптаған Цицерон сол кездегі мемлекеттің пайда болуының келісімдік сипаты туралы кең дамыған түсінігін жоққа шығарды. Ол мемлекет пен жеке меншіктің байланысын анықтап, мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі — жеке меншікті қорғау туралы ережені мақұлдайды. Билеушылер санына қарай Цицерон мемлекеттің қарапайым үш формасын патша билігін (монархия), оптиматтарды (аристократия) және халық билігін (демократия) атап көрсетеді.

 

Табиғат құқықтары, Цицерон  бойынша, жазба зандардың қайсысынан болса да ерте, тіпті мемлекетпен  де ерте пайда болған.. Заңның көмегі мен күші туралы Цицерон "coт —  сөилейтін заң, ал заң — әлсіз сот" деген анықтама береді, яғни әділ заң "әділдігі әркімге өзіне тиістісін беруден тұрады".

 

Ежелгі Грециадан бастау алған стоицизм римдік саяси-құқықтық ойда одан әрі жалғасын тапты. Рим стоиктерінің теориялық көзқарастары ежелгі грек  стоиктерінің философиялық, этикалық және саяси-құқықтық концепцияларының едәуір ықпалында болғанымен, олардың өзіндік ерекшеліктері айқындалды және одан әрі дамытылды. Рим стоицизмнің басты өкілдері Луций Анней Сенека /3 -65жж/, Эпиктет /50—140жж/ және Марк Аврелий Антонин болды.

 

Стоиктердің ілімі бойынша, әлем – біртұтас дене. Ол құдайлық пен  адамдықтың арасындағы қарым-қатынас және оны әлемдік құдай ретінде қарастырады. Олардың айтуынша, әлемде болып жатқан өзгерістер қатал қажеттілік заңына бағынған, сондықтан ол белгілі бір мақсатты жолмен, яғни оны керек етуіне қарай дамиды. Қажеттілік заңын стоиктер қоғамдық өмірде де қолданылады деп есептейді.  Осы заңға сүйенген  олар бостандық ұғымын да қажеттілік ұғымы арқылы түсіндіруге тырысады.

 

Рим заңгерлерінің тек  құқықтану саласында ғана емес, бүкіл әлемдік µркениетке қосқан үлесі айрықша. Олар құқықтануды алғаш рет жеке ғылым ретінде қарастырды.

 

Рим заңгерлерінің қызметі  мынадай құқықтық мәселелерді шешуге көмектесті: 1) rеsponderе — жеке адамдардың құқық мәселелері жөніндегі сұрақтарына  жауап беру, 2) cavere — келісімдер мен  мәмілелер (шарттар) жасауға көмектесу және формулаларды хабарлау, 3) agere — сот ісіне көмектесу.

 

Азаматтық құқық жинақталған  Юстиниан кодификациясы "Корпус юрис цивилис" деп аталды. Бұл кодификацияға ең алдымен Гайдың институциялары кірді. Гай институциялары құқықтық бастауыш оқуға арналған рим құқығының негізін құрады. Мұнда сонымен біргс Ульпианның, Флорентиннің және Марцианның еңбектері де енгізілді. Институциялар төрт кітапқа, кітаптар титулға, титулдар параграфқа бөлінді.

 

Рим құқықтық ойының маңызды  табыстарының бір құқықты бұқаралық (көпшілік) және жеке құқыққа бөлуі болып табылады. Олар бұқаралык (көпшілік) құқық саласында шіркеу иелері мен абыздардын кұқықтық жағдайы, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өкілеттілігі, азаматтык және басқа да мемлекеттік-азаматтық институттар ұғымына талдау жасады. Цивильдік құқық саласында рим заңгерлері меншік, отбасы, өсиет, шарт мәселелеріне жан-жақты талдау жасады. Мүліктік қатынастарды реттеуде олар жеке меншікті қорғау позициясында болды. Олар меншік құқығын затты абсолютті түрде иелену және пайдалану деп түсіндірді. Яғни зат иесі затты жоюға да құқылы. Бірақ, меншік иесінің құқығы қаншама кең болғанымен, ол басқалармен санасуға міндетті. Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі құқықтық ойдың одан кейінгі дамуына үлкен ыкпалын тигізді.

 

 

 

Негізгі әдебиеттер:

 

1.  Саяси және құқықтық  ілімдер тарихы.

 

2.  История политических  и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

 

3.  История политических  и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

 

4.  История политических  и правовых учений/ Хрестоматия  / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.

 

5.  История политических  и правовых учений/ Хрестоматия  / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.

 

6.  Антология мировой  правовой мысли: В 5т. / Рук науч. проекта Семигин Г.Ю. - Т. I: Античный  мир и Восточные цивилизации.

 

7.  История философии  права. Учебное пособие СПб:  Юрид.инс-т 1988. (содержит обстоятельные фрагменты классических трудов).

 

8.  Сравнительное изучение  цивилизаций. Хрестоматия. Сост.Б.С.Ерасов. М.,1998

 

 

 

Қосымша әдебиеттер:

 

1.  Бачинин В.А. История  философии и социологии права. - Санкт-Петербург, 2001

 

2.  Галанза П.Н. Государство  и право Древнего Рима.1963

 

3.  Гобозов И.А. Философия  политики.-М.,1998

 

4.  История политических  и правовых учений (Древний мир). /Под ред.В.С.Нерсесянца. М.:Наука, 1985

 

5.  История философии  в кратком изложении.М.,1991

 

6.  Мифы народов мира. Энциклопедия в 2-х томах. /Гл.ред.С.А.Токарев.-М.,1992

 

7.  Утченко С.Л. Политические  учения Древнего Рима.М.,1977

 

8.  Философский энциклопедический  словарь.-М.,1988;1999;2000

 

 

 

Орта ғасыр және Қайта  µрлеу кезеңіндегі саяси және құқықтық ілімдер

 

 

 

Тақырып 5. Арабтық Шығыс, Орта Азия және Қазақстандағы

 

ортағасыр дәуіріндегі саяси және құқықтық ілімдер

 

 

 

Арабтық Шығыс, Орта Азия елдеріндегі  және Қазақстандағы саяси және құқықтық ілімдер ерекшеліктері. Азияның  мұсылмандық ортасындағы ортағасырлық саяси-құқықтық ойлар қалыптасуының  негізгі ерекшеліктері.  Исламның саяси-құқықтық идеологиясы. Құран  мен Сүннет исламның заңдық нұсқауларының негізгі қайнар кµзі ретінде. Негізгі бағыттар мен секталардың саяси-құқықтық идеялары. Суннизм және шиизм.

 

Әл-Фарабидің саяси және құқықтық идеялары. Мемлекеттің пайда  болуы. Қала мемлекеттердің жіктелуі. Мемлекет басшысының қажетті мінездемесі және оның ролі. Жетілген мемлекет туралы кµзқарастар. «Мемлекет қайраткерінің афоризмдері». Ибн Халдунның мемлекет туралы ілімдері. Халифат теориясы.

 

Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы өзінің түбегейлі тұжырымдамасы  мен теориялық қайнар көзі негізінде  басқа құқықтық нормалардан өзгешелігімен айрықшаланады. Мұндағы құқықтық діни-этикалық нормалар мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтас және бір-бірін толықтыра отырып, біртүтас құқыктық жүйе құрайды. Мұсылман кұқығы заң ғылымының жеке саласы емес, ол ислам ілімінің бір ғана саласы. Мұнда ислам дінінін қағидалары — шариғат — адамдардың мүддесі үшін жүзеге асуы тиіс міндетті идея ретінде көрсетілген. Шариғатты орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады.

 

XI ғасырдан бастап мұсылман  қүқығының бірнеше құқыктық мектеп-ағымдары  дамыды.

 

Оның бірі сунниттік бағыттағы мұсылман құқығы 1. Ханифиттік — негізін салушы Әбу Ханифа (699—767 ж.ж.) (Иран, Түркия. Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Египет); 2. Маликиттік — негізін салушы Малика бен Анас (713—795 ж.ж.) (Солтүстік және Батыс Африка); 3. Шафиттік — негізін салушы аш-Шафий (767 -819 Ж.Ж.) (Сирия, Индонезия, Шығыс Африка); 4. Ханбалитік — негізін салушы Бен Хапбала (780—855 ж.ж.) (Арабия).

 

Шииттік бағыттағы мүсылман құқығы да джафариттік, исмалиттік, зейдиттік  және т.б. мектеп ағымдарға бөлінді.

 

Мұсылмандық теория бойынша  мұсылмандық құқықтың барлық нормалары  Құраннан және суннадан алынған. Мұсылман — құқықтық саяси теориясындағы  басты мәселе — мүсылмандық билік  пен басқарудын арнайы түрі — халифаттық өзара байланыстар аспектілерінің мәні туралы болды. Халифаттың анықтамасы туралы мүсылмандық мемлекеттанушы Әл-Маварди былай деп жазды "Имамат — діни сенімді корғау миссиясы мен жердегі iстерді басқарудың пайғамбарлық мұрасы болып табылады"

Информация о работе Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілідер