Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:52, курсовая работа
Ежелгішығыстық саяси-құқықтық ойлардағы саясат, құқық, мемлекет және заңнама туралы кµзқарастардың жалпы сипаттамасы. Саяси-құқықтық идеялардың пайда болуы. Ежелгі Египет, Шумер, Хетт патшалығы, Вавилон, Ежелгі Израиль, Ежелгі Ирандағы саяси-құқықтық ойлар. «Хаммурапи заңдары», «Кµне өсиет», «Авеста». Ежелгі ‡ндістандағы саяси және құқықтық ойлар. Ведалар. «Ригведа». Брахмандардың саяси-құқықтық идеялары
Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілімдер.
Тақырып 2. Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдер
Ежелгішығыстық саяси-құқықтық ойлардағы саясат, құқық, мемлекет және заңнама туралы кµзқарастардың жалпы сипаттамасы. Саяси-құқықтық идеялардың пайда болуы. Ежелгі Египет, Шумер, Хетт патшалығы, Вавилон, Ежелгі Израиль, Ежелгі Ирандағы саяси-құқықтық ойлар. «Хаммурапи заңдары», «Кµне өсиет», «Авеста». Ежелгі ‡ндістандағы саяси және құқықтық ойлар. Ведалар. «Ригведа». Брахмандардың саяси-құқықтық идеялары. «Ману заңдары». Джайнизм және буддизм. «Артхашастра» трактатындағы саяси және құқықтық теориялар. Ежелгі Қытайдағы саяси және құқықтық ойлар. Лао-цзы және даосизм ілімі. Конфуцийдің саяси және құқықтық ілімдері. Моцзыдың әлеуметтік-саяси және құқықтық идеялары. Фацзя (легистер) мектебінің мемлекет және заң ілімі. Шан Ян.
Саяси-құкықтық ілімдер алғашқы кезде адамдардың мифтік көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе ежелгі Шығыс жөне Батыс халықтарында, египеттіктерде, үндістерде, вавилондықтарда, гректерде, қытайларда, римдіктерде және т.б. халықтардың мифтік аңыздарында көрініс табады.
Мифология — ежелгі адамдардың өзін қоршаған әлемге, дүниеге қатынасы. Мифтік көзқарастарда болашақ ілімдердің элементтері де кездесетін, оларды алғашқы адамдар өздерінің тіршілігі мен қызметіне қажетті түрде пайдаланған. Мифтік аңыздарда адамдарды алғашқыда құдайлардың билегендігі, кейіннен құдайлар адамдарды ел билеу әдістсріне үйретіп, ел билеуді олардың өз қолдарына бергендігі туралы айтылады.
Хаммурапи бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы (б.з.д. 1792—1750 жж.) Бұл уақыт Вавилонның бүкіл Қос озен аралығында экономикалық, саяси жане мәдени орталығына айналу және оның гүлденуі мен дәуірлеу кезеңі. Әділдіктің қорғаушысы ретінде баяндалған Хаммурапи заңы еркін адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзінде бекітеді. Олардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретінде бағалайды, билеуші топтың мүддесін және жеке меншікті кызғыштай қорғайды.
Ежелгі парсылардың дүниетаным туралы көзқарастары зороастризмде көрініс тапты және дамытылды. Зороастризм бойынша мемлекет аспан қүдайы Ормузданың жердегі билігі болып саналады. Мемлекет билеушісі — монарх — жердегі Ормузданың әмірін орындаушы қызметкері, ол халықты жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауіп төндіретін әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрін себуге міндетті.
Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық ілім мифтік және діни көзқарастар түрінде қалыптасты. Брахманизм идеяларының алғашқы көріністері б.э.д. екі мыңдаған жылдықтағы "Веда" ескерткіштерінде кездеседі. "Веда" — "білім, кіріспе" (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Бұл ведаларда адамдардың төрт варнаға (кастаға) бөлінетіндігі және брахмандар — Пуруши құдайдың аузынан, кшатрийлер — құдайдың қолынан, вайшийлер — құдайдың санынан, шудралар — құдайдын табанынан жаратылды деп айтылады. Ману заңдарының 96-бабында "Тірі жәндіктердің ішіндегі ең қасиеттісі — жандылар, ал жандылардың ішінде адам, ал адамдардың ішінде брахмандар" деп айтылады.
«Ману заңдарында»
адамдардың варналарға бөлінуі
және олардың қоғамдағы орны
мен әлеуметтік теңсіздігі
Ежелгі Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды ағымдардың бірі даосизм ілімінің негізін салушы болып б.э.д. VI ғасырда өмір сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы саналады. Даосизм ілімінде аспан, табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады. Бұл заңшылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды. Дао ілімі бойынша барлық адам тең. Өз дәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен адамдардың әлеуметтік-саяси теңсіздігін, халықтың қайыршылық жағдайын және т.б. Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейді. Оның айтуынша ақылды билеуші өзінің қол астындағыларға "дао" жолымен (табиғи жолмен) жүруге жағдай жасайды. Ондай билеуші халықтың жеке ісіне араласпайды. Оның басты міндсті — елдегі тәртіп пен заңдылықты сақтау ғана.
Қытайдағы саяси және философиялық ілім тарихында конфуцизм ілімі маңызды роль атқарады. Оның негізін қалаған б.э.д. 551—479 жылдары өмір сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды. Дәстүрлі көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттің патриархалды — патерналистік концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет — үлкен жанұя.
Әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай ретінде қарастырған Конфуций аристократиялық билік концепциясын, яғни ақ-сүйектер тобының билігін жақтады. Конфуций билеушілерді өз бағыныштыларына кайырымды болуға шақырды. Билеуші қайырымды болса, төменгі адам да қайырымды болады. Биліктің осы ережесін жақтаған Конфуцийден "Шөп жел сокқан жаққа кисаяды» деген нақыл сөз қалған. Ішкі және сыртқы соғыстарға қарсы болған Конфуций Кьггай жерінен алыс түратын басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды.
Конфуцийдің этикалық-құқықтық және мінез-құлық нормалары мен принциптері адам өмірі мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелері (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо), адамдық касиет (жэнь), адамдар қамқорлығы (шу), билеушіге адалдык (чжун), парыз (и) және т.б. жатады.
Конфуцизм ілімі, сонымен бірге, ел билеушілері мен өкімдерге де қол астындағыларға тап баласындай қарауға кеңес береді. Конфуций бойынша "ақылды билеуші ауыр жазамен адамдардың жанын қинамайды, оларды табаңдылықпен, ең алдымен өзі үлгі-өнеге көрсетіп жақсылыққа тәрбиелейді". Конфуцизм ілімі мемлекеттік дін рөлін атқара бастады.
Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б.з.д. IV ғасырларда жарық көрген. Легизм ілімінің және заңшылдар мектебінің негізін қалаған ол Шан облысының билеушісі болды. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады. Сол кездегі үлкен ықпалға ие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң нормалары ғана елде тәртіп орната алады деп есептеді. Ел басқарудың негізгі әдісі ретінде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адамдар арасындағы қатынастарды оңай реттеуге болатындығын айтты. Бұл "кімді кім жеңетіндігі" туралы принципке негізделген таптар күресінің қатынастарын көрсетті. Оның айтуынша, "халық, өз өкіметінен күштірек болса, мемлекет әлсіз, ал өкімет өз халқынан күштірек болса, армия күшті, өрі қуатты болады".
Шан Янның басқару туралы концепциясы адамдарға дұшпандық көзқараста болу оларды жазалау және күштеу шаралары арқылы қалаған тәртіпке көндіруге болады деген тұжырымға сәйкес келеді
Негізгі әдебиеттер:
1.
История политических и
2.
История политических и
3.
История политических и
4.
История политических и
5.
Антология мировой
6.
Антология мировой правовой
7.
История философии права.
8.
Сравнительное изучение
9. Лао-цзы. Дао дэ цзин. (Сер: "Жемчужины истории политической и правовой мысли "). - Алматы: ВШП "Әділет", 2000.
Қосымша әдебиеттер:
1.
Бачинин В.А. История
2.
Гобозов И.А. Философия
3.
История политических и
4. История философии в кратком изложении.М.,1991
5. Мифы народов мира. Энциклопедия в 2-х томах. /Гл.ред.С.А.Токарев.-М.,1992
6.
Немеровский А.И. Мифы и
7.
Радхакришнан С. Индийская
8. Философский энциклопедический словарь.-М.,1988;1999;2000
Тақырып 3.Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтық ілімдер
Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтық ойлар: негізгі бағыттары және мәселелері, кµрнекті µкілдері. Ерте кезеңдегі саяси-құқықтық ойлар. Пифагор. Гераклит. Сократтың саяси және құқықтық идеялары. Платонның мемлекет және құқық туралы ілімдері, оның философиялық негіздері. Мемлекет нысанын жіктеу және мемлекет нысандарының айналымы идеясы. Идеалды мемлекетүлгілері. Аристотельдің құқық және мемлекет туралы ілімдері. Аристотельдің «Саясаты». Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет нысандары және олардың эволюциясы. Полибийдің саяси және құқықтық идеялары. Полибий саяси µмір нысандарының айналымы туралы. Аралас мемлекет концепциясы.Б.з.д. мың жылдықтың басында Ежелгі Грецияда жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды
Ежелгі грек полистерде саяси-құкықтық көзқарастьң пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады. Epлiк кезең- (б.з.д. IX—VI ғғ) ежелгі грек мемлекетінің пайда болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационализм (Гомер, Гесиод, атақты "жеті данышпан") байқалады –және "мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады Екінші кезең — (б.з.д. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) Үшінші кезең — (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мсн II ғасырлары) эллинизм кезеңі. Ежелгі грек мемлекетінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер. Полибий жәнс т.б.)
Б.з.д. IX—VIII ғасырларда ежелгі мифтік көзқарастар архаистік поэзияда, одан кейін Гомер мсн Гесиодтың поэмаларында өзінің алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық және саяси-құқықтық өзгеріске ұшырайды. Гомердің "Илиада" және "Одиссея" поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VI I ғ.) гректердін әскери және қоғамдық өмірінен көптеген құнды мәліметтер береді.
Гомер мен Гесиод поэмаларына
тән адамдар әрекеті мен
Б.з.д. V1-V ғасырларда Пифагор, Архит, Гераклит және тағы басқалар қоғамдық және саяси-құқықтық тәртіптерді философиялық негізде қайта құру қажеттігі туралы идеялар ұсынды. Олар демократияны сынай отырып, ақыл және адамгершілік элитасының "озықтары" билігі — аристократиялық идеалды жақтады. Гректің ұлы ойшылы Демокрит б.з.д. IV ғасырдың бірінші жартысының алғашқы жылдарында адамның, адам қауымдастығының және қоғамның пайда болуы мен тұрақтауын әлемдік дамудың табиғи процесіндегі бір бөлшек ретінде қарастыруға талпынды. Мемлекеттік басқаруда халық билігі — демократияны жақтаған Демокрит сонымен бірге аристократияның пайдалы жақтары бар екендігін айтады. Оның пайымдауынша, "Ақымақтардың ел басқарғанынан бағынғаны артық. Табиғатты да үздіктер мен саналылардың басқаратыны мәлім, сондықтан да жоғары ақыл мен адамгершілік касиеттері бар адамдардың билігі дұрыс болып табылады". Демокриттің айтуы бойынша, заңдар адамдардың қоғамдағы қалыпты өмірін қамтамасыз етуге және соңдай нәтижеге жетуге қажетті жағдай жасауы тиіс.
Платон — антикалық заманның ғана емес, бүкіл философия, саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі. Өзінің еңбектері мен шығармаларында ұлы ойшыл абсолюттік социализмді жақтады. Оның айтуынша, әрбір идея жеке заттың немесе барша заттың абсолюттік мәнін білдіретін ерекше идеялар әлемін құрайды, яғни идеялар мәңгілік, олар жоғалып кетпейді, жаңадан пайда болмайды.
Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуі мен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады және олардың бір топтан екінші топқа өту мүмкіншілігін жоққа шығармайды. Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасын қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де, Платонның ойынша, мәңгі өмір сүре алмайды.
Платон адамдардың жан
дүниесіне мемлекеттік
"Заң" деген шығармасында
Платон мемлекеттік қүрылымнын.
екінші жобасын ұсынады.
Антикалық саяси-құқықтық ойдың одан әрі дамуы және тереңдеуі Платонын шәкірті және сыншысы Аристотельдің (б.з.д. 384—322жж.) есімімен тікелей байланысты.
Информация о работе Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілідер