Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілідер

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:52, курсовая работа

Описание работы

Ежелгішығыстық саяси-құқықтық ойлардағы саясат, құқық, мемлекет және заңнама туралы кµзқарастардың жалпы сипаттамасы. Саяси-құқықтық идеялардың пайда болуы. Ежелгі Египет, Шумер, Хетт патшалығы, Вавилон, Ежелгі Израиль, Ежелгі Ирандағы саяси-құқықтық ойлар. «Хаммурапи заңдары», «Кµне өсиет», «Авеста». Ежелгі ‡ндістандағы саяси және құқықтық ойлар. Ведалар. «Ригведа». Брахмандардың саяси-құқықтық идеялары

Работа содержит 1 файл

Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілімдер.docx

— 99.79 Кб (Скачать)

 

Макиавеллидің айтуынша, әлемде тендей дөреже шамасында қайырымдылық пен жауыздық, әділдік  пен зұлымдық бар, бірақ, олар бір елден екінші елге жылжи отырьш, өздерінің географиялық бағытын өзгертуі мүмкін. Яғни, бір елде қайырымдылық пен әділдік үстем болса, екінші елде жауыздык пен зұлымдық басым болады. Мемлекет тарихында бұл процесс әдет-ғұрып пен мінездің жәнс басқа да факторлардың ыкпалымен үнемі озгеріп отырады. Бірақ әлемдегі жақсылық пен жамаңдыктың жалпы жиынтығы өзгеріссіз калады.

 

"Макиавеллизм" деген  атқа ие болған оның бұл  ілімі саясат пен билікте өз мақсатына калай жетсең де дұрыс деген қағиданың пайда болуына әкелді. Оның бұл көзқарастары феодалдық және буржуазиялық билеушілердін арасыңда кеңінен таралды. Макиавеллидің бүл ілімін қазіргі кезде де қолданатындар бар.

 

Макиавеллидін айтуынша, халықты  µзіңе толық бағынышты етудің екі жолы бар. Оның біріншісі —халықтың билеушіге деген сүйспеншілігі, екіншісі — оның алдында қорқынышта болу. Бұның қайсысы тиімді және қолайлы деген мөселеде Макиавелли "сүйіспеншілік пен қорқыныш бір мезгілде болғанда тиімді нәтиже берер еді, бірақ сүйіспеншілік қорқынышпен сіңісе алмайды, ал олардың біреуін тандау қажет болғанда, қорқынышты тандау тиімдірек болады" деген қорытыңдыға келеді.

 

Ол Полибийдің басқарудың  дұрыс формасы — монархия, аристократия, демократиясын және   үш дұрыс  емес   формасы   —   тирания,   олигархия   және охлократияны бөліп қарайды. Онын алғашқы үшеуі басқарудың жетілген, соңгы үшеуі жетілмеген формасы болып есептелінеді. Мемлекет формаларының бұлайша алмасуын Макиавелли күштер арақатынасының нәтижесі деп есептелді.

 

ХУІ ғасырдьщ І-ші жартысында Батыс және Орталық Европада өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаты жөнінен антифеодалдық, ал идеологиялық формасы жөнінен діни (католик шіркеуінс қарсы) қоғамдық қозғалыс кең қанат жайды. Бұл қозғалыстын басты мақсаты — рим-католик шіркеуінің ресми доктринасына түзету енгізу, шіркеу құрылымын өзгерту және мемлекет пен шіркеу арасындағы өзара қарым-қатынасты қайта құру болып табьлатындықтан, бұл қозғалыс реформация деген атқа ие болды.

 

Реформация қозғалысының бастамасын жасаушы және ірі қайраткері немістің діни ғалымы Мартин Лютер болды. Бүкіл Германияны дүр сілкіндірген реформацияның саяси-құқықтық және діни ұранын Мартин Лютер жасаған болатын. Оның 1517 жылғы қарашада 95 тезистен тұратын күнәні кешіретін грамоталарға қарсы шығуы реформациялық қозгалыстың бастамасын салып берді. Мартин Лютердің саяси-құқықтық жүйедегі көзқарасын жақсы түсіну үшін 1-ден оның XVI ғасырдың 20-жылдарының өзінде-ақ Реформацияның революциялық лагеріне қарсы болғандығын, 2-ден оның өзінің ұстанған мақсаты мен ол айтқан тарихи идеялардың арасындағы айырмашылықты ескеру қажет.

 

М. Лютер ілімінін басты қағидасы — адам сену арқылы ғана Корғаныш таба алады деген тезисі болып табылады. Әрбір сенушi өзінің жасаған әрекеттері үшін құдай алдында өздері ғана жауап береді және бұл кезде дін иелерінің көмегінін қажеті жоқ. Рим папасынан шаруаға дейінгі барлық адам құдай алдында бірдей. М. Лютерлің бұл қағидасы теңдік туралы ерте буржуазиялық ең алғашқы ұсыныс болды. Лютердін айтуынша, құдай жолын ұстану, христиандық өмір салтын кешу әркімнін жан дүниесіне байланысты бейбіт тәртіпке негізделуі тиіс. Ал бұл тәртіп құдай заңдары арқылы емес, ақсүйектік билік мекемелерінің қолдауы арқылы табиғи түрде жүзеге асуы керек.

 

Адамның ішкі жан-дүние бостандығы мен діни сенімі мемлекет заңынан  тысқары болуы тиіс. Мемлекет билеушілері өздерін халықтың билеушісі емес, қызметшісі ретінде сезінуі керек деп есептеді М. Лютер. Бірақ ол мемлекеттің демократиялық құрылымы туралы ойдан аулақ болды. Ол бұқара халықты билеушіге бағынуды жәнс оған қарсы көтеріліс жасамауға шақырды.

 

Мюнцердін тікелей қатысуымен шыққан "Баптар бойынша жазылған хатта" халықтың қайыршылық жағдайда одан әрі өмір сүруінін мүмкін емес екендігі айтылды. "Осы кезеңге дейін шіркеу мен өкіметтің тарапынан адам айтқысыз ауыртпалық көріп, жапа шеккен халық бас косып толық азаттыкқа жетуі керек". Ал бұл міндеттерді шешу аталған құжатта "Жалпыға пайдалы цринциптердің негізінде өмірді жанартып, қайта құру мақсатымен барлық сезілген халык бас қосып біріккен жағдайда ғана жүзеге асырылады" деп атап көрсетілді.

 

Реформациялық қозғалыстың  көрнекті идеологы және ықпалды қайраткерлерінің бірі Жан Кальвин (1509—1564) болды. "Христиан дініндегі өсиет". Бұл шығарманың діңгегі — Құдайдың адам тағдырын алдын-ала белгілеп қоюы туралы догматы еді.

 

Кальвин бойынша тағдыр жазмышы  ешкімнің де жеке әрекетіне байланысты емес және ешкім де өзінін, болашақ тағдырын болжай біле алмайды, ешкім де оны өзгерте алмайды. Оның айтуынша, байлық та, кедеилік те, сәттілік пен сәтсіздік те құдайға шын ниетімен сенуді айқындаитын сынақ болып табылады. Адамдардын барлығы да өзінің әлеуметтік және лауазымдық жағдайына карамай өздерін құдайдың құлымын деп үғынуы тиіс. Және оны аянбай еңбек етіп жақсы нәтижелерімен дәлелдеуге міндетті.

 

Феодалдық-монархиялық топтарды олардың жасаған зорлык-зомбылығы мен әділетсіздігі үшін сынаған ол, барлық мемлекеттік билікті құдайлық деп жар салды. Кальвиндік идеология тарихта елеулі роль атқарды. Ол Батыс Европадағы алғашқы Нидерланды буржуазиялык, революциясынын жеңіске жетуіне және елде республиканың орнауына ықпал етті. Кальвиндік идеология негізінде Англия мен ІІІотландияда республикалық партиялар құрылды. Реформацияның басқа да идеялық ағымдарымен бірге кальвинизм XVII—XVIII ғасырлардағы буржуазияның саяси-құқықтык көзқарасының негізін дамытуға септігін тигізді.

 

Итальян ойшылы Томмазо Кампанелланың (156S—1639) "Күн қаласы" шығармасында әлеуметтік теңсіздік пен жеке меншікті жою, өндірісті әділетті түрде қоғамдық негізде ұйымдастыру, еңбекті құрметті және барлық адам үшін міндетті деп тану туралы ойлар қамтылған. Кампанелла өз шығармасын солярийдің қала- мемлекеттік тұрмыс тіршілігін және қоғамдық өмірін сипаттаудан бастайды. Олардың бұқаралық билік жүйесі үш тармақтан тұрады. Бірінші —әскери іс, екіншісі — ғылым, үшіншісі — өндіріс саласы. Оның әрқайсысын өз атына лайық үш билеуші (Күш, Даналық, Сүйіспеншілік) басқарады, ал оларға өз кезегінде үш бастықтан бағанады. Ең жоғары билікте — бас билеуші Метафизик тұрады. Барлық мәселелер мен дауларда соңғы шешім шығару соның қолында.

 

 

 

Негізгі әдебиеттер:

 

1.  История политических  и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

 

2.  История политических  и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

 

3.  История политических  и правовых учений: Краткий учебный  курс/ Под. общ.ред. Нерсесянца В.С. –М.,2000.

 

4.  Козлихин И.Ю. История  политических и правовых учений. Новое время: от Макиавелли  до Канта. Курс лекций. СПб.,2001 (издание содержит излечение из  трудов классиков)

 

5.  История политических  и правовых учений/ Хрестоматия  / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.

 

6.  История политических  и правовых учений/ Хрестоматия  / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.

 

7.  Антология мировой  правовой мысли: В 5т. / Рук науч. проекта Семигин Г.Ю. - Т. II: Европа: V-XVII вв.

 

8.  Макиавелли Николло.  Государь (II principe). (Сер: "Жемчужины истории политической и правовой мысли "). - Алматы: ВШП "Әділет", 2001.

 

 

 

Қосымша әдебиеттер:

 

1.  Бонташ П.Р., Прозорова  Н.С. Томас Мор (Из истории  политических и правовых учений) М.,1983

 

2.  Бачинин В.А. История  философии и социологии права. - Санкт-Петербург, 2001

 

3.  Гобозов И.А. Философия  политики.-М.,1998

 

4.  Застенкер П.Е. Очерки  истории социалистической мысли.М.,1985

 

5.  История политических  и правовых учений (Средние века  и Возрождение), /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука, 1986

 

6.  История философии  в кратком изложении.М.,1991

 

7.  История социалистических  учений. /Сб.статей,М.,1984

 

8.  Осиновский И.Н. Томас  Мор. М.,1981

 

9.  Толенов Е.И.Макиавелли.М.,1979

 

 

 

Х‡ІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы саяси және құқықтық ілімдер

 

 

 

Тақырып 8. Х‡ІІ-Х‡ІІІ ғғ. Голландия мен Англиядағы саяси және құқықтық ілімдер

 

 

 

өндірістік қоғам қалыптастыру дәуіріндегі ерте тµңкерілістер кезеңіндегі саяси және құқықтық идеологияның жалпы сипаттамасы. Табиғи құқық теориясының жалпы сипаттамасы.

 

Голландиядағы Х‡ІІ ғасырдағы  саяси және құқықтық ілімдер.  Гуго Гроцийдің саяси және құқықтық ілімдері. Табиғи құқық теориясы. Гроций мемлекеттік билік егемендігі, халықаралық құқық, соғыс және бейбітшілік туралы.

 

Бенедикт (Барух) Спинозаның құқық және мемлекет туралы ілімі. Азаматтардың ажырағысыз құқығы және мемлекеттік билік әрекетінің шегі туралы.

 

Х‡ІІ ғасырдағы ағылшын тµңкерілісі кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары.

 

Роялистердің саяси және құқықтық идеялары.

 

Роберт Филмердің саяси  кµзқарастары.

 

Томас Гоббстың саяси және құқықтық ілімдері. «Левиафан». Мемлекеттің пайда болуының келісімдік теориясының ерекшеліктері. Гоббс іліміндегі құқық және заң. Индепенденттердің саяси және құқықтық идеялары. Джон Мильтон  және Олджернон Сидней мемлекеттік егемендік иегері және қайнар кµзі ретіндегі халық, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы. Джеймс Гаррингтон меншік пен билік арақатынасы туралы.

 

Левеллерлердің саяси-құқықтық идеологиясы. Джон Лильберн табиғи құқық туралы. Халық егеменділігінің ажырағысыздығы идеясы.

 

Джон Локктың либералды  саяси және құқықтық ілімінде 1688 жылғы Англиядағы әлеуметтік-саяси келісімді негіздеу.  Адамның ажырағысыз құқықтары. Билікті жіктеу теориясы.

 

Гуго Гроций жаңа заманның (табиғи және халықаралық құқықтың)  ерте буржуазиялық ілімінің негізін  қалаушылардын бірі, Голландияның әйгілі заңгері және саяси ойшылы.

 

Құкықтану саласы Гроций үшін құқық және әділдік, ал саяси ғылым мақсаттық пен пайда мәселелері болып табылады. Ол құқықтануға "ғылыми форма" беру үшін оның табиғаттан пайда болуы мен қолдан жасалу шекарасын анықтау керектігін айтады. Өйткені, қолдан жасалған құкықтар уақыт ағымына қарай өзгермелі келеді, ал табиғаттан шыққан құқықтар яғни, табиғи құқықтар барлық уақытта өз күйінде қалады. Сондықтан ол заңтануда өзінін ерік қайнар көзі бар "табиғи, өзгеріссіз" бөлігін басқалардан айыра білу кажеттігін атап көрсетеді. Саяси салада табиғи жағдайдан "азаматтық қоғамға" және мемлекетке өту кезеңінде әділдіктің құқықтық прин-ципіне мүдденің саяси принципі қосылады.

 

Оның айтуынша "мемлекет — ерікті адамдардың жалпы мүдделері  мен құқықтарын қорғау үшін құрылған одағы". Гроций бойынша "құқық күштінің ғана еркі".

 

Соғысты әділетті және әділетсіз  деп бөлген ол, "барлық соғыстың басталуы құқықтың бұзылу салдары" деп түсіндіреді. Әділетті соғыс деп Г. Гроций қорғаныс, мемлекеттің тұтастығын сақтау және дүние-мүлікті қорғау соғыстарын, ал әділетсіз соғыстар деп басқыншылық,  басқаның дүниесін тартып  алу,басқа халықтарды бағындыру жолындағы соғыстарды айтады. Оның әлемдік қауымдастықтың жаңа түрін қалыптастырудағы халықаралық құқық туралы еңбектері оған "халықаралық құқықтың атасы" деген атақ берді.

 

Ерте буржуазиялық саяси  және құкықтық ілімінің дамуына сондай-ақ қоғам, мемлекет, билік мәселелеріне XVII ғасырда өмір сүрген Голландияның ұлы философы және саяси ойшылы Барух (Бенедикт) Спиноза қомақты үлес қосты. Оның саяси-құқыктық тақырыптағы басты еңбектері "Діни-саяси толғау", "Саяси трактат", "Декарт философиясының қағидалары", "Гео-метриялық әдіспен дәлелденген этика".

 

Спиноза "Діни-саяси толғау" трактатында Библияның ғылыми сынының  негізін салды "Екі ақиқат" концепциясын басшылыққа алған ол нағыз  шындықты танып білуде Библияның  көмегі шамалы деп есептеді. Шындыкты іздеудің бірден-бір жолы Спиноза ілімі бойынша ақыл-ой мен сана ғана болып табылады. Ал мемлекет және құқық мәселелерін қарастырғанда оны танудың сол саладағы өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет деп есептеді.

 

Адамзат тарихының тәжірибесіне сілтеме жасай отырып, Спиноза  барлық адамдар әрдайым бір-бірімен қарым-қатынаста болып, белгілі бір азаматтық жағдайда катар өмір сүреді деп атап көрсетті. Сондықтан да мемлекеттін табиғи негізі мен себебін ақыл-сананың нәтижесінен емес, жалпы табиғаттан нсмесе адамдар қатарынан іздеу керектігін айтады. Азаматтық қоғамның айрықша белгісі — жоғары биліктің, яғни мемлекеттін бар болуы. Бұл жерде жоғары билік ретінде мемлекеттің егемендігі туралы айтылып отыр.  Мемлекеттік шарт теориясының басты ерекшелігі, "әркімнің азаматтық қоғамдағы табиғи құқығы токтатылмайды", өйткені, адам­дар табиғи немесе азаматтық қоғамда болсын табиғат заңдары бойынша әрекет етеді, өздерінің мүддесін ойлайды, сондай-ақ оларды қорқыныш пен үміт сезімі билейді. Азаматтық қоғамда мемлекет бекіткен табиғи құқықтар әрекет етеді, яғни барлық адам үшін жалпы заңдар мен тұрмыс зандары, жалпы кепілдік пен кауіпсіздік кепілдігі пайда болады, барлығы бір ғана жоғары биліктен корқады.

 

"Левиафан" атты саяси  философиялық трактатымсн әлем  жұртшылығына танылған Томас  Гоббстың революцияға деген өзіндік  көзқарасы болды. Ол өзінің мемлекет және құқық туралы теориясының негізі ретінде жеке тұлғаның табиғаты туралы түсінікті алға қояды. Т. Гоббстын ойы бойынша адамдар алғашқы кезде дене және акыл-ой қабілеттері жөнінен тең дәрежеде жаратылған. Бірақ адам табиғатынан өзімшіл, ашқарақ- тойымсыз Яғни, "адам адамға —қасқыр" Осыдан келе қоғамда "барлығына бәрінің қарсы күресі" келіп шығады. Бітімге жету құралының ең басты түйіні бейбіт өмір мен µзіндік қорғаныс үшін өзінің кейбір құқыктарының шектеуге тура келетіндігі. Бұл — екінші табиғи заң. Адамдар өздерінің құқықтарын өзара келісімділікпен басқа адамға немесе адамдар тобына береді. Екінші табиғи заңнан үшінші табиғи заң шығады. Олар (адамдар) µздері бекіткен келісімдерді орындауы тиіс, олай болмаған жағдайда келісімнің ешқандай маңызы болмайды. Үшінші табиғи жағдайдан әділдіктің қайнар көзі мен бастауы көрінеді. Аталған үш заңнан басқа тағы он алты табиғи (өзгермейтін және мәңгі) заң бар. Олардын барлығы да бір ғана ережені — өзіңе ұнамағанды басқаға да істемеу қағидасын білдіреді.

Информация о работе Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілідер