Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 17:38, курсовая работа
Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.
Шарт – көп уақыттан бері келе жатқан құқық нысаны. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Шарттың осындай ұзақ кезеңге созылуы, шарттың қоғамдық қатынастың әр түрлі сипатты қамтитын ыңғайлы кұқық нысаны болып табылатындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұнының өзгеруіне қарамастан шарт құрылымы өзгеріссіз қалып отыр.
Уақыттың өтуіне сәйкес шартқа қатысушылардың құрамы өсе түсті. Жеке тұлғалармен қатар бұл рөлге ұжымдық сипаттағы үйымдар, яғни заңды тұлғалар да шартқа қатысушылар болып табылды.
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ.........
1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі ..............................
1.2 Сақтау шартының елеулі жағдайлары ....
1.3 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар.......................................................................................................................
1.4 Сақтау шартын өзгерту және бұзу ..
2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ..
2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі..................................................................................................................
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері.................
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы ..
2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары..................
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................................
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі қоғамда шарттық қатынастардың соның ішінде, сақтау шартының құқықтық реттелуін айшықтау зерттеу жұмысының негізгі мақсаттарының бірі болғандықтан жұмыстың қорытынды бөлімінде аталған мақсатқа қол жетті деп санауға болады. Сақтау қатынастарының туындауы оларды құқықтық реттеу қажеттілігін туғандығын көрсетті. Бұл қажеттілік азаматтық- құқықтық сақтау шарты болып табылды. Қазіргі кезде сақтау шартын жасау барлық жағдайларда қолданылады. Шартқа қатысушылар коммерциялық және іскерлік операцияларды жүзеге асырған кезде, өздерінің пайда табуға бағытталған істерінің есептері мен тұжырымдарының сапалы және дұрысорындалуын қамтамасыз етудің ең тиімді жолы- сақтау шартын жасасу деп шешті.
Субъектілердің арасындағы барлық нарықтық іскерлік қатынастар заңмен және шарт жасасу кезінде көзделген жағдайлармен реттеліп отырады. Сақтау шартының дұрыс жасалып сауатты рәсімделуінің нәтижесінде барлық коммерциялық және басқа да ұйымдардың жетістіктерге жетуі арта түспек. Өйткені шартта тараптардың құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершіліктері, мерзімдер, баға, есептеу тәртібі және т.б. көрсетіледі.
Сақтау шарты
мәніне, ерекшеліктеріне, жағдайларына
қарай сн алуан түрге бөлінеді.
Соның ішінде ломбардта сақтау, даулы
заттарды сақтау, тауар қоймасында
сақтау шарттарының пайда болуы
мен дамуы Қазақстан Республика
Азаматтық кодексте көрсетілгендей әр субъект өзіне қажетті сақтау шартының түрін ерікті таңдауға құқылы. Бастысы- жасалған шарттың заңға қайшы келмеуі. Шарт- өзінше бір өнер. Оны жасау тек заң білімін, іскерлік тәжірибені ғана емес, сонымен қатар, шығармашылық мүмкіншілігі мен шарт жағдайларын нақты және қысқа түрде сипаттау, шарт жасау үшін тиімді сәттерді пайдалана білу өнерін қажет етеді. Дұрыс жасалған шарт- бұл құқықтық келіспеушіліктер мен материалдықшығынды болдырмаудың бірден- бір кепілі. Сонымен, қорыта келгенде, бұл дипломдық жұмысты жазу барысында шаргтың пайда болып, даму, өзгерістерге ұшырауы, оның жаңа түрлерінің пайда болуы қоғамдық өмірдің дамуының айнасы ретінде сипатталып отыр.
Бұл аталмыш жұмыс- үлкен мақсаттарды көздейтін, терең білімді кажет ететін, уақыт талабына сай дүниеге келетін еңбектердің алғашқы қарлығашы ғана деп үміттенемін.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ