Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 17:38, курсовая работа
Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.
Шарт – көп уақыттан бері келе жатқан құқық нысаны. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Шарттың осындай ұзақ кезеңге созылуы, шарттың қоғамдық қатынастың әр түрлі сипатты қамтитын ыңғайлы кұқық нысаны болып табылатындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұнының өзгеруіне қарамастан шарт құрылымы өзгеріссіз қалып отыр.
Уақыттың өтуіне сәйкес шартқа қатысушылардың құрамы өсе түсті. Жеке тұлғалармен қатар бұл рөлге ұжымдық сипаттағы үйымдар, яғни заңды тұлғалар да шартқа қатысушылар болып табылды.
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ.........
1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі ..............................
1.2 Сақтау шартының елеулі жағдайлары ....
1.3 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар.......................................................................................................................
1.4 Сақтау шартын өзгерту және бұзу ..
2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ..
2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі..................................................................................................................
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері.................
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы ..
2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары..................
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................................
Ломбард жүк берушінің пайдасына сақтауға қабылданған заттарды сақтандыруға міндетті (олардың жоғалу кем шығу немесе бүліну қауіпін). Сақтандыру кезіндегі сақтандыру сомасы сақтандыру шартын бекіту үшін есептеліп, заттың толық бағалау құнына сүйене отырып анықталады. Сақтандырушыға заттың толық бағалау құнына сүйене отырып анықталады. Сақтандырушыға төленетін сақтандыру премиялар оның мөлшері жүк беруші ломбардтқа төлеуге міндетті болатын сыйақы мөлшеріне тиісінше әсер ететін болады.
Кәдімгі сақтау шартына қарағанда, ломбардта сақтау шарты бойынша сақтауға өткізілген затты қайтып алудан жалтарып жүрген жүк берушіге ықпал етудің өзге тәртібі көзделген. Жүк беруші затты қайтарып алудан жалтарған жағдайда ломбард оны үш ай бойына сактауға міндетті. Осы мерзім ішінде жүк беруші сақтау үшін төлем жасауды жалғастыруға міндетті.
Бұрын ломбард салынған және сақталып жатқан заттардың (уақытын-да қайтып алынбаған) сатуды өз бетінше ұйымдастыруға құқылы болған. Меншік иелері құқықтарын кепілдендіру мәселесіне қатысты заң шығарушылардың ерекше көңіл аударуына орай, енді ломбардтар сақталып жатқан затты алып қоюға деген өздерінің сөзсіз құқығын растайтын сот бұйрығын шығару туралы талаппен сотқа жүгінуге міндетті. Затты сату кезінде ломбард алынған сома есебінен өзінде бар барлық талаптарды, соның ішінде сыйақы төлеу жөніндегі борыштық негізгі сомасын, жүк берушінің жалтару кезеңінде сақтау үшін тиесілі сыйақы сомасына және өзге де тиесілі сомаларды қанағаттандыруға құқылы. Ақшаның қалған бөлігі жүк берушіге қайтарылуға тиіс.
Сақтау мерзімі өткеннен кейін үш ай сақтау ломбард үшін міндетті болып табылады. Өз білгенінше (клиент мүддесі үшін) ломбард затты аталған мерзімнен асатын уақыт ішінде де сақтай алады.
Жалпылама түрде құндылықтар түсінігі ҚР АК 786-бабының 1 -тармағында берілген. Оларға бағалы қағаздар, қымбат металлдар, тастар және өзге де құндылыктар, сондай-ақ құжаттар жатады. Көріп отырғанымыздай олардың тізімі жалпы түрде белгіленген, бұған қоса, бірқатар жағдайларда құндылықтар болып табылмайтын құжаттар да сақтауға жатады. Құндылықтарды сақтау шарты нормалардың мәнісіне сүйенсек, банкте ақшалар да сақтала алады. Бірақ бұл экономикалық мақсаттылыққа ие емес жэне ол сірә жекелеген жағдайларда ғана пайдаланылатын болады. Азаматтар өз ақшаларыи еркін сақтай алады, ақшаны кәсіпкерлік қызмет субъектілерімен сақтау сірә, қаржылық айналым мен салық салуды реттейтін жария кұқық нормаларымен қайшылыққа түседі.
Құндылықтардың (бағалы қағаздарды қоспағанда) толығырақ түсінігін арестке алынған мүлікті сактаудың тәртібі мен жағдайлары туралы жоғарыда бірнеше рет аталып өткен нұсқаудан таба аламыз. Оларға жататындар: "Өндірістік немесе зертханалық максаты бар қымбат металдардан, қымбат тастардан жасалған бұйымдар, ювелирлік бұйымдар, қымбат металдардан жасалған тиындар, кесектелген, шлих, самородка, жартылай фабрикат түріндегі қымбат тастар немесе металдардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ аталған бұйымдардың сынықтары, қымбат, коллекциялық ақша белгілері, тарихи немесе көркемдік кұндылығы бар мүлік". Құндылықтар қатарынан ешқандай ерекшеліктер болмағанымен осы қызмет түрінің пайда болу себебі ең алдымен дәстүрлі түрде ұрлықшылардыц назарына ілігетін заттар үшін, олардың жоғалу қаупін азайтатын, сақтау жағдайларын қалыптастыру қажеттілігімен байланысты. Соның салдарынан бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңға
сәйкес нормативтік актілері деңгейінде, құндылықтарды сақтаушы сақтауға міндетті талаптар жасап шығарылған. Әрине, құндылықтарды сақтаумен байланысты барлық талаптарды кез келген субъект орындай алмайды. Соған орай құндылықтарды сақтау ариайы банктік қызметке жатқызылған. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде сақтаушылар болып жекелеген банктік операңияларды жүзеге асыратын банктер мен банктік емес ұйымдар табылады. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және кызмет туралы" Заңында құндыл ықтарды банктер де сақтау сейфтік операциялар тәртібінде жүзеге асырылатындығы анықталған. Олар бағалы қағаздарды құжаттарды және клиенттердің құндылықтарын, соның ішінде сейф қораптарын, шкафтары мен үй-жайларын жалға беруді қоса алғанда, сақтау бойынша қызмет көрсетуді қамтиды. Сейфтік операция құндылықтарды банктерде сақтаудың шарттары негізінде жүзеге асырылатын қызмет болып табылады. Барлық жағдайларда банктер сейфтік операцияларды өткізудің жалпы талаптарын анықтайтын ережелерді жасап шығаруға, сондай-ақ құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге қатысты ішкі ережелерді иеленуге тиіс. Құндылықтарды сақтау шарты да банктік қызмет көрсету шарты болып табыла-ды және клиенттер де сақтау жағдайларымен таныс болуға тиіс.
Құндылықтарды банкте сақтау шарты нақты шарт болып табылады, ол банктің жүк берушіге атаулы сақтау құжатын беруімен рәсімделеді. Оны ұсынып көрсету банктің жүк берушіге немесе оның өкіліне сақтаудағы құндылықтарды беруі үшін негіз болып табылады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк беруші кез келген уақытта сейфтен құндылықтарды алуға, оларды қайта коюға, сақтаулы жатқан құжаттармен жұмыс істеуге құқылы. Банк жүк берушінің құндылықтарды алғандығын және қайтарғандығын есепке алуға құқылы. Жүк беру ші сейфтегі құндылықтардың бір бөлігін алған жағдайлардың барлығында банк құндылықтардың қалған бөлігін сақтауға міндетті. Құндылықтарды банкте сақтаудың осындай шарты кезінде ол бөлек сейфті (сейф үяларын), үй-жайды бөлусіз де және бөлумен де бекітіле алады.
Құндылықтарды сақтау шартының түрлері бар. Ол өзіне мүлікті жалға алу және сақтау элементтерін қамтиды. Яғни, банк тарапынан құндылықтарды (олардың қозалысын) есепке алуды болдырмайтын сақтау ту-ралы сөз бол ып отыр. Кезінде Г.Ф.Шершеневич мұндай жағдайларда сактау шартының үлгісін пайдаланудың мүмкін еместігі туралы қорытындыға келген болатын.
Бұл шарт (құндылықтарды банкте сақтау) жүк берушіге бөлек сейфті (ұяшықты) үй-жайды пайдалану мүмкіндігін беруге бағытталган. Ол құндылықтарды сақтауға кабылдау жөніндегі банктік іс әрекеттерді жасау (осылайша банк құндылықтарды, оларды орналастыру сәтінде, жанама түрде бақылайды) және жүк берушіге сейфті ашу мен одан құндылықтарды алу қққығын куәландыратын өзге де белгі немесе құжатты беру жолымен бекітіле алады. Даулар нақты туындаған кезде қажетті дәлелдемелерді бекіту үшін, банк құндылықтардың қозғалысын емес, клиенттің бөлектенген сейфке немесе үй-жайға қол жеткізу жағдайларын бақылай алады.
Қазір бірқатар авторлар құндылықтарды банкте сақтаудың осындай шарты аралас шарт деген пікірге мойынсұнып отыр. Солай ойлауға банкте берілген сейфті, үй-жайды (жеке жалға алу элементі) күзету бойынша белгілі бір міндеттердің болуы мәжбүр етеді. Оларға кіру құқығын тек қана клиент иеленеді және қандай да бір техникалық операцияларды атқару үшін банктің өзі (оның кызметшілері) иеленуі мүмкін, бұл шартпен реттелуте тиіс. Басқа тұлғаларға онда кіруге жол берілмеуге тиіс, банк осы талапты сақтамағаны үшін жауапты болады. Клиенттің банкке негізсіз талаптар қоймайтындығының белгілі бір кепілі болып, банктің үшінші тұлғаларды сейфке жолатпау жөніндегі өз міндеттемелерін бұзуға қатысты оның пайымдаулары оның өзімен дәлелденуге тиіс екендігінде табылады. Банк тарапынан болатын бассыздықтан негізгі кепіл болып оның іскерлік беделі табылады.
Құндылықтарды банк сейфінде сақтау ережелері банк өз сейфін (сейфтің ұясын, сақтауға арналған бөлек үй-жайды) мүліктік жалдау талабымен басқа тұлғаға пайдалануға берген жағдайда қолданылмайды. Бұл норма жоғарыда айтылғанға қайшы келмейді. Мұнда біз белгілеп өткен жеке жалдау элементін болдырмайтын сейфтік операциялар туралы сөз болып отыр[15].
Қорытындылай келгенде, сірә, сақгаудың басқа да жекелеген түрлері сияқты, құндылықтарды банктерде сақтау шартын құқықгық реттеу әлі де өзінің жетілдірілуін талап етеді. Соның ішінде, банктерді өздеріне сақтауға өткізілетін құндылықтарды сақтандыруды міндеттеу қажет, сақтау құжатына қойылатын талаптарды толығырақ реттеу керек және т.б. Банк бағалы қағаздарды, қымбат металдарды, тастарды және өзге де құндылықтарды, сондай-ақ құжаттарды сақтауға қабылдай алады. Құндылықтарды банкте сақтау шарты банктiң жүк берушiге атаулы сақтау құжатын беруiмен ресiмделедi, оны көрсету банктiң жүк берушiге немесе оның өкiлiне сақтаудағы құндылықтарды беруi үшiн негiз болып табылады. Жеке банк сейфiн (сейфтiң ұясын, сақтауға арналған бөлек үй-жайды) пайдалану арқылы құндылықтарды сақтау шарты банктiң құндылықтарды сақтауға қабылдау жөнiнде iс-әрекет жасауы және жүк берушiге сейфтiң кiлтiн, жүк берушiнiң сәйкестендiрме карточкаларын, көрсетушiнiң сейфтi ашу мен одан құндылықтарды алу құқығын куәландыратын өзге де белгi немесе құжат беруi жолымен жасалады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк берушi кез келген уақытта сейфтен құндылықтарды алуға, оларды қайта қоюға, сақтаулы жатқан құжаттармен жұмыс iстеуге құқылы. Банктiң бұл орайда жүк берушiнiң құндылықтарды алғандығын және қайтарғандығын есепке алуға құқығы бар. Жүк берушi сейфтегi құндылықтардың бiр бөлiгiн, оның ішінде уақытша алған жағдайда банк құндылықтардың қалған бөлігінің сақталуына жауапты болады. Азаматтық Кодексте белгiленген құндылықтарды банк сейфiнде сақтау ережелерi банк өз сейфін (сейфтің ұясын, сақтауға арналған бөлек үй-жайды) мүліктік жалдау талабымен басқа тұлғаға пайдалануға берген жағдайда қолданылмайды.
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері
Ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау, ең алдымен. олардағы белгіленген тәртіпте сақтау қажеттілігімен тікелей байланысты болатындығын ескере отырып, осы сақтау жалпы ереже бойынша ақысыз сипатқа ие болады. Коммерциялық емес ұйымдар, егер бұл оларға рұқсат етілген кәсіпкерлік негіз аясында немесе бір жолғы негізде мәселен, семинар конференция, съезд ие соған ұқсас басқа да іс-шаралар өткізілгенде, сақтау үшін төлем белгіленуі мүмкін. Киім ілгіште сақтаудың шығындары аталған іс шараларға катысу үшін белгіленген төлемге енгізілуі мүмкін. Мемлекеттік мекемелер, егер ақылы сақтау оларға белгіленген тәртіпте рұқсат етілген ақылы қызмет көрсету қатарына кіретін болса. сақтау үшін ақы белгілей алады.
Заңда осы шарттың жария сипаттылығына қатысты нұсқау жоқ. Ол логикаға сүйенетін болсақ, керісінше, мақсатты сипатқа ие болуға және сол бір иемесе өзге ұйымиың келіпдік етушілерінің заттарын сақтау үшін арналуға тиіс.Шарт нысаны ауызша. Сақтаушы заттың киім ілгішке сақтауға қабылданғанын растап, жүк берушіге заттың сақтауға қабылданғандығын растайтын нөмірлі жетон немесе басқада таңба береді[16].
Осындай шарт бекітілетін өзіне тән жағдайларды ескере отырып, заңнама жүк берушіге заттарды киім ілгіште сақтау шартын бекітудің атаулы растау белгісін емес, затты оны ұсынып көрсеткен кез келген тұлғамен алу құкығын куәландыратын белгіні беруді көздейді. Бұл ретте сақтаушы жетонды (басқа растайтын белгіні) ұсынып көрсетушінің затты алуға өкілеттігін гексеруге міндетті емес. Егер ұрлықшымен бөтеннің жетонын ұсынып көрсету жолымен затты ұрлау орын алса, онда заттың меншік иесі қылмыстық іс қозғау үшін (ұрлықшыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін) ұрлық туралы арыздана алады.
Сақтаушы жетонның оны ұсынып көрсеткен адамға тиесілі екендігіне күмән келтірсе, затты жетон беруші жетонды жоғалтып алғанда да киім ілгіштен затты беруге құқылы (тиісті), бірақ оның киім ілгішке зат өткізгендігі фактісі немесе оның жүк берушінікі екендігі күмән тудырмауы немесе жүк өткізуші оны дәлелдеуі керек.
Зат киім ілгіште қалдырылған және жүк беруші оны қайтып алуға оралмаған жағдайда затты мерзімінен артық сақгауға қатысты сақтау шарты туралы жалпы ережелер қолданылуға тиіс.
Қызмет көрсетудің тиісті кешенінде көрсету көзделетін қонақ үйлерде, яғни адамдардың уақытша тұруыиа арналған үй-жайларда сақтаудың ерекшелігі сақтау міндеттемесінің қонақ үйде тікелей заң нұсқауы бойынша туындайтындығында. Мұндай міндеттеменің болуын, әрине құрамдас бөлік ретінде сақтау бойынша міндеттеме кіретін, жоғары да қарастырылган күрделі шарт құрылымына сүйене отырып түсіндіруге болады, бірақ қонақ үйлік қызметтерді көрсету шартында қонақ үйдің сақтау бойынша міндеттері көрініс таппауы да мүмкін. Соның салдарынан уақытша тұрушылардың заттарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қонақ үйдің міндеттемесі сактау туралы жалпы нор-маларға сәйкес анықталатын болады.
Мұнда қонақ үйдің бөлмелеріиде орналасқан уақытша тұрушылардың жеке заттары туралы сөз болып отыр. Егер де бұл алдырмайтын күштің, заттың өз қасиетінен не тұрушының оның қасындағы тұлғалардың немесе оған келушілердің кінәсінен болмаса, олар заттың жоғалуы немесе бүлінуі үшін жауап беретін болады.
Өз заттары жоғалған немесе бүлінген жағдайда тұрушы тұлғаға өз құқықтарын жүзеге асыру үшін хабарлауы қажет. Ол бұл туралы дереу қонақ үй экімшілігіне хабарлауға міндетті. Бұлай жасалмаған жағдайда қонақ үй заттың сақталмағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
Аталған талапты сақтаған кезде қонақ үй барлық жағдайларда жауап береді. Қонақ үй заттардың жоғалуы немесе бүлінуі үшін өзіне жауапкершілік алмайтындығы туралы мәлімдесе де ол сонда тұрушылардың заттарын сақтау жөніндегі жауапкершіліктен босатылмайды.
Қонақ үй ақшаны, өзге де валюталық құндылықтар мен бағалы қағаздарды егер осыған орай жеке шарт бекітілген болса, ол аталған заттардың өздері қонақ үйдің сақтау камераларына орналастырылған болса, сақтау бойынша өзіне міндеттеме қабылдайды. Қонақ үйде сақтау туралы нормалар үй-жайлар тұлғаларға, мотельдерде, демалыс үйлерінде, шипажайларда, жатақханалар тәрізді ұйымдарда берілетін басқа да бірқатар жағдайларда қолданылады.
Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында сақтау шарты жолаушыларға, алдағы уақытта тасымалдануға жататын өз заттарын, сақ-тауға мүмкіндік бере отырып, көліктік қызмет көрсету шарттарын логикалық тұрғыдан толықтырады. Заңнама шартты аталған мақсатына сай қолдану талаптарын қамтымайды, яғни ол басқа мақсаттарда да қолданыла алады. Азаматтық кодекс, керісінше, көлік ұйымдарының карамағындағы сақтау камераларын жолаушылардың және өзге де азаматтардың заттарын, олардың тасымалдау шарттарын бекітуіне (жол жүру құжаттарының болуына) қарамастан, сақтауға қабылдауға міндеттейді.
Көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау шарты жоғарыда қарастырылған сақтау шарттары сияқты жария шарт болып табылады. Оны ерекше құкықтық реттеу ерекшелендіреді, көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтауды реттейтін актілердің иерархияда жоғарғы орынды әрине, Азаматгық кодекс нормалары соның ішінде 787-бап нормалары иеленеді. Арнайы көлік заңнамасы осы сақтаута қатысты болады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, оны оның мерзімділігі ерекшелендіретін болады (мерзім осы қосылу шартының мэнді жағдайы болып табылады). Бірақ бұл сақтау мерзімінің тараптардың келісімімен анықталатындығын білдірмейді. Сақтауға өткізіле алатын заттардың мөлшері (салмағы) бойынша арнайы шектеулер белгіленуі мүмкін. Жануарлар мен құстарды, атыс қаруын, сасық иісті, өртке қауіпті уландыратын тез тұтанатын жарылған немесе өзге де қауіпті заттарды, сондай-ақ басқа жолаушылардың заттарын және камераның өзін ластайтын немесе бүлдіретін заттарды сақтауға өткізуге болмайды. Арнайы (лицензиясы бар) сақтау камерасы болмаған кезде ақшаны, бағалы қағаздарды, басқа да құныдылықтарды, сондай-ақ құжаттарды сақтауға өткізуте рұқсат етілмейді.