Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 17:38, курсовая работа
Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.
Шарт – көп уақыттан бері келе жатқан құқық нысаны. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Шарттың осындай ұзақ кезеңге созылуы, шарттың қоғамдық қатынастың әр түрлі сипатты қамтитын ыңғайлы кұқық нысаны болып табылатындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұнының өзгеруіне қарамастан шарт құрылымы өзгеріссіз қалып отыр.
Уақыттың өтуіне сәйкес шартқа қатысушылардың құрамы өсе түсті. Жеке тұлғалармен қатар бұл рөлге ұжымдық сипаттағы үйымдар, яғни заңды тұлғалар да шартқа қатысушылар болып табылды.
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ.........
1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі ..............................
1.2 Сақтау шартының елеулі жағдайлары ....
1.3 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар.......................................................................................................................
1.4 Сақтау шартын өзгерту және бұзу ..
2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ..
2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі..................................................................................................................
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері.................
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы ..
2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары..................
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................................
Мазмұны
КІРІСПЕ .....
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ.........
1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі ..............................
1.2 Сақтау
шартының елеулі жағдайлары ...
1.3 Сақтау шартының мазмұны
мен оның жарамдылығын қамтамасыз
ететін жағдайлар.....................
1.4 Сақтау шартын өзгерту және бұзу ..
2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ..
2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте
сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі......................
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері.................
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы ..
2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары..................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................
КІРІСПЕ
Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.
Шарт – көп уақыттан бері келе жатқан құқық нысаны. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Шарттың осындай ұзақ кезеңге созылуы, шарттың қоғамдық қатынастың әр түрлі сипатты қамтитын ыңғайлы кұқық нысаны болып табылатындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұнының өзгеруіне қарамастан шарт құрылымы өзгеріссіз қалып отыр.
Уақыттың өтуіне сәйкес шартқа қатысушылардың құрамы өсе түсті. Жеке тұлғалармен қатар бұл рөлге ұжымдық сипаттағы үйымдар, яғни заңды тұлғалар да шартқа қатысушылар болып табылды.
Кез-келген азаматтық құқық субъектісінің коммерциялық жоспарын жарыққа шығару, ол жеке кәсіпкер немесе өнеркәсіп болмасын, мәмілелер мен шарттар жасаудан тысқары қала алмайды .
Сонымен қатар, заңды, сауатты жасалған сақтау шарты – бұл субъектілердің алдарындағы мақсаттары мен тапсырмаларының сәтті орындалуының және олардың құқықтары мен мүдделерінің жақсы, сапалы қорғалуының кепілі.
Ал, алдын-ала болжаусыз жасалған шарттың нәтижесінде азаматтық айналымға қатысушылар арасында даулар туады. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: шарты орындау кезінде туатын даулар, шарт талаптарын бұзғандығы үшін айыппұл өндіру т.б.
1 ШАРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Шарт дегеніміз екі немесе одан көп субъектілердің азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді белгілеу , өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі. «Шарт» термині азаматтық заңнамада әр түрлі мәнде қолданылады. Өзінен міндеттеме туындайтын зандық факты; сол зандық міндеттеменің өзі; шарттық міндеттемені рәсімдеген құжат. Шарттар екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан , әдетте міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама-қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құкығы (несие беруші), екіншіснде - сол құқыққа икемделген міндет (борышқор) болады.
Кейбір мүліктік емес жеке құқықтық қатынастар жасалуының негізі шарт болып табылса, онда кұқық саласындағы айтарлықтай дамудың тағы бір к-рінісі орын алар еді (Мысалы, авторлық құқық саласында). Азаматтық-құқықтық шарттардың көпшілігі өздеріне тән жалпы қасиеттермен қатар , оларды өзара бір-бірінен ажырататын белгілерге де ие. Көптеген және әр түрлі шарттарды дұрыс жасау, қолдану үшін олар жекеленген түрлерге бөлінген. Шарттарды жекелеген түрлерге бөлудің маңызы теория жүзінде ғана емес, тәжірибе жүзінде де зор болып отыр. Шарттарды жекелеген түрлерге бөлу азаматтық қатынастың субъектілерінің өз іс-әрекетінің неғүрлым елеулі жағдайларын дұрыс ескеріп, тәжірибе жүзінде өз қажеттілігін толық қанағаттандыратын шарт жасауына себебін көптеп тигізеді.
Азаматтық -құқықтық шарттар мына түрлерге бөлінеді:
Шарттарды топтастыру әртүрлі негізде жүргізіледі. Міндеттемелер туралы мәселені қарастырғанда жүргізілген топтастыруда, атап айтқанда , тауарды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету сияқты шарттарға да қолданылуы мүмкін.
Нақты және консенсуалды шарттар. Егер, заң актілеріне сәйкес шарт жасалу үшін мүліктің берілуі қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген кезден бастап жасалынған болып саналады .
393-баптың 2-тармағында нақты шарттың жасалу кезі туралы сөз болады. Шарттардың көпшілігі консенсуалдық, болып табылады, яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса жеткілікті. Мысалы,сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімге қол жеткен кезден бастап сатып алу-сату шарты жасалды деп саналады. Затты беру, ақша төлеу және басқа әрекеттер жасалынып қойған шартты орындау мақсатында атқарылады. Бірақ, кейбір шарттар (мысалы сыйға тарту, сақтау, заем, жүк тасымалдау) шарт нысанасы берілген кезден бастап қана жасалады деп саналады. Мұндай шарт нақты деп аталады, ол заң актілерінде бекімін табуға тиіс.
Шарттың консенсуалдық немесе нақты сипаты, әдетте, шарттың анықтамасының өзінде көрсетіледі. Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушының міндеті былайша қалыптасады: сатушы затты беруге міндеттенді, ал сатып алушы ақша төлеуге міндеттенеді. Болашақта міндеттеме осылай орындалуы тиіс.
Нақты шарттарда тараптардың міндеттері басқаша анықталады. Мысалы, сақтау шарты бойынша сақтаушы зат иесінің өзіне тапсырған
затын сақтауға міндетті, тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне сеніп тапсырылған жүкті апаратын жерге жеткізуге міндетті яғни, шарт бойынша міндеттеме екінші тарап затты бергеннен кейін ғана туындайды. Бұл жерде орындау кезі мен шарт жасасу кезін шатастырмау керек. Консенсуалдық шарттарда олар, әдетте, сәйкес келмейді, бірақ тараптар сатып алу-сату шарты бойынша зат беру кезін шарт жасасу кезімен сәйкестендіруге келісе алады. Бірақ, бұдан сатып алу-сату шарты нақты шарт бола алмайды.
Ақылы және ақысыз шарттар. Шарт бойынша тараптар өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе біріне бірі нәрсе беруі керек болса, бұл шарт ақылы шарт болып табылады. Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе еш нәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады.
Ақылы және ақысыз шарттар арасындағы айырмашылық-шарт бойынша өз міндеттерін орындағаны үшін біріне бірінің бір нәрсені ұсыну -ұсынбауында.
Шарттьң көпшілігі ақылы. Азаматтық Кодексте бекімін тапқан ақысыз шарттардың ішінен сыйға тарту шартын атауға болады.
Кейбір шарттар заң бойынша ақылы да , ақысыз да болуы мүмкін (тапсыру,сақтау,заем). Сондықтан да, Азаматтық Кодекстің 284-бабында қандай да бір күдік туса, шарт ақылы деп танылады, егер ол заңнамадан , шарттың мазмұнынан немесе мәнінен туындайтын болса.
Азаматтық айналымда ақысыз шарттардың бар болуы елімізде қалыптасып келе жатқан қатынастардың мәніне қайшы келмейді. Мысалы, қайырымдылық, мәдени, білім беру және басқа қоғамдық қорлардың қызметі, демеушілік жасау, еркімен қайыр садақа беру және осыларға ұқсас қызмет, әлеуметтік маңыз алуда , ақысыз сыйға тарту шарты көбінесе олардың құқықтық формасына айналуда.
Қарапайым және күрделі шарттар тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бөліну сипатына қарай ажыратылады. Қарапайым шартта бір тарапта тек құқық, екіншісінде тек міндет туындайды (мысалы,сыйға тарту шарты). Күрделі шартта тараптардың әрқайсысында құқықтар да, міндеттерде болады,олар міндеттемелер де көтереді (сатып алу-сату шарты бойынша сатушы берген заты үшін сатып алушының ақша төлеуін талап етуге құқылы және өзі сол затты сатып алушыға беруге міндетті, ал сатып алушы заттың өзіне берілуін талап етуге құқылы және сол зат үшін ақша төлеуге міндетті).
Бір типті және аралас шарттар. Бір типті шарттар сан алуан қыры бар (жеткізу, тұрмыстық мердігерлік , жалдау,рента және т.б.) белгілі бір түрдегі (тауарды беру;жұмыс орындау,қызмет көрсету)міндеттемелерді тудырады. Аралас шарттарда заңнамада көзделген әртүрлі шарттардың элементтері болады.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында әртүрлі жаңа қатынастар туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес, шарттардың екі немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады.
Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімімен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады.
Негізгі және алдын ала шарттар. Мүлікті беруге, жұмыс орындауға және қызмет көрсетуге байланысты құқықтар мен міндеттер тікелей негізгі шарттан туындайды. Алдын ала шарт дегеніміз — сол шартта көзделген ережелерді сақтап, тараптардың келешекте негізгі шарт жасауға міндет алған шарты.
Алдын ала
шарттардың мысалы ретінде жүк тасымалын ұйымдаст
Алдын ала шартқа жекешелендіру туралы Жарлықта көзделген сауда нәтижелері туралы хаттаманы да жатқызуға болады. Жекешелендіру туралы Жарлықта «сауда ұнатқан адам мен сатушы аукцион немесе тендер жүргізген күні сауданын, нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды» делінген.
Алдын ала шарт пен негізгі шарттың ұқсастығы- олардың екеуінін формалары бірдей болуында. Егер белгілі бір нысандағы шарттарды жасағанда заңнамада олардың нотариалдық формасы белгіленсе (мысалы, рента шарты), онда алдын ала шарт та нотариалдық формада жасалуы тиіс.
Бірақ, егер заңнамада негізгі шарт формасы анықталмаған болса (мысалы, әдеттегі сатып алу - сату шарты), алдың ала шарт, заңсыз болып қалады деген қауіппен, жазбаша формада жасалады .
Алдын ала шартта, тым болмаса, негізгі шарттың нысанын, сондай-ақ басқа да елеулі шарттын, нысанын анықтауға мүмкіндік беретіндей ережелер болуға тиіс . Негізгі шарттың жасалу мерзімі алдын ала шарт үшін міндетті жағдай болып табылады, сондықтан Азаматтық Кодекстің 390-бабының 4-тармағында, егер алдын ала шартта мерзім белгіленбеген болса, негізгі шартты жасасудын, бір жылдық мерзімі анықталған.
Мұндай мерзімнің маңыздылығы сонда, егер негізгі шарт мерзім өткенше жасалмаған болса, онда бұл мерзім өткеннен кейін алдын ала шарт күшін жояды.
Еркін және міндетті шарттар. Жасалуы түгелдей тараптардың қалауына байланысты шарт еркін шарт деп аталады. Міндетті шартты жасау тараптардың біреуі үшін міндетті болып табылады.
Нарықтық
экономика жағдайында шарттардың басым
көпшілігі
еркін жасалады. Дегенмен,
шарттардың кейбір түрлері міндетті шарттар
(мысалы,мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік тапсырыс негізінде
жасалатын шарт).Міндетті шарттар арасында жария шарттардын, орны бөлекше.
Коммерциялық ұйыммен жасалған және қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнінде оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт деп аталады (бөлшек сауда,көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметін көрсету және т.б.)
Өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары.
Өзара келісілген шарт жасасқанда онын, ережелерін тараптардың екеуі анықтайды. Қосылу шартын жасасқанда оның ережелерін тараптардың біреуі дайындайды, екінші тарап ол ережелерді түгелімен кұптайды.
Қосылу шарты өзінің жасалу процедурасы жағынан басқа шарттардан өзгеше. Егер әдеттегі шарт хат алмасу, шарт ережелерін келісу жолымен стандартты формаларда (бланк,формуляр, т.б.) анықталады. Екінші тарап шартқа ешқандай өзгерту енгізе алмайды. Егер енгізетін болса, шарт қосылу шартынан жай шартқа айналады.
Қосылу шарты экономиканын, әртүрлі салаларына таралды. Оның мысалы ретінде электр және жылу қуатын, газды және коммуналдық кәсіпорындардың басқадай қызметін пайдалану туралы шарттарды, көлік ұйымдарымен шарттарды атауға болады.
Көптеген жария шарттар, бір жағынан қосылу шарттары болып табылады. Мысалы, затты пайдалануға беру ательесі ол жайында шарт жасасқанда ол ателье клиентке шарт ережелері баяндалған бланк ұсынады. Клиент оған ешнәрсе қоспастан, шартқа қол қоя салады. Егер қосатын болса, онда ол жай шартқа айналады.
Ауызша және жазбаша шарттар.