Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 17:38, курсовая работа
Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.
Шарт – көп уақыттан бері келе жатқан құқық нысаны. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Шарттың осындай ұзақ кезеңге созылуы, шарттың қоғамдық қатынастың әр түрлі сипатты қамтитын ыңғайлы кұқық нысаны болып табылатындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұнының өзгеруіне қарамастан шарт құрылымы өзгеріссіз қалып отыр.
Уақыттың өтуіне сәйкес шартқа қатысушылардың құрамы өсе түсті. Жеке тұлғалармен қатар бұл рөлге ұжымдық сипаттағы үйымдар, яғни заңды тұлғалар да шартқа қатысушылар болып табылды.
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ.........
1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі ..............................
1.2 Сақтау шартының елеулі жағдайлары ....
1.3 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар.......................................................................................................................
1.4 Сақтау шартын өзгерту және бұзу ..
2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ..
2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі..................................................................................................................
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері.................
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы ..
2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары..................
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................................
Заттардың сақтау камерасына (автоматты камерадан басқа) қабылдануын растап жүк берушіге түбіртек немесе нөмірлі жетон беріледі. Түбіртек немесе жетон жоғалған жағдайда сақтау камерасына өткізілген заттар жүк берушіге бұл заттардың оған тиесілі екендігіне дәлелдер көрсетуі бойынша беріледі[16].
Сақтаудың басқа шарттарына қарағанда көлік ұйымдарының сақтау камераларында заттарды сақтау шарты жүк беруші үшін артықшылықтар көздейді. Сақтау камерасына өткізілген заттардың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлінуінен жүк беруші шеккен залалдардың сомасы егер заттарды сактауға өткізу кезінде оған бағалау жүргізілген болса не егер тараптар өтелуге тиісті залалдардың сомасына қатысты келісімге келген болса, жүк берушіге тәуліктік мерзімде төленуге тиіс. Осы ережені енгізу негізінен жүк берушілер болып жолаушылар табылатындығымен және олар жол жүру барысында елеулі қиыншылықтар көрмеуге тиістігімен байланысты. Әйтпесе мүліктік емес залалды өтеу сомасын да қамти алатын елеулі талаптар үшін негіздер пайда болады.
Ломбардтарда сия қты, көлік ұйымдарының сақтау камераларына да талап етілмеген заттарды үш айлық мерзімге дейін сактау жүктеледі. Сақ-таушыға жүкберушінің орналасқан немесе тұрып жатқан орны белгілі болған жағдайларда, ол сақтау туралы жалпы талаптарға сәйкес ескертуге міндетті екені сөзсіз
Затты алып қойғаннан кейін алынған соманы бөлу жалпы ережелер бойыншажүргізілетін болады. Көлiк ұйымдарының қарамағындағы сақтау камералары жол жүру құжаттарының болуына қарамастан жолаушылардың және өзге де азаматтардың заттарын сақтауға қабылдауға мiндеттi. Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында сақтау шарты жария шарт деп танылады .
Заттардың сақтау камерасына (автоматты камерадан басқа) қабылдануын растап жүк берушiге түбiртек немесе нөмiрлi жетон берiледi. Түбiртек немесе жетон жоғалған жағдайда сақтау камерасына өткiзiлген заттар жүк берушiге бұл заттардың оған тиесiлi екендiгiне дәлелдер көрсетуi бойынша берiледi. Сақтау камерасына өткiзiлген заттардың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлiнуiнен жүк берушi шеккен залалдардың сомасы, егер заттарды сақтауға өткiзу кезiнде оған бағалау жүргiзiлген болса не егер тараптар өтелуге тиiстi залалдардың сомасына қатысты келiсiмге келген болса, жүк берушiге тәулiктiк мерзiмде төленедi. Заттар сақтау камерасына арнайы ережелерде немесе тараптардың келiсiмiнде белгiленген шектердегi мерзiмге өткiзiледi. Көрсетiлген мерзiмде талап етiлмеген заттарды сақтау камерасы тағы да үш ай бойына сақтауға мiндеттi
Қонақүй мұндай жауапкершiлiктi өзiне алмайтындығы туралы хабарлама бергенмен, онда тұратындардың заттарын сақтау жөнiндегi жауапкершiлiктен босатылмайды.
Азаматтық Кодекстің ережелерi мейманханаларға, демалыс үйлерiне, санаторийлерге, жатақханаларға және осы сияқты ұйымдарға, сондай-ақ ұйымға келушi азаматтардың сыртқы киiмдерiн, бас киімдерiн және өзге де заттарын сақтау үшiн арнайы орын бөлінген ұйымдарға қатыста да қолданылады.
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы
Бұрын әрекет еткен заңнамамен секвестр көзделмеген болатын. Нарық пен толыққанды меншік қатынастарының калыптасуымен барлық қажетті құқықтық атрибуттар да қалыптаса бастады. Олардың қатарына секвестрді де жатқызуға болады. Секвестр дауласушы тараптардан дау пәнін "бірдей аластатуға" мүмкіндік береді, яғни дауға қатысушылардың мүдделерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беред[10]і.
Секвестр туралы шарт бойынша затқа деген құқық жөнінде араларында дау туған екі немесе бірнеше адам даулы затты даудың шешілуі бойынша соттың шешімі не дауласып жүрген барлық тұлғалардың келісуі бойынша бұл зат кімге берілсе, соған кайтаруды міндетіне алатын үшінші адамға береді. Мұндай секвестр шарттық секвестр деген атауга ие, ойткеиі ол нағыз борышқорды затты беруге мәжбүрлеуге негізделмеген. Бұған қарағанда соттық секвестр бойынша зат үшінші тұлғаға, соттың басқа да актілері сияқты барлық тұлғалар үшін міндетті сипатқа ие болатын сот анықтамасының негізінде беріледі және сол себептен секвестр мәжбүрлеуші болып табылады. Секвестрді Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізушілік кодексінің 15-тарауына сәйкес борышқордың мүлкін арестке алу сияқты талап арызды қамтамасыз ету бойынша осындай шараны жүзеге асырудың нотариалды-құкықтық механизмі ретінде қарастыруға болады.
Зат сақталу үшін сотпен тағайындалған адамға да немесе дауласушы тараптардың өзара келісуі бойынша белгіленген адамға да беріле алады. Екі жағдайда да, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, осы адамдар даулы мүлікті сақтайтын сақтаушы болуға өз келісімдерін беруге міндетті. Егер сақтау шартымен немесе заң актілерімен өзгеше көзделмесе, секвестр ақылы болып табылады. Секвестр ерекшеліктерінің бірі бол ып, оның пәні ретінде жылжитын да, жылжымайтын да заттар бола алатындығында. Басқа жағдайларға қарағанда жылжымайтын мүлік іс жүзінде сақтаушының иелігіне берілетін болғандықтан секвестр үшін осыған қатысты ерекшелік беріледі. Бұған қоса мұндай шешім секвестрді қолданудың ерекшелігімен де қамтамасыз етіледі. (Яғни мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін басқа амалдың болмауымен). Секвестрге жылжымайтын заттар берілгенде, сақтау мәмілелері белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге алынуға жатады.Секвестр туралы шарт бойынша затқа деген құқық жөнiнде араларында дау туған екi немесе бiрнеше адам даулы затты даудың шешiлуi бойынша соттың шешiмi не дауласып жүрген барлық адамның келiсуi (шарттық секвестр) бойынша бұл зат кiмге берiлсе, соған қайтаруды мiндетiне алатын үшiншi адамға бередi. Даулы зат соттың шешiмi бойынша секвестр тәртiбiмен сақтауға берiлуi мүмкiн (сот секвестрi).
Сот секвестрi бойынша сақтаушы сот тағайындаған адам да, дауласушы жақтардың өзара келiсуi бойынша белгiленген адам да болуы мүмкiн. Екi жағдайда да, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, сақтаушының келiсiмi талап етiледi. Секвестр тәртiбiмен сақтауға қозғалатын да, қозғалмайтын да заттар берiлуi мүмкiн.
2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары
ҚР АК - де қоймада сақтау шартының жеке анықтамасы берілмеген (ҚР АК 769 баптық 1 -т есептемегенде) Осы шарт бойын ша да сақтау шы мүліктің сақталуын камтамасыз етуге және оны жүк берушіге шарт талаптарына сәйкес беруге міндеттенеді.
Қоймада сақтау шартының негізгі ерекшеліктерінің бірі-сақтаушы болып әрқашан тауар қоймасы (олардың қатарына, сондай-ақ көкөніс сақтайтын қоймалар, элеваторлар және басқалары) табылады. Тауарлар сақтауды жүзеге асыратын және кәсіпкерлік қызмет ретінде сақтауға байланысты қызметтер көрсететін коммерциялық ұйымдар тауар қоймасы деп табылады. Тауар қоймасында сақтау шарты жеке анықталған заттарды иесіздендіріп сақтауды да реттеуге бағытталуы мүмкін.
Тауар қоймасында сактаудың тағы бір ерекшелігі болып орындалуы ерекше құжаттарды - қойма куәліктерін беру жолымен жүргізілетін шарттың ерекше жазбаша нысаны болып табылады.
Аталған қойма құжаттары жай куәліктеріне және қос қойма куәлік-теріне бөлінеді. Қос койма куәлігі, сондай- ақ оның әрбір бөлігі және жай қойма куәлігі бағалы қағаздар болып табылады. Заңның тікелей нұсқауына (ҚР АК-ң 798 бабы) орай жай қойма куәлігі ұсынып көрсетушіге бағалы қағаз болып табылады, ал кос қойма куәлігі, ҚР АК 799-бабының мәнісі бойынша, атаулы бағалы қағаз болып табылады.
Тауарлар сақтауды жүзеге асыратын және кәсiпкерлiк қызмет ретiнде сақтауға байланысты қызметтер көрсететiн коммерциялық ұйымдар тауар қоймасы деп танылады. Егер заң актiлерiне сәйкес шектеулi адамдар тобынан тауарлар қабылдайтын қоймалар қатарына жатқызылмаған болса, тауар қоймасы ортақ пайдаланылатын қойма деп танылады. Ортақ пайдаланылатын тауар қоймасымен жасалатын қоймада сақтау шарты жария шарт деп танылады Тауар қоймасы стандарттарда, техникалық талаптарда, технологиялық нұсқаулықтарда, сақтау жөнiндегi нұсқаулықтарда, тауарлардың жекелеген түрлерiн сақтау ережелерiнде, қойма үшiн мiндеттi өзге де арнаулы нормативтiк құжаттарда белгiленген сақтау талаптарын (режимiн) сақтауға мiндеттi. Тауар қоймасы сақтауға қабылдау кезiнде өз есебінен тауарларға тексеру жүргiзуге мiндеттi. Тауар қоймасы, тауар иесiне тауарларды немесе олардың үлгiлерiн тексеру егер сақтау иесiздендiре отырып жүзеге асырылатын болса, байқап көру және тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi шаралар қабылдауға мүмкiндiк беруге мiндеттi.
Тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн сақтау жағдайын дереу өзгерту қажет болған жағдайда тауар қоймасы талап етiлген шұғыл шараларды өз бетiнше қабылдауға құқылы. Ол тауар иесiне қабылданған шаралар туралы хабарлауға мiндеттi. Тауардың бүлiнуi байқалған жағдайда қойма дереу акт жасауға және тауар иесiн оның тауар қоймасына мәлiмдеген мекен-жайы бойынша хабардар етуге мiндеттi[18].
Егер шартта өзгеше көзделмесе, тауар иесi қоймадан тауар алу кезiнде дұрыс сақталмаудың салдарынан тауардың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлiнгенi туралы, ал көзге байқалмайтын бүлiнулер туралы - оларды табу үшiн қажет әдеттегi мерзiм iшiнде тауар қоймасына мәлiмдеуге мiндеттi. Егер тауардың бүлiнгенi және кем шыққаны туралы тиiстi мерзiмде мәлiмденбеген болса, бұл залалдар оның қасақана пиғылынан немесе өрескел абайсыздығынан келтiрiлген жағдайларды қоспағанда, тауар қоймасы залалдар үшiн жауапты болмайды. Қойманың жүк берушiнiң мүдделерiнде жүзеге асырылған (тауарларды сақтандыру, тиеу-түсiру жұмыстары, кеден баждарын төлеу және т.б.) қосымша операциялар бойынша, шартта көзделген немесе заң актiлерiнде көзделген шығындар ставкаларының орнын толтыруға құқығы бар. Бұл құқық сақталатын тауарды қойманың ұстап қалу құқығымен қамтамасыз етiледi.Егер жүк берушi елеулi зиян келтiруге қауiп төндiретiн тауарлардың қатерлi сипатын жасырса, тауар қоймасы сақтау шартын орындаудан бас тартуға құқылы. Тауар қоймалары тауарлардың сақтауға қабылданғандығын растап мынадай қойма құжаттарын: 1) жай қойма куәлiгiн; 2) қос қойма куәлiгiн беруi мүмкiн. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда тауар қоймалары тауарлардың иесіздендіріліп сақтауға қабылданғанын растайтын қос немесе жай қойма куәлігін беруге міндетті. Қос қойма куәлiгi, оның әр бөлiгi және жай қойма куәлiгi бағалы қағаздар болып табылады. Қос және жай қойма куәлiгi кепiл нысанасы бола алады.Жай қойма куәлiгi ұсынушының атына берiледi. Жай қойма куәлiгiнде Азаматтық Кодекстiң 799-бабының 2-тармағының 2), 3), 5)-10) тармақшаларында көзделген мәлiметтер, сондай-ақ оның ұсынушыға берiлгендiгi көрсетiлуге тиiс.Қос қойма куәлiгi мазмұны бойынша бiрдей және қажет болған жағдайда бiреуiн басқасынан айыруға болатын қойма куәлiгiнен және кепiлдiк куәлiктен (варранттан) тұрады. Қос қойма куәлiгiнiң әр бөлiгiнде:
1) қос қойма куәлiгiнiң тиiстi бөлiгiнiң атауы;
2) тауарды сақтауға қабылдаған қойманың атауы мен мекен-жайы;
3) қойма тiзiлiмi бойынша
қойма куәлiгiнiң ағымдағы нөмi
4) сақтауға тауар қабылданған
ұйымның атауы немесе
5) тауардың атауы мен
мөлшерi, тауарларға арналған
6) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, қабылданған тауардың сомасы;
7) сақтауға алынған тауардың, егер бұлай белгiленетiн болса, сақталу мерзiмi;
8) сақтауға ақы төлеудiң тарифтерi мен тәртiбі;
9) қойма куәлiгiнiң берiлген күнi;
10) уәкiлеттi адамның қолы және тауар қоймасының мөрi көрсетiлуге тиiс. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қос қойма куәлігінің нысаны мен мазмұнына қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
Қос қойма куәлiгiн ұстаушының қоймада сақтаулы тауарға толық көлемде билiк етуге құқығы бар.
Кепiл куәлiгiнен бөлiп алынған қойма куәлiгiн ұстаушы тауарға билiк етуге құқылы, бiрақ оны кепiл куәлiгi бойынша берiлген кредиттi өтегенге дейiн қоймадан ала алмайды. Қойма куәлiгiн ұстаушы тапсыру жазбаларын (индоссамент) жасау және құжаттың өзiн беру жолымен, бiрақ тауардың орнын ауыстырмай, қоймаға қойылған тауарға меншiк құқығын басқаға беруді жүзеге асыра алады.
Кепiл куәлiгi бөлiп
алынбаған қойма куәлiгiн
Кепiл куәлiгiн ұстаушы оның кепiлмен қамтамасыз етiлген талаптарын мерзiмiнде қанағаттандырмаған жағдайда заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен оған кепiл куәлiгi бойынша берiлген тауарды сатуға және кепiл берушiнiң басқа да кредит берушiлерi алдындағы өз талаптарын артықшылықпен жабуға құқылы. Сатудан түскен сома жетпеген жағдайда кепiл куәлiгiн ұстаушы оның алынбаған бөлiгiн кепiл куәлiгiмен қамтамасыз етілген талаптарға ақы төлеу жөнінде бірге жауапты болатын барлық индоссанттардан өндiрiп алуы мүмкiн. Қойма куәлiгi мен кепiл куәлiгi беру жазбасы (индоссаменттер) бойынша бiрге немесе бөлек берiлуi мүмкiн.
Тауар қоймасы қойма және кепiл куәлiктерiн (қос қойма куәлiгiн) ұстаушыға қоса алғандағы осы екi куәлiктiң орнына тауар бередi. Кепiл куәлiгi жоқ, бiрақ ол бойынша қарыз сомасын енгiзген қойма куәлiгiн ұстаушыға тек тауар қойма куәлiгiне айырбастап және кепiл куәлiк бойынша барлық қарыз сомасының жарнасы талабымен берiледi. Қойма және кепiл куәлiктерiн ұстаушы тауарды бөлiп-бөлiп берудi талап етуге құқылы. Бұл орайда бастапқы куәлiктердiң орнына оған қоймада қалған тауарларға жаңа куәлiктер берiледi. Азаматтық Кодекстің талаптарына қарамастан кепiл куәлiгi жоқ және ол бойынша қарыз сомасын енгiзбеген қойма куәлiгiн ұстаушыға тауар берген тауар қоймасы кепiл куәлiгiн ұстаушының алдында ол бойынша барлық есептелетiн соманың төленуi үшiн жауапты болады.