Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 17:38, курсовая работа
Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.
Шарт – көп уақыттан бері келе жатқан құқық нысаны. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Шарттың осындай ұзақ кезеңге созылуы, шарттың қоғамдық қатынастың әр түрлі сипатты қамтитын ыңғайлы кұқық нысаны болып табылатындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұнының өзгеруіне қарамастан шарт құрылымы өзгеріссіз қалып отыр.
Уақыттың өтуіне сәйкес шартқа қатысушылардың құрамы өсе түсті. Жеке тұлғалармен қатар бұл рөлге ұжымдық сипаттағы үйымдар, яғни заңды тұлғалар да шартқа қатысушылар болып табылды.
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ.........
1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі ..............................
1.2 Сақтау шартының елеулі жағдайлары ....
1.3 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар.......................................................................................................................
1.4 Сақтау шартын өзгерту және бұзу ..
2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ..
2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі..................................................................................................................
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері.................
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы ..
2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары..................
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................................
Сақтау шартының еркіндігі принципі тараптардың зандарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алатындығынан көрініс табады. Азаматтық Кодексінің Ерекше бөлімі баптарының басым көпшілігі заңнамада көзделген сақтау шартының түрлеріне арналған.
Сақтау шартының еркіндігі азаматтық құқықтың аса маңызды принциптерінің бірі болып табылады. Бұл кез келген адам өз қалауы бойынша және сырттан мәжбүрлеусіз мыналарды атқаруға құқылы екенін білдіреді:
Бұл арада шарттас серіктестің де осындай құқықтары болатынын ескеру керек. Сондықтан ерікті түрде және өзара қабылданған келісім ғана шынайы азаматтық – құқыктық сақтау шарты ретінде танылуы мүмкін. Сақтау шартын жасаса отырып, оған қатысушылар өздеріне қабыл алған шектеулерді шарттың еркіндігі принципімен шатастыруға болмайды. Өзіне - өзі қоятын мұндай шектеулер міндетті болып шығады және олардан біржақты бас тартуға болмайды. Шарттар орындалуға тиісті.
Сақтау шартының объектілері болып азаматтық айналымда еркін жүретін, егер арнайы мемлекеттік органның рұқсаты бар болса айналымы шектелген объектілер бола алады.
Сақтау шартының объектілерінің негізгілерінің бірі - мүлік.
Материалдық заттарда мүліктің немесе мүліктік игіліктің қасиеті -бұл оларға табиғаттан емес, қоғамдық қатынастардан берілген қоғамдық, заңдық қасиет. Құқықытық субъектінің материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыра алатын және азаматтық құқықты реттейтін қатынастар саласына тартылатын материалдық заттар мен өзге де құндылықтарды ғана мүлік деп түсіну керек. Табиғат ресурстары болып табылатын табиғат объектілері ғана, яғни адам әрекетінің объектілері болатындықтан , зандарда меншік объектілері ретінде танылатын себепті мүліктік игіліктерге жатады.
Шарттың объектілеріне қатысты мүліктің мынандай түрлерін атап көрсетуге болады:
Айналымда еркін жүретін объектілер. Оны иеліктен шығару, белгіленген тәртіппен бір субъектіден екінші субъектіге тұрақты немесе уакытша пайдалануға ауысуы деп түсіндіріледі. Мүліктік объектілердің айналымы - бұл нарықтық экономиканың қажетті жағы ретіндегі тауарлардың экономикалық айналымының заңдылық нысаны.
Иеліктен еркін шығарылатын немесе әмбебап құқық мирасқорлық тәртібімен бір адамнан екінші адамға ауыса алатын мүліктер- азаматтық айналымда еркін жүретін объектілер деп аталады[10].
Азаматтық айналымы шектелген объектілер, біріншіден, айналымның белгілі бір мүшелеріне ғана тиесілі болады және екіншіден, оларды сатып алуға және иеліктен шығаруға құзыретті мемлекеттік органдардың рұқсатымен (лицензиясымен) ғана жол жол беріледі. Оларға мыналар жатады: қару-жарақтар, оқ-дәрілер, құрамында радиоактивті заттар кездесетін өнімдер, аңшылық және спорттык ату қарулары тағы да басқалар.
Сонымен қорыта келгенде, азаматтық - құқықтық сақтау шарты неге байланысты пайда болып жасалса, сол Сақтау шартының объектісі болып табылады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, сақтау шарты жеке тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандырушы бола алады. Бұл азаматтың ұзақ іссапарға кетуіне байланысты өз туысқанын (танысын) затты сақтауға қабылдауға өтінетін жағдайларда орын алады. Бұл сақтауға үй-жануарларын өсімдіктерді жәнет.б. беруге қатысты болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда сол бір азаматтар қандай да бір объективті не субъективті себептер бойынша ломбард мекемелеріне (теле- радио жабдықтарын сақтау үшін) арнайы құрылған фирмаларға, асыл тастар мен металлдардан жасалған бұйымдарды, құжаттарды сақтау үшін банктерге жүгінетін болады.Сақтау жоғарыда аталғандай кәсіпкерлік айналым қажеттіліктеріне қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін сақтау шешуші маңызға ие. Егер тиісті түрде жабдықталған қоймалар пайдаланылмайтын болса, онда ауыл шаруашылық өнімін өндірудің өзі еш мағынаға ие болмайды, өйткені өнім бүлініп кетеді[11].
Сақтау шартының
колданылу аяларын косымша
Аса көп жағдайларда сақтаушылар ретінде де жүк берушілер ретінде де азаматтар шыға алады (тұрмыстық сақтау). Кейде шартты азаматтармен жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлға ретіндегі ұйымдастырушылық құқықтық нысандағы кәсіпкерлер, ломбардтар, банктер бекітеді. Бұл сақтау шартының тұтынушылық сипатын қамтамасыз етеді. Заңмен көзделген жағдайларда, кәсіби сақтаушылар жекелеген заттарды сақтауға лицензия алуға тиіс,
Коммерциялық
болып табылмайтын заңды
Сондай-ақ сақтау шартының екі жағынан да жеке кәсіпкерлікті де заңды тұлға түріндегі ұйымдастырушылық кәсіпкерлікті де жүзеге асыратын кәсіпкерлер шыға алады.
Сақтау шартының сол бір немесе өзге түрлеріндегі нақты субъектілік құрамды кейінірек қарастырамыз.
Сақтау шартының субъектісі болып кез келген азаматтық -құқық субъектілері қатысады. Атап айтқанда:
1.Заңды тұлғалар - шартқа олардың әрекет және құқық қабілеттіліктері бар болса ғана қатысады.
Занды тұлғаның құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі ол мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап пайда болады. Қандай түрге жататынына қарамастан заңды тұлға міндетті түрде тіркелуге тиіс. Оларды тіркеу тәртібі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ережеде белгіленген.
Әділет органдары жүзеге асыратын мемлекеттік тіркеу субъектілерге занды тұлға мәртебесін беру әдісі болып табылады. Әділет органдары беретін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік субъектінің заңды тұлға құқықтарын иеленуінің ресми дәлелі болады. Тіркеуден өтпеген заңды тұлғаның, оның филиалының немесе өкілдігінің қызмет жүргізуіне, соның ішінде шарт жасауға қатысуына тыйым салынады.
Заңды тұлғалардың
кәсіпкерлік саласындағы
Кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін жүзеге асырудың міндетті шарты -лицензия, яғни құзыретті мемлекеттік органның арнайы рұқсатын алу- лицензиялауды қажет ететін әрекеттерді лицензиясыз жасау құқық бұзушылық болып табылады. Лицензия берілген мерзім аяқталса, лицензия мерзімінен бұрын қайтарып алынса, тұлғалардың қызметі доғарылса немесе жарамсыз деп танылса, мұндай занды тұлғалар азаматтық- құқықтық шарттың субъектісі бола алмайды.
«Жеке тұлға»
жалпы ұғымы Қазақстан
Азаматтың азаматтық кұқықтар мен міндеттерді атқару қабілеті оның құқық қабілеттілігі болады. Азаматтың өз іс-әрекетімен азаматтық құқықтарды иелену және жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер түзіп, оларды орындау қабілеті оның әрекет қабілеттілігі болады[10].
Кәмелетке толған есі дұрыс адам сақтау шартына өзі қатысып, өздерінің іс-әрекеттері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады.14 жасқа дейінгі азаматтар әрекетке қабілетсіз болады.
Сондықтан егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары сақтау шартына қатысады. Әрекетке қабілетсіз кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін де солар жауап береді. Жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азамат әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін.Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жагынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот шектесе, оның атынан шартқа әрекет қабілеттілігі шектелген адамның қорғаншысы қатысады.
1.4 Сақтау шартын өзгерту және бұзу
Затты сақтаудың сақтау шартында көзделген жағдайларын өзгерту қажет болған кезде сақтаушы бұл туралы жүк берушiге дереу хабарлауға және оның жауабын күтуге мiндеттi. Заттың жоғалу және бүлiну қаупi туған жағдайда сақтаушы жүк берушiнiң жауабын күтпестен, сақтаудың шартта көзделген әдiсi мен орнын өзгертуге мiндеттi. Егер зат сақталу кезiнде бүлiнуге ұшыраса немесе оның сақталуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейтiн және жүк беруші тарапынан шаралар қолдануды күтуге болмайтын басқа жағдайлар туындағанда, сақтаушы сақтау және сату бойынша өз шығындарын өтей отырып, затты немесе оның бiр бөлiгiн сатуға құқылы.Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмеген болса, сақтаушының жүк берушiнiң келiсiмiнсiз, егер бұл орайда жүк берушiнiң мүдделерiндегi қажеттiлiк тумаса және сақтаушы оның келiсуiн алу мүмкiндiгiнен айырылса, затты үшiншi тұлғаға беруге құқығы жоқ. Заттың үшiншi тұлғаға берiлгендiгi туралы сақтаушы дереу жүк берушiге хабарлауға мiндеттi. Сақтаушы затты сақтауға берген үшiншi тұлғаның iс-әрекетi үшiн жауап бередi. Сақтаушы сақтауға алған заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi. Егер ол заттың жоғалуы, кем шыққаны немесе бүлiнуi өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдесе, жауаптылықтан босатылады. Сақтауды өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiне орай жүзеге асыратын тұлға, тек заттың жоғалуы, кем шығуы немесе бүлiнуi дүлей күштiң салдарынан не заттың өзiне тән ерекшелiгiнен, не жүк берушiнiң қасақана пиғылынан немесе өрескел абайсыздығынан болған жағдайларда ғана заттың сақталмағаны үшiн жауаптылықтан босатылады. Егер шартта көзделген сақтау мерзiмi немесе Азаматтық Кодекстiң 773-бабында белгiленген тәртiппен сақтаушы көрсеткен мерзiм өткен соң жүк берушi затты қайтарып алмаған болса, оның тарапынан қасақана пиғыл немесе өрескел абайсыздық болғанда ғана сақтаушы бұл заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi.
Заттардың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлiнуiнен жүк берушiге келтiрiлген шығындарды, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, Азаматтық Кодекстiң 350-бабына сәйкес сақтаушы өтейдi. Егер шартта немесе сақтаушы берген өзге де жазбаша құжатта көрсетiлгендей сақтауға өткiзу кезiнде затқа баға беру жүргiзiлген болса, сақтаушының жауаптылығы баға сомасының негiзiнде айқындалады. Тегiн сақтау кезiнде жүк берушiге заттың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлiнуiнен келтiрiлген залалдар:
1) затты жоғалтқаны және оның кем шыққаны үшiн - жоғалған немесе кем шыққан заттың құны мөлшерiнде;
2) заттың бүлiнгенi үшiн - оның құны төмендеген соманың мөлшерiнде өтеледi.
Егер сақтаушы жауап
беретін заттың бүлінуі салдарынан,
зат сапасының соншалықты өзгергендiгiнен
оны бастапқы мақсат бойынша пайдалану
мүмкін болмайтын жағдайда, егер заң
актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе,
жүк берушi одан бас тартуға және
сақтаушыдан бұл заттың құнын өтеуді, сондай-ақ
басқа да залалдардың орнын толтыруды
талап етуге құқылы.
2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ
2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі
Затты ломбардта сақтау шарты ломбардтың атаулы сақтау түбiртегiн беруiмен ресiмделедi. Ломбардқа сақтауға өткізілетін зат тараптардың келісуі бойынша, осы тектес және сапасы сондай затқа, оны сақтауға қабылдау кезі мен жеріндегі саудада әдетте белгіленетін бағаларға сәйкес бағалануға тиiс. Ломбард сақтауға қабылдаған затты оның осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргiзiлген толық бағасының сомасына қарай жүк берушiнiң пайдасына сақтандыруға мiндеттi[13].
Жүк берушi затты қайтарып алудан жалтарған жағдайда ломбард оны үш ай бойына сақтауға мiндеттi. Бұл мерзiм өткен соң ломбард талап етiлмеген затты Азаматтық Кодекстiң 781-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен сатуы мүмкiн. Затты сатудан түскен сомадан сақтағаны үшiн ақы және ломбардқа тиесiлi өзге де төлемдер өтеледi. Қалған соманы ломбард сақтау түбiртегінiң иесiне оны көрсетуі бойынша қайтарады.
Заттарды ломбардта сақтау шарты сондай-ақ қосылу шарты да болып табылады. Әрбір ломбард ҚР АК мен ломбардтар туралы ереженің негізінде заттарды сақтаудың ішкі ережелерін шығарады, олар заңнаманың императивтік нормаларына қайшы келмеуге тиіс. Сақтауға бекітілген косылу шартының жағдайлары негізінен осындай ережелермен реттеледі. Біздің білуімізше, қосылу шартының негізгі белгілерінің бірі -бұл оның барлық тұтынушылар үшін бір ізге түсірілген мазмұны.
Заннама нормаларыньң мазмұнына сәйкес ломбардта сақтау шартының нысаны ауызша болып табылады. Алайда, шарттың бекітілуін куәландыратын арнайы жазбаша нысан атаулы сақтау түбіртегі көзделген.
Егер ломбардтың кінәсі бойынша осындай түбіртек берілмеген болса немесе ол жоғалтылса, шартты бекіту фактісі басқа дәлелдемелердің көмегімен анықталуға тиіс[14].
Ломбард затты сақтауға қабылдай отырып оған баға беруді жүргізеді. Бағалау сомасы оны сақтауға қабылдау сәті мен орнында сауда да белгіленетін бағаларға сүйене отырып тараптардың келісімінен анықталады. Яғни, олардың барлық параметрлерін, соның ішінде оларға деген сұраныс олардың тозу дәрежесі және т.б. ескеретін, заттардың іс жүзіндегі нарықтық бағалары туралы сөз болып отыр.