Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 17:38, курсовая работа
Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.
Шарт – көп уақыттан бері келе жатқан құқық нысаны. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Шарттың осындай ұзақ кезеңге созылуы, шарттың қоғамдық қатынастың әр түрлі сипатты қамтитын ыңғайлы кұқық нысаны болып табылатындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұнының өзгеруіне қарамастан шарт құрылымы өзгеріссіз қалып отыр.
Уақыттың өтуіне сәйкес шартқа қатысушылардың құрамы өсе түсті. Жеке тұлғалармен қатар бұл рөлге ұжымдық сипаттағы үйымдар, яғни заңды тұлғалар да шартқа қатысушылар болып табылды.
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ.........
1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі ..............................
1.2 Сақтау шартының елеулі жағдайлары ....
1.3 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар.......................................................................................................................
1.4 Сақтау шартын өзгерту және бұзу ..
2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ..
2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі..................................................................................................................
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері.................
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы ..
2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары..................
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................................
Кіріспе бөлім. Қызметтік қатынастардың тәрбиелік және әдет-ғұрыптық негізіне сәйкес кез келген шарт реквизиттерден және шарт түрін көрсетуден басталады. Одан әрі оның жасалған мерзімі мен жасалған жері көрсетіледі.
Кіріспе бөлімде шартқа қатысушы субъектілер анықталады. Бұл жерде тараптардың құқықтық мәртебесі ,олардың шарт мәтінінде аталатын шартты қысқартылатын атаулары (мысалы «Сақтаушы» және «жүк беруші» , т.б.) көрсетіледі.
Шарт жасаушы тұлғалардың
қызметтік мәртебесі мен
Ұйымдар, кәсіпорындар және қоғам жетекшілері шартқа жарғы негізіне сәйкес сенімхатсыз қатыса алады. Ал, басқа тұлғалар – жетекшінің орынбасарлары, вице-президенттер, филиал жетекшілері рәсімделіп, бекітілген сенімхат негізінде қатыса алады. Шарт жасасу кезінде бұл талапты сақтамау оны жарамсыз деп тануға әкеп соғады.
Осымен қатар, шарттық қатынасқа түсуші тараптар, жасалынатын шарттың жарғы құжаттарына қайшы келмейтіндігін және олардың рұқсаты мен лицензияларының бар екендігін, анықтап біліп алулары қажет.
Бұл шарттың ең негізгі бөлімі болып табылады. Мазмұндама көлемі ,
құрылымы шарттың түрімен нақты жағдайларына байланысты болады. Шарттың сауатсыз жасалуы салдарынан болатын кемшіліктерді болғызбау үшін төменгі жағдайларды ескеру қажет.
Осындай сөздер шартта
күрделі түсініспеушілікті
Шарттың мазмұндамалық
бөлімінің «Есеп айырысу
Одан басқа шарттың
мақсаты,бағасы,тараптардың
Міне, шарттың нақты осы бөлімі тараптардың мүддесін қорғайтын және заңға бағынатын серіктің өзінің құқығына нұқсан келген кезде, оны сот алдында қорғауына кепіл болады. Сондықтан да, аталған бөлім шарттың негізгі бөлімі болып табылады және бұл жерде құқықтық нормаларды сақтау өте маңызды болып келеді.
Қорытынды бөлімде міндетті түрде мына жағдайларды көрсету көзделген:
Төмендегі жайттарды атап көрсетулері тиіс:
Шартқа қол қояр алдында тараптар бір – біріне реквизиттерімен сәйкес келетін құжаттарын көрсетулері қажет.
Форс мажор
Шартқа қатысушылар «бой бермейтін күш», яғни форс – мажор жағдайлары жөнінде шартқа нақты анықтамалар енгізуге тиіс. Форс – мажор жағдайлары тәжірибелік қызмет қатынастарында сирек кездескенімен, олар жөнінде ұмытпау керек. Сондықтан да шартта мына жағдайлар көрсетіледі:
егер төтенше жағдай үш ай және одан да көп мерзімге созылса,тараптардың кез келгені екінші тарапқа ескерте отырып, шартты толығымен немесе ішінара жоққа шығару туралы шешім қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда тараптардың ешқайсысы да мүмкін болатын шығындарды өтеуге міндетті емес[6].
Заңдық факт деп саналатын шарттың мазмұнын оны жасасқан кезде тараптар құрастырған ережелер жиынтығы қүрайды. Шарт ережелерін,егер тиісті ереженің мазмұны заңнамамен міндеттелген болмаса, тараптар өз қалауларымен анықтайды.
Шарт ережелерін анықтаудың жалпы қағидасы шарт еркіндігінен туындайды.
Азаматтық Кодекстің 382 - бабының 1-тармағында императивтік жэне диспозитивтік нормалар арасындағы айырмашылық көрсетілген.
Тиісті ереженің мазмұны заңда тікелей міндеттелген болса (императивтік норма), тараптар оны өзгертуге құқылы емес. Олар ол
нормаларды шартта қарастыруы да, қарастырмауы да мүмкін, бірақ оған қарамастан, оны олар заңда көрсетілген қалпында орындауға міндетті.
Мысалы, 282-бапта ақша міндеттемесі Қазақстан аумагында теңгемен көрсетілуге тиіс делінген. Немесе, 304-бапта ортақ меншік болып табылатын мүлік кепілге тек барлық меншік иелерінің келісімімен ғана берілуі мүмкін деп көрсетілген. Сондықтан да, шарттың тараптары (заңда көзделмегеннен басқа реттерде) есеп-қисапты доллармен жасау туралы немесе мүлікті кепілге басқа меншік иелерінің келісімінсіз беру туралы ережені шартта көрсете алмайды.
Егер шарт ережелерінде диспозитивтік норма көзделген болса, тараптар оны қолданбауға немесе оларды өзгеше белгілеуге құқылы.
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі
Сақтау шарты туралы жалпы жағдайлар Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінде көрсетілген.
Сақтау шарты бойынша бір тарап(сақтаушы) оған екінші тараптың (жүк берушінің) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді. Сақтау шарты екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама-қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құкығы (несие беруші), екіншіснде - сол құқыққа икемделген міндет (борышқор) болады.
Сақтау шартын рим құқығы үш түрлі мағынада: кұқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады [1].
Сақтау шарты ұғымының пайда болуы және дамуына тоқталатын болсақ, азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болып, дамуы Ежелгі Рим құқығынан шыққандығын айта кету керек. Рим құқығы шамамен мың жыл, біздің эраға дейінгі 450 жылдан біздің эрадан кейін 350 жыл аралығында дамыған. Міне, осы даму кезеңінде азаматтық құқық қатынастарының ішіндегі міндеттемелік құқықтық қатынастың туындауына ықпалын тигізетін құқықтық қатынас болып табылатын шарттың да дамуы көрініс алады.
Қазақстан отар болуды бастаған, яғни 1731 жылғы 19 ақпаннан -ақ патшалық Ресей қазақтардың құқықтық жүйесіне өзінің заңын енгізуді қолға алды[2]. Қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын қалайда өзгертуге патша үкіметі жанын салып бақты, сөйтіп, орыс мемлекетінің құқық нормалары оның орнын біртіндеп баса берді.
Ақырында, отаршылдық саясат дегенін істеп, айтқанға көндіріп, айдауға жүргізе білді. Дей тұрғанмен, қоғамның құқық өмірінің кейбір салаларында орыс заңы мен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтары тоғысты. Демек, қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын түбірімен өзгертемін деген патша өкіметінің пиғылы жүзеге аса қойған жоқ, соған байланысты Қазақстанда екі құқық жүйесі де қолданылып келді.
Кеңес дәуірінде
әдет-ғұрып құқықтардың
Кейіннен, XIX ғасырдың 60 жылдары Қазақстанның Ресей империясының заңдары Қазақстанда қолданыла бастады. Қазақтарға жаңа капиталистік қатынастар жағдайында орыс құқықтарының нормаларымен есептесуге тура келді
Міне, осы кезеңдерден келісім шарттың жаңа түрлері мен нысандарының пайда бола бастағанын көреміз.Соның ішінде сақтау шартының да элементтері бар шарттық-құқықтық қатынастар пайда бола бастады.
Кеңес Одағының құрамында болған алғашқы кезеңдерде Қазақстандағы сақтау шартының дамуы социалистік заңдылық негізінде болды. Онда мүліктік қатынастардың негізі социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құрал-жабдықтарына социалистік меншік екендігі бекітілді. Сондықтан да бұл кезеңде азаматтық - құқықық шарт кең ауқым ала алмады. Шарттың жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалардың арасында жасалынуына көпшілік жағдайда мемлекет ықпал етіп отырды.Өйткені, жеке меншікте тек адамның өзінің жеке қажеттіліктеріне қолданатын ғана болды. Қалған мүліктің бәрі мемлекет меншігінде болды және азаматтық айналымға қатыспады .
Ал, барлық капиталистік елдерде шарт міндеттеменің пайда болуының басты негізі болып табылды және осы шарт, келісім міндеттемелік құқықтың орталық институты болып есептелді. Континентальдық жүйеге кіретін Европа елдерінің азаматтық құқығындағы шарт анықтамасында негізгі акцент тараптардың келісімі болды.
Шарттық құқықтық коцепциясы жалпы соттармен жүзеге асатын англо-амрикандық құқықта шарт уәде беру түрінде жасалды немесе кепіл яғни бір тарап екінші тараппен қарым қатынасқа түседі. Бүл уәде ету құқықтық сипат алу үшін ол екінші тарапқа тиімді болу керек. Шарт түсінігін Англия және АҚШ - тың жаңа доктринасы мен заң шығаруы шарт анықтамасында міндетті элемент сапасында енгізді. Шарттың құқықтық институт болып қалыптасуы шарттық құқықтың нормаларының дамуына сәйкес ең негізгі сипаты- сауда айналымымен тығыз байланысты. Капиталистік экономика жағдайларында айырбас шарты ең негізгі құқықтық нысанда болды.
Шарт нысанында болатын бұл құқықтық қатынас - заңмен бекітілген немесе бекітілмеген жағдайда да экономикалық сипаттағы ерікті қатынас болып табылады.
Кейіннен Қазақстан өз егемендігін алып, тәуелсіз Қазақстан Республикасы болған соң, меншіктің көп түрлілігі мен олардың теңдігі қамтамасыз етілген кезеңде, Қазақстанның заң жүйесінде де үлкен реформалар болып өтті. Соның нәтижесінде құқық салаларының барлық түрлері түбірімен өзгерді.
Тәуелсіз
Қазақстанның мемлекеттік құрылымын
жетілдіру мен мүлде
жаңа демократиялық, нарықтық қатынастарды
реттеуге бағытталған заңдар
қабылданып, соның ішінде
Азаматтық Кодексі нормалары да жаңадан
қабылданды. '
Қазіргі кезеңдегі сақтау шарттық қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен реттеледі.
Сақтауды кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыратын сақтаушы шарт бойынша өзiне жүк берушiнiң затын сақтауға қабылдау және жүк берушiнiң берген затын осы тараудың ережелерiне сәйкес сақтау мiндеттемесiн өз мойнына алуы мүмкiн. Шарт бойынша өзiне затты сақтауға қабылдау мiндеттемесiн алған сақтаушының бұл заттың өзiне сақтауға берiлуiн талап етуге құқығы жоқ. Алайда шартта көзделген мерзiмде затты сақтауға бермеген жүк берушi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, сақталмай қалуға байланысты келтiрiлген залалдар үшiн сақтаушының алдында жауапты болады. Егер жүк берушi сақтаушының қызметiнен бас тартқандығы туралы қисынды мерзiмде мәлiмдеген болса, ол затты сақтауға бермегенi үшiн жауапкершiлiктен босатылады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, шартта келiсiлген мерзiмде зат сақталуға өткізілмеген, ал бұл мерзiм шарт жасалған күннен бастап отыз тәулiк өткенге дейiн белгiленбеген жағдайларда сақтаушы затты сақтауға қабылдау мiндетiнен босатылады. Өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiне қарай сақтауды жүзеге асыратын сақтаушының, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, техникалық мүмкіндік бола тұра затты сақтауға қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Мұндай жағдайларда сақтау шарттары жария деп танылады .