Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:10, научная работа

Описание работы

Айналадағы табиғи ортаны қорғау, яғни экология проблемасы бүгінгі таңда жер бетіндегі бүкіл адамзатты толғандырып отыр. Оның бүгінгі заманғы негізгі проблемалардың санатында аталуы әсте кездейсоқ емес. Сондықтан табиғатты қорғау жөніндегі іс- әрекетімізді жандандырып, ұлғайта түсу, онда қоғам, адамзат үшін қолайсыз, зардапты өзгерістерді барынша болдырмау және мүмкіндігінше азайту- баршамыздың қасиетті борышымыз.

Содержание

Кіріспе.
Биосфера - тіршілік ортасы.
Қоршаған ортаның радиациялық ластануы.
Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.
Ауа атмосфераның ластану және оның зардаптары.
Су және суды ластанудан қорғау жолдары.
Жер ресурстары және оның ластанудың зияны.
Қала мен адамның денсаулығы.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты.doc

— 345.00 Кб (Скачать)

    Атырау, Маңғыстау аймақтарында техниканың ескілігінен бұрғы – скважиналардың бүлінуі, мұнайдың жерге, суға төгілуі қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Жерге сіңген мұнайдың қалыңдығы 10 метрге жетіп жер асты суына қосылуда. Қазір мұнаймен ластану аймағы 200 мың га алып жатыр. Қоймаларда 200 мың тонна мұнай қалдығы, 40 мың тонна көмірсутегі жинақталған.

    Ақтөбе  облысындағы су айдындарының да экологиялық  жәйі нашар. Мәселен, Елек өзені амин өнеркәсібі есебінен және бормен ластануда.

    Қорғалжын, Наурызым, Марқакөл, Алакөл, Зайсан көлдерінің экологиялық жағдайы біршама  тәуірлеу деп есептелінеді. Десе де су айдындары Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстандағы өнеркәсіп орындары, полигондар есебінен ластануда.

    Қарағанды металлургия комбинатының және Теміртау қаласындағы «Карбид» өндірістік бірлестігінен  шыққан сулар Нұра өзенін барынша  ластауда. Жамбыл фосфор зауытының сарқынды лас сулары  Талас, Асы өзердері мен оның алқаптарын фтор және сары фосформен ластап отыр.

    Оңтүстік  Қазақстан облысында ең көп ластану  Бадам –Сайрам кен орындарында  байқалуда. Әсіресе, Бадам өзені  бойындағы қорғасын, фосфор, химия өнеркәсіптерінен бөлінетін қорғасын, мырыш, сынап кей жерлерде шекті мөлшерден 50 есеге дейін асып кететіні тіркелген.

    Су  ресурстарының биологиялық ластануы Арал аймағы мен Батыс Қазақстанда  жиірек ұшырасуда.

    Қазақстанның  су ресурстарының сапасын жақсарту және қорғау шараларын жүзеге асыру бағытында мемлекет тарапынан көптеген игі істер жүргізілуде.

        Табиғи суларда олардың өздiгiнен тазару құбылысы жүредi. Бiрақ бұл процесс өте жай жүредi. Өндiрiстiк-тұрмыстық қалдықтар мөлшерi салыстырмалы аз болған кезде өзендерде өздiгiнен тазару құбылысы жеткiлiктi дəрежеде жүрген болар едi. Бiрақ, өкiнiшке орай, қазiргi таңда ғылыми — техникалық революцияның қарқынды дамуынан судың ластану деңгейiнiң қарқыны өте мөте жоғарылап отыр. Сол себептен, ағызынды суларды тазарту жəне оларды қайтадан пайдалану қажеттiлiгi туындап отыр. Ағызынды суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделi процесс. Олар — механикалық, физико-химиялық жəне биологиялық болып бөлiнедi. Бұл əдiстердiң əрқайсысын таңдап алу ағызынды судың ластану сипаты мен ондағы қоспалардың зияндылығына байланысты. Суды тазартудың механикалық əдiсi бойынша суды тұндыру жəне сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазартады. Көлемi түрлi бөлшектер мөлшерiне қарай əртүрлi конструкциялы торлармен, су бетiлiк қоспалар — май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзiледi. Физико-химиялық əдiсте ағызынды сулардан ерiген органикалық емес қосылыстар бөлiнiп, органикалық заттар ыдыратылады. Көбiнесе электролиз қолданылады. Электролиз кезiнде ағызынды сулардағы органикалық заттар ыдырап, металлдар, қышқылдар мен басқа да органикалық емес қосылыстар бөлiнiп алынады. Электролиттiк тазарту электролизер деп аталатын арнаулы қондырғыларда жүзеге асырылады. Ағызынды суларды электролиз арқылы тазарту əсiресе, қорғасын, мыс өнеркəсiптерi мен бояғыш заттар өндiрiс орындарында тиiмдi.

     Ластанған ағызынды суларды ультрадыбыс, озон, иониттер мен жоғары қысым арқылы да тазартуға болады. Ал химиялық əдiсте суды тазарту үшiн химиялық реагенттер, мысалы, хлор жəне оның хлорамин, хлорлы iзбес, натрий гипохлоритi сияқты қосылыстары қолданылады.

     Суды  тазартудың биологиялық əдiсi сулардың биохимиялық жəне физиологиялық өздiгiнен тазару құбылыстарының заңдылықтарына негiзделген. Ағызынды суларды тазартудың биологиялық қондырғыларының бiрнеше типтерi бар: биофильтрлер, биологиялық тоғандар мен аэротенклер, метантэнклер. Аэротенклерге активтi ил — микроскопиялық өсiмдiктер мен жануарлар өсiрiп, үстiнен ағызынды сумен толтырады да, ағызынды суларды төменгi жағынан қатты ауа ағынымен үрлейдi. Оттектiң (ауамен үрлегенде) жəне органикалық заттардың көп мөлшерiнде (ағызынды судағы) активтi илде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсiп, көбейiп, бактериялар бiр-бiрiне жабысып, кесектелiп, органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейiн ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесi жүредi. Органикалық заттардың мол қорымен қоректенген бактериялар активтi көбейе бастап, массалары ұлғая түседi. Бактериялардың кесектелген массалары бiртiндеп судың түбiне шөгiп, ал су тазара бередi. Тұнған таза суды бөлiп алып, ал активтi илдiң суды тазарту функциясы əрi қарай жалғаса бередi.

     Ағызынды  суды тазартудың химиялық əдiстерiнiң  ең көп қолданылатын түрi нейтралдау. Өнеркəсiп орындарының ағызынды сулардың көпшiлiгiнiң құрамында күкiрт қышқылы, тұз жəне азот қышқылдары көп кездеседi. Осы қышқылдар болатын суларды нейтралдау үшiн магнезит, доломит, iзбестастар қолданылады. Əдетте химиялық тазартудан соң биологиялық тазарту жүзеге асырылады. Ағызынды суларды тазартуға жұмсалатын шығын өндiрiс орындарынаң жалпы сметалық құнының 10-15%, кейде 20-25% құрайды. Ағызынды суларды тазарту қондырғыларының өте қымбатқа түсуi, сол сияқты көбiнесе тек қана тазарту қондырғылары арқылы үздiксiз даму үстiндегi өндiрiс орындарының зиянды əсерiнен биосфераны қорғау проблемасын шешу мүмкiн еместiгi су көздерiн ластанудан қорғаудың неғұрлым тиiмдi жолдарын iздестiрудi қажет етiп отыр. Ал мəселенi шешу үшiн экологиялық жағынан қауiпсiз, аз қалдық шығаратын, тiптi кейбiр жағдайларда қалдықсыз технологиялық процестердi енгiзу қажет. Суды ластаушылардан бөлу үш этап арқылы жүзеге u1072 асырылады.

Бiрiншi реттiк тазарту. Ағызынды сулар iрi қатты қалдықтардан тұндыру арқылы тазартылады.

Екiншi реттiк тазарту: ерiген органикалық заттарды бөлу. Ағызынды суларды биохимиялық тазарту əдiсiнде кейбiр микроорганизмдер судағы ерiген органикалық заттармен қоректенiп, өсiп, дамып, көбейедi. Осылайша, ағызынды сулар органикалық заттардан тазарады. Екiншi реттiк тазартудың келесi бiр көп таралған əдiсi тамшылы биофильтрлер арқылы тазарту. Бұл əдiсте судағы тек қана жүзiндi органикалық қосылыстар емес, ерiген қосылыстар да бөлiнедi. Тамшылы биофильтрлер арқылы 80-85% ерiген органикалық заттар тазарады. Бiрiншi жəне екiншi реттiк тазарту арқылы ағызынды сулардан 90% органикалық ластаушыларды бөлуге болады.

Үшiншi реттiк тазарту: Үшiншi реттiк тазартудың негiзгi мақсаты — ағызынды судың құрамындағы азот жəне фосфор қосылыстарын бөлу. Осы элементтердiң қосылыстары суда балдырлардың қарқынды өсiп, дамуына себеп болады. Үшiншi реттiк тазартуда ластаушыларды химиялық реагенттермен тұнбаға түсiру арқылы суды тазартады. Тазартудың осы үш этапынан кейiн суды ондағы қалған бактериялар мен вирустардан тазарту үшiн хлорлап, жер бетiлiк суларға ағызады.

Суды  ластанудан қорғауда оның санитарлық-гигиеналық жағдайы аса маңызды роль атқарады.  Халықтың пайдаланатын ауыз суы таза, зиянды қоспасыз болуы керек. Сондықтан су көздерiнiң биологиялық, химиялық жəне бактериологиялық жағдайы үнемi бақылауда болады. 

               
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                           6. Жер ресурстары және оның ластануының зияны 

     Әлемдегі  жер ресурстарының көлемі келесі мәліметгері сипатгалады: барлық құрлық көлемі – 14,8 млрд.га, соның пайызын   орман алып жатыр, 20 пайызы -  жайылым  жер шабындық, 10  пайызы  -  өңделетін егістік жерлер, 42  пайызы қалалар, селолар, өнеркәсіп орындары, шөл, шөлейт, мұздықтар сонымен, ауыл шаруашылығында 70 пайыз жері пайдаланылмайды. Шамамен планетадағы барлық топырақтың бөлігі құрамы сумен және жылумен жеткіліксіз камтамасыз жасалған сондықтан олардың өнімділігі төмен.

     Бір адамға келетін егістік жер көлемі жыл өткен сайын азайып АҚШ  – 0,79 га, Канадада – 1,84 га, Францияда  – 0,32 га, Қытайда – 0,09 га, Жапонияда  – 0,04 га. Планетада бір адамға келетін  егістік жері – 0,3 га. Ғылыми  есептеулер  көрсеткендей, орташа өндіріліп жүрген астық өнімділігі болса, қажетті тамақ өңдіру үшін 0,4-0,5   га керек және 0,1 га жер үйлер, жолдар және басқа мұқтаждыққа   кажет. Планетадағы өнімділігі жоғары жерлерді көбейтудің резерві өте  төмен. Халықаралық азық-түлік жөніндегі ұйымның мәліметі  бойынша, планетадағы потенциалы жарамды топырағы бар өңдеуге болатын барлық жер ауданы 2,5-2,7 млрд.га. Ал, қазіргі кезде өңделіп жүрген жер көлемі -1,5 млрд. Га. Бірақ өңдеуге жататын жаңа жерлерді игеру үшін үлкен қомақты қаржы қажет етеді.

     Қазақстан мемлекетінің жер көлемі 2717,3 мың  км2. Әлемдегі 176 мемлекет ішінде Казақстан өзінің территориясының көрсеткіші  жағынан 9 орында тұр. Бірақ, осыншама территорияның көпшілігі яғни 70 пайыздан астамы шөлейт және шөл аймақта орналасқан. Еліміздің бүкіл жер қорының 60 пайызы жазық дала, 30 пайызы үстірт жоталар, 10 пайызы таулы болып  келеді. Солтүстіктен оңтүстікке жүретін болсақ, топырақ құнарлығы өзгеріп осыған   байланысты өсімдік дүниесі де алмасып отарады: орман дала 0,6 млн. Га, дала 7,4 млн. Га; жартылай шөлейт 37,5 млн, га және шөл.

     Қазақстан Республикасындағы барлық жер нысаналы арналуына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:

    - ауылшаруашылығына арналған жерлер;

    - елді мекендердің (қалалардың, поселкелер мен селолық елді

    мекендердің) жері;

    - өнеркәсіп, көлік, байланыс,  қорғаныс  жері және  өзге  де

    ауылшаруашылығына арналмаған жер;

    - ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының  жері;

    - орман қорының жері;    

    - су қорының жері;

     - босалқы жер.

     Қазақстан Республикасының территориясының  көлемі 2717,3 мың км2 құрайды. Елімізде бүгінгі таңда 14 облыс, 85 қала, 160 аудан 200 поселкелер мен 7863 ауыл бар. Ең үлкен Қарағанды облыс территориясы 428 мың км2. Бүкіл республика бойынша хал қоныстану тығыздығы 1 км2 5,4 адам. Халықгың ең жоғары орналасқан облысы Оңтүстік  Қазақстан, онда  әрбір 1  км2 1 адамнан келеді. Ел астанасында халықгың саны — 534 мың ад оңтүстік астанада — 1139,9 мың адам. Облыстар бойынша халық с мен территория мәліметі кесте 1 келтірілген.

Кесте 2  
 

             Қазақстан Республикасы облыстарының территориясы мен халықтың саны 

 
Облыстар 
Терри-тория, мың км2  
Халық саны, мың адам  
Халық тығыз-дығы,

1 км2  

аудан 
қала 
Елді

пунктер

Поселк-р Ауылдар
1. Ақмола 146,2 810,3 5.5 17 11 14 751
2. Ақтөбе 300,6 672,6 2,2 12 8 3 468
3. Алматы 223,9 1561,8 7,0 16 11 15 811
4. Атырау 118,6 447,1 3,8 7 1 15 189
5. Батыс Казақстан 151,3 604,4 4,0 12 2 4 512
6. Жамбыл 144,3 985,7 6,8 10 4 12 367
7. Қарағанды 428,0 1381, 6 3,2 9 1 39 556
8. Қостанай 196,0 972,3 5,0 16 5 13 799
9. Қызылорда 226,0 605,5 2,7 7 3 12 269
10. Маңғыстау 165,6 323,7 2 4 3 8 48
11. Оңтүстік  Қазақстан 117,3 2025,4 17,3 12 8 13 933 
12 Павлодар 124,8 776,8 6,2 10 3 8 516
13. Солтүстік Қақазстан 98,0 706,4 7,2 13 5 5 774
І4. Шығыс Қазақстан  283, 1504,3 5,3 15 10 30 870
 
 
Қазақстан Республикасы 2717,3 14841,9 5,4 160 85 200 7863
 
 
 
 
 
 
 

     Жер ресурстарының құнарлығы адамдардың іс-әрекетіне тікелей тәуелді, яғни неғұрлым қоршаған ортаға зиянсыз   технология қолданылса, соғұрлым топырақ  ластанбайды. Бірақ,    топырақ құнарлығы жылдан-жылға төмендеуде. Топырақты ластаушы көздер келтірілген. Негізінен топырақты ластаушылар,    келесі топтарға бөлінеді:

  • петицидтер;
  • тыңайтқыштар;
  • мұнай және мұнай өндеудегі өнімдер;
  • өнеркәсіп кәсіпорындарының айнала ортаға тастаған заттары;
  • үй тұрмыстық және өнеркәсіп калдықтары.

     Пистицидтер ауылшаруашылық дақылдары, өсімдіктер пайдаланатын және зиянкестеріне қарсы  күресте пайдаланылатын, химиялық улы препараттар. Америка Құрама Штаттары шаруашылық егістік жерінің 61 % пестицидтермен өндейді, ал ТМД елдерінде 87 %. Зерттеулер мәліметіне сүйенсек, пестицидтерді шаруашылығында өте көп қолданылуы нәтижесінде, планетада 2 миллион адам тікелей уланып, жылына 50 мың адамның өмірін алып кетеді екен, рак ауруларының саны да өсуде. Қазақстанда ауылшруашылығында пайдалануға рұқсат етілген пестицидтердің 400 түрінің 30-ның ғана қоршаған ортадағы кұрамы бақылауға алынған. Пестицидтердің егістік жерлерде дұрыс қолдану жөнінде нормативтер техниканың жоқтығы, өңделетін жерлеріміздің химиялық улануынан ұлғайтып, топырақ деградациясы   күшейіп   орасан   зор экологиялық сипат алуда.

     Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау  облыстарында мұнай өндірудің және ондағы қолданып жүрген технология қоршаған орта тепе-теңдігін бұзылуына, экологиялық дағдарысқа әкеліп тіреуде. Зерттеулер нәтижесі бойынша аймақта кеңінен қолданылып жүрген геология-барлау, газ-мұнай кәсіпшілігі мен өңдеуші өндірістер жұмысы бұл өңірдің онсыз да нашар экологиялық жағдайын шиеленістіріп, қосымша шығындар шығаруға мәжбүр етеді. Оның әсері күкіртті сутегі мен басқа да уландырғыш заттары өте көп сутегі, кен орындарының ашылып пайдаланылуымен байланысты одан сайын өлшеусіз өсе түсуде.

     Скважиналарды сынаған кезде   де   көмірсутегінің   жануы құрамыңда күкіртсутегі бар заттардың атмосфераға шығуы қоршаған ортаға экологиялық зиянын тигізуде. Мұнай өнімдерін кабылдап мен өлшеудің жабық жүйелері және осы кезгі  құралдарының жоқтығы мұнай өнімдерінің толық жанып  бітпеуіне  және күкірт қышқылы қосыңдыларының  пайда болуына әкеліп соқтыруда

Информация о работе Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты