Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:10, научная работа

Описание работы

Айналадағы табиғи ортаны қорғау, яғни экология проблемасы бүгінгі таңда жер бетіндегі бүкіл адамзатты толғандырып отыр. Оның бүгінгі заманғы негізгі проблемалардың санатында аталуы әсте кездейсоқ емес. Сондықтан табиғатты қорғау жөніндегі іс- әрекетімізді жандандырып, ұлғайта түсу, онда қоғам, адамзат үшін қолайсыз, зардапты өзгерістерді барынша болдырмау және мүмкіндігінше азайту- баршамыздың қасиетті борышымыз.

Содержание

Кіріспе.
Биосфера - тіршілік ортасы.
Қоршаған ортаның радиациялық ластануы.
Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.
Ауа атмосфераның ластану және оның зардаптары.
Су және суды ластанудан қорғау жолдары.
Жер ресурстары және оның ластанудың зияны.
Қала мен адамның денсаулығы.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты.doc

— 345.00 Кб (Скачать)

      Қазір біз оқушыларымызға экологиялық сананы қалыптастыруымыз керек. Экологиялык санаға экологиялык білім, накты мәліметтер, та-биғатпен, өсімдікпен, жан-жануарлармен қатынас жатады. Экологиялық сананы қалыптастыру үшін біліммен қатар, экологиялық сезім, экологиялық жауапкершілік болуы керек. Біз осыны оқушыларымызға дарытуға тиіспіз.

      Экологиялық сананың атқаратын қызметі де едәуір.Олар:

-ағартушылық;

-тәрбиелік;                   

-дамытушылык, (ой-өрісін, ойлау қабілетін);

-үйымдастырушылық;

-насихаттау.     

      Экологиялық мәдениет болуы керек. Оған экологиялық білім, та-биғатты қорғау, табиғатқа жанашырлық таныту, табиғатты сезе білу, та-биғаттың сұлулығын түсіну, табиғатпен тілдесу жатады.

      Экологиялык сана пән арқылы калыптасады. Әр пәнді, әр сабақты эко-логиялық тәрбиеге үйлестіріп өткізуге болады. Оны тарихтан, әдебиеттен, тілден, жағра'пиядан, физикадан, биологиядан, химиядан т.б. пәндерге бай-ланысты өткізуге мүмкіндік бар. Онда суды, топырақты, ауаны, өсімдіктерді, жан-жануарларды, қазба байлықтарды ұқыпты пайдаланып, ластамау жағын айтқан жөн.

      Экологиялық сананы арнайы сабақтар, кештер, іс-шаралар, үйірме жұмыстары арқылы қалыптастыруға болады. Әсіресе саяхат немесе бау-бақшаға  қарау, өсімдіктерді баптау, тал-терек  отырғызу, құстарға көмектесу т.б. іс-әрекеттер  экологиялық сананы қалыптастырудың бірден-бір жолы болып табылады.

      I. Экологиялық мәселелер - қазіргі заманда әрбір адамның, әлеуметтік топтың, адамзаттың көңілін алаңдатып отырған күрделі жағдай. Бұл мәселелерді шешу ғылым мен техниканың даму дәрежесіне ғана емес, адам-заттың табиғи ортаны корғау жауапкершілігіне де байланысты. Кәсіпкерлер, өндіріс жұмысшылары, мектеп түлектері т. б. әртүрлі сатыдағы экологиялық карым-қатынас, олардың адам денсаулығына, биосфера генофондына әсері туралы қарапайым білімдердің өзімен де нашар қаруланған. Мұның негізгі бір себебі - мектеп қабырғасындағы берілетін экологиялық білім мазмұнының нашар жоспарлануы, тіпті камтылмауы.

      Қазір экология ұғымына әртүрлі анықтама беріліп жүр. Егер оларды жинақтай келсек, экология - бүл тірі ағзалар мен коршаған орта арақаты-насы, яғни ағзалық және ағзадан жолдары тірі материя сатыларының қор-шаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым деуге болады. Мысалы: био-логиялык экологияны келесі бөлімдерге бөлуге болады: жасушалар дәрежесіндегі экологиялык арақатынасты - цитологиялық экология; ағзалар дәрежесіндегі экологиялық арақатынасты - аутэкология, популяцияларды - популяциялық экология, биоценоздарды - синэкология; биогеоценозды - биогеоценология зерттейді.

      Ақырғы  жылдары экологиялық арақатынасты биосфера және оны қор-шаған орта дәрежесінде қарастыру қажеттілігі туып отыр. Бұл сұрақтарда қарастыратын аумақты экология болып табылды. Бұл биосфера мен шығу тегі әртүрлі орта жағдайлары, яғни жүйелі түрде антропогендік, космостық, геофизикалык, геохимиялық, т. б. жағдайлары арақатынасын зерттейтін ілім. «Биосфера экологиясы» деп те атауға болады.

        Адам экологиясы адамның биоәлеуметтік  ағза ретінде қоршаған табиғи  жөне әлеуметтік ортамен арақатынасын  зерттейді. Адам ағзасына геофизикалық, геохимиялык, биологиялық, әлеуметті-тұрмыстык, техногендік, т. б. жағдайлар әсер етеді. Қазір ортаның жеке химикаттармен ластануы, оның адам денсаулығына әсері, сол сияқты физикалык (радиоактивті, жылулық, электромагниттік, шудың) жағдайлардың адамға әсері зерттелуде. Адамныың қоғамдык тірі құрылым ретінде табиғатпен байланысын келесі түрлерге бөлуге болады:

1. Практикалық

2. Теориялық (аңыздық, дінилік, философиялык, ғылыми)

3. Эстетикалық (әсемдік)

4.  Этикалық-парасаттык, т. б.

      Практикалык әсері, бұл ата тегіне ұқсас ұрпақ қалдыру аркылы өмірді жалғастыруымен түсіндіріледі. Бұдан теориялық әсер - өзін-өзі зерттеу; әсемдік әсер - табиғатқа деген саналы қатынас; этикалық-парасаттық әсер-қорғау, ұқыпты қарау, сүю т.б. келіп шығады.

      Қоғам мен қоршаған орта арақатынысын әлеуметтік экология зерттеп, оның ерекшелігі, принциптері, заңдылықтары, мәні туралы мәселелерді қарастырады.

      Сонымен, экология бастапқы кезде биологиялық  объектілер мен қоршаған орта арақатынасын зерттеумен канағаттанса, казіргі оның бағыты адамның, қоғамның коршаған ортамен арақатынасын зерттеу болып табылады.

      Мектептегі  алатын экологиялык, білім осы бағыттардың  әрқайсысын, яғни биологиялық экологияны, аумақты экологияны, адам экологиясын, әлеуметтік экологияны қамту керек. Қазіргі мамандардың ұсынуы бойынша орта мектепте экологиялык тәрбие берудің 3 моделі бар.

1. Көппәнділік модель, дәстүрлі оқыту  пәндерін экологияландыру, яғни  тараулар, тақырыптар еңгізу. Мысалы: географияға - аумақты экологияны, биологияға - адам экологиясын, т.  б. енгізу.

2.   Бірпәнділік модель, арнаулы экология курсын еңгізу. (1982 ж. бүкілдүниежүзілік табиғат хартиясының ұсынысы бойынша, қоршаған ор-таны қорғау курсы жалпы білім беру жүйесінің негізгі бөлігі болып табылуы керек).

3.  Аралас модель, экологиялық мәселелер  әр пәнде тақырып бойынша қарастыру және жеке курста толықтай окыту.

      Аталған модельдерді негізге ала отырып, әртүрлі бағдарламалардың жасалуы  және мектептерге енгізілуінін тиімділігі басқа елдердегі интегра-цияланған  бағдарламалармен дәлелденеді: «Қоршаған  ортаның химиясы», «Адам және оның айналасы» (АҚШ), «Химиялык, және физикалык құбылы-стар» (Болгария), «Жаратылыстану», «Химия және экология» (Ресей), «Адам және орта», «Адам және экожүйе» (Эстония).

      Ғылыми-техникалық прогрестің жоғары өрлеуі табиғи ресурстарды пайдалануды ұлғайтумен үздіксіз байланысты, ал бұл бізді коршаған ортаға терең өзгерістер әкеледі. Біздің Республикамызда да экологиялық, жағдай асқынып отыр. Көптеген калаларда атмосфералық ауа зиянды заттармен мөлшерден артык ластанған, мысалы: Алматы, Жамбыл, Өскемен, Зырьян, Лениногор, Теміртау, Шымкент, т\б. қалалар жатады. Семей өңірінің топы-рағының радиактивті заттармен ластануы адамдардың денсаулығына әсерін тигізуі одан әрі жалғасуда. Каспий, Арал бассейндеріндегі экологиялық жағ-дай да өте ауыр, Орал және Іле, Сырдария және Бадам, Нұра өзендері өнеркәсіп калдықтарымен ластануда.

II. Экологиялық жағдайларды көре  отырып, экологиялық білім беруді  өз практикамда келесі жұмыс  түрлерін үйымдастыру арқылы  жүзеге асырып жүрмін.

1. Экологиялық сөздік жүргізу.

2. Экобасылымдар жасау.

3. Қоректік тізбек құру.

4.  Сүйеніш жүйелерін кұру.

5.  Экокарточкалар жасау.

6. Экологиялык нұсқаулар ұйымдастыру.

7.  Экокарта сызу.

8. Экологиялық сыныптан тыс жүмыстар  өткізу. 

      Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне көңіл  бөлініп, әрқайсысына арнайы тақырып беріп, олардың ізденімпаздығын дамыту керек.

      Экологиялық білім мен тәрбие беру - «Табиғат - адам - қоғам» жүйесіндегі қарым-катынасты оқушылардың ғылыми негізде игеруі кезеңінде қалыптасады. Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың эколо-гиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылык, жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру. Экологиялык мөдениеттілік адамның сезімін тәрбиелеуден, экологиялық сананы қалыптастырудан шығады.

      Экологиялык тәрбие мен білім беру - көп сатылы үрдіс, ол кешенді тұрғыда қарастыруды қажет етеді.

      Біріншіден, адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету  ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін  калыптастыру. Екіншіден, жеке түлғаның адамгершілік дүниетанымын тәрбиелеу. Үшіншіден, сарамандық іс-әрекетте білім мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін ерекшелік факторын қалыптастыру.

      Экологиялық білім мен тәрбие беру — табиғат  ресурстарын тиімді пай-далану мен  қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын жеке тұлғаның экологиялық  сенімін қалыптастырып, белсенділігін көтеру. Сон-дықтан, экологиялық білім беру оқушылардың табиғатқа жаңаша көзқара-сын қалыптастырудың негізі болса, әр түрлі формаларда жүргізілетін эко-логиялық тәрбие жеке тұлғаның эмоциялық-сезімдік әлеміне бағытталады, адамгершілік, жауапкершілік касиеттерін өсіреді.

      Болашақ ауыл шаруашылық мамандарына экология бойынша деректер беріп қана қоймай, табиғатқа деген қарым-катынастың жаңа көзқарасын, санасын, мәдениетін қалыптастыру басты мақсат болуы  керек. Сондықтан, экологиялық білім берудің белгілі бір әдістемелік жүйесі жасалуы кажет.

      Қоршаған  ортаны қорғау (ауа, су, топырақ т. б.), коғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу үрдістері де кешенді тұрғыдан қарауды  талап етеді.

      Экологиялық тәрбиелік функция оқушыларды табиғатқа деген жан-ашырлықты, жауапкершілікті сезінуге баулиды. Экологиялық сана эколо-гиялық білімнен тұрады. Ол оқушылардың дүниетанымының маңызды кұрамдас бөлігі ретінде экологиялық тәрбие беру үрдісінде дамиды.

      Экологиялық білім берудің біртүтас жүйесін  қалыптастыру - Қазақ-станда білім берудің жаңа жүйелері мен әлемдік стандартқа сай мемлекеттік оқу жоспарын жасау, оларды қаржыландыру, экологиялық білім беретін ұстаздарға қамқорлык жасау, мектеп алдындағы экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері кезек күттірмейді.

      Көп жағдайда экологиялық оқу-тәрбие жұмысының  төмендігі, мұғалімдердің кәсіби мамандығының нашарлығы жайлы көп айтылады. Оның үстіне, ауылдағы мектептердің көбі өте ауыр халді бастан өткеріп  отыр. Осындай мектептен келген балаларға  экологиялық білім мен тәрбие беру -үлкен міндет.

      Ауыл  шаруашылық жоғары мектептерде кәсіби мамандықтарды эколо-гиялық сауаттылықпен, біліктілікпен ұштастырып, экологиялық  білім беруді жетілдіре түсу - қоршаған ортаны корғаудың тиімді жолдарын ашары  хақ.

      Адам  — табиғат перзенті. "Табиғат — ана", "Жер — ана" деген тіркестердің болуы тегін емес. Табиғат өздігінен пайда болған дүние, яғни, бізді қоршаған орта. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адамның санасыз әрекетінің арқасында табиғаттың тозуы — экологиялық дағдарыс  туындады.

Жер мен суды, аң мен құсты, ауа мен  адам ағзасын оңдырмай бүлдіріп, соның  сазайын тартып отырған қазіргі  кезде "Бұзбақ оңай, жасамақ қиынның" мәнін түсінгендейміз. Есепсіз қолданылған  химикаттан мәңгілік мекен — құнарлы  жеріміз тозып, істен шығып, ал ластанған су мен ауадан азық-түлігіміз, асқазанымыз бүлініп, көгімізден тұз жауып, көкірегімізді ыс қауып ұрпағымыз аза бастағанда барып "Табиғат тағдыры — адам тағдыры" екеніне көзіміз жетейін деді. Экологиялық надандықтың салдарынан экологиялық дағдарыс деген  қайғылы  сөз жиі айтылуда.

      Экологиялық дағдарыстың неғұрлым кауіпті  көріністері

1.   Қоршаған ортаның химиялық ластануы

2.   Топырақтың тозуы.

3.   Су ресурстарының тартылуы.

4.   Атмосфераның ластануы.

5.   Радиациялық ластану.

6.   Биологиялық ластану.

7.   Тіршілікке  қауіп төндіретін  қауіпті табиғи  құбылыстар  мен өнеркәсіп апаттарының белең алуы.

8.   Жинақталған улы қалдықтардың  қоршаған ортаға терең зиянын  тигізуі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                         Қауіпті  көріністерге қысқаша сипаттама.

      

                    2.  Қоршаған ортаның радиациялық ластануы 

    Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп  айырмашылығы бар. Қыса толқынды электромагниттік сәуле шығару мен зарядталған  бөліктерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы радиоактивті  нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.

Информация о работе Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты