Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:10, научная работа

Описание работы

Айналадағы табиғи ортаны қорғау, яғни экология проблемасы бүгінгі таңда жер бетіндегі бүкіл адамзатты толғандырып отыр. Оның бүгінгі заманғы негізгі проблемалардың санатында аталуы әсте кездейсоқ емес. Сондықтан табиғатты қорғау жөніндегі іс- әрекетімізді жандандырып, ұлғайта түсу, онда қоғам, адамзат үшін қолайсыз, зардапты өзгерістерді барынша болдырмау және мүмкіндігінше азайту- баршамыздың қасиетті борышымыз.

Содержание

Кіріспе.
Биосфера - тіршілік ортасы.
Қоршаған ортаның радиациялық ластануы.
Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.
Ауа атмосфераның ластану және оның зардаптары.
Су және суды ластанудан қорғау жолдары.
Жер ресурстары және оның ластанудың зияны.
Қала мен адамның денсаулығы.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты.doc

— 345.00 Кб (Скачать)

                             МАЗМҰНЫ 
 

          Алғы сөз.

     Кіріспе. 

  1. Биосфера - тіршілік ортасы.
  2. Қоршаған ортаның  радиациялық ластануы.
  3. Қоршаған ортаның  биологиялық ластануы.
  4. Ауа атмосфераның ластану және оның зардаптары.
  5. Су және суды ластанудан қорғау жолдары.
  6. Жер ресурстары және оның ластанудың зияны.
  7. Қала  мен адамның денсаулығы.
 

      Қорытынды.

      Пайдаланылған әдебиеттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                   

                        

                                       Ө.Жолдасбеков атындағы орта

                                    мектептің  9-шы сынып оқушысы

                                    Көшербаева Айжанның  « Сынып

                                    оқушыларын экологиялық тәрбиеге

                                    баулу негіздері» атты ғылыми жобасына 

                                     П І К І Р

            Айналадағы табиғи ортаны қорғау, яғни экология проблемасы бүгінгі таңда жер бетіндегі бүкіл адамзатты толғандырып отыр. Оның бүгінгі заманғы негізгі проблемалардың санатында аталуы әсте кездейсоқ емес. Сондықтан табиғатты қорғау жөніндегі іс- әрекетімізді жандандырып, ұлғайта түсу, онда қоғам, адамзат үшін қолайсыз, зардапты өзгерістерді барынша болдырмау және мүмкіндігінше азайту- баршамыздың қасиетті борышымыз.

        Экология проблемасы  қысқа мерзімді, өткінші  науқан емес, ол мақсатты түрде жүргізіліге тиісті процесс. Ал өндірістің уақыт талабына сай үздіксіз жетілдіріліп, өзгерістер енгізіліп отыратыны сөзсіз. Өндірістің  дамуы нәтижесіндегі антропогендік әсерлер қоршаған ортаның, ластанған ауаның, судың, топырақтың, өндірістік, химиялық, радиациялық қалдықтардың және т.б. факторлардың, жағымсыз әрекеттердің адам денсаулығына қауіп төндіруде. Сондықтан аталмыш мәселе жөніндегі білімді әрдайым тереңдетіп, кеңітіп отыру қазіргі заман талабы.

     9 сынып оқушысы  Көшербаева Айжанның ғылыми жобасында келтірілген материалдар қазіргі кездегі экология саласындағы ғылым мен техниканың дамуы және табиғатты ұтымды пайдалануы, Қазақстан экологиясының бүгінгі жағдайы жайлы ғылыми деректер жинақталған. 

     Пікір білдіруші:  ТИГУ, «Спорт және ТҚН»

       каф. аға оқытушысы:                                            Э. Ермек

                                                      
 
 
 
 
 
 

                                               АЛҒЫ СӨЗ 

    Қазақ халқының асыл мұраларының бірі - табиғатқа деген аса бір сүйіспеншілігі  мен  асқан  адамгершілік  қасиеті  болады.  Халық ұғымында  табиғат  деген  қасиетті  сөз,  туған  жер,  өскен  ел,  атамекен, аяулы  өлке,  ауылым  өздегі қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш» деп көздің қарашығындай сақтаған. Қарлығаш, аққу, ұлар сияқты құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп қастерлеген.  

      Қасиетті  сөз бар еді «Кие»- деген 

      Киелігі жоламас жүйе деген 

      Жерін, елін, Отанын сүйетіндер,

      Ең  алдымен бұл сөзді сүйеді екен.  

    Қазақ  халқы  табиғаттың тынысын  жүрегімен  тани  білген. Адамның  табиғатқа  тұтынушылығына  көзқарасы, оған сарқылмас  байлық  деп  қарауы  табиғи тепе – теңдіктің бұзылуына жол  берді. Мұның келеңсіз әсері  күшейіп, адамзат экологиялық мәселерді шешуді белсенді түрде қолға алды. Жер бетін қамтыған экологиялық дағдарыстар мен экологиялық апаттар және оған  туындалған экологиялық зардаптарға байланысты экология ғылымының қажеттілігі анық айқындалды.

    Сонымен  бүгінгі  күні экология ғылымы –  тірі ағзалардың  бір – бірімен  байланысын  және  олардың қоршаған  ортамен  қарым – қатынасын,  тепе – тендік заңдылықтарын зерттейді. Экология – бүкіл адамзат баласының  шалыс  басқан  әрбір  іс- әрекетіне  келешекте  шек қоятын,  оның  тыныс – тіршілігіне  тікелей  ат  салысатын  ғылымның жаңа  саласы.  Ол  қоршаған  ортаны  кесапат жағдайлардан,  кейбір көлденең  оқиғалардан  сақтауға, табиғат пен  арадағы тепе–теңдікті қалпына келтіруге бағыттталған  маңызды  мемлекеттік  және  әлеуметтік шара.

    ХХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХІ  ғасырдың  басталған  шағында  адамзат қоғамының  даму  мәселесі  адам  мен  табиғаттағы  қарым -  қатынастың дұрыс  жүргізілмеуінің  арқасында  мүлдем  шиеленісіп  кетті. Осы жағдайды  саналы  азаматтың   барлығы түсіну  қажеттігін  және  әрбір азаматтың өмір  сүрү  барысында табиғат пен табиғат қорларын пайдалану үрдісінде оны таза, мол қазыналы көркем қалпында мәңгілікке сақтау ешбір кезек күттірмейтін мәселе екенін мемлекет деңгейінде түсінудің қажеттігін  Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» бүкіл халыққа Жолдауында  бірнеше рет айтып өтті. Қазіргі  кезде  Семей  полигоны,  Арал қасіреті, Байкоңыр ғарыш аймағында және т.б. жерлердегі экологиялық апаттар орын алуда.

    Марқакөл  мемлекеттік  табиғи  қорығының  ақпарат, мониторинг және  экологиялық  ағарту  бөлімі осы мәселерді шешуге өз үлесін қосу барысында  мынадай міндеттер қойдық..

    Табиғат – адам – қоғам – өндіріс; «қоршаған орта мен қоғам» арасындағы ара–қатынас табиғатын сақтауға бағытталған адамдардың қызметі бірлікте болуы тиіс.

    – Адамдардың  экологиялық сауаттылығын  арттыру  экологиялық апаттарды  болдырмаудың алдын алуы болып табылады.

    – Экологиялық сананы қалыптастыру, табиғатпен қарым–қатыныста қалыптар мен ережелерді бұзбауға үйрету.

    – Мектепте жас ұрпақтарға экологиялық білім беруде қорық қызметкерлерімен  бірігіп  қоғамдық  пайдалы  еңбек,  экологиялық апталық,  саяхат, практикалық жұмыс жасау.

    Жыл  сайын  өткізіліп  отыратын  халықаралық  табиғат  қорғау акциясы  «Саябақтар – шеруі»  аумағандағы  өткізілетін «Табиғатты қорғайық»,   «Біз  Марқакөл  өркеніміз»  деген суреттер  жарысы, «Менің Марқакөлім» атты  балалардың шығарма жұмысының жарысы осыған дәлел. Жергілікті  тұрғындар мен қорық қызметкелері  бірігіп көгалдандыру, құстарды  қорғау,  көшедегі  лас – қоқыстарды  жинау, тұған  өлкені  зерттеп  білу  барысында табиғат ескерткіштерін қамқорлыққа алу сияқты шаралар  өткізіліп  отырады.

    Өзіміз  тұратын  Күршім  ауданында,  әсіресе,  Марқакөл  қорығының аймағында  экологиялық мәселелер жоқтың қасы емес. Қорық қызметкерлерінің  табиғатты қорғау тұрғысындағы  еңбектері, осы қорықтың  жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне толығымен мониторинг жүргізуді қамтамасыз ете алмайды. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының  ғылыми  зертеулерінің  2007 –  2012 жж. перспективті жоспары  жасалынған. Мысалы: ММТҚ «Табиғат жылнамасын» жүргізіп, биологиялық  алуан түрлігінің  жыл  сайынғы мониторингісі, экожүйеге антропогендік факторлардың әсерін бақылау, хариус балығын көбею экологиясын зерттеу сияқты ғылыми  зерттеулер жүргізілуде. Айрықша қорғалатын және қорғалмайтын  аймақтарды экожүйелерінің өзгеруіне болжам жасалуда, Оңтүстік Алтайдың флорасы мен фаунасына инветаризация жасалады.

    Марқакөл  мемлекеттік  табиғи  қорығының  (ММТҚ) қорғау аймағында  санитарлық  шаралар  жыл  сайын  өткізіліп  отырады, соның ішінде:

– Қорық аумағында ескерту және тыйым салу туралы аншлагтар орнатуы.

– ММТҚ аумағында қорғауға шығу және рейд жасау.

– ММТҚ инспекторлаларына экологиялық  ағарту оқу сабақтарын өткізу.

– ММТҚ аумағында туристтер мен дем алушылармен экологиялық ағарту сабақтарын өткізу.

    Қойылған  мақсаттарды жүзеге асыруда табиғат мұражайына саяхат жасаудың зор ықпалы бар. Бұқаралық ақпарат құралдарында қоршаған ортаны қорғау аспектілері туралы мақалалар шығару, қорықтың өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі сирек   кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғап, сақтап қалуда ұсыныстар жасалады.

    Тұған жеріміздің табиғатын қорғау – баршамыздың міндетіміз. Келер ұрпақты экологиялық білімділікке баулу керек. Ата – бабамыз оқымай – ақ табиғатпен үндесіп, табиғат сырларын біліп отырған. Қазақ орнатқан ошақтарын да көшкенде жауып кетеді екен.

    Ойымызды  түйіндесек адам мен табиғат әрқашанда егіз. Әр адам табиғат   тазалығын бұзатындарға  төзбестікпен  қарап,  табиғат байлығын молайту  саласындағы  істерге белсенді түрде қатысуға міндетті. Сондықтан, қоршаған  ортаны қорғайтын, табиғатты аялайтын  экологиялық  мәдениетке  тәрбиелеу арқылы салауатты, саналы азаматтарды тәрбиелеу әрбір адам  баласының міндеті болып табылу тиіс және солай болатына сенімдіміз.

    Марқакөл  қорығы – біздің табиғи байлығымыз, мақтанышымыз. Өзен– көлдің  суының  сылдырын, құстардың қалай әндеткенін естімеген, гүлдердің  сұлулығын  тамашаламаған, арайлы алтын күннің шапағатын қызыға  қарамаған  адамнының ой–өрісі кең болмайды, қиялы қанатсыз болады. Ендеше, қорық манайында қорық режиміндегі аймақ құрғанда ғана, көл  бассейнінің табиғат кешенің сақтауға болады, яғни Марқакөл шұңғымасының қайталанбас табиғаты - Оңтүстік Алтай эталоны бола алады.

    Жалпылама  философиялық  мәселелер  төңірегінде  қоғам,  қоғамның даму заңдылықтары адам мен қоғамның ара қатынасы. Қоғамдық қатынастар туралы ой-пікірлер алғашқы қауымдық қоғам дәуірлерінде қалыптаса бастаған. Осыған орай адамзаттың сана-сезімінде қоғам деген не?,  ол қалай пайда болады ?,  қоғамның  даму  жолдары қандай?, қоғамдағы процестердің өзара байланыстары бар ма? деген сұрақтар туындаған. Осындай сұрақтардың негізінде адамдар бірлесе отырып бір қоғамға бірігіп өздерінің тұрмыс  тіршіліктерін қалыптастыруға бет бұрып, қоғамның даму жолдарын өздерінің практикалық өмірлерімен байланыстырған.  Сондықтан да  қоғам дегеніміз адамдардың өзара бірлесе отырып, саяси әлеуметтік, экономикалық және рухани іс-әрекеттерін атқаратын ортасы болып табылады. Қоғамдағы әр түрлі жағдайларды  зерттеуде  философия  тарихында  материализм  мен идеализм бағыттарының арасында үздіксіз күрес жүріп келе жатыр. Материалистер қоғамды және оның даму жолдарын объективті құбылыстарға байланыстырып түсіндірсе, ал идеалистер сана-сезімге рухани әлемге байланысты мәселелермен түсіндіреді. Бұл жолда материалистік қоғам өмірін ғылыми тәжірибелер айқындаса, идеалистік бағыттағы қоғам мәселелерін дін тұрғысынан шешеді. Қалай болса да қоғамның дамуы ой еңбегі мен дене еңбегінің дамуына немесе еңбекші халықтың қоғам туралы ой-пікірлерінің, іс-әрекеттерінің дамуына себеп болды, яғни қоғамдағы өндірістік  қатынастарды дамыта отырып, қоғамның  адамзат  өміріндегі  мәңгі құбылыс екендігі дәлелденді. Қоғамның пайда болу жолында негізгі роль адамзат қауымымен тығыз байланысты. Өйткені адамзат өзінің жанұясынан бастап, белгілі бір ортада қоғамның  пайда  болуына  түрткі  болатын,  жоғары  рухани құндылық басым тұлға болып табылады. Сондықтан да адамзат қоғамда өмір сүріп, қызмет ете отырып қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады.

    «Қоғам» деген сөздің мағынасы кең, алғашқы  қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық  қоғам, т.б. Бұл арада алдымен белгілі  бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардын өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан тұратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.

    Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы қатынасты қоғам деп айтамыз. Біріншіден, қоғам-адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподақ, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді. Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады. Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық катынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады 1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады 2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады; 3) қоғамның объективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме, жоқ па,оған қарамастан өмір сүреді. Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық, т.б.) - адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыстарының нәтижесі. Мұндай аграрлық қоғамдар қазір де бар 3) өндірістік, өркениетті немесе дәстүрлік қоғам. Қоғамның бұл типі байлық пен билік теңсіздігін анық көрсететін қалалардың дамуына негізделген. Мұнда мәдениет, ғылым және өнер дамиды, сондықтан да оны өркениетті қоғам деп атайды. Бұл қоғамда басқару жүйесі  қалыптасады .  Сондықтан да  оны дәстүрлік   (традиция) қоғам деп атайды. Дәстүрлік қоғамның көпшілігі ірі империялар болған.

    Дәстүрлік  қоғамның  негізгі белгілері: 1) еңбек  адамдарының жынысына сәйкес белгіленген; 2) қоғам тапқа бөлінген. Негізгі тап - ақсүйектер - қоғамда  жоғары  әлеуметтік  орны  бар,  басқарушы, билеуші, үстем тап. Екінші тап - қоғамның басқа мүшелері, бұлардың материалдық  жағдайлары  өте  төмен  болған.  Дәстүрлік  қоғамда құлдарда болды; 3) қатаң тәртіпке негізделген кәсіби армия болған. Қазіргі әлемдегі өндірістік (индустриалдық) қоғамның негізгі белгілері: 1) Халықтың еңбек етуші тобының басым көпшілігі өнеркәсіпте және басқару жүйесінде жұмыс істейді. Бұған дейінгі қоғамдарда халықтың басым.

Информация о работе Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты