Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:10, научная работа
Айналадағы табиғи ортаны қорғау, яғни экология проблемасы бүгінгі таңда жер бетіндегі бүкіл адамзатты толғандырып отыр. Оның бүгінгі заманғы негізгі проблемалардың санатында аталуы әсте кездейсоқ емес. Сондықтан табиғатты қорғау жөніндегі іс- әрекетімізді жандандырып, ұлғайта түсу, онда қоғам, адамзат үшін қолайсыз, зардапты өзгерістерді барынша болдырмау және мүмкіндігінше азайту- баршамыздың қасиетті борышымыз.
Кіріспе.
Биосфера - тіршілік ортасы.
Қоршаған ортаның радиациялық ластануы.
Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.
Ауа атмосфераның ластану және оның зардаптары.
Су және суды ластанудан қорғау жолдары.
Жер ресурстары және оның ластанудың зияны.
Қала мен адамның денсаулығы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Радиациялық ластанудың негізгі көздері – альфа, гамма және бэтта сияқты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.
Сәуле ауруы сыртқы мүшелерінің зақымдануынан және радиациялық ластаушылардың ішкі органдарға түсуі нәтижесінде болады.
Сәуле ауруының дәрежесі алынған сәуленің мөлшеріне байланысты балалар, қарт адамдар мен ауру адамдар сәуле ауруын көтере алмайды. Адамдарда 50 рентген мөлшерінде сәуледен сәуле ауруы байқалмайды, Ал, 100 рентгеннен бастап сәуле ауруы дами бастайды.
Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшеріне қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі – үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына шалдығады.
Сәуленің әсер ету мөлшеріне қарай төрт дәрежедегі сәуле ауруы болады: 1- дәрежесі жеңіл түрі 100- 200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа 200- 300 рентген ; 3- шәі дәрежесі ауыр 300- 500 рентген мөлшерінде 4- ші дәрежесі өте ауыр 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.
Сәуле ауруы төрт кезеңде жүреді: бірінші кезең сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне қарай болады. Оның ең алғашқы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, құсу, іш өту,терінің бозаруы, қан қысымының секірмелі болуы, естен тануы болады. Екінші кезең – бірінші кезеңнен кейін уақытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезең, яғни жағдайдың жақсы болып көріну кезеңі деп аталады. Алған радиация мөлшері көп болса, бұл кезең қысқа болады да екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы байқалады және қанда өзгеріс болады. Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқынуы кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш- төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан ұюы бұзылады да жұқпалы аурулар дами бастайды. Төртінші кезең – сәуле ауруының жеңіл түрі, бұл осы кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда бірінші кезеңде өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде адамның жазылуы бірнеше айға созылып қан азаяды, қан қысымы көтеріледі, организмнің әлсіздігі байқалады.
Егер тамақ не су арқылы радиоактивті заттар адамның ішкі органдарына түссе, онда адамға 25 - 3г активтелген көмір,50г күкірт қышқыл барийді немесе 25-35г балшық суын ішкізеді. Адсорбент радиативті заттарды қанға өткізбей сіңіріп алады. Одан әрі 15-20 минуттан соң 2-3 литр су беріп құстырып, асқазанын жудырады. Осыдан соң тағы да адсорбент беріп, ішек айдайтын дәрімен ішек – қарнын тазалатады. Адам баласы сәулемен қатар әр түрлі жарақат алса, онда ең алдымен жараға әр түрлі микробтар түспейтіндей етіп алғашқы көмек көрсетіледі. Құсқысы келіп, басы ауырып, басы айналғанда этаперзин немесе аэрон таблеткаларын береді. Сәуле алғанын біле салып 3-4 сағаттан кейін тетарциклин, биомицин береді, сонымен қатар сульфадемизин, этазол, фталозол сияқты дәрілерді де береді. Егер ішіне қан құйылған жағдайда тез қимыл жасатпай 5% хлорлы кальций ерітіндісін 4 сағат сайын бір ас қасықтан беру керек. Сәуле ауруымен ауырған адамдарға сорпа, әр түрлі жеміс шырынын немесе көп су ішкізу керек. Аздап тұз қосылған су беріп, ауруларды аз – аздан жиі тамақтандыру керек.
Адамның
іс - әрекеті нәтижесінде
3. Қоршаған ортаның
биологиялық ластануы
Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластанулардан басқа адамда әр түрлі ауру туғызатын биологиялық ластаушылар да кездеседі. Биологиялық ластаушыларға ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, қарапайымдылар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, тірі организмдеріне және адамның организмінде кездеседі.
Жер бетіндегі 1500000 жануарлардың 50000 жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам паразиті болып есептелінеді. Адам паразитінің көбісі ауру тудыратын жәндіктер. Иесінің денесінде тіршілік етуіне қарай паразиттер: уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша паразиттер иесінің денесінде тамақ керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. ал тұрақты паразиттердің иесі тек азық үшін ғана емес, тіршілік ететін ортасы. Оларға безгек плазмодиі, аскоридалар, қышыма қоздырғыштары жатады.
Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден-бір шарт – адам организмінің әлсіреуі, оның қорғансыз болуы. Дені сау организмге түске микробтар өсіп-өніп бейімділеді. Мысалы, безгек қоздырғышы тек қанның эритроциттерінде ғана өсе алады. Сол сияқты тек ішік қарынның шырышты сілекей қабығында өсіп-өнуге бейімделген, тек сол қабыққа жеткенде ғана ауру шақыра алатын тырысқақ, қантышқақ, іш сүзегі микробтары басқа жерлерде ол ауруларды тудыра алмайды.
Тіршілік
етуге бейімделген клеткаларға
микроорганизмдердің жетуіне
Екінші ауыз арқылы тарау, яғни микробтардың ішек – қарын жолдарына түсуі. Ал қоздырғыш микробтар болса қоршаған ортаға үлкен немесе кіші дәрет арқылы шығады. Бұл жолмен ішек – қарында болатын жұқпалы аурулар тарайды. Оларға: қантышқақ, тырысқақ, палемелит, сальмонелез жатады. Бұл аурулардың қоздырғыштары жейтін тағам, ішетін су арқылы ішек – қарынның шырышты сілекей қабығына жетеді. Бұл аурулар жуылмаған лас қол және шыбын арқылы да тарайды.
Үшінші қан арқылы тарау, яғни микробтардың маса, бүрге, қандала, бит сияқты жәндіктер арқыл қанға түсуі. Бұл аурулар тобына: безгек, бөртпе, сүзек, оба, тулеаримерия, энцефалиттер т.б жатады.
Жұқпалы аурулар қоздырғышы мен зақымдалған және зақымдалмаған адамдардың терісі мен шырышты сілекей қабығының бір біріне жанасып тиуі немесе сүйкесуі арқылы тарауы. Бұған жыныстың жұқпалы аурулары мерес, ганерия, спид, құтыру, және т.б жатады. Жұқпалы аурулардың осындай таралуы эпидермиялық тұрғыдан шапшаң және жай таралатындар деп аталады. Ол ауру жұғу үшін теріде, шырышты сілекей қабықта жарақат болуы қажет.
Биологиялық
ластаушыларды жұқтырудың негізгі
көзі топырақ болып саналады. Сіреспе,
ботулизм және басқа да кейбір жұқпалы
аурулардың қоздырғыштары үнемі
топырақта тіршілік етеді. Жеке басының
тазалығын сақтамаудың
Көптеген ауру туғызатын микроорганизмдер жер асты суларына өтіп, жұқпалы аурулардың тарауына себеп болады. Сондықтан артезиан суларын, құдық пен бұлақ суларын пайдаланар алдында қайнату керек. Өзен, көл, тоған сияқты ашық су көздері көбінесе осы микроорганизмдермен ластанады. Су көздерінің тырысқақ, іш сүзегі, қантышқақ ауруларының таралуына себеп болған кездері жиі кездеседі.
Ауа райы ыстық елдерде су арқылы адам организміне түсіп амебиоз, эхиноккоз және басқа ауру тудыратын паразиттер кең таралған. Эхиноккоз көбінесе ит пен мысық арқылы, кір қол арқылы немесе тамақ арқылы жұғады. Амебиоз ауруы лас суларды ішуге пайдаланғанда жұғады.
Биологиялық ластаушылар адамға ауа арқылы да жұғады және түрлі тұмау, көк жөтел, дифтерия, қызылша және басқа да ауруларды тудырады. Бұл аурулардың қоздырғышы ауаға ауру адамдар жөтелгенде, түшкіргенде тіптен сөйлегенде ауаға тарап отырады.
Кейбір жұқпалы аурулар, ауру адамдармен өте тығыз байланыста болғанда мысалы, оның орамалын, қол орамалын немесе басқада сол ауру адам пайдаланған заттады ұстап, пайдаланғанда жұғады.
Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:
Сонымен қатар эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогендер (грек тілінен аударғанда embryo – ұрық) – эмбрионалдық даму кезінде зақымдануға әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер және т.б. заттар жатады.
Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады.
Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар
Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа ауруларда пайда болуын күшейтеді.
Органикалық қосылыстардың ішінде әсіресе, гологенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар қауіпті.
Гологенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелермен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Мысалы, поливинилхлорид (ПВХ), полихлорлы бифенилдер (ПХБ), ДДТ (нестицид), тетрахлорфенол және т.б. Бұл топқа өте улы зат диоксиндерде жатады.
ПВХ
мен винилхлорид бауырдың қатерлі
ісігін, тері, сүйек пен аяқ қолдың
зақымдануынан көрінетін
Сынап. Қоршаған ортада кеңінен таралған. Дүние жүзіндегі сынаптың өндірісі жылына он мың т. астам. Ол негізінен электротехникада, медицинада жіне химия өнеркәсібінде кеңінен таралған.
Металдық сынап іс жүзінде ағзаға зиянды емес. Бірақ бу түріндегі әсері қауіпті. Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары. Сынаптың метеллорганикалық қосылыстары ағза үшін өте улы және қауіпті.
Асбест.
Соңғы кезде дәрігерлердің
4.
Ауа атмосферасының
ластануы және
оның зардаптары
Атмосфералық ауа – қоршаған ортаның атмосфера газдарының табиғи қоспасы болып табылатын компоненті. Атмосфералық ауаның ластануы — зиянды заттардың атмосфералық ауаға түсуі немесе онда пайда болуы.