Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:10, научная работа

Описание работы

Айналадағы табиғи ортаны қорғау, яғни экология проблемасы бүгінгі таңда жер бетіндегі бүкіл адамзатты толғандырып отыр. Оның бүгінгі заманғы негізгі проблемалардың санатында аталуы әсте кездейсоқ емес. Сондықтан табиғатты қорғау жөніндегі іс- әрекетімізді жандандырып, ұлғайта түсу, онда қоғам, адамзат үшін қолайсыз, зардапты өзгерістерді барынша болдырмау және мүмкіндігінше азайту- баршамыздың қасиетті борышымыз.

Содержание

Кіріспе.
Биосфера - тіршілік ортасы.
Қоршаған ортаның радиациялық ластануы.
Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.
Ауа атмосфераның ластану және оның зардаптары.
Су және суды ластанудан қорғау жолдары.
Жер ресурстары және оның ластанудың зияны.
Қала мен адамның денсаулығы.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты.doc

— 345.00 Кб (Скачать)

     Коршаған  ортаның негізгі элементі атмосфера  ластануы түсінігін ауада қатты, сүйық  заттардың, бу және газ түрінде, жылу, жарық, радиацияның ғимараттар мен қондырғыларға кері әсерін айтады.

     Ластану өзінің пайда болуына байланысты екіге бөлінеді: табиғи және антропогендік. Біріншісі жаратылыстың жаратуымен көбінше табиғаттағы антропогендік процестермен, ал екіншісі адамдардың шаруашылық қызметі барысында пайда болады.

     Адамдардың  өндіріс барысындағы қызметінің жылдан-жылға ұлғая түсуі атмосфера  ластануындағы үлес салмақтың көбісі антропогендік ластануға тиеді. Антропогендік ластану өз кезегіңде бөлінеді: локальдік және глобальдік. Локальдік ластану калалар мен өнеркәсіптік аймақтармен байланысты. Глобальдік ластану жер бетіндегі түтастай биосфералық процестерге әсер етіп үлкен территорияларға тарайды. Ауа үнемі тұрақты түрде қозғалыста болуына байланысты зиянды өндіріс қалдықтары жүздеген, мыңдаған километр қашықтық жерлерге тарайды. Атмосфераның глобальдік ластануы кезінде зиянды заттар топырақка, су көздеріне жаңбырмен түсіп, қайтадан ауа атмосферасына келеді.

     Атмосфералық  ауаның сапасы – атмосфералық ауаның гигиеналық және экологиялық нормативтерге  сәйкестігі дәрежесін көрсететін физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің  жиынтығы. Атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативі – атмосфералық ауадағы зиянды заттардың ең көп құрамы көрсететін және қоршаған ортаға зияңды әсері жоқ атмосфералық ауа сапасының өлшемі.

     Ауа атмосферасының ластаушы көздерінің  классификациясы сурет 4 келтірілген. Өзінің ластануы жағынан төртке бөлінеді:

     - механикалық;     

    - физикалық;

    - химиялық;

     -биологиялық.           

     Механикалық ластаушыға – шаң, калдықтар жатады. Бұлар органикалық отында жағу мен  кұрылыс материалдарын өңдіру процесі  кезінде пайда болады. Бұндай ластану кезінде ең зиянды бөліктер диаметрі 0,005 мм болады. Ауадағы шаң-тозаңды жұту барысында тұрғын халық көптеген ауруларға ұшырайды: туберкулез, тамақ аурулары, қан аурулары мен тыныс алу   органдарының нашарлауына.

     Америка ғалымдарының зерттеулері бойынша халқы 1 миллион адамнан асатын қалаларда ауаның ластануы мен адамдардың рак ауруларына ұшырауы арасында тікелей байланыс бар екендігін анықтаған. Ауада шаңның болуы ультракүлгін сәулелердің жер бетіне таралып түсуіне кедергі жасайды.

     Кесте 1 ауа атмосферасындағы зиянды қоспалар және тастау көздері келтірілген. Жасыл ағаштардың ауаны шаңнан тазарта отырып, басқа зиянды улы заттардың әсерін әлсіретеді. Мысалы шырша ағаштары ауадан 32 тонна шаңды 1 гектар жерден жинайды, кайың 36,4, шамшат 68 тонна гектардан. Ормандар жылына 1 гектар жерден 50-70 тонна шаңды жинау арқылы сол жердегі ауру түрлері таралуына жол бермейді.                                                                

     Жылына  атмосфераға тасталатын зиянды заттар көлемі кесте келтірілген. Кесте 1 көрініп тұрғандай, ауаны ластаушы негізгі масса жағынан алдыңғы орында көмірқышқыл газы. XX ғасыр соңында атмосферада СО2 концентрациясы көбейді,  ғасыр басынан бастап үлес салмағы 25 пайызға өсті, ал соңғы 10 жылда – 13 пайызға. Оның себебі, энергияны көп тұтыну мен өндіруге тікелей   баланысты. Экологтардың ескертулері бойынша, егер көмірқышкыл газын ауа тастауды азайтпасақ, онда планетамыз үлкен апатгы бастан көшуге тура келеді, температура көтеріліп климат жылынады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Кесте 1

Ауа атмосферасындағы зиянды қоспалар және оны

  тастау көздері 

 
Ластану
Негізгі көздері Ауада жылдық

орташа  шоғырлануы мг/Я

  Табиғи антропогендік
Қатты бөліктер,    күл, шаң, т.б. Вулкандар атқылауы, шаң    бораны, орман       өрті, т.б. Өнеркәсіпте, тұрмыстық қондырғыларда отын          жағу, құрылыс материалдар өндіру процесі қалаларда 0,04-0,4
SO2 Вулкандық атқылаулар, күкірт тотығы мен сульфаттың теңізде таралуы Сондай         Калаларда1,0-ге дейін
N0х Орман өрті Өнеркәсіп, автокөлік, жылуэлектр-станциясы Өнеркәсібі   дамыған              аудандарда    0,2-ге дейін
СО Орман      өрті, мұхиттар бөлінуі, терпендер тотығуы Автокөлік, өнеркәсіптік энергия қоңдырғы-лары, қара металлургия Калаларда  1,0-ден 50-ге дейін
Ұшатын көмірсутектер, фреондар Орман      өрті, табиғи   метан, табиғи терпендер Автокөлік, қалдықтарды жағу,        мұнай өнімдерінің булануы, мұздатқыш техника Өнеркәсібі  дамыған              аудандарда 3,0-1 дейін
Көмірсутектер ароматталған, жартылай циклдік     Автокөлік, химиялық және мұнай   өңдеуші зауыттар Өнеркәсібі  дамыған аудандарда 0,01-ге дейін
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    5. Су және суды ластанудан қорғау жолдары. 

    Жер бетінің 70,1%-ын теңіздер мен мұхиттар алып жатыр. Жер ғаламшарындағы барлық су айдындары гидросфера деп аталады.

    Гидросфера  – біздің ғаламшарымыздағы аса маңызды  құрамдас бөліктерінің бірі. Гидросфераға күн энергиясы мен гравитациялық  күштер әсерінен қозғалысқа түсетін  және бір күйден екінші күйге өте  алатын барлық су түрлері жатады. Гидросфера Жердің басқа элементтерімен тығыз байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөліктерін бір – бірімен байланыстырып, біртұтас жабық жүйе – мұхит – атмосфера – құрлықты түзеді. Мұхиттағы су гидросфераның барлық массасының 97%-ын құрайды және Жер беті ауданының 75%-дан астам бөлігін алып жатыр. Су кез келген жануарлар мен өсімдіктер ұлпалары мен  жасушалар құрамына кіреді. Жануарлар мен өсімдіктер ағзаларындағы өте күрделі реакциялар тек қана су қатысында жүре алады. Судың химиялық құрамы бір – біріне байланыссыз екі фактордың – тарихи – табиғи және геологиялық жағдайлар мен антропогендік факторлар әсерінен қалыптасады.

    Судың химиялық құрамының түрліше болуына  байланысты, минералдану дәрежесі төмендегіше  бөлінеді:

    - тұщы су – 1г/л

    - тұздылау – 1-25г/л

    - тұзды – 26-50г/л

    - ащы – 50г/л

    Жер бетіндегі тұщы су қорының 97%-ы Антарктида, Гренландия және полюстер мен таудағы  мұздықтар үлесіне тиеді. Құрлықтың  тек 3%-ын көлдер мен өзендер алып жатыр. Осыдан тұщы судың жетіспеушілігін көруге болады.

    Дүниежүзілік  су қорларының ластануы бүкіл адамзат  қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көптүрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.

    Су  айдындарының ластануын былайша  топтайды:

    - биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;

    - химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;

    - физикалық ластану: жылу – қызу, электромагнитті өріс, радиоактивті заттар.

    Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түлі болуы мүмкін.

    Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін  ұсынған. Ал, Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ. 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады.

    Су  бассейнінің ластануының негізгі  себептері – тазартылмаған ағын суларды өзен – көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

    - тұрғын –үй коммуналдық шаруашылықтар;

    - өнеркәсіп орындары;

    - ауыл шаруашылығын химияландыру;

    - халық шаруашылығының басқа да салалары.

    Ағын  суларға құйылатын лас сулар  бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидті, еритіндер), лас  сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) – деп жіктейді.

    Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42%-тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен судың ластануы өте қауіпті. Бұл заттар – химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау – бақша, теплицазиянкестеріне қарсы бұрынғы  Кеңес өкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар қолданылған.  Нәтижесінде, су ластанып, оынң сапасы мен микрофлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. Өз кезегінде химиялық затардың зиянды қосылыстары азық – түлікпен адам организіміне кері әсерін тигізеді.

    Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен  қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және реіген зиянды заттармен ластанып отыр.

    Оның  негізгі ластану көздері мыналар:

    - өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;

    - химиялық заттар және тыңайтқыштар;

    - тұрмыстық қалдықтар;

    - жер асты суымен жалғанатын құбырлар;

    - ірі құрылыс учаскелері;

    - сүзгі алаңдар, бұрғы – скважиналар болып табылады.

    Жер асты суларында әр түрлі жұқпалы  ауру тарататын микробтар, вирустар кездеседі. Қазақстан жағдайында өзен – көлдердің ластануы көбінесе өнеркәсіп  шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай – газ өндіретін жердерде жаппай сипат алуда.

    Өзендердің  ішінде Ертіс су алабы, Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Лениногор  қорғасын зауыты, Березов кені, Зырян  зауыты секілді өндіріс орындарының  сарқынды лас сулармен ластануда. Су құрамында қорғасын, мырыш, сынап, т.б. ауыр металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады.

    Іле – Балқаш бассейіні суының сапасы да мәз емес. Мұндағы ластағыш заттар – ауыр металдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Әсіресе, «Балқашмыс»  өндірістік бірлестігі, «Балқаш балық өнеркәсібі», «Сарышаған  ракета полигондары», т.б. кен рудаларын байыту комбинаттары Балхаш көліне мыңдаған тонна зиянды заттарды төгуде. Іле өзенінің ортаңғы ағысы, жалпы өзен экожүйесі, күріш алқаптары және Шеңгелді массивтерін игеруге байланысты минералды тыңайтқыштар мен химиялық препараттар өте көп қолданылып келеді. Нәтижесінде, Іле суының сапалық құрамы төмен. Оның үстіне Іле өзені арқылы мұнай тасмалдау, Қапшағай су қоймасы, Қытай жеріндегі судың ластануы ондағы экологиялық жағдайды ушықтыра түсуде.

    Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Көксу өзендерінің сулары біршама  таза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас өзендері ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда. Әсіресе, Арыс, Келес өзендері күріш пен мақта егісінде жиі қолданылатын пестицидтермен ластанып отыр.

    Соңғы жылдары Каспий теңізінде мұнай  өндіруге байланысты және теңіз деңгейінің табиғи көтерілуі аймақтың экологиялық  тыныс тіршілігін шиеленістіріп  отыр. Теңіздің көтерілуі жүздеген мұнай бұрғы – скважиналарын, мұнай қоймалары мен өңдеу объектілерін істен шығарды. Қазір бұл жерлерде 6 мұнай – газ кені, жүздеген елді мекендер, коммуникациялар, өнеркәсіп орындары су асытнда қалды. Нәтижесінде, теңізге көптеген мөлшерде лас заттар, мұнай өнімдері, органикалық қосылыстар, ауыр металдар суға араласуда. Оның үстіне Еділ және Жайық өзендерінің лас сулары теңіз суын уландыра түсуде. Мәселен, 1995-2000 жылдар  аралығындағы кәсіптік балықтар мен бағалы қара уылдырық және ет беретін бекіре тұқымдас балықтардың азайып кетуі тіркелді. Ал, 1999 жылы қырылып қалған 20-30мың итбалықтың және жүздеген мың құстардың  өлуі теңіз суының бүгінгі сапасының көрсеткіші – биоиндикаторы болса керек.  Қазір Каспий мұнайын игеру бүкіл әлемді дүрліктіріп, шетелдік инвестрлер теңіз «қара алтынын» игеруге ұмтылуда. Ал, олардың судың сапасы мен ластануына көңіл бөлуі, экологиялық нормаларды сақтауы күмән туғызып отыр.

Информация о работе Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты