Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:10, научная работа

Описание работы

Айналадағы табиғи ортаны қорғау, яғни экология проблемасы бүгінгі таңда жер бетіндегі бүкіл адамзатты толғандырып отыр. Оның бүгінгі заманғы негізгі проблемалардың санатында аталуы әсте кездейсоқ емес. Сондықтан табиғатты қорғау жөніндегі іс- әрекетімізді жандандырып, ұлғайта түсу, онда қоғам, адамзат үшін қолайсыз, зардапты өзгерістерді барынша болдырмау және мүмкіндігінше азайту- баршамыздың қасиетті борышымыз.

Содержание

Кіріспе.
Биосфера - тіршілік ортасы.
Қоршаған ортаның радиациялық ластануы.
Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.
Ауа атмосфераның ластану және оның зардаптары.
Су және суды ластанудан қорғау жолдары.
Жер ресурстары және оның ластанудың зияны.
Қала мен адамның денсаулығы.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты.doc

— 345.00 Кб (Скачать)

    Ендігі  кезекте  табиғаттың  тылсым  дүниелері  жайлы, экологиялық  жағдайлар  жайлы  сөз  етсем  деймін.

    Дүние жүзіндегі ең  үлкен  мәселенің  бірі – адамзат  баласының  тұрмыс  қажетімен  байланысты пайда  болатын  улы  газдардың  бірі  көмірқышқыл  газының мөлшері. Оның көлемі жылдан-жылға көбейе түсуде. Қазақстандағы  Алматы  қаласына  ұшақпен  ұшып  келе  жатқанда немесе  таудың  басына  шығып  қала  үстіне  көз  жіберіп  қарасаңыз, қаланың  үстін  1500-2000 метр  биіктік  шамасында  газдар  мен ұсақ  бөлшектерден  тұратын қарақошқыл  тұман бұлт  басып тұрады. Мұның себебі – Алматыны  оңтүстігінен  созыла  қоршаған биік тау шыңдары мен жоталары қалаға оңтүстіктен және  солтүстіктен ерсілі – қарсылы соғатын желді қалаға  жібермей  тұрады. Қала  үстіндегі  смог  қалаға  күн  сәулесінің  ультракүлгін  спектрін  өткізбей  қояды. Анықталған деректер бойынша, жаз айларында ультракүлгін  сәулелердің  мөлшері 20-30  пайызға  дейін, қыс  кезінде  40-50  пайызға  дейін  кемитіні  байқалып  отыр. Сонымен бірге күн сәлесінің спектрлік құрамы  тым өзгеріп кеткен, қала  үстіндегі түтін мен шаң-тозаңдардан, неше  түрлі улы газдардан пайда болған  смог, әсіресе, ағзаға  ең  пайдалы ультракүлгін  сәулені тұтып қалады. Ультракүлгін  сәуле ағзаға қажетті  мөлшері жетіспесе, онда тірі ағзалардың барлық  түрлері  ауруға  шалдығады.

    Судың  ластануы – экологиялық  жағдай  болып  табылады.

    Судың сапасы, ластану дейгейі үнемі  бақылауға алынып отырады. Судың  құрамындағы  химиялық қоспалар, тұздың  құрамы, еріген  бөлшектер  әр  түрлі  болуы  мүмкін.

    Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам  сапалық  көрсеткішін  ұсынған. Ал  Қазақстанда  ауыз  су  сапасы  МемСТ 287482  бойынша  30  түрлі  міндетті  көрсеткішпен  анықталады.

    Су бассейінінің ластауының негізгі себептері – тазартылмаған ағын  суларды өзен-көлдерге  жіберу. Бұған жол беретіндер:

    • Тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылықтар;
    • Өнеркәсіп  орындары;
    • Ауыл  шаруашылығын  химияландыру;
    • Халық  шаруашылығының  басқа  да  салалары.

    Ағын  суларға  құйылатын  лас  сулар  да  бірнеше  топқа  бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, ерітінділер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Қазіргі  кезде  ашық  өзен, көл  суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды  сулармен  және  еріген  зиянды  заттармен  ластанып  отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                   Кіріспе

     Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы  барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жүйенің өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті.

     Табиғат әлемі - адамдардың тіршілік ету ортасы. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сол себепті табиғатпен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп-жетілуіне ауадай қажет екендігіне жас үрпақтың көзін жеткізу бүгіні таңдағы маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

     Қазақстан Республикасының Конституциясының алтыншы бабы жер және оның қойнауы, су көздері. өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді.

      Қазіргі әлемдік деңгейдегі дамушы Қазақстанның жағдайында жас ұрпаққа экологиялық  білім мен тәрбие беру бүгінгі  күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті  кезек күттірмес мәселе екендігі 1991 жылы "Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында" және 1992 жылғы "Қазақстан Республикасының білім беру туралы" заңында, 1996 жылғы "Қазақстан Республикасының экологиялық қауыпсіздігінің тұжырым-дамасында" көрсетілген.

      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңның 89-шы бабының  әрқайсысы еліміздің болашағын  экологиялық жағынын қамтамасыз етуге арналады. Заңда басқа салалармен қатар педогогикалық жағынан  шешуге тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі баса көрсетіледі.

      Қоғамның  дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ал, сол қоғам дамуына себепші - адам. Осы адам мен табиғат арасында жақындық болмай, еш даму, еш болашақ болмайды. Сондықтан болашақ ел тізгінін ұстар, еліміздің ертеңгі иелеріне бүгінгі күннен бастап табиғат пен оның ерекшелігін, маңызын жанында қалыптастыру, яғни экологиялық тәрбие беру өте маңызды мәселе.

      Ғылымда "экология" деген ұғымды алғаш  айтқан адам - Эрнст Геккель. Ол "экология" деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің табиғат зерттеушісі Э.Геккельдің өмірге енгізген "экология" сөзін дәлме - дәл аударғанда "үй туралы ілім, тұрақ (мекен) туралы ғылым" деген грек сөзінен шыққан.

      Келесі  бір экологиялық сөздікте "экология {гректің "ойкос" - үй, тұрақ, мекен  және "логос" - білім, ғылым, зерттеу  деген екі сөзінен құралған} қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өз ара қатынастарының, табиғи орта мен байланыстарын зерттейтін ғылым" деп сипаттаған.

     Осы тұрғыда Я.А.Коменский "Тәрбиенің  негізі - табиғат, ал адам - табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы" дейді.

     Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо өзінің педагогикалық  еңбектерінде "Баланы табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын бала болғанын қалайды" деп жазды.

     Экология  грекшесі-ойкус,қазақшасы-үй,мекен)-Тірі организимдердің тіршілік ортасы мен  арақатынасын зерттейтін биологиялық  ғылым. Эколо-гия терминін 1866-жылы неміс биологі Э.Геккель ұсынған. Экологияның негізі организм мен ортаның бірлестігі және организмдердің эволюция про-цесінде өзгеруі дегең ұғымнан құралады.

      Ал  психологтар Л.С.Выготский, С.А.Рубинштейн, И.С.Кан, Е.М.Кудрявцева, Қ.Жарықбаев т.б. өз еңбектерінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы, қоршаған ортамен қарым-қатынаста психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады" деген тұжырым айтады.

     Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің  негізі. жас ұрпақ үшін маңыздылығы, табиғат сұлулығына қатысты эстетикалық қатынас, экологиялық аспектідегі адамгершілік қатынас қалыптасады. Осы тұрғыда белгілі ғалым-эколог И.Д.Зверев "Педагогикалық практиканың негізгі жағ-дайында барлық оқу пәндерін экологияландыруға байланысты мұқият ойланып істелген жұмыстар қажет" дейді. Сондай-ақ, ол пәндерді экологияландыру басты мәселе деп қарайды. Ол экологиялық мақсатты ғылыми білім жүйелерің көзқарастар мен икемдерді мораль нормаларына сәйкес, қоршаған ортаның хал-жағдайына азаматтық белсенді қатынасуды қамтамасыз ету болып табылады дей отырып, экологиялық білім беру мен тәрбие оқушының табиғат сұлулығына ықыластылығын, табиғатты эстетикалық түсіну, осы сұлулықты сақтау үшін адамгершілік, азаматтық борышты ұғыну сияқты дамытушылықты қалыптастырады деп атап көрсетеді.

      Бастауыш  сыныпта экологиялык білім мен  тәрбие берудің аса маңыздылығы  бұл қоғамдық талаптардан туындап  отырған мәселе. Өзге емес, дәл қазіргі  жағдайда еліміз экологиялық аса  қауіпті аймақтарымен әлем назарына ілініп отыр. Осы тұрғыда еліміздің кез келген азаматы экологиялық жоғары сауатты болуы өте қажеттілікті талап етеді. Сондықтан шығарылған заңдар мен түжырымдамаларға сәйкес экологиялық білімнің ғылыми негізі қазіргі таңда жасалынып та болды. Осыған орай еліміздің білім беретін бүкіл мектептерінде экологиялық тәрбие мен білімді бастауыш сыныптан бастау өте қажет. Себебі бастауыш сыныптағы оқушылар білімге деген құштарлығымен қатар осы экологиялық оқу-тәрбие барысында қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерімен білімдерін қатар қалыптастыра алады. Оған психологиялық жағынан толық мүмкіндіктері бар.

      Жоғарыдағы  тілге тиек еткен мәселелерді  қорытындылай келгендегі қысқаша тұжырымымыз: бастауыш сыныпта берілген білім  мен тәрбие баланың дүниетанымының, болашақ білімдарлығының түп-тамыры бола алады. Сондықтан экологиялық тәрбие мен білімді сол қабылдауы мен құштарлығы басым кезде үйрету абзал. Сонда ғана біздің еліміздің болашақ ұрпақтарының кез келгені экологиялық сауатты, адамгершілікті, мейірбан, табиғатпен жан дүниесі үйлескен, дүниетанымы кең болып тәрбиеленеді.  Қазір экология-өзінше үлкен ғылым. Ол сан тармаққа бөлінеді: өндірістік экология, ауыл шаруашылық экологиясы, табиғат қорғау т.б. болып бөлшектеніп кете береді. Біздің алып отырған проблемамыз эколо-гиялық білім, экологиялық тәрбие. Былайша айтқанда, экологияың тәрбиесі, соның оқушылардың дүниетанымына әсері. Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында оқушылардың экологиялық тәрбиесі мен отансүйгіштік сезімдерін бүгінгі заман сұранысына сай жетілдіру проблемасын айқындау мақсатында зерттеу тақырыбын « Сынып оқушыларын экологиялық тәрбиеге баулу негіздері» деп алуға негіз болды.

      Зерттеу мақсаты: оқушылардың экологиялық тәрбиесіне тарихи-педагогикалық сипаттама беріп, тәуелсіз Қазақстан жағдайында озық тәжірибелерге негізделген оқушыларды отаншылдыққа, өз елін және жерін сүйюге, қоршаған табиғатты аялауға тәрбиелеудің жаңа мазмұнды бағыттарын анықтау.

      Зерттеу нысаны: мектептегі оқу-тәрбие жұмысы мен мектептен тыс жұмыстар арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру.

      Зерттеу пәні: сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру үрдісі.

      Зерттеу болжамы: Егер сынып оқушыларына мазмұнды негізінде экологиялық тәрбиелеу жүйесіне тарихи-педагогикалық тұрғыда талдау жүргізіліп, сипаттама берілсе және оның негізгі «экологиялық білім», «экологиялық мәдениет», «жеке адам экологиясы» ұғымдарының мәні, мазмұны анықталса, онда жас ұрпақты елжандылыққа, өз елінің табиғатын аялауға және бағалауға, өз елінің экологиясын құрметтеуге тәрбиелеу бағыттарын, мазмұндарын айқындауға мүмкіндік беріледі.

      Зерттеу міндеттері:

  • экологиялық тәрбиенің қоғамдық үлгілеріндегі бағыт-бағдарлары мен мазмұнын анықтау;
  • «экологиялық білім», «экологиялық мәдениет», «жеке адам экологиясы» ұғымдарының теориялық және практикалық мәнін айқындау;
  • бастауыш сынып оқушыларының экологиялық санасын қалыптастыру негізінде экологиялық тәрбие берудің ғылыми-әдістемелік үлгісін жасап ұсыну.

     Зерттеу әдістері: мұрағат құжаттарын, тарихи-педагогикалық әдебиеттерді талдап зерттеу және жүйелеу, әңгіме, сауалнама, байқау, салыстыру, жинақтау, қорыту т.б. әдістері қолданылды.

     Зерттеу базасы: Тараз қаласы № 50  Ө. Жолдасбеков   атындағы орта мектептің сынып оқушылары.

     Зерттеудің  практикалық мәнділігі:

  1. Зерттеу нәтижесінде сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесі мәселесіне байланысты жинақталған  тарихи-педагогикалық материалдарды  сыныптан және мектептен тыс педагогикалық үрдістерінде пайдалануға болады.

     2. сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру идеясын қалыптастырудың педагогикалық негіздері мен құрылымдық үлгісі жасалды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                           1. Биосфера -  тіршілік ортасы. 

     Соңғы жылдары экологияның педагогикалық проблемаларымен шұғылданьш жүрген ғалымдар баршылық: Н.А.Северцев, А.Н.Бекетов., В.В.Докучаев, Л.А.Иванов, И.Г.Серебряков, И.Д.Зверев, Н.С.Сарыбеков, М.Н.Сарыбеков т.б. Тараз университетінде экологиялық проблемадан док-торлық кеңес ашылды. Осының бәрі соңғы жылдары қоршаған ортаға кеңінен көңіл бөліп, оқушыларымызға экологиялық тәрбие беруге атса-лысқандық болып есептеледі.

     Табиғат-адамның өмір сүретін ортасы. Сондықтан да адам сол табиғатты таза сақтап, қоршаған ортаны ластамауға, кен байлықтарды барынша мұқият пайдаланып, табиғатқа зиян келтірмеуге тырысуда. Бүл дүниежүзілік проблема. Қазақстанның өзін алып қарасақ Арал, Тың, Балхаш, Семей т.б. проблемалары баршылық. Табиғатты қорғаудың керек екенін баланың дүниеге келген күнінен бастап, санасына құя беруіміз керек. Жер-бұл біздің ортақ планетамыз, үй-жайымыз. Сондықтан табиғатты тепе-теңдікте сақтауымыз қажет.

      Бірақ, экологияны бұзатын да адамдар. Әсіресе Кеңес дәуірінде біздің елде экологиялық сауатсыздық болды. Немістер жасылдар партиясын құрып айқайлап жатқанда біз Аралдың суын құртып, түздандырып жібердік. Жөнсіз тыңды игереміз деп жерді, топырақты эрозияға ұшыраттық.Қазақстанда түрлі сынақ полигондарын салып, халықты қырдық, ауру-сырқауды көбейттік. Мұның бәрі сауатсыздықтың салдары. Ештен кеш жақсы демекші енді халықты жаппай экологиялық сауаттандыруға көштік. Бұл тек науқан болып кетпесе жақсы болар еді.

Информация о работе Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты