Отчет по практике в «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз»

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 21:21, отчет по практике

Описание работы

Қазақстан Республикасында халық шаруашылығы есептерің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар.Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні деп айтуға болады немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға деп қарауға болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғ

Содержание

1 1 «ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ҚҰМКӨЛ РЕСОРСИЗ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АТҚАТАРЫН ҚЫЗМЕТІ ................

1.1 «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамына жалпы сипаттама ......................................
1.2 Есеп саясаты.......................................................................................
1.3 Кәсіпорынның техника – экономикалық көрсеткіштерін талдау
2 Есеп саясатының жекелеген элементтерінің есебі
2.1 Капиталды есепке алу................
2.2 Ақша қаражаттарының және эквиваленттерінің есебі.....................
2.3 Дебиторлық қарыздар есебі ............................................................
2.4 Қорларды есепке алу және тану.........
2.5 НҚ есепке алу, талдау...................................................................
2.6 Материалдық емес активтерді есепке алу...................................
2.7 Міндеттемелерді есепке алу және талдау
2.8 Еңбекақы бойынша есепайырысуды есепке алу
2.9 Кірістер мен шығыстарды есепке алу талдау
2.10 Инвестицияларды есепке алу талдау
2.11 Қаржылық есептілік және оның негізгі көрсеткіштерін талдау
2.12 Корпоративтік табыс салығын салық есебінде есепке алу
3 Өндірістік есепті ұйымдастыру ......................................................
4 Ішкі аудитті ұйымдастыру

Работа содержит 1 файл

петро практика 2013.docx

— 1.71 Мб (Скачать)

1) пайда  болу орны бойынша — өндіріс,  цех, учаске, құрылымдық бөлімше  болып бөлінеді. Бұл өндірістік  өнімнің өзіндік құнын анықтауда  өте қажет.

2) өнім (жұмыс,  қызмет) түрлері бойынша — өнімнің  өзіндік құнын анықтау үшін  керек.

3) шығын  түрлері бойынша немесе шығындарды  өнімнің өзіндік құнына көшіру  тәсілі бойынша – экономикалық  элементтер бойынша және калькуляциялау  баптары бойынша.

а) экономикалық элементтер бойынша — өнім өндіруге қандай шығын кеткенін көрсетеді. Олар: материалдық шығындар, еңбекақы шығындары, аударымдар, құралдардың тозуы, басқа  да шығындар;

б) калькуляция  баптары бойынша шығындар — өнімнің  жекелеген түрлерінің өзіндік құнын  есептеу үшін пайдаланылады. Олар: материалдар, еңбекақы, аударымдар, үстеме шығындар.

Экономикалық  элемент бойынша топтастыру оның құрылымын зерделеу, өндірістік шығындар сметасын пайдалануды бақылау, жоспарлау  және талдау үшін пайдаланылады. Баптар бойынша топтастыру кәсіпорын шығынының  талдамалық есебін ұйымдастыру, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын бақылау  үшін пайдаланылады. Бұл екі топ  бірін-бірі толықтырып, өнімді өндіруге кететін шығынды есептеу және өзіндік құнды талдау есебін тиімді жүргізуге мүмкіндік жасайды.

Өнім  өндіруге арналған шығындар басқа белгілері  бойынша да жіктеледі. Атап айтар  болсақ:

1. Өндіріске  қатысудағы экономикалық рөлі  бойынша негізгі шығындар, үстемешығындар болып бөлінеді.

Негізгі шығындар өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты: шикізаттар мен  материалдар, қосалқы материалдар.

Үстеме  — өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету және басқарумен тікелей байланыста пайда болатын шығындар.

2. Өнімнің  өзіндік құнына енгізілу тәсілі  бойынша тікелей және жанама шығындар.

3. Құрамы  бойынша шығындар бір элементті және кешенді болып бөлінеді.

4. Өндіріс  көлеміне қатынасы бойынша өзгермелі және тұрақты болады.

5. Өндіріс  процесіне қатысуы бойынша өндірістік, әкімшілік, коммерциялық болып жіктеледі

6. Пайда  бөлу кезеңі бойынша ағымдағы және бір жолғы шығындар болып бөлінеді.

7. Тиімділігі  бойынша өндірушілік және өндірушілік емес болады.

8. Бақылау  мүмкіндігі бойынша реттелетін және реттелмейтін шығындар болады.

9. Орташалау  деңгейі бойынша шығындар жалпы және орташа болып бөлінеді.

10. Пайданы  генерациялау кезінде шығында  рет-ретімен көшіру бойынша шығындар өнім шығындары, кезең шығындары деп бөлінеді.

Кезең шығындарына  жалпы және әкімшілік шығындар, тауарды  сату шығындары, сыйақы бойынша шығындар (жанама шығындар) жатады.

Өнімнің өзіндік құны дегеніміз сол өнімді өндіруге және өткізуге кететін шығындардың  ақшалай көрінісі. Калькуляциялау — әрбір өнім бірлігінің, сондай-ақ өндірілген өнімнің тұтастай партиясының өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысында ішкі резервті дер кезінде анықтауға мүмкіндік беріп, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға пайдаланады. Сонда калькуляция дегеніміз өнімнің (жұмыс, қызметтің) өзіндік құнын жоспарлау және оның нарықтағы сұранысын ескере отырып, оның негізгі бағасын белгілеу.

Төменде көрсетілген кесте мәліметтерін пайдалана отырып, келесі қорытынды  жасауға болады:

Кәсіпорынның  операциялық қызметтен түскен кірістері  бірқатар оқиғалардың себебінен 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 2 526 756 мың  теңгеге немесе 52,91 %-ға төмендеген.

Мың.тг

 

2010 ж

2011 ж

+/-

%

ССМ Ойл, Досжан көрсеткен қызметтер  бойынша кірістер

513 662

1 195 393

+681 731

+132

Тасымалдау қызметінен кірістер

444 555

609 939

+165 384

+37,20

Үстеме шығындарды жабу бойынша табыстар

2 025 114

130 492

-1 894 622

-93,56

Міндеттемелердің азаюы

804 973

124 334

-680 639

-84,55

Торгай Петролеум жол салу төлемдері

1 888 880

-

   

Өзгелер

98 430

188 700

+90 270

+91,71

Барлығы операциялық кірістер

4 775 614

2 248 858

-2 526 756

-52,91



2.10 Инвестицияларды есепке алу талдау

 

 

Есеп  саясатының инвестицияларды есепке алу методикасы  бөлімінің негізгі  мақсаты – кәсіпорынның инвестицияларын, олардың түрлерін бөліп қарастыру, есебін жүргізу болып табылады.

Инвестиция-бұл  шығын жиынтығы, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық кәсіпорындардағы және т.б. экономика саласыңдағы күрделі  салым үлесін өткізу.Инвестиция қызметінің басты мақсаты-кәсіпорын кірісі мен проценті. 

Инвестиция  көздері болып жаңа құрылған құн  немесе басқаша айтқанда жинақталған  таза кіріс бөлігі табылады.

Кәсіпкерлер оны меншіктік кіріс(өзін-өзі  қаржыландыру) шотында және саудалық капитал рыногында(таратылынды қаражат) жұмылдырылады. Инвестиция көзі амортизатциялық  аударым болып табылатын негізгі  капиталды жаңарту. 

Инвеститция өзінің бағыттары немесе сатып алу  мақсаты бойынша қаржы инвеститция  мен нақты инвеститця болып екіге  бөлінеді. Қаржы инвестициясы - бұл құнды қағаздарға жұмсалынған қаржылар.

Нақты инвеститция - өнеркәсіптің негізгі капиталына және материялдық - өндірістік қорлар өсіміне жұмсау.

Қаржы инвестициясы келесі котегорияларда иелену мерзіміне  байланысты жіктеледі:

-қысқа мерзімді несие-1жылға деиін иелену;

-ұзақ мерзімді инвестиця- иелену мерзімі 1 жылдан астам.Қозғалмайтын мүлік (жер,үй) иеленуші субъект бұл инвестицияны ұзақ мерзімді несиеге жатқызады.

Инвестициялайтын  субъектіде Кәсіпорынның үлесі 20%-дан  аспаса, мундай инвестициялар қаржылық деп аталады да, егер инвестициялар  алынған сәттен бастап 12 ай ішінде іске асырылады деп болжанса, Бас шоттар жоспарының 40-шы бөлімшесінің сәйкес шоттарында көрсетіледі. Олай болмаған жағдайда, берілген инвестициялар қзге қаржылық инвестициялар қатарына жатқызылады.

Алынған кезде қаржылық инвестициялар шығындарды, оның ішінде алу кезінде туындайтын шығындарды қоса алғанда сатып алу  құны бойынша бағаланады.

Егер  қаржылық инвестициялар сатып алу  кезіне дейінгі пайыздар, дивиденттерді  қоса алғандағы құны бойынша алынған  болса, олар есепте сатып алушының сатып  алушыға төленген пайызы на төмендетілген  сатып алу құны бойынша көрсетіледі.

Инвестициялардың  сатып алу құны мен өтеу құны арасындағы айырмашылық инвестормен инвестицияларды  иелік ету мерзімі ішінде амортизацияланады.

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста сатып алу құны мен ағымдағы құнының ішіндегі ең кішісімен есепке алынады.

Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста сатып алу құнымен есепке алынады.

Қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларға жатқызу  сатып алу құны мен ағымдағы құндардың  ең кішісімен есептелінеді де, одан кейін ұзақ мрзімді қаржылық инвестициялардың баланстық құны болып есептелінеді.

Инвестиция  есебінде келесі әдістер қолданылады:

-Үлес қосу әдісі -әдіс есебі , тәуелді шаруашылық серіктестіктін таза активтер өзгерісіндегі инвестор үлесінің мөлшерін мойындауы бойынша оның саласы кейінгі өсуі(кему) сатып алу құны бойынша сатып алған мезеті көрсетілетін инвестициялар. 

-Құн әдісі-есептеу әдісі , инвестицияны сатып алу мезетінде сатып алу құнын бейнелеу. Инвестициядағы кіріс сатып алған мезгілден кейін пайда болған тәсілді шаруашылық таза кіріс қорының жалпы сапасындағы қаралған дивиденттер мөлшері бойынша инвесторлар қаржылық - шаруашылық қызметі шешімі туралы есеп беруін мойындайды.  

Мың.тг

 

2011 ж

2012 ж

+/-

%

Инвестициялар

506 327

853 119

+346 792

+68,49


 

2012 жылды  2011 жылмен салыстырғанда инвестициялар  көлемі       346 792 мың  тг-ге, яғни 68,49%-ға артып отыр.

 

 

2.11 Қаржылық  есептілік және оның негізгі  көрсеткіштерін талдау

 

 

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын сипаттайтын қаржылық есептіліктің элементтері келесілер  болып табылады:

- активтер  – болашақта табыс әкелетін, құндық  бағасы бар, өткен операциялар  немесе оқиғалар нәтижесінде  алынған мүліктік және мүліктік  емес игіліктер мен 

құқықтар;

- міндеттемелер  - өткен операциялар немесе оқиғалар  нәтижесінде пайда болған және  құндық бағасы, жеке тұлға немесе  ұйым пайдасына белгілі бір  әрекет етуші, мүлік беруге, жұмыс  орындауға ақша және басқасын  төлеуге, әлде өтеу экономикалық  пайдалы активтің кемуіне немесе  ресурстардың жылыстауына әкелетін  міндеттемелік;

- капитал  – міндеттемелерді есептен шығарғандағы  актив.

Қаржы-шаруашылық қызметін бағалаумен тікелей байланысқан  қаржылық есеп беру элементтері мыналар:

- кірістер  – меншіктеушілердің салымына  байланысы жоқ, меншікті капиталдың  көбеюіне әкелетін активтің немесе  олардың құнының артуы, не болмаса  міндеттеменің азаюы түріндегі  есепті кезең ішіндегі экономикалық  пайданың өсуі;

- шығыстар  – меншіктеушілер арасындағы  бөлуге байланысы жоқ, меншікті  капиталдың кемуіне жетелейтін, активтердің немесе олардың құнының  азаюы, не болмаса міндеттеменің  ұлғаюы түрінде есепті кезең  ішіндегі экономикалық пайданың  азаюы.

ХҚЕС  «Қаржылық есепті ұсыну» (ХҚЕС-1) жалпы  бағыттағы қаржылық есептің барлық формаларын көрсеткенде қолданылады. Осы стандартқа сәйкес қаржылық есептің  олық кешені өзіне келесі құрамдас бөліктерді қосады:

- Бухгалтерлік  баланс;

- Кіріс  және шығыс туралы есеп;

- Ақша-қаражаттары  қозғалысы туралы есеп;

- Меншікті  капиталдағы өзгерістер туралы  есеп;

- Түсініктеме  жазба және есеп саясаты.

Бухгалтерлік  баланс келесі баптарды ашу керек:

- Негізгі  құралдар;

- Материалдық  емес активтер;

- Инвестициялар;

- Қорлар;

- Сауда  және өзге де дебиторлық берешек;

- Салық  міндеттемелері;

- Резервтер;

- Қысқа  мерзімді міндеттемелер;

- Ұзақ  мерзімді міндеттемелер;

- Шығарылған  капитал мен резервтер.

Баланста  және басқа да берілетін есептерді  уақытында әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелердің  барлық құжаттарын, белгіленген материалдық  және басқа есептерді кестеге  сәйкес әрі толық көлемде беруін қамтамасыз етуге тиіс.

Бухгалтерлік  баланс – кәсіпорынның жылдық есеп беруінің негізгі үлгісі. Баланс жасалғанға дейін есепке алу тізімдеріндегі барлық синтетикалық шоттары бойынша  толтырылған айналымдар мен қалдықтарды  талдау есебінің деректерімен салыстыру  қажет. Жылдың басындағы және аяғындағы  баланстардың деректерін салыстыру  үшін бекітілген номенклатурамен және бөлімдер мен баптардың топтамаларымен (егер баланс баптарының номенклатурасында  өзгерістер болса) сәйкестендірілуге  тиіс.

Пайда мен  зияндар туралы есеп беру – шаруашылық қызметтен түскен пайда мен зиянға қамтылуы тиіс есептік бағалаудағы  өзгерістер. Сыртқы пайдаланушылар үшін пайда мен зияндар туралы есеп беру қысқа формада жасалады.

Пайда мен  зияндар туралы есеп беру есептеу  жүйесінен шыға отырып жасалады, сондықтан  ағымдағы қызметтің ақша құралдарына  және олардың ликвидтілігіне әсер етуі есеп беруде көрсетіледі. Пайда мен  зияндар ақша құралдарының кемуімен немесе көбеюімен ілесіп отырмайды. Ақша құралдары сомаларының кемуі  немесе көбеюі активтердің бухгалтерлік шоттарының өзгеруіне әкеледі.

Қазақстанның  әдістемелік рекомендацияға сәйкес, егер ағымдағы есеп беру кезеңінде  қаржылық есеп беруді құру кезінде  өткен кезеңнің қателері табылса, онда бұл қателерді түзеу ағымдағы кезеңнің таза пайдасы немесе зиянын анықтауға қамтылады.

Информация о работе Отчет по практике в «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз»