Отчет по практике в «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз»

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 21:21, отчет по практике

Описание работы

Қазақстан Республикасында халық шаруашылығы есептерің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар.Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні деп айтуға болады немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға деп қарауға болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғ

Содержание

1 1 «ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ҚҰМКӨЛ РЕСОРСИЗ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АТҚАТАРЫН ҚЫЗМЕТІ ................

1.1 «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамына жалпы сипаттама ......................................
1.2 Есеп саясаты.......................................................................................
1.3 Кәсіпорынның техника – экономикалық көрсеткіштерін талдау
2 Есеп саясатының жекелеген элементтерінің есебі
2.1 Капиталды есепке алу................
2.2 Ақша қаражаттарының және эквиваленттерінің есебі.....................
2.3 Дебиторлық қарыздар есебі ............................................................
2.4 Қорларды есепке алу және тану.........
2.5 НҚ есепке алу, талдау...................................................................
2.6 Материалдық емес активтерді есепке алу...................................
2.7 Міндеттемелерді есепке алу және талдау
2.8 Еңбекақы бойынша есепайырысуды есепке алу
2.9 Кірістер мен шығыстарды есепке алу талдау
2.10 Инвестицияларды есепке алу талдау
2.11 Қаржылық есептілік және оның негізгі көрсеткіштерін талдау
2.12 Корпоративтік табыс салығын салық есебінде есепке алу
3 Өндірістік есепті ұйымдастыру ......................................................
4 Ішкі аудитті ұйымдастыру

Работа содержит 1 файл

петро практика 2013.docx

— 1.71 Мб (Скачать)

Негізгі себептердің бірі: сатып  алынған шикі мұнайдың 3 843 079 мың теңгеге азаюы болып отыр.

Мың тг.

 

2010 ж

2011 ж

+/-

%

ТМҚ барлығы:

14 514 036

11 020 926

-3 493 110

-24,07

Шикізаттар мен материалдар

5 238 596

5 326 076

87 480

+1,67

Сатып алынған шикі мұнай

8 120 561

4 277 482

-3 843 079

-47,33

Өндірілген шикі мұнай

1 912 368

1 920 296

7 928

+0,41


 

 

 

 

 

 

2.5 НҚ есепке алу, талдау

 

 

Есеп  саясатының бұл бөлімінің негізгі  мақсаты – меншік құқығына сәйкес кәсіпорынға тиесілі негізгі  құралдар мен олардың тозуы мен  амортизациясының негізгі принциптері  мен есепке алу тәсілдерін анықтау  болып табылады.

Негізгі құралдар – пайдалы қызмет уақыты 1 жылдан астам айналымнан тыс материалдық  активтер. Олардың құны Қазақстан  Республикасы Үкіметімен бекітілген айлық  есептік көрсеткіштің кем дегенінде 40 еселенген мөлшерінде болып, олардың  құны пайдалы қызмет көрсету мерзімі  ішінде бірқалыпты есептен шығару әдісі  бойынша шығынға жатқызылады.

Негізгі құраларды қайта бағалау –  бұл бағалау күніне бастапқы құны мен қолданыстағы құнына сәйкес келтіру.

Қалпына келтіру құны – негізгі құралдардың  бағалаудан кейінгі құны.

Ағымдық құны – нақты мерзім ішіндегі негізгі  құралдардың нарықтық құны.

Баланстық құн – актив есепке алу мен  есептілік нәтижесінде көрсетілетін жинақталған амортизация сомасын  қоспағанда, негізгі құралдардың  бастапқы немесе қалпына келтіру  құны.

Бастапқы  құн – активтерді сатып алу, салу кезінде оларға төленген ақша қаражаттары  мен олардың баламалары немесе басқа  да орын толтырудың дұрыс құндары. Сату құны – тәуелсіз жақтар арасында негізгі  құралдарды айырбастау мүмкін құны.

Ликвидациялық құн – пайдалы қызмет уақыты соңында  негізгі құралдардың болжанатын істен шығу құны.

Негізгі құралдардың істен шығуы –  негізгі құралдардың бухгалтерлік есептен алынып, кәсіпорыннан шығарылуы. Бұл үш негізгі себеп нәтижесінде  туындайды:

    • Көнеруі, тозуы немесе басқа да жағдайлар себебіен кейінгі пайдалана алмау,
    • Объектіні басқа жеке  немесе заңды тұлғаға өткізу,
    • Қайтарымсыз табыс ету (сыйлау).

Тозу  – негізгі құралдардың физикалық  және моральдық қасиеттерінен айырылу  процесі.

Жинақталған тозу – есеп беру кезеңінде кәсіпорында  тіркелген негізгі құралдардың  тозуы бойынша есептеулердің  жинақталуы.

Амортизация–  қызмет уақыты шегінде активтердің  амортизацияланатын сомасына құнына жүйелі қатынасы түрінде тозудың құндық көрсетілуі.

Кіріске алу кезінде негізгі құралдар есептілікте өтелмейтін төленетін  салықтар мен жиналымдар мен жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға іске қосу мен басқа да шығыстарды қосқанда,  бастапқы құны бойынша көрсетіледі.

Негізгі құралдардың бастапқы құны келесі жағдайда ғана өзгертіле алады:

Қосымша капитал салымдары немесе бөлшектелген ликвидация немесе нәтижесінде негізгі  құралдардың пайдалы қызмет мерзімі  азаятын немесе көбейетін, немесе негізгі  құралдардың өнімділігі айтарлықтай  өсетін объектінің бөлшектелуі кезінде;

Егер  өндірістік  тәсіл бойынша амортизация  есептелінетін негізгі құралдардың  жекелеген бірліктері істен шығса.

Қосалқы және өндірістік емес негізгі құралдардың  амортизациясы есептен шығарудың  түзу сызықты тәсілін қолдану  арқылы есептелінеді.

Қосалқы және өндірістік емес активтердің амортизация  нормасы пайыз бойынша келесі кестеде көрсетілген :

 

Кесте 1 «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз»  АҚ-ң негізгі құралдарының амортизация  нормасы 

 

Негізгі құрал түрі

Амортизация нормасы

Ғимараттар мен құрылыстар

7%

Машиналар мен жабдықтар

7-25%

Басқа да негізгі құралдар

15-30%

Ескертпе: «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз»  АҚ-ң есеп саясатынан алынған


 

Кен орнына қатысты өндірістік объектілердің  құны топтастырылған түрде амортизацияланады.

Амортизацияны өндірістік тәсіл арқылы есептеу  өндірістік негізгі құралдар мен  запастар және мұнай өндірудің қалдық құны негізінде келесі формула арқылы жүзеге асырылады:

 

         (О+В-У)

  А= ────── * Д,  мұндағы:

             З-Д 

 

А – кезең  ішіндегі амортизация

О – кезең  басына өндірістік негізгі құралдардың  қалдық құны

В - өндірістік негізгі құралдарды  енгізу

У - өнірістік  негізгі құралдардың таза шығуы

З – кезең  басына дәлелденген шығарылған запастардан  өңделгені

Д – кезең  ішінде мұнай өндірісі

Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» деген мағынаны білдіреді. Амортизация  белгіленген бір мөлшерде өнімнің  өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп  атайды. Амортизациялық аударым әрбір  өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына  байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.

 «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамында негізгі құралдар бойынша келесідей шаруашылық операциялар жүргізіледі:

 

Кесте 2 «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз»  АҚ-да негізгі құралдарға байланысты жүргізілетін проводкалар

Шаруашылық перациялар мазмұны

Дт

Кт

Кәсіпорынның көмекші өндіріс  құралдарына амортизация есептелінді

8310

2420

Нақты қолма – қол ақшаға негізгі  құралдар сатып алынды

2410

1010

Кәсіпорында түгендеу кезінде анықталған есепке кірмеген негізгі құралдар кірістелді

2410

6280

Бұзылған негізгі құралдарды жөндеуге құрылыс материалдары жұмсалды

2410

1317

Ескертпе: Автордың құрастырғаны


 

Амортизация - тозуды қызмет ету мерзімі бойы активтің амортизацияланған құнын  жүйелі бөлу түрінде құнмен көрсету (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай  құнын бірте-бірте төмендету).

Негізгі құралдарға амортизациялық аударым  есептеу мына әдістер бойынша  жүргізіледі:

- Құнды  бірқалыпты есептен шығару әдісі.

- Құнды  орындалған жұмыстың, өндірілген  өнімнің көлеміне  тепе-тең мөлшерде  есептен шығару әдісі.

Жылдамдатып есептен шығару әдістері:

- қалдық  құнының кему әдісі;

- сандардың  жиынтығы бойынша құнын есептен  шығару әдісі.

 «ПетроҚазақстан  Құмкөл Ресорсиз» акционерлік  қоғамында  негізгі құралдардың  амортизациясын есептеудің түзу  сызықты әдісі қолданылады:

Негізгі құралдардың бастапқы құны – 400000тг,

Негізгі құралдардың жарамдылық мерзімі  – 4 жыл,

Жылдық  амортизация сомасы – 100000 тг.

 

Кесте 3 «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз»  АҚ-да негізгі құралдардың амортизациясын есептеу

Есепті кезең

Бастапқы құн

Амортизациялық жылдық сомасы

Жинақталған тозуы

Қалдық құны

2007

400000

     

2008

400000

100000

100000

300000

2009

400000

100000

200000

200000

2010

400000

100000

300000

100000

2011

400000

100000

400000

0


Амортизацияланатын  құн дегеніміз- бастапқы құнмен пайдалы  қызмет мерзімі соңында пайда  болатын қосалқы бөлшектердің, сынақтардың, қалдықтардың түскен кезде болжанатын бағасы арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар  мөлшер бойынша атқарылады және әрбір есепті мерзім үшін шығын  есебінде мойындалады, танылады.

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамында негізгі құралдардың баланстық құнының өзгерсін келесі мәліметтерге сүйене отырып көре аламыз:

2010 жылы  негізгі құралдардың баланстық  құны 162 950 553 мың теңгені, оның  ішінде:

Меншік  жер: 161 993мың тг;

Ғимараттар: 4 418 020 мың тг;

Мұнай –  газ активтері: 114 174 714 мың тг;

Машиналар мен жабдықтар: 17 613 417 мың тг;

Басқалар: 116 594 мың тг;

Аяқталмаған құрылыс: 26 465 815 мың тг құрайды, ал 2011 жылы бұл көрсеткіштер келесідей:

2011 жылы  негізгі құралдардың баланстық  құны: 171 389 089;

Меншік  жер: 163 092мың тг;

Ғимараттар: 9 508 434 мың тг;

Мұнай –  газ активтері: 117 333 795 мың тг;

Машиналар мен жабдықтар: 18 319 386 мың тг;

Басқалар: 206 572 мың тг;

Аяқталмаған құрылыс: 25 857 810 мың тг.

Осы өзгерістерді ескере отырып, 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда, барлық негізгі құралдардың баланстық құны 8 438 536 мың теңгеге немесе 5,18 5%-ға артып отырғанын көре аламыз.

 

Мың тг.

 

2010 ж

2011 ж

+/-

%

НҚ барлығы:

162 950 553

171 389 089

+8 438 536

+5,18

Жер

161 993

163 092

+1 099

+0,68

Ғимараттар

4 418 020

9 508 434

+5 090 414

+115,22

Мұнай-газ активтері

114 174 714

117 333 795

+3 159 081

+2,77

Машиналар мен құрылғылар

17 613 417

18 319 386

+705 969

+4,01

Өзгелер

116 594

206 572

+89 978

+77,17

Аяқтлмаған құрылыс

26 465 815

25 857 810

-608 005

-2,30


 

 

 

2.6 Материалдық емес активтерді есепке алу

 

 

Есеп  саясатының материалдық емес активтер есебі бөлімінің негізгі мақсаты  – меншік құқығына сәйкес кәсіпорынға  тиесілі материалдық емес активтердің  негізгі принциптері мен есепке алу тәсілдерін анықтау болып  табылады.

Материалдық емес активтер – физикалық нысаны жоқ кәсіпорынның ақшалай емес активтері, яғни, ұзақ мерзімді активтер, олар өндіріс  пен дайын өнімді өткізу кезінде  әкімшілік мақсаттар мен жалға  беру кезінде ұзақ уақыт бойы пайдалануға  және кәсіпорынға табыс алып келуге арналған.

Материалдық емес активтерге: патенттер, лицензиялар, сауда белгілері мен сауда  маркалары, өндірістік ақпараттарды, жер  мен табиғи ресурстарды, бағдарламаларды  қолдану бойынша басқа да құқықтар жатады.

Материалдық емес активтер ретінде 1 жылдан астам  кәсіпорынның болмашы активтеріне  жұмсалған шығындары танылады (физикалық  нысаны жоқ). Материалдық емес активтер актив ретінде келесі жағдайларда  танылады:

Информация о работе Отчет по практике в «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз»