Отчет по практике в «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз»

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 21:21, отчет по практике

Описание работы

Қазақстан Республикасында халық шаруашылығы есептерің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар.Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні деп айтуға болады немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға деп қарауға болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғ

Содержание

1 1 «ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ҚҰМКӨЛ РЕСОРСИЗ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АТҚАТАРЫН ҚЫЗМЕТІ ................

1.1 «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамына жалпы сипаттама ......................................
1.2 Есеп саясаты.......................................................................................
1.3 Кәсіпорынның техника – экономикалық көрсеткіштерін талдау
2 Есеп саясатының жекелеген элементтерінің есебі
2.1 Капиталды есепке алу................
2.2 Ақша қаражаттарының және эквиваленттерінің есебі.....................
2.3 Дебиторлық қарыздар есебі ............................................................
2.4 Қорларды есепке алу және тану.........
2.5 НҚ есепке алу, талдау...................................................................
2.6 Материалдық емес активтерді есепке алу...................................
2.7 Міндеттемелерді есепке алу және талдау
2.8 Еңбекақы бойынша есепайырысуды есепке алу
2.9 Кірістер мен шығыстарды есепке алу талдау
2.10 Инвестицияларды есепке алу талдау
2.11 Қаржылық есептілік және оның негізгі көрсеткіштерін талдау
2.12 Корпоративтік табыс салығын салық есебінде есепке алу
3 Өндірістік есепті ұйымдастыру ......................................................
4 Ішкі аудитті ұйымдастыру

Работа содержит 1 файл

петро практика 2013.docx

— 1.71 Мб (Скачать)
    • Егер ол анықтауға болатын және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамымен қадағалап отыруға болатын материалдық емес активтердің анықтамасына сәйкес болса;
    • Берілген активтермен тікелей байланысты экономикалық олжа алу мүмкіндігі жоғары болса;
    • Активтің құнын анық анықтауға болса.

 

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамында  материалдық емес активтер бойынша  келесідей шаруашылық операциялар  жүргізіледі:

 

Кесте 4 «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз»  АҚ-да материалдық емес активтерге байланысты жүргізілетін проводкалар

 

Шаруашылық операциялар мазмұны

Дт

Кт

Заңды тұлғалардан өтеусіз материалдық  емес активтер алынды

2730

6220

Кәсіпорынның ішкі себептеріне байланысты материалдық емес активтер есептен  шығарылды

7410

2730

Қайта бағалау нәтижесінде материалдық  емес активтердің баланстық құны өсті

2730

5420

Ескертпе: Автордың құрастырғаны


 

Материалдық емес активтердің есебі соларға  сәйкес Бас шот жоспарының 2700  тарауын қолдана отырып жүргізіледі.

Есепте  материалдық емес активтер бастапқы құны бойынша көрсетіледі.

Материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдар бастапқы құн мен тиімді пайдалану мерзімі нәтижесінде  есептеліне отырып анықталады.

Төмендегі кестеге сүйене отырып, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамында материалдық емес активтерінің қозғалысын көре аламыз. 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда, материалдық емес активтер 8 571 351 мың теңгеге немесе 9,51%-ға артқан.

 

Мың тг.

 

2011 ж

2012 ж

+/-

%

МЕА барлығы:

90 169 654

98 741 005

+8 571 351

+9,51


 

 

2.7 Міндеттемелерді есепке алу және талдау

 

 

Күтілмеген шығындардың сомасы келесі шарттардың орындалған жағдайында шығыс пен міндеттеме ретінде танылады:

-Болашақ оқиғалар қаржылық есептілікті құрастырған күнге барлық өтемдерді қабылдағаннан кейін зақым келтіру немесе міндеттемелердің пайда болуы фактісінің бар болу мүмкіндігі болса;

-Күтілмеген жағдайлар нәтижесінде туындаған шығын сомасын бағалау мүмкіндігі.

Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін,сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер есебі. Міндеттемелер есебі қаржы-шаруашылық қызметі бас шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептелініп жүргізіледі.

Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады

- банктердің ұзақ мерзімді қарыздар 

- банктен тыс ұзақ мерзімдік қарыздар 

- мерзімі шегерілген корпоративтіқ табыс салығы. 

Банктердің және банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді қарыздары 1жылдан астам мерзімге, әдепте, жаңа техниканы енгізу шығындарына, өндірісті кеңейтуге,оны қайта құруға, қымбат бағалы жабдықты алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға беріледі.

Қарыздарды алу және өтеу бойынша операциялардың арнайы аудитін өткізу үшін келесі көрсетілген шоттар. 3010 «Банк қарыздар», 3020 «Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарызы» және 3390 бөлімшенің «Қарыздар», 3050 «Басқалар» қолданылды. Оларға «Ұзақ мерзімді қарыздар» мен «Қысқа мерзімді қарыздар» аралық шоттар 1040 бөлімшенің “Банктердегі аккредетивтердегі, чектердегі; карт-шоттардагы ақша,” 1050 ”Ұлттықвалютада ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша” 3320 Еншілес ұйымдарға кредиторлық берешек”, 3310 Берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу” және басқа шоттармен корреспонденцияда алынған қарыздар сомалары кредит бойынша, ал дебет бойынша- ақша есебі жүргізілетін шоттармен корреспонденцияда өтелген қарыздар соммасы беріледі.

Қарыздарды беру мен өтеуге байланысты барлық мәселелер банк ережелерімен және қарыз алушы ұйым мен банк арасындағы кредиттік шарттармен реттеледі. Бұл мақсат үшін кредиттік шарт рәсімделеді, онда кредиттеу обьектісі, қарыз беру мен қайтару мерзімдері проценттік мөлшерлемелер, оларды төлеу тәртібі, тараптардың қарызды берумен өтеу жөніндегі міндеттемелерді, құқықтары мен жауапкершілігі, құжаттар тізбесі және оларды банкке ұсынудың мерзімділігі мен басқа жағдай көрсетіледі.

 

Төмендегі кестеде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ң міндеттемелерінің есебі көрсетілген. Бұл көрсеткіш 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 63 705 мың теңгеге немесе 25,82 %-ға артып отыр, оның басты себептері:

Міндеттемелердің  ағымдағы құнының 81,97%-ға, пайыз төлеу бойынша шығындардың 60,40%-ға артуы мен басқа да оқиғалар себеп болды.

 

Мың.тг

 

2010 ж

2011 ж

+/-

%

Міндеттемелердің ағымдағы құны

135 601

246 748

+111 147

+81,97

Пайыз төлеу шығындары

9 872

15 835

+5 963

+60,40

Жұмысшыларға төленген сыйақылар

(8 104)

(10 410)

-2 306

 

Ағымдағы қызмет бойынша шығындар

68 960

32 990

-35 970

-52,16

Актуарлі шығындар

41 258

22 873

-18 385

-44,56

Есеп көрсетілген валютаға қайта  есептеу

(839)

2 417

3 256

 

Ағымдағы міндеттемелердің жыл соңындағы  құны

246 748

310 453

63 705

25,82


 


 

2.8 Еңбекақы бойынша есепайырысуды есепке алу

 

 

Жұмысшылар  мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді  тексерудің негізгі міндеті –  еңбекақы төлеуде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын бақылау, жалақыдан  ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде  бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын текcеру болып табылады.

Еңбек және еңбекақы есебі – жұмысшылар санының  өзгеруі, жұмыс уақытының тиімді пайдаланылуы, жұмысшылардың категориясы, өндірістегі шығындар сияқты мәліметтер тұтастай қамтылатын дәл және оперативтік  деректер талап етілетін аса маңызды  да күрделі объект болып табылады.

Еңбек және еңбекақы есебінің негізгі міндеттері:

- еңбекақы қорын және жұмыс уақытын тиімді пайдаланып жұмыс мөлшерінің орындалуын, жұмсалған еңбектің санын және сапасын бақылау;

- бастапқы құжаттарды уақытында және дұрыс ресімдеу;

- әр жұмысшының  жалақысын уақытында және дұрыс  есептеу;

- белгіленген  мерзімде еңбекақы бойынша есеп  айырысу;

- жалақы  бойынша шығындарды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына уақытында  дұрыс енгізу;

- еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есептер жасау.

Кәсіпорындарда  жылдық еңбекақы қорын есептеу үшін жұмысшылардың жалпы санын 12 айға көбейтіп, шыққан соманы орташа айлық жалақыға көбейтеміз.

Мысалы, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз»  АҚ-да 1300 қызметкер жұмыс атқарады,  айлық орташа еңбекақысы 72000 тг деп  алсақ, еңбекақы қоры 1123,2мл тг-ні құрайды.

 

 

2010 ж

2011 ж

+/-

%

Жұмысшылар саны, адам

1250

1300

+50

+4

Айлық орташа еңбекақы, тг

68 000

72 000

+4 000

+10

Еңбекақы қоры, мың.тг

1 020

1 123,2

+103,2

+10


Ал орташа жалақыны анықтау үшін: 

1.Күндік  орташа жалақыны (жұмыс істелмейтін  және мереке күндерін қоспағанда); 

2.Орташа  сағаттық жалақы пайдаланылады;  

Қазақстан Республикасының  еңбек заңдарына  сәйкес жұмысшылар мен  қызметкерлердің  мынадай жұмыспен өтелмеген уақыттары  төленеді: 

1. Мемлекеттік  және қоғамдық міндеттемелерді  орындау уақыты; 

2. Жасөспірімдердің  жеңілдік сағаттарын төлеу; 

3. Нәрестені  тамақтандыруға арналған қосымша  үзілістерді төлеу;  

4. Кезекті  және оқу демалыстарының уақытын  төлеу; 

5. Пайдаланылмаған  демалыс үшін өтемақы; 

6. Жұмыстан  босаған кездегі шығу жердемақысы. 

 

 

2.9 Кірістер мен шығыстарды есепке алу талдау

 

 

Есеп  саясатының кірістер есебі  бөлімінің  негізгі мақсаты – дайын өнімді өткізуден  болған табыстары мен  басқа да табыстарынан болған кірістері  есебінің реттілігін анықтау болып  табылады.

Кіріс –  ақша қаражаттарының ағынының немесе активтерінің ұлғаюы немесе міндеттемелердің төмендеуі түріндегі жалпы экономикалық пайданың өсуі.

6«Кірістер»  бөлімінің шоттары кірістерді  есепке алуға арналған.

6000 «Өнімді  сатудан және қызмет ұсынудан  түсетін кіріс» бөлімі  өнімді  сатудан  және  қызмет  ұсынудан  түсетін  кірістерді  есепке               алуға арналған.

Өнімді  өткізуден түскен түсім – дайын  өнімді сатудан туындаған ақша қаражаттарының ағыны түріндегі экономикалық пайданың ұлғаюы немесе активтердің өсуі, немесе міндеттемелердің төмендеуі.

Дайын өнім – кәсіпорын қызметінің қаржылық – шаруашылық қызметі нәтижесінде  негізгі пайда алып келетін сатылатын  өнімі.

Кірістер  келесі жағдайларды қолдану арқылы бухгалтерлік есепте танылады, бағаланады және қаржылық есептілікте көрсетіледі.

Кәсіпорын қызметіндегі бір оқиғамен және келісіммен байланысты туындаған кірістер мен  шығыстар бір мезгілде танылады.

Кіріс келесі шарттар сақталғанда танылады:

Кіріс сомасы нақтылығының жоғары деңгейімен бағаланса;

Келісім – шартпен байланысты экономикалық пайданы «ПетроҚазақстан» акционерлік  қоғамы алатындығы жөніндегі ықтималдылығы  туындайды.

Мұнай, газ, мұнай – газ өнімдерін сатудан  түскен түсім есепте ерекшеленіп, есеп беруде көрсетіледі.

 

Кесте 4 «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз»  АҚ-да кірістерге байланысты жүргізілетін проводкалар

Шаруашылық операциялар мазмұны 

Дт 

Кт 

Өткізілген тауарлар үшін ақша қаражаттары  келіп түсті

1030

6010

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге  қызмет көрсетілді

1210

6010

Ақы төлеу фактісі бойынша жеңілдіктер  берілді

6030

1210

Ескертпе: Автордың құрастырғаны


 

Субьект барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол:

-Жалпы  және әкімшілік шығыстар; 

-Пайыз  бойынша шығыстар; 

-Тауарлар  мен материалдық қорларды сату  бойынша шығыстар. 

Бухгалтерлік  есептің №7 стандартына сәйкес шығындар төмендегідей бөлінеді:

Информация о работе Отчет по практике в «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз»