Отчет по практике на "СМП-636" ЖШС

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 11:24, отчет по практике

Описание работы

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымсн халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет.

Работа содержит 1 файл

GUSYA.doc

— 295.50 Кб (Скачать)

    - ақпараттың сенімділігі мен реттілігіне  шектеулер-уақыттылығы, шығындар  қатынасы, сапалы сипаттамалар қатынасы;

    - оның және обьективтік көрінісі.

    Кәсіпорын қызметінің қаржылық қорытындысы туралы ақпаратты жалпылау үшін 5610 «Қорытынды пайда (шығын)» шоты арналған. Осы шотқа жыл бойы операциялық және өндірістен тыс, сонымен қатар әдеттегі қызмет түрлерінің төтнше пайдасы мен шығындарын көрсетеді. Осында сонымен қатар, салықтық заңбұзушылық үшін штрафтар, табыс салығын бюджетке аудару міндеттемелері жазылып отырады. 5610 шотының сальдосы таза табысқа (шығынға) тең болады. Бұл сальдо 5510 «Бөлінбеген табыс (шығын)» шотына көшіріледі. Шоттардың кредиті бойынша өндірілген өнімнен түскен пайда, өткен кезеңде түскен табыс есептеледі. Барлық қайтарылған тауарлар мен сауда жеңілдіктері табыстан көшіріледі. Олар табыстың төмендеуі ретінде қарастырылады [20]. 

    
    1. Өндірістегі өнім өндіру есебі және басқарушылық есеп
 

    Өндірістік  есеп жүйесінде материалдық өндіріс қорының құнын бағалауға арналған өндірістің шығындары анықталады. Бұл ішкі есептіліктің талаптарына сәйкес келеді.

    Бухгалтерлік  есебінің міндеті болып кәсіпорын  ішінде лауазымды қызмет адамдары үшін дұрыс шешімді қабылдау үшін қажетті  қаржы ақпаратына сәйкес келетін дайындық табылады.

    Өндірістік  есеп дегеніміз өнімнің құнына баға беру үшін өндірістің шығындары туралы мәліметтер жинау.

    Басқарушылық  есеп – кәсіпорынның ақпараттық жүйесінің  бөлімі, сонымен қатар бұл іс-әрекет. Оның мақсаты болып шешім қабылдау және іс-әрекетті жоспарлау үшін басшылықты ақпаратпен қамтамасыз ету, бақылау мен тікелей басқаруындағы көмек, кәсіпорын жұмыскерлері қойылған бағдарламаны орындау үшін жұмыс ынтасын көтеру, бөлімшелердің басқару аппараты және ұйым ішіндегі жеке қызметкерлердің іс-әрекетін бағалау табылады.

    Басқарушылық  есеп әдісі амал мен тәсіл жиынтығы деп аталады. Оның негізінде кәсіпорынның ақпараттық жүйесінде басқарушылық есеп обектілері көрінеді.

    Басқарушылық  есеп әдісінің элементтері: құжаттама, инвентаризация (Құрал-жабдықтар тізімі), бағалау, топталу және талдап қорыту, тексеру есеп шоттары, жоспарлау, лимидтеу, бақылау, талдау.

    Құжаттама – басқарушылық есеп кепіл беретін  алғашқы құжаттар мен машинаны иеленушілер  кәсіпорынның жеткілікті толық өндірістік бейнесі. Алғашқы есеп қаржы мен басқару есебін жүргізуге арналған ақпараттың негізгі қайнар көзі болып табылады.

    Топталу және талдап қорыту – белгілер бойынша  объект туралы ақпараттыжүйелеу және жинау тәсілі. Топталған ақпарат  іс-әрекеттің нәтижесін бағалау  үшін және оперативті, стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін эффективті түрде пайдаланылады.

    Тексеру есепшоттары – бұл қорытынды  есепшоты. Бұнда жазба осы кезеңнің қаржы мен басқару есебін байланыстырып  тұратын звено, қорытынды операциялары бойынша жүргізіледі.

    Жоспарлау – кәсіпорынның мүмкіншіліктері  нарықтық жағдайларға сәйкес келу үшін бағытталған үзілмейтін циклдік  процесс (болашақта жүзеге асу мүмкіндігі бар іс-әрекеттердің нұсқаларын жазу процесі).

    Нормалау  – ресурстың барлық түрлері эффективті пайдаланылуы үшін қамтамасыз етуге бағытталған оптималды нормалардың ғылыми тұрғыда дәлелді есеп айырысу процесі.

    Шектеу  – шығын мен қор нормаларының жүйесіне негізделген материалдық  шығынды бақылауының алғашқы  сатысы. Лимит - өнімнің бірлігіне  ресурстарды жұмсау нормасы. Лимиттеу тек қана лимиттің есеп айырысуынан тұрмайды, бақылау операцияларынан және есептен тұрады.

    Талдау  – бекітіліп жоспарланған тапсырмаларды  орындау үшін бөлімшелердің арасындағы өзара байланыс және өзара тәуелді  болуының өнеркәсіптің нәтижесінде сәйкес келетін басқарудың шешімдерін қабылдағанда өзгертуді қажет ететін себептер мен ауытқу процесі.

    Бақылау – пайда болған ауытқуды жоюға  немесе жасыруға мүмкіндік беретін  жоспарлаудың жүзеге асуын тексеретін процесс.

    Басқару есеп әдісінің барлық элементтері бір-бірінен бөлек емес, жүйе ішінде әрекет етеді.

    Халықты экономикаға салым салу, жаңа жұмыс  орындарын құру, номенклатура, қызмет атқару және өнімнің сапасы қызықтырады.

    Сонымен, бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар тобын екіге бөлуге болады:

  • ішкі пайдаланушылар – есеп жүретін ұйымның ішінде пайдаланатындар.
  • сыртқы пайдаланатындар – кәсіпорын құрамына кірмейді.

    Пайдаланушылар  категорияларына сәйкес есептің  екі саласын ажыратып көрсетуге  болады: басқарушылық және қаржылық [20].

    Қорытынды 

    Қорытындылай келе, мен өндірістік-іс тәжірибе өтетін базасының өндірісімен, технологиясымен және қызметінің негізгі бағыттарымен жалпы танысудан бастадым. Кәсіпорындағы тәжірибе басшысы менімен кіріспе нұсқамалар жүргізіп, шаруашылықтың бөлімдері, цехтары және өзге де бөлімшелері бойынша саяхат ұйымдастырды. Содан кейін мекеменің жарғысымен, басқару бөлімдерінің жағдайымен және оның қызметін реттеп отыратын өзге де нормативтік құжаттарымен таныстым.

    Кәсіпорынмен  танысу материалдарында  оның ұжымдық  құрылымының сызбасы жасалды.

    Есеп-талдау қызметінің құрылымына және есеп саясатына сәйкес ашылатын өндірістің көлеміне, технологиялық үрдісінің дәйектілігіне және қолданылатын есеп, талдау және ішкі аудиттің әдістеріне тәуелді олардың атқаратын қызметін зерттеуге ерекше назар аудардым. Бұл мәліметтерге тәжірибе базасымен, шаруашылық қызметімен, есепті ұйымдастырумен танысу бөлімінде толығырақ тоқталып, тәжірибе барысында танысқан білімдерімді корсеттім.

    Мен тікелей бухгалтерияда, қаржы –экономика бөлімдерінде және басқа да құрылымдық бөлімшелерде құжаттардың жасалу сызбасын, компьютерлерді және басқа да техникалық құралдарды пайдалану есептің, қаржы-экономикалық талдаудың озық әдістерін қолдану мүмкіндігін зерттейді.

    Өзіммен өңдеген ұлттық валютада ағымдағы банктік  шоттардағы және кассадағы ақша қаражатының қозғалысының, есебінің бастапқы құжаттарының негізінде есеп құжаттарына толтырып және есеп регистрларына таратып жаздым.

    Дебиторлық  берешектердің пайда болу уақытына талдау жасап, дебиторлық борыштардың  айналымын, сөндіру мерзімін және курсының төмендеуін есептеуді меңгердім. Дебиторлық борыштың құрамындағы “күмәнді талаптардың” үлесін анықтадым.

    Қорларды  есепке алу және талдау бөлімінде  қорлардың бухгалтериядағы сақталу  орындарында материалды жауапты  тұлғалардағы есебін бухгалтерлік және қоймалық есептің әдістері мен салыстыру тәртіптерін зерттедім.Өз бетімен жұмсалған қорлардың нақты өзіндік құның және тасымалдау-дайындау шығындарын, айдын соңындағы қалдықтарының олардың есептік бағасы бойынша құнының ауытқуын есептеп шығардым. № 2 «Қорлар» ХБЕС стандартындағы қорларды бағалау әдістерін анықтап талдау жасадым.

    Негізгі кұралдардың және материалдық емес активтердің кіріс-шығыс кужаттарымен таныстым. Оларды қалай толтыру керектігін және өндірісте қалай қолданылатынын  меңгердім.

    Міндеттемелерді есепке алу және талдау тақырыбы бойынша  №4 журнал-ордерді ұзақ және қысқа  мерзімді міндеттемелердің аналитикалық есебін зерттеу үшін пайдаланады. №5  журнал-ордерді пайдалана отырып бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысу есебінің тәртібін және №9 журнал-ордерге ашылатын ведомостың мәліметтері бойынша зерттеулер жүргіздім.

    Еңбек ақы бойынша  есеп айырысуды есепке алу тақырыбы бойынша маған қойылған талаптарды орындадым. Тоқталып кетсем:

  • есептің ұйымдастырылу және жұмыс уақытының пайдалану тәртіптерін зерттедім;
  • өнім шығаруды ұйымдастыру және есебі бойынша құжаттарын, жұмыс істемеген уақытқа, ұсталымдарға, шегерімдерге есептеулерді құжаттарының жойылуын зерттедім;
  • еңбек ақы есептеу және есеп айырысу ведомостарына әрбір жұмыскер бойынша мәліметтерін топтау бойынша бастапқы құжаттарын зерттедім;
  • есептелген еңбек ақы бойынша жасалған жиынтықты, жұмысшылармен және қызметкерлермен есеп айырысу “ Еңбек ақы шығындар бағыттары  бойынша таратылуы” пысықтау  ведомостының мәліметтері бойынша жиынтығын жасадым;
  • пысықтау  ведомостының мәліметтері мен есептелген салық және басқа да қарыздар бойынша есеп регистрларындағы таратылған еңбек ақы туралы мәліметтерінің жиынтығын жасадым.

    Мен бухгалтерлік баланстың тәртібімен және жасалу техникасымен таныстым, баланстың көрсеткіштерінің басқа да есеп нысандары мен байланысын зерттеп, баланстың баптарының бағалану қағидаларын анықтадым және №1 «Қаржылық есептілікті табыс ету» ХҚЕС сәйкес қорытынды есептілік және бекіту тәртіптерін меңгердім.

    Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелсрі, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрдс жүргізілетін болса, баскарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.

    "СМП-636" ЖШС-нің басшысы Жуканов Уахит Оспанұлы өндірістік іс-тәжірибе кезінде тәжірибе базасын толықтай меңгеруіме көп көмегін тигізді. Кәсіпорынның бухгалтерлік мәліметтері бойынша осы өндірістік іс-тәжірибе жөнінде есеп беруді жаздым. 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

  1. "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жөнінде" Қазақстан Республикасының заңы 26 желтоқсан 1995ж., № 2732.
  2. "СМП-636" ЖШС-нің есеп саясаты.
  3. ҚР "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" заңы 28.02.2007ж.
  4. Типовой план счетов бухгалтерского учета / Приказ Министерства финансов РК. –2007. -№185.
  5. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп. –Алматы, 2007. -295.
  6. Нурсеитов Бухгалтерский учет в организациях.-Алматы, 2007.-476с.
  7. Абдыманапов А. Концептуальные основы и принципы бухгалтерского учета: Учебное пособие.  – Алматы, 2003. - 234 с.
  8. Грюнинг Х. Ван, Коэн М. Международные стандарты финансовой отчетности: Практическое руководство / На рус. и англ. яз. 2-е изд., испр. и доп. – М.: Издательство «Весь мир», 2004. – 336 с.
  9. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет: Учебное пособие для вузов /Пер. с англ.; Под ред. Н.Д. Эриашвили. 3-е изд., перераб. и доп.- М.:Аудит, ЮНИТИ, 2005.  – 783 с.
  10. Каморджанова Н.А., Карташева И.В. Бухгалтерский учет. – М., 2005.
  11. Козлова Е.П., Парашютина Н.В., Бабченко Т.Н., Галанина Е.Н. Бухгалтерский учет.- М.: Финансы и статистика, 1995.- 471 с.
  12. Международные стандарты финансовой отчетности. – М.: АСКЕРИ, 2005.

13. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК КОДЕКСІ 2007 жылғы 22 мамыр

14. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии: Учебник - Алматы: Центраудит - Казахстан, 1998. – 498 с.

15. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет: Учебное пособие. В 2-х частях. Ч.1/ Под общей ред. чл.-корр. НАН РК, д.э.н., проф. Н.К. Мамырова. – Алматы: Экономика, 2005. – 336 с.

16. Словарь банковских и финансово-экономических терминов / Под ред. д.э.н., проф. Н.К. Мамырова. – Алматы: Экономика, 2005. – 570 с.

17. Соловьева О.В. Международная практика учета и отчетности: Учебник. – М.: ИНФРА – М, 2004. -332 с.

18. Ткач В.И., Ткач М.В. Международная система учета и отчетности. - М.: Финансы и статистика, 1994. – 144 с.

19. Торшаева Ш.М. Теория бухгалтерского учета.  – Караганда, 2000. 155с.

20. Торшаева Ш.М. Принципы бухгалтерского учета: Учебное пособие. – Караганда, 2006.-244 с.

21. Хонгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: управленческий аспект / Пер. с анг.; Под ред. Проф. Я.В. Соколова. – М.: Финансы и статистика, 1997. – 576 с.

22. Шмидт О.И., Митрохина Л.А. Бухучет в малом бизнесе // Библиотека бухгалтера и предпринимателя. – 2003. №6. - С. 4-11.


Информация о работе Отчет по практике на "СМП-636" ЖШС