Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 11:24, отчет по практике
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымсн халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет.
Негізгі құралдардың жеке жіктеулік топтары бойынша инвентарлы объекті болып келесілер саналады:
"СМП-636" ЖШС-нде бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарында негізгі құралдардың болуы мен қозғалысы туралы ақпаратты жалпылау үшін: 2410 «Негізгі құралдар» шотының келесі аналитикалық - 121 «Жер», 2412 «Ғимараттар мен құрылыс жайлары», 2413 «Машиналар мен жабдықтар, өткізу қондырғылары», 2414 «Көлік құралдары», 125 «Басқа да негізгі құралдар», 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шоттары арқылы жазуға болады.
Негізгі құралдардың қозғалысын құжаттық рәсімдеу.Негізгі құралдарды есептеу шаруашылық субъектіні қаржылық-шаруашылық қызметінде маңызды орын алады. Негізгі құралдардың есебі бойынша типтік құжаттар өңделінген, өз уақытындағы көшірме немесе рәсімдеу бұл негізгі құралдардың есебін, оларды сақтау мен дұрыс пайдаланылуы үшін бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді [3].
"СМП-636" ЖШС-нің Бас бухгалтері дұрыс құжат айналымын, типтік құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру, орындаушыларға оларды құруды, қабылдау мен тексеру графиктерін жеткізуі керек.
Бухалтерлік есепте негізгі құралдардың келуін, орын ауысуын және шығуын өз уақытында есепке алу мен құжаттарда рәсімделуін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан "СМП-636" ЖШС-нда материалды жауапты адамдарға объектілер бекітіледі және сақтау мен ұтымды пайдалануды бақылайды, есеп объектілері бойынша амортизация есебінде дұрыс көрсетуді, негізгі қорлардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техникамен оны қолданудың жаңа әдістері мен тиімділігін анықтауды, түгендеу мен қайта бағалауды толық көрсетуді қамтамасыз етіліп тұрады.
Негізгі құралдарды сақтауды бақылауын қамтамасыз ету үшін әрбір инвентарлық объектіге сәйкес номер беріледі. Объектіге берілген инвентарлық номер объектіде және алғашқы құжаттарда қойылады және оның ұйымда болу кезеңінің ішінде объектіде сақталады. Негізгі құралдардың объектілері тәртіптік-сериялық номер боынша номерленеді. Инвентарлық номер металдық жетонды жабыстыру жолымен, бояумен жазу жолымен белгіленеді. Объектінің шығу кезіндегі оның инвентарлық номері жаңадан түскен объектілерге берілмейді.
Негізгі құралдардың түсуі 16.11.94ж. ҚР-ның мемлекеттік коммитетінің №73 қаулысымен бекітілген ОС–1 Типтік ведомос аралық форма актісімен рәсімделеді. Акт әрбір объектіге жасалады, оған сәйкес бөлімге пайдалану орны бойынша ұйымның цехына бухгалтерлермен инвентарлық карточкаларды ашудан кейін берілетін техникалық құжаттар тіркеледі.. Негізгі құралдарды қабылдау мен өткізу актісі екі жақпен – объектіні қабылдайтын және беретін жақпен дайындау уақытын, бастапқы құнды, пайдалануға өткен уақытта көрсетумен бірге құрылады [1-қосымша].
Негізгі құралдардың есебін әрбір жіктеу тобы бойынша және әрбір объектінің орналасу жері бойынша негізгі құралдардың болуын бекітуге болатындай түрде ұйымдастырады. Ол негізгі құралдарды әрбір инвентарлық объекті үшін ашылатын 16.11.94ж. ҚР-дың мемлекеттік комитетінің №73 қаулысымен бекітілген ОС–6 «Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасы» типтік ведомос аралық түрінің карточкаларында аналитикалық есеппен қамтамасыз етіледі. Инвентарлық карточкалар алғашқы құжаттардың, техникалық паспорттың және басқа құжаттардың негізінде ашылады. Толтырылған инвентарлық карточкалар негізгі құралдардың жіктеу топтары бойынша жүргізілетін жазулар №ОС–10 типтік форманың арнайы жазуларында тіркеледі [4].
Ағымдағы
жал тәртібінде және қаржылық лизинг
тәртібі жалға алынған негізгі
құралдар бойынша инвентарлық
Оларды аналитикалық есебі үшін жалға берушілермен негізгі құралдардың объектісін жалға беру актісімен қоса тіркелген карточкалар көшірмесін пайдаланады.
Тізімде
тіркелген карточкаларды
Құжат (акт) негізінде негізгі құралдардың шығуы карточкада көрсетіледі, содан соң картотекадан алынады.
Негізгі құралдарды қолдану жерлерінде пайдаланып отырған негізгі құралдардың объектілері туралы қысқаша мәліметтер болатын №ОС – 13 типтік формасының жазуларын жүргізеді.
Айдың
аяғында берілген айдың жазулары
бар карточкаларды негізгі
Топтық
карточкалардың мәліметтері арқылы
негізгі құралдардың
Сонымен негізгі құралдарды есептеу үшін №ОС–1 форма негізгі құралдарды қабылдау - өткізу актісі қолданылады. Негізгі құралдардың абъектілерін қабылдап, өткізуді рәсімдеу үшін қолданылады. Акті әрбір объектіге жасалып, бухалтерияға беріледі және негізгі құралдарды есептеудің инвентарлық карточкаларын жазу үшін негіз болады [1-қосымша].
Негізгі құралдардың тозуын есептеу. Пайдалану процесінде негізгі құралдар өзінің техникалық қасиеттерін және сапасын жояды, яғни тозады.
Жерден басқа негізгі құралдардың құрамына кіретін кез-келген объектілер физикалық және моральдық тозуға ұшырайды, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен олар біртіндеп өз қасиеттерін жояды және жарамсыз болады.
Негізгі құралдардың тозуын есептеу үшін 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы мен құнсыздануы» реттеуші шоттары қолданылады.
Бұл бөлімшенің шоттарында субъектіге меншік, шаруашылық жүргізу немесе оперативті басқару құқықтарындағы негізгі құралдардың, ұзақ мерзімге жалға алынатын құралдардың жиналған тозуы туралы ақпарат жалпыланады.
СМП-636"
ЖШС-нде тозуды есептегенде шоттардың
келесі корреспонденциясы қолданылады:
Шаруашылық операциялардың мазмұны | Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет | Кредит | |
Негізгі
құралдар бойынша амортизация есептелді:
- цехтік мақсаттағы - әкімшілік–басқарушылық мақсаттағы - өнімді,
кен дайындау жұмыстарда, өнеркәсіптің
маусымдық, саланың дайындық |
8410 7210 7110 |
2420 2420 2420 |
СМП-636" ЖШС-нде негізгі құралдардың объектілерінің құны бухгалтерлік есепте 2410 шоттарының кредитінен келесі шоттардың дебетіне есептен шығарылады:
- өткізу кезінде, физикалық және моральдық тозуы нәтижесінде, сонымен қатар басқа заңды және жеке тұлғаларға ақысыз берген кезде – 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы мен құнсыздануы» және 7410 «Активтердің шығуынан шығындар». Бұл кезде өткізуден табыс алынса, онда бір мезгілде келесі жазу жүргізіледі: 6210 «Активтердің шығуынан кірістер» шоттары кредиттеліп, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы», 1050 «Ағымдағы банктік шоттардағы валютадағы ақша қаражаттары», 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгедегі ақша қаражаттары», 1010 «Кассадағы теңгедегі ақша қаражаттары»дебеттеледі;
-
негізгі құралдардың
-
ұзақ мерзімде жалға беру
Негізгі құралдарының нақты болуын анықтау және олардың сақтығына бақылау мақсатында субъектілермен нормативті құқықтық және басқа актілермен сәйкес негізгі құралдардың түгенделуі жүргізіледі.
Негізгі құралдардың шығуының нәтижесінде пайда болатын табыс немесе шығын сату құны мен баланстық құны арасындағы айырма түрінде сонымен қоса сатумен немесе басқа шығумен байланысты шығынмен анықталады.
Негізгі
құралдардың шығуы кезінде
Негізгі құралдардың жетіспеуі бухгалтарлік есепте келесі жазулармен көрсетіледі:
- негізгі құралдардың бастапқы құнына :
Дт 1280 «Басқа дебеторлық қарыз»
Кт 2410 сәйкес шоттар
-
бұрын есептелген тозу
Дт 2420 сәйкес шоттар
Кт 2410 сәйкес шоттар
-
баланстық құн бойынша кінәлі
тұлғаға жатқызылған
Дт 1250 «Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы»
Кт 1280 «Басқа да дебиторлық қарыз»
-
жетіспейтін негізгі
Дт 1250 «Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы»
Кт 3520 «Болашақ кезеңдер табыстары»
-
жетіспеушіліктің орнын
Дт 1030, 1010, 3350 сәйкес шоттар
Кт 1250 «Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы»
-
табыс есеп беру кезеңіне
Дт 3520 «Болашақ кезең табыстары»
Кт 6220 «Қайтарымсыз алынған активтерден кірістер»
Дт 7210 «Әкімшілік шығындар»
Кт 1280 «Басқа да дебиторлық қарыз»
Негізгі құралдардың синтетикалық есебі №12 журналында 2410 «Негізгі құралдар» синтетикалық шоттардың кредиті бойынша типтік жоспардың сәйкес шоттарымен корреспонденциясы жүргізіледі. Журнал–ордерде 12 бөлімшенің әрбір кредиттелетін синтетикалық шот үшін жеке бағандар арналған. Айдың аяғында әрбір синтетикалық шоттар бойынша олардың кредиті бойынша айналымдары есептелініп, қорытынды жолда көрсетіледі және бас кітапқа көшіріледі [5].
Материалдық емес активтердің есебі
"СМП-636" ЖШС-да материалдық емес активтер келіп түскенде материалдық емес активтерді қабылдау-өткізу актісімен (Ф№НМА-1) рәсімдейді.. Актіде материалдық емес активтердің нақты атауы, қысқаша сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы, жабдықтаушының атауы, пайдалану мерзімі және басқа қажетті мәліметтер көрсетіледі [2-қосымша].
Материалдық емес активтерді қабылдауды рәсімдеу кезінде акт әрбір объектіге бір данада жасалады. Бірнеше біртекті материалдық емес активтердің алуын рәсімдейтін жалпы актіні құруға болады. Актіні оны рәсімдегеннен кейін материалдық емес активтердің объектісін немесе оларды пайдалану тәртібін сипаттайтын құжаттарымен бірге немесе берілген объектіге қатысты кәсіпорынның белгілі бір мүліктік құқығын растайтын құжаттар бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтермен қол қойылып, кәсіпорын басшысымен немесе өкілетті тұлғамен бекітіледі.