Отчет по практике на "СМП-636" ЖШС

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 11:24, отчет по практике

Описание работы

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымсн халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет.

Работа содержит 1 файл

GUSYA.doc

— 295.50 Кб (Скачать)

    2.3 Ақша құралдарының есебі 

    Ақша  қаражаттар түріндегі қолма-қол  ақша, ақшалай құжаттар, банк шоттары, аккредетивті ұсыну және арнайы ашық шоттар, чек кітапшалары және т.б. түрлері ұйымның кассасында орналасады. Олардың көбеюі, дұрыс қолданылуы және сақтау бойынша бақылау жүргізуі – бухгалтерияның негізгі міндеті болып табылады. Ұйымның төлем қабілеттілігі олардың шешімдерін дұрыс қабылдауынан тәуелді болады ал, ол өз кезегінде қызметкерлерге уақытында еңбек ақы төлеуі, жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуы, бюджетке төлемдер және т.б. байланысты. Бухгалтерлік есептегі ақша қаражаттары, есеп айырысу және кредиттік операцияларында, дұрыс ақша айналымын ұйымдастыру, халық шаруашылықтағы есеп айырысу мен кредиттеу, төлемдік шарттарды нығайту және де қаржылық ресурстарды тиімді  қолдану үшін елеулі ықпалы бар.

    Бұл шарттардқа ең маңыздысы - бұл касса  мен есеп айырысу шоттарында бақылау жүргізу, ақша аражаттарын дұрыс және тиімді қолдану,сонымен қатар, қолма-қол ақша мен кассадағы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

    Осы мақсаттардан бухгалтерлік есептегі ақша қаражаттары және есеп айырысу операциялары есебінің келесі негізгі міндеттері туындайды:

  • құжаттар рәсімінің дұрыстығын, ақша қаражаттар операциялардың заңды түрде  жүргізілуін тексеру және есеп айырысу операциялар, олардың есебінде дер уақытында және толық түрде көрініс беру керек;
  • толық және дұрыс есеп айырысудың бүкіл төлем түрлері және түсуі бойынша уақытында орындалуын қамтамасыз ету;
  • ақша қаражаттары мен есеп айырысуды, ақша қаражаттарының түгендеу нәтижесін уақытында орындау;
  • ақша құжаттарын кассада және  басқа жерлерде  сақталуы мен беруін қамтамасыз ету;
  • табыс әкелетін инвестицициялық қаржылық  көзі ретінде ұтымды салынған ақша қаражаттарын алу.

    Бухгалтерияда бұл шоттар төленуін бақылау, жабдықтаушылар мен мердігерлерден қарызын алуын, есеп айырысу шотынан және кассадан төленген шығындарды бақылау, ұйымның  қолма-қол ақшасын басқару болып саналады.

    Сонымен, кез-келген ұйым жұмысшылар, жабдықтаушылар мен бюджет және т.б. алдында есеп айырысуда, ақша қаражаттардың 2 түрі бар: олар касса және банк мекемелерінің  шоттары арқылы жүзеге асады. Қазақстан  аумағында төлемдер қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысулар арқылы жүзеге асырылады [16].

    Кассир  – материалды жауапты адам. Ол касса  операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін  ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады. Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады,оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек (квитанция) (ордердің қиынды бөлігі) беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир «Төлем таңбаларын анықтау тәртібін» басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен жазылады.

    СМП-636" ЖШС-нда кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын : теңгені – жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді [4-қосымша].

    Сенімхат  бойынша берілген ақша жағдайында касса  шығыс ордерінде ақшаны алуға  сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша»деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа қоса тіркейді.

    Кіріс және шығыс ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия  дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.

    Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді  алған кассир басшы мен бас  бухгалтердің қолдарын, олардың дұрыс  рәсімделуін, ордерлерде көрсетілген  қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол кояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып «Алынды» немесе «Төленді» деп белгі соғады.

    СМП-636" ЖШС-нда касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында (№КО-4) жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс, ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып күәландырады [4-қосымша].

    Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін (көлбеу сызықпен) кассир бірінші дана ретінде толтырылады және ол кітапта қалады, екіншісі (көлбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан («Басталған күніне дейінгі қалдығы»деген жолдан кейін) басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады [16].

    Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 «Кассадағы теңгеде ақша қаражаттары» шоттың дебеті мен кредиті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Біріңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 1010 «Кассадағы тенгеде ақша қаражаттары» шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс. 

    2.4 Дебиторлық берешек есебі 

    Кәсіпорындар  мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан, оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері , сондай – ақ  аванс ретіндегі алдын – ала төлеген төлемдері үшін алатын борыштары – дебиторлық борыштар деп аталады. Өтелетін уақытына қарай алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді [5-қосымша].

    Дебиторлық  борыштар иелік ету құқығымен  қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл – иелік ету  құқығын қосқандағы заңды құқықтармен  байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

    СМП-636" ЖШС-ның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни, дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күдерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен таарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қадық сома бойынша есептеледі. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар «Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған уақыты мен өтелу уақыты арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздернің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатлатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымның күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен ісер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері терминімен бірге сауда жеңілдігі термині (жені) қатар қоланылады. Ұйымның сауда жеңілдігін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп атауға болады.

    Кейбір  жағдайларда сапасының төмендігімен немесе тауалардың ақау болуы себебінен  сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Мұндай тауарларды қайтарып алу  сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын сатып  алушы заңды немесе жеке тұлғалардың осы тауарлар бойынша борыш сомаларының мөлшерін қысқарту туралы талабын қабылдауға келісуіне тура келеді. әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге тиісті табыстарының көлемін азайтатындығы сөзсіз [10].

    Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде атлған құжаттарды қолданады:

    Нөмір 7- журнал-ордер – «Қызметкердің  қысқа мерзімді дебиторлық борышы»  деп аталатын шотының кредиті  бойынша;

    Нөмір 8- журнал-ордер – «Басқа да дебиторлық борыштар» деп аталатын шотының кредиті бойынша;

    Нөмір 10- журнал-ордер – «Күдікті борыштар бойынша резервт» шотының кредиті  бойынша;

    Нөмір 11- журнал-ордер – «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борышы» шотының және «Еншілес ұйымдардың дебиторлық борышы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі [17]. 

    Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер  және басқа да дебиторлармен есеп айырысудың есебі жоғарыда аталып өткен  тіркелімдерден басқа да дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық (аналитикалық) есептің карточкалары, ажырату парақшалары, бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркемелер қолданылады. Жалпы есеп тіркемелерді толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркемелерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқалай операцияларды қоланылады.

    Дебиторлық  борыштар шоттарында есептелетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі, мұндағы басты мақсат - әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің тұрғысынан алғанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.

    Дебиторлық  борыштар кредитор СМП-636" ЖШС-нда және басқа жеке немесе заңды тұлға арасында жасалынатын келісімшарттың нәтижесінде пайда болады. Келісімшарттың шарттарына сәйкес қарыз кәсіпорын қарыз беруші кәсіпорынның пайдасына белгілі бір іс-әрекетті жасауға міндеттенеді (мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу). Ақшалай бағаланған дебиторлық борыш кәсіпорынның  айналым активтерінің құрамдыс бөлігі болып табылады.

    Дебиторлық  борыштар бухгалтерлік баланстың активінде көрсетіледі және келесі түрлерге бөлінеді:

  • Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борышы;
  • Еншілес ұйымдардың дебиторлық борышы;
  • Алынуға тиісті сыйақылар;
  • Күмәнді талаптар бойынша резервтер;
  • Қызметкерлердің дебиторлық борышы;
  • Басқа да дебиторлық дебиторлық борыштар.

    Дебиторлық  борыштарды басқарудың жалпы жолы. Бұл үрдістің негізгі бес қадамын  бөліп көрсетуге болады:

  • тауарларды сату кезінде қарызды беру шарттары (мерзімі және жеңілдіктер);
  • қарызды кепілдейтін кепілдіктер;
  • сатып алушылардың сенімділік дәрежесі немес оның кәсіорыннан сатып алған тауарларға төлеу мүмкіндігі;
  • әр сатып алушыға берілетін несие сомасы;
  • дебиторлық борышты жину саясаты.

    Бұл бес элемент өзара тығыз байланысты.

    Мысалы: кәсіпорын тиімдірек сату шарттарын  ұсына алады, егер ол сатып алушыларды таңдаудың қатаң саясатын жүргізсе, немесе сенімділігі төменірек тұтынушыларға несие бере алады, егер онда (кәсіпорында) дебиторлық берешекті «жинау» механизмі мықты болса.

    Дебиторлық  берешектің әр түрлерінің баланста орын алу тәртібі және осы бапардың ақпаратты көрсету дәрежесі туралы шешімді кәсіпорынның өзі қабылдайды. Осыған байланысты әр түрлі кәсіпорында дебиторлық борыштың баланстағы құрамы мен құрылымы әр түрлі болады.

    Сонымен бірге дебиторлық борыштар саудалық және саудалық емес болып бөлінеді. Саудалық дебиторлық борышы дегеніміз негізгі қызмет нәтижесінде сатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер және орындалған жұмыстар үшін сатып алушылардың сатып өткізуші кәсіпорын алдындағы қарызы. Ал саудалық емес дебиторлық борыштар негізгі қызметке жатпайтын әр түрлі операциялар нәтижесінде пайда болады (аванстар, пайыздар мен девиденттер, қызметкерлердің берешегі)  [10].

Информация о работе Отчет по практике на "СМП-636" ЖШС