Отчет по практике на "СМП-636" ЖШС

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 11:24, отчет по практике

Описание работы

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымсн халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет.

Работа содержит 1 файл

GUSYA.doc

— 295.50 Кб (Скачать)

    Кіріспе 

    Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға  көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымсн халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі үйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді. Осы жоғарыда аталған бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы және оның жүргізілуі жолдарымсн оқырмандарды таныстыру мақсатында жазылған бұл жұмыс "СМП-636" ЖШС-нің бухгалтерлік есептің принциптері мен негіздерін толық ашып көрсетеді.

    Осы жұмыстың әдістемелік негізі болып ҚР құқықтық-нормативтік актісі, Қазақстан Республикасының ғалымдарының еңбектері, кезең баспаларының материалдары, кәсіпорынның есептік мәліметтері болып табылады.

    Өндірістік  іс-тәжірибенің мақсаты – болашақ мамандардың  қызметінде практика барысында алынған білімдерін теориялық түрде қалыптастыру болып табылады.

    "СМП-636" ЖШС-нің есеп саясаты Қазақстан Республикасының "бухгалтерлік есеп туралы" заңына, Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне, бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандарттарына, Басты шоттар жоспарына және де басқа да Қазақстан Республикасының заңдылықтарына және нормативті актілеріне сүйенеді.

    СМП-636" ЖШС-нің бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп  бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі үйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.

    СМП-636" ЖШС бухгалтерлік есебінде есептеп шығару әдісі, салықты төлеу де осы әдісі арқылы шығарылады. Кәсіпорында бухгалтерлік есеп теңгеде- Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.

    ЖШС заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының  заңдылықтары мен өзінің Жарғысында жүргізеді.

        I Жалпы бөлім 

        1.1 Өндірістік іс-тәжірибе базасымен, кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу тәртібімен танысу 
     

    "СМП-636" ЖШС шаруашылық субъектісі ретінде 1997 жылы17-желтоқсанда тіркелді. Куәлігінің номері 5589-1930-ТОО.

    ЖШС заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдылықтары мен өзінің Жарғысында жүргізеді.Шаруашылық тәуелсіздігінің негізінде өзінің қаржылық өндірістік қызметін жүзеге асырады. "СМП-636" ЖШС-нде өзінің жеке балансы, есеп айырысу шоты және банктегі басқа да шоттар, өзінің атымен мөрі бар.

    "СМП-636" ЖШС-нің келесі қызметтерді көрсетуге құқығы бар:

  • құрылысты-монтажды және капиталдық жөндеулерді;
  • көтермелі және бөлшек сауданы;
  • қызметтерді өндіру мен жүзеге асыруға;
  • дилерлік қызметтерін;
  • көліктік жеткізулер мен басқа да көліктік қызметтерін;
  • жабдықтау-өткізу қызметтерін;
  • Қазақстан Республикасындағы барлық тиым салынбаған қызметтер.

    Өз  қызметін "СМП-636" ЖШС 2001 жылдың 30-қаңтарынан бастап №ГСЛ №002930 лицензиясы арқылы жүргізеді.Октябрь ауданы бойынша Салық Комитеті бақылайтын органы болып табылады. Заңды мекен-жайы Қарағанды қаласы, Мәншүк Маметова көшесі 115 үй болып табылады.

    Негізгі тапсырыс берушісі ретінде "Қазақстан  Темір Жолы" ҰК болып табылады және басқа да заңды және жеке тұлғалармен  бірлесіп қызмет істейді. Шаруашылық қызметтердің негізі ретінде тапсырыс берушімен  жасалған келісімшарт болып табылады.

    "СМП-636" ЖШС-нің есеп саясаты Қазақстан Республикасының "бухгалтерлік есеп туралы" заңына, Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне, бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандарттарына, Басты шоттар жоспарына және де басқа да Қазақстан Республикасының заңдылықтарына және нормативті актілеріне сүйенеді.

    СМП-636" ЖШС-нің бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп  бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:

    - болашақта (алдағы уақытга) пайдалану  үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;

    - ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін  өңдейді, сондай-ақ оны керек  уақытына дейін сақтайды;

    - қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға  уақтылы беріп отырады, ал бұл  ақпаратты пайдаланушылар осы  деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.

       Көп жағдайда бухгалтер мен  есепшінің арасындағы айырмашылықты  білмегеннің салдарынан бұл екеуін  шатастырып алатындар да жиі  кездеседі. Бұлар іс-тәжірибеде  өз қызметтері барысында бірін-бірі  ауыстырып отыратындығы, әрине, рас. Бірақ есепшінің негізгі міндеті шаруашылық операцияларын тіркеу, бухгалтерлік ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңдеп, оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу бухгалтердің міндеті. Жалпы кәсіпорында бухгалтерлік есеп жұмысын атқарушы маман іс-тәжірибеде мынадай үш түрлі қиындыққа тап болуы мүмкін:

    - әрбір жаңа келісімді жүргізу  барысында  шешім қабылдаушы  тұлғаға керекті есеп ақпаратын  табыс ету үшін тиісті стандарттар мен ережелерге сүйенуге тура келеді, яғни оларға деген қажеттілік туындайды. Ал кәсіпкер ешқашан капитал жинауда және бизнес  жүргізуде  шығармашылық  ойдың жетіспеушілігін сезінбейді;

    - кәсіпорынның бухгалтерлік ақпарат  мәліметтерін бірдей мақсатқа, тең дәрежеде пайдаланатын екі тұлға болмайды, себебі мұндай ақпаратты әр түрлі тәсілдермен, ор түрлі мақсатқа пайдаланады. Олардың білім және тәжірибе деңгейі әр түрлі болып келеді;

    - бухгалтерлік есеп табиғат заңы емес, ол әр түрлі ойлар мен шешімдердің үйлесімі болуы мүмкін.

    СМП-636" ЖШС бухгалтерлік есебінде есептеп шығару әдісі, салықты төлеу де осы әдісі арқылы шығарылады. Кәсіпорында бухгалтерлік есеп теңгеде- Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.

      Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелсрі, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрдс жүргізілетін болса, баскарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.

    Кәсіпорындардағы  бухгалтер маманының қай-қайсының болмасын негізгі кәсіби міндеті  бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушыларға уақтылы және дұрыс есептелгсн мәлімет беру (ұсыну) болып табылады. Бұл ақпараттық мәліметті бірдей дәрежеде пайдаланатын екі тұтынушы болмағандықтан, жалпы сипаттағы қаржылық есепті құру кезінде негізгі қағидалар мен шектеулерді, ұсынылатын ақпарат көлемін объективті бағалау қажет. Бухгалтерлік есептегі бұл жүйе адамдар арқылы жасалатын болғандықтан оны құру барысында туындайтын қайшылықтарды жеңуге болады.

       Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның  қызметін бейнелейді. Субъектінің  меншігі  шаруашылық құралдарының  және оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады. Жекелеген кұрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процестер жатады:

  • камтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және басқа материалдық корлар, сонымен қатар мұндайда жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арада туындағаи қарым-қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады;
  • өндірістік, мұнда өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс құралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлік есеп обьектілері болады. Объектілср бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі;
  • өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері; өткізу жөніндегі шығындар (буып-түю, орау, іріктеу, тасымалдау); субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілтен қызмет үшін алған ақшалай түсімі ессптелінеді.

       Қолда бар құралдарды ұтымды  пайдалану, олардың сақталуын  бақылауды дұрыс ұйымдастыру жіктеу қажеттілігіне байланысты болады.

    "СМП-636" ЖШС-нің есептік саясатына, оның орнықты құрылуына кәсіпорын басшысы Жуканов Уахит Оспанұлы жауапты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    II Қаржылық есеп 

    2.1 Негізгі құралдар мен материалдық  емес активтердің есебі 
 

    Бухгалтерлік  есепте негізгі кұралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. "Негізгі құралдарға" - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

      №16 «Негізгі құралдар есебі»  Халықаралық бухгалтерлік есеп  стандарты бойынша негізгі құралдар 2 бөлімнің 2400 бөлімшесіндегі 2410 Негізгі құралдар, 2420 Негізгі құралдардың құнсыздануы мен амортизациясы шоттарында есепке алынады.   

    Көлеміне  немесе бағасына (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.

    "СМП-636" ЖШС-дағы барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді.

    Өндірістік  негізгі құралдар деп өндірісте  қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және т.б. жатады.

    Өндірістік  емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа  салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.

    "СМП-636" ЖШС-нің шаруашылық қызметін атқару барысында  қажет   болып   табылатын   өзінің   пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе,  ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлық-материалдық қорлар құрамында  есептеледі. Кәсіпорынның өз қызметіне пайдалануы үшін емес,  ұзақ  мерзімдік  қаржы  салымы  мақсатында алған жер учаскелері мен үйлері қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді.

Информация о работе Отчет по практике на "СМП-636" ЖШС