Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 11:24, отчет по практике
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымсн халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет.
Демалыстарды төлеуге резерв жұмыскерлерге нақты есептелген еңбекақыдан жоспарда қарастырылған процент бойынша ай сайын анықталады. Демалыс үшін нақты есептелген сомаларды осы резерв есебінен есептен шығарады.
Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі
Жабдықтаушылар мен мердігерлерге - ТМҚ Жабдықтаушылар немесе әр түрлі қызметтер көрсететін және әр түрлі жұмыстар орындайтын кәсіпорындар мен ұйымдар жатады. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар, әдетте, қолма-қол ақшасыз жолмен жүргізіледі. Есеп айырысу түрі келісіммен немесе шартпен анықталады. Есеп айырысудың негізгі түрлері мыналар: акцептілі, аккредитивті, төлемдік тапсырыс бойынша, чектермен, төлемдік тапсырыспен жоспарлық төлемдер ретінде, өзара талаптарды есепке жазу ретінде, вексельдермен.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар жөніндегі ақпараттарды көрсету үшін 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа мерзімді дебиторлық қарыз» шоты арналған. Бұл шоттың кредиті бойынша алынған ТМҚ, айналымнан тыс активтердің құны 1310, 1330, 1350, 2730 шоттардың дебетімен корреспонденциясында көрсетіледі. Алынған құндылықтар бойынша ҚҚС сомасы 3310 шоттың кредиті және 1420 "Қосылған құн салығы" шотының дебеті бойынша көрсетіледі.
Төленген ТМҚ және айналымнан тыс активтерді қоймаға қабылдау кезінде анықталған жетіспеушілік сомасы 3310 шоттың кредитінен 1280 «Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыз» шотының дебетіне жатқызылады.
Жабдықтаушылар мен мердігерлер шотын төлеу 3310 шоттың дебеті және ақша қаражаттарын есептеу бойынша шоттардың (1030, 1010, 1050 және т.б.) кредиті бойынша көрсетіледі [19].
Қолданыстағы ережелер немесе шарттарда қарастырылған жағдайларда кәсіпорындар ТМҚ алу үшін алдын-ала немесе жұмыстар орындауға аванстық төлемдер жасайды. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге берілген аванстар 1610 «Қысқа мерзімді берілген аванстар» шотгарының дебеті бойынша және ақша қаражаттарын есептеу бойынша 1030, 1010, 1050 және т.б. шоттардың кредитінде көрсетіледі. 1610 шоттардың кредиті бойынша берілген аванстардың сомасы және аяқталған жұмыстарды төлеу кезінде жабдықтаушы ескерген, жұмыстардың жартылай дайындығын төлеу сомалары 3310 шоттың дебетімен корреспонденциясында көрсетіледі.
Кәсіпорын өз ондірісінің тиімді және ырғақты жүмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалык базасын жасайды, яғни өндіріске қажет корларын құрайды. Кәсіпорынды жабдыктау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорыңдармен немесе делдалдык ұйымдармен келісім-шартқа отырады.
Демек,
көсіпорын жабдықтаушылармен
Өнім
жеткізушілермен есеп айырысулар есебі
арнайы нысандағы журналда, машинограммада
немесе тізімдемеде әрбір шот-
Келіп түскен шот-фактураларды алдымен "Келіптүскен жүктер есебі журналына" тіркейді. Қоймаларға құндылыктардың түсуіне карай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаларға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірунен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қояды. Журналдың деректерін 3510 шотының деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журнал бойынша сондай-ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдыктау бөлімінің тауарлы-көліктік ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне карай жазып отырады."Ескерту" бағасына шоттың төленуі, акцептен бас тартуы немесе ішінара акцептелген сомасы және басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады [7].
Есеп журналы бойынша тіркеу номірін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үш кезең бойынша жүреді.
Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот-фақтура жөне баска да есеп айырысу қүжаттары келіп түскен кездегі жазулары жазылады. Бүл ретте тіркеу нөмірі мен төлем-тапсырмаларыңық (шот-фактура) нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы акцепттің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының шот-фактурасын жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан (айлақтан) өзге қалалардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.
СМП-636" ЖШС-нда екінші кезенде журналға қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары (кіріс ордерлері, тауарлы-көліктік құжаттары (накладнойлары), материалдар қабылдау туралы актілері) негізіңде жазылады. Журналда осы құжаттардың нөмірлері келіп түскен құндылықтардың есептік нсмесе кслісім-шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны жөне тауарлы-материалдық құндылықтар немесе өндіріс шығындары; есебі бойынша жекелегсн щоттар шегінде төлем талап-тапсырмаларына (шот-фактураға) сәйкес алынған нақты құны бойынша керсетіледі.
Кіріс құжаттары мұқият тексерілуі және төлем тапсырмаларындағы (шот-фактурадағы) материалдық құндылықтар санына сәйкес келуі тиіс егер жүктерді қабылдау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бқзылуы анықталса, актінің негізінде талап сомасын 3310-шоттың кредитінен 1290-шоттың дебитіне есептен шығарады. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеуін есеп айырысуға дейін анықталатын болса, онда оның сомасына тиісті есеп айырысу төлем құжаттарында акцептті азайтады.
Салықтық салымдар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі.
Бұл тақырып шегінде мен салықтар бойынша бюджетпен есепайырысу есебін, алынған аванстар есебін, мердігерлермен мен жеткізушілермен есеп айырысу, сонымен қатар басқа да кредиторлық берешектер есебімен таныстым.
Салықтар
және басқа да міндетті төлемдер дегеніміз
салық төлеушілердің
СМП-636" ЖШС-нда бюджеттік міндеттемелер туралы ақпарат 1430 «Бюджетке міндетті төлемдер мен саықтар» шотында құрылады. Осы барлық шоттар пассивті болып табылады. Міндеттемелердің пайда болуы кредит бойынша, ал оларды өтеу дебет бойынша жүргізіледі.
Бюджеттің ең маңызды табыс көзі болып табылатын салық түрі корпоративті табыс салығы. Аталған аслық түрін заңды тұлғалар салық ретінде төленетін табы көздерінен төлейді. Корпоративті табыс салығы бойынша декларация салық қызметінің ұйымдарына тіркелу мекен – жайы бойынша тапсырылады.
Қосымша құнға салықтың салық салу объектісі салықтық айналым мен салықтық импорт болып табылады. Бюджетке төленетін ҚҚС құны өткізілген тауарлар, көрсетілген жұмыс, қызметтердің және сатып алынған тауар, жұмыс, қызмет үшін сомалары арасындағы айырма ретінде анықталады.
1420
дебет шотына жатқызылатын ҚҚС
сомасы Қазақстан
Мүліктік салық есебін жүргізу үшін арнайы 3180 «Мүліке салық салу» шоты, 3160 «Жер салығы» шоттары бекітілген. Жеке тұлғалармен табыс салығын есептеу үшін 3190 «Бюджетке төленетін міндетті төлемдер мен жинақтар және басқа да салықтар» шоты арналған. Осы аталған салықтардың есептеу реті әлеуметтік және ҚҚС салықтарымен тұспа – тұс келеді. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес аударылатын салықтар сомасын анықтаудың әдістері әр түрлі болып табылады.
3200
бөлімшесіндегі шоттардан
2.6
Қаржылық қорытынды есебі
Есеп беру - бұл кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін жан-жақты түрде сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы. Оның көрсеткіштері есептік мәліметтерді осы үшін тағайындалған кестеде кезең сайын жинастыру және жалпылау арқылы қалыптасады.
Жеке балансы бар және заңды тұлға болып табылатын барлық кәсіпорындар, сондай-ақ шаруашылық қызметтен табыстар алатын басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржылық есеп беруді толтыруға міндетті.
Қаржылық есеп берудің мақсаты тұтынушыларды заңды тұлғаның қаржылық жағдайы, қызметінің нөтижелері және есеп беру кезеңінде оның қаржылық жағдайында болған өзгерістер жөнінде пайдалы, маңызды және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік мекемелердің есеп беруін қоспағанда субъектінің қаржылық есеп беруі:
Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы талаптарына және бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарына байланысты басқа да материалдармен толықтырылуы мүмкін [7-қосымша].
Бухгалтерлік баланстың, табыстар мен шығындар туралы есеп берудің және ақша қаражаттарының қозғалысы жөнінде есеп берудің мазмұны мен форматы бір есеп беру кезеңінен екіншісіне қолданылады.
Қаржылық есеп берудің әрбір көрсеткіші бойынша, бірінші есеп беру кезеңіне толтырылатындарынан басқа, алдыңғы кезеңдегі мәліметтері келтірілуі керек. Егер өткен кезеңдердің мәліметгері есеп беру кезеңіндегімен салыстыруға келмейтін болса, онда олар тузетілуі тиіс. Әрбір тузету себептері көрсетіле отырып, түсіндірме қағазда ашылуы тиіс.
Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының валютасында толтырылуы керек және өлшем бірлігі мың теңгеде тағайындалады.
Қаржылық есеп беруге субъектінің басшысы мен бас бухгалтері қол қояды және олар оның дер мезгілінде көрсетілуіне жауапкершілік артады.
Субъектінің
жылдық қаржылық есеп беруі үшін 1 қаңтардан
31 желтоқсанға дейінгі
Сонымен
қатар айтып кететін жай, бухгалтерлік
немесе қаржылық есеп берудегі ақпарат
нақты көрсеткіштерге емес, жобаланған
көрсеткіштерге негізделеді. Бұл динамикалық
дамитын экономикада қаржылық-
Қаржылық есеп берудің мақсаты кәсіпорынның жағдайы, оның өзгерістері мен қызметтердің нәтижелері туралы ақпарат беру.
Қаржылық есептің теориясы мен практикасында көпшілікке таным жобалар бар. Олар есепті жүргізу барысында және есеп-қисапты қалыптастыру барысында қолданылады. Осы жобалар берілген ақпаратты түсіндіру барысында жеңілдетеді, олар мына талаптарға негізделеді:маңыздылық, анықтылық, пайлалық, түсініктілігін т.б.
Қаржылық есептің негізгі сапалы сипаттамалары болып қарастырып отырған ақпараттың негізгі маңыздылықжәне анықтылық. Осымен қоса, қаржылық есеп жоғары айтылған жобалармен қоса, мынадай сапалы сипаттамаларға сай болуы керек:
- түсініктілік;
- сенімділік - шын, нақты көрінісі, экономикалық мағынасының көрінісі, бейтараптылық, сақтық, толықтық;
- салыстырмалығы;