Нормативті нақты шығындар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 13:45, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: кәсіпорындағы нақты және нормативтік шығындарға сипаттама беру, оны талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
басқару есебіндегі шығындар ұғымына түсінік беру;
нақты және нормативтік шығындарға түсінік беру;
нақты және номативті шығындардың ауытқуы және оларды азайту жолдарын саралау.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
Кәсіпорындағы нормативтік және нақты шығындардың теориялық негізі
Шығындырдың мәні, басқару есебіндегі шығындар туралы түсінік, оның жіктелуі, түрлері................................5
1.2 Нормативті және нақты шығындардың өнімнің өзіндік құнына әсері........9
1.3 Басқару есебінің нормаларының құқықтық реттелуі...................................15
«Алматы ет» ЖШС норамитвті және нақты шығындарының ұйымдастырылуы
«Алматы ет» ЖШС даму тарихы, есеп саясаты.........................................16
«Алматы ет» ЖШС нормативті және нақты шығындарды өндірісте пайдалану........................................................................................................18
2.3 «Алматы ет» ЖШС нақты және нормативті шығындардың ауытқуы.......28
2.4 Кәсіпорындағы нормативті және нақты шығындарды төмендету жолдары…................................................29
Қорытынды.......................................................................................................33
әдебиеттер........................................................................................................35
ТІРКЕМЕ................................................................................................................36

Работа содержит 1 файл

нормативті шыгындар есебі.docx

— 320.40 Кб (Скачать)

Бірақ та, осы объективті шектеулерге қарамастан, әр кәсіпорында  тұрақты шығындар сомасы мен үлес салмағын төмендетудің жеткілікті мүмкіндіктері  бар. Мұндай резервтерге тауар нарығының  жағымсыз конъюнктурасы кезінде  үстеме шығындарды (басқару бойынша  шығындарды) қысқарту; пайдаланылмайтын құрал-жабдықтар мен материалдық  емес активтерді сату және соның нәтижесінде  амортизациялық аударымдарды төмендету; машиналар мен құрал жабдықтарды  меншікке сатып алу орнына қысқа  мерзімді лизингін пайдалану; коммуналдық  қызметтер көлемін қысқарту және т.б. жатқызуға болады.

Ауыспалы шығындарды басқару  кезінде негізгі бағыт оларды тұрақты түрде үнемдеу, себебі осы  шығындар мен өнімді өндіру мен сату көлемдері арасындағы тікелей тәуелділік бар. Кәсіпорын залалсыздық нүктесін игергенге дейін осы үнемді қамтамасыз ету маржиналды табыстың өсуіне әкеледі  және осы нүктені тез игеруге  мүмкіндік береді. Осыдан кейін ауыспалы шығындарды үнемдеу кәсіпорын пайдасының тікелей өсуін қамтамасыз етеді. Ауыспалы шығындарды үнемдеудің негізгі  резервтеріне еңбек өнімділігінің  жоғарылатуды қамтамасыз ету есебінен негізгі және қосымша өндіріс  қызметкерлері санын азайту; тауар  нарығының жағымсыз конъюнктурасы  кезеңінде шикізаттар мен материалдар, дайын өнімнің артық тұрған қорларын қысқарту; кәсіпорынға шикізат пен  материалдарды жеткізудің пайдалы  жағдайын қамтамасыз ету және т.б.жатқызуға  болады.

Шұжық өнімдері өндіретін  ұйымдарында сату бағасының әртүрлі  деңгейлерінде нарықтағы сұраныс  пен шығындарды бағалаудың қажеттілігі  өте зор. Ең оңтайлы баға пайданың жоғары болуын қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан, біздің оймызша бұл мақсатқа қол жеткізу үшін нарықты толық  зерттеу арқылы, ұйымның бағаландыру  саясатын дұрыс жолға қою қажет. Соның нәтижесінде, өнімнің сапасын  арттырып және оның бағасын өзгерте  отырып не болмаса өнімнің басқа  түрін өндіру арқылы нарықтағы алған  орынды нығайту қажет деп санаймыз.

Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымның құрылтайшылары, басшылары  мен мамандары өнім (жұмыс орындау  мен қызмет көрсету) өндірісінің  рентабельділік деңгейін жоғарылатуға және қызметтің барлық түрлерінің тиімділігін  арттыруға мүдделі болуы керек. Бұл өндірістің технологиялық процестерін  ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерліктің экономикалық субъектілерін және олардың  әртүрлі сегменттеріне қатысты  басқару жүйесінің барлық қызметтерін  жетілдіруді талап етеді. Сондықтан, біздің ойымызша ұйым қызметінің барлық түрлерінің табысты қызмет істеуін, өнім өндіруді және оның өзіндік құнын  төмендетуді, шаруашылық механизмі  мен қызметтің барлық буындарының  басқару механизмін жетілдіруді  қамтамасыз үшін күнделікті ішкі шаруашылық бақылау қажет деп санаймыз.

Бақылау ұйымның өткен  қаржылық-шаруашылық қызметінде орын алған қателіктерді, ауытқуларды, кемшіліктерді  жоюға бағытталған. Ұйымның қызметінде пайда болған кемшіліктерді болдырмау  және оларға жол бермеу үшін басқару  шешімін қабылдауға және қабылданған  шешімнің орындалуына ықпал ету құралы. Демек, дұрыс ұйымдастырылған бақылау ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін жақсартуды және басқару жүйесін үнемі жетілдіруді, қабылданған шешімдердің тиімділігін арттыруды көздейді.

Шұжық өндірісі ұйымдарындағы  есеп тәжірибесін зерттеудің нәтижесінде, мамандардың өндіріс шығындарын жоспарлау, талдау және бақылау мәселелеріне ішкі бақылау бөлімін ұйымдастыру  кезінде өзекті міндеттердің бірі болып  әрбір ішкі бақылау қызметкерінің  құқықтары мен жауапкершіліктерін қайта қарастыратын лауазымдық нұсқауларды  дайындап, оларды жетілдіру қажет  деп санаймыз. Ішкі бақылау қызметі, оны құру тәртібі және өкілеттіліктер туралы мәліметтер тиісті ережелер арқылы тіркеліп, ал ішкі бақылау қызметкерлерінің міндеттері мен олардың біліктілік деңгейі лауазымдық нұсқауларда  көрсетілуі қажет.  

 

    1.  Кәсіпорындағы нормативті және нақты шығындарды төмендету жолдары

 

Шығындарды жүйелі түрде  төмендету  –  кәсіпорындардың  жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды  қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.

Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі  бағыттарын айтуға болады:

    • ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;
    • өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
    • экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.

Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл  бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат  және материалдар, оның ішінде отын-энергия  ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді  іске асыру.

Шығынның белгілі бір  мөлшерін мейлінше тиімді ету –  шаруашылықты  жүргізіудің әр түрлі  мәселелерін шешуге келгенде басты  талап осы болып отыр. Тек қанша  өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша  қойылуы мынаны аңғартады: шикізат  пен материалдарды жұмсай отырыпнемесе машиналар мен механизмдерді  пайдалана отырып, шикізаттардың  әрбір бөлігін  неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станокпен технологиялық  процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге,  өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.

Егер кәсіпорын ұжымдарының  ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының  негізгі  бағыттарын қорытындылауға  талпыныс  жасалса,  біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың  пайдалануын  жақсартудың, екіншіден,  айналмалы өндіріс  қорларды неғұрлым  тиімді  пайдаланудың  және үшіншіден,  қазіргі еңбек шығындарының  нәтижелігін  жақсартудың есебінен арттыру.

Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды  жетілдіруге келсек, онда бұл процесс  ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығыда тәжірибе жүзіндегідей  болады,  яғни  нақты  еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі  кезеңде нақты еңбекті  үнемдеудің  экономикалық  дамуы қоғамдық еңбекті  үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда  өндірісті  ұйымдастыруды жетілдірудің екі  негізгі мектебі бар: америкалық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оламды экономикалық жағынан  ынталандыру  және  т.б. көптеген жүйелер. Өндіріс  шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогресс  жөніндегі бағдарламаларымен  мемлекеттік  стандарттар  елеулі орын алады.

Өнімнің өзіндік құнын  арзандату – еңбек  өнімділігін  арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық  заң әтекетінің нақты нысаны,  осыған сәйкес өндірістік  шығынүнемі кеміп, жанды еңбек үнемі  өнімдірек болып отырады. Өзіндік  құнның арзандау көрсеткіштері  өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен  және қазінгі еңбектің үнемделу дәрежесін  бейнелейді.

Өзіндік құнды кемітудің  басты факторлары:

    • өндірістің техникалық деңгейін көтеру;
    • өндірістің  материал, отын, энергия және еңбек сыйымдылықтарын төмендету;
    • басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
    • технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, т.б.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде  шұжық өндірісінің технологиялық  және салалық ерекшеліктеріне қарай  басқарушылық есеп пен аудитті, ішкі шаруашылық бақылауды жетілдіру  мақсатында төмендегідей ұсыныстар  жасалынды:

 Шұжық өнімдерін өндіретін  кәсіпорындарда басқарушылық есепті  ұйымдастыруға саланың мынадай  факторлары әсер ететіні анықталды:  шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар  өңдеуші және материал-сыйымдылықты, дайын өнімді алғашқы шикізаттарды  кезекті өңдеудің нәтижесінде  алатын салаға жатады; шұжық өндірісінің  технологиялық процесі рецептураға  тәуелді әртүрлі шикізаттар мен  материалдардан қалыптасады және  табиғи процестер көп уақытты  алады; қол еңбегімен қатар,  шұжық өндірісі механизациялану  мен автоматтандырудың жоғары  деңгейімен ерешеленеді; шұжық  өндірісінде етті мүшелеу және  боршалау қолмен іске асырылады,  механикаландырылған және механикалық  емес технологиялық процестерді  үйлестіру көпшілік жағдайда  барлық өндірістік циклді бұзылуына  әкеліп соқтырады; өзінің сапалық  сипаттамалары қарай қойма-тоңазытқыштардағы  шикізаттар мен материалдар саны  нормаланады; шұжық өндірісі ерекшелігі  мен дайын өнімді сақтаудың  шекті мөлшері шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорынның жалпы қызмет түріне және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға әсерін тигізеді.

Автоматтандырылмаған өндіріс  учаскілерінде шикізаттар мен көмекші  материалдарды үнемді, әрі тиімді пайдалануды бақылауды күшейту  мақсатында біз өндірістік жедел  есептеменің алғашқы ретінде  «Етті сіңірден тазарту және өңдеу  бойынша жедел  есептің журналын»  қолдануды ұсынып отырмыз. Салада өндіріс  шығындарының есебі мен өзіндік  құнды калькуляциялау үшін нормативтік  есеп әдісін қолдануды дұрыс деп  санаймыз. Соған байланысты басқарушылық есепте нормативтік есеп жүйесінің  толық сызбасын ұсындық.

Жүргізген зерттеудің нәтижесінде  шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарда жауапкершілік орталықтары болып  жабдықтау-дайындау, сату-өткізу, пайда  және инвестиция орталықтары болатыны анықталса, ал шығындардың пайда  болу орны ретінде әрбір құрылымдық бөлімшелер мен учаскілерді, яғни өндірістің әрбір сатыларын алу қажет. Сонымен  қатар әрбір жауапкершілік орталықтары  бойынша шығындарды тек есепке алу  ғана емес, сондай-ақ шығындарды әрбір  орталығын жауапты адам басқару  кезінде қаржылық нәтижелерді анықтау  да ұсынылды.

   Тәжірибелік зерттеудің нәтижесінде шұжық өндірісін шикізатпен жабдықтауды іске асыратын негізгі бағыттарды анықтап, зерттеу жүргізген ұйымдардың тәжірибелік қызметтері үшін жабдықтау – дайындау қызметінің құрылымын жинақталған түрде ұсынып, жабдықтау-дайындау қызметінің негізгі шығындарын топтап, өндірістік материалдық қорлардың айналымдылығын жеделдету бойынша тәжірибелік аспектілерді қарастырып, шұжық өнімінің өзіндік құнын қалыптастыратын шығындар баптарының ең ұтымды топтамасын ұсындылды.

«Алматы ет» ЖШС сату бюджетін, өндіріс бюджетін, шикізаттар мен негізгі және көмекші материалдардың тікелей шығының бюджетін, еңбекке ақы шығындарының бюджеттік, бөлімше бойынша жиынтық бюджетті, пайда мен зияндар бюджетін қамтитын бюджеттендірудің кешенді жүйесі бір бағытқа қойылса нормативті және нақты шығындар төмендейді.

Басқарушылық шешім қабылдау үшін негізі ретінде CVP-талдауды тәжірибеде қолдану мүмкіндігі көрсетілді. Талдаудың бұл түрі – шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың қызметін жоспарлау мен болжаудың ең тиімді құралдарының бірі болып саналады. Оны тәжірибеде қолдану арқылы шұжық өнімдерін өндіруші кәсіпорындар басшыларына ауыспалы және тұрақты шығындар, сату бағасы мен көлемінің арасында оңтайлы пропорцияны анықтауға, кәсіпкерлік тәуекелділікті азайтуға көмектеседі.

Өндірістік тапсырмалардың орындалуын, шаруашылық операцияларды  іске асыру заңдылығын, өндірістік ресурстарды рационалды пайдалануды  қамтамасыз ету үшін ұйымның ішкі бақылауын жиірек өткізу қажет.

Шұжық өнімдерін өндірумен  айналысатын ұйымдар үшін өндіріс  шығындарын тиімді, әрі үнемді пайдалану  мақсатында және саладағы қызметтердің өзіндік құндарын төмендету үшін негізгі және көмекші материалдарды бірден өндіріс процесіне жеберу, қайталама ресурстарды пайдалану, сондай-ақ жұмысшыларға еңбек ақыны нақты өндірген өнім  көлемі мен сапасына қарай есептеу, өндірістегі ақауды болдырмау, өндірістік құрылғылар мен механизмдерді тиімді пайдалану, цехтық үстеме шығындарды бекітілген нормаға сәйкес жұмсау қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      

                                         Қорытынды

       Басқарушы есепті бүгінде бизнестің бір бөлігі ретінде қабылдауға болады, бірақ осы жөнінде бухгалтерияның бухгалтерлері мен қызметкерлері шексіз шарасыздықты танытып отыр. Үкімет пен орталық жоспарлаушы органдар үнемі бухгалетрлік есепті жүргізудің тәртібін белгілеп отырды. Бухгалтерлер табыс табуға (үлес қосуға) бағытталған өз қарастарын енгізуге мүмкіндіктер берілген жоқ, сондықтан олардың көзқарастары да өз деңгейіне танылған жоқ.

Бухгалтер, ақпарат беретін бірыңғай апараттың қызметкері ретінде қарастырылды. Олар басқару шешімдерін қабылдауға өте сирек қатыстырылды. Бірақ, бизнестің нарыққа бағытталған тұсында бухгалтерлер өздерінің жауапкершілігінің аймағының өскенін сезді және басқарушы есеп оған өте жақын қызмет етушіжүйе ретінде танылды.

Бәрімізге белгілі, бақарушы есеп қолданыстағы тұжырымдамаға  сәйкес – бұл сапалы жаңа құбылыс, ол бухгалетрлік есептің бір бөлігі ретінде (бірақ, бұл арада қаржы  есебінің жетекші ролі сақаталады,) жедел-экономикалық талдау элементтерін, сондай-ақ болашақ оқиғаларды болжау сияқты ресурстарды бақалаудың синтездік  нәтижесін қамтиды.

Нарықтық  қатынастардың құрылымында, сондай-ақ оларды реттеу механизмінде басқарушы  есеп маңызды ролт атқарады. Ол –  нарықты қатынатардың ажырамас бөлігі және бір мезгілде экономикалық саясатты жүзеге асырудың маңызды құралы. Міне, сондықтан, бүгінгі таңда бақсарушы  есептің табиғатын, тереңірек олардың  функционалдық ерекшеліктерін түсінуді, олардың ішінен кәсіпорынды тиімді бақсару мүддесіне толық сай  укелетін әдістерін көре білу қажет.

Осыдан  келіп, біздің пайымдалыуымызша, өндірісті  бақару жүйесінде басқарушы есептің  атқаратын ролі ең алдымен «бақарушылық шешімдері жаау» мәселесін шешумен  анықталады,, бірақта бұл үшін бір  мезгілде, өндірісті басқаруда жақсы  жағдайы болу үшін, екі бапты бірден түсіну керек:

Информация о работе Нормативті нақты шығындар есебі