Нормативті нақты шығындар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 13:45, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: кәсіпорындағы нақты және нормативтік шығындарға сипаттама беру, оны талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
басқару есебіндегі шығындар ұғымына түсінік беру;
нақты және нормативтік шығындарға түсінік беру;
нақты және номативті шығындардың ауытқуы және оларды азайту жолдарын саралау.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
Кәсіпорындағы нормативтік және нақты шығындардың теориялық негізі
Шығындырдың мәні, басқару есебіндегі шығындар туралы түсінік, оның жіктелуі, түрлері................................5
1.2 Нормативті және нақты шығындардың өнімнің өзіндік құнына әсері........9
1.3 Басқару есебінің нормаларының құқықтық реттелуі...................................15
«Алматы ет» ЖШС норамитвті және нақты шығындарының ұйымдастырылуы
«Алматы ет» ЖШС даму тарихы, есеп саясаты.........................................16
«Алматы ет» ЖШС нормативті және нақты шығындарды өндірісте пайдалану........................................................................................................18
2.3 «Алматы ет» ЖШС нақты және нормативті шығындардың ауытқуы.......28
2.4 Кәсіпорындағы нормативті және нақты шығындарды төмендету жолдары…................................................29
Қорытынды.......................................................................................................33
әдебиеттер........................................................................................................35
ТІРКЕМЕ................................................................................................................36

Работа содержит 1 файл

нормативті шыгындар есебі.docx

— 320.40 Кб (Скачать)

ауытқулардың орнын, жауаптыларды, ауытқу себептерін анықтаудың мүмкіндігі;

өндіріс процесі барысында  оперативті шараны іске асыру мүмкіндігі.

Бұл әдістің кемшілігі  ретінде есептеу жөнінде көп  еңбек етуді қажет етеді, шығындар нормасы жөнінде де, олардан ауытқулар  бойынша да есеп жүргізудің қажеттілігін атауға болады.

Жоспарлы өзіндік құн  есебін жүргізу барысында есепті кезең соңында калькуляциялық баптар бойынша жоспар жасайды. Жоспарлы норма  ретінде стандарттар пайдаланылуы мүмкін. Стандарттар идеалды және болжамды болып бөлінеді. Идеалды  стандарттар кәсіпорында тиімді жұмыс жағдайында шығындардың қандай болуы керектігін көрсетеді. Бұл  кәсіпорынның шығындарды басқару саясатының негізгі мақсаты. Болжамды стандарттар  кәсіпорынның нақты  жұмыс  жағдайында  (қолданылатын ресурстар  сапасы, ауытқу пайызы, т.б.) анықталады. Мұндай стандарттар  кәсіпорынның болашақ шығындарын бағалауға  мүмкіндік бергенімен, оларды кемітуге ынталандырмайды. Жоспарлы өзіндік  құн бойынша есеп жүргізу әдісінің өзіндік ерекшеліктері бар:

- жоспарлы көрсеткіштердің  өте терең негізділігін қамтамасыз  етеді;

- болжамдардың нақтылығын  жоғарылатуды қамтамасыз етеді; 

- бақылау тиімділігін  өсіреді.

2) өндіріс процесіне қатысына  байланысты тапсырыстар және  процестер бойынша өнімдердің (жұмыстар, қызметтердің) өзіндік құнын анықтау  әдістері пайдаланылады.

Процестер бойынша калькуляциялау әдісі дайын өнім бірнеше өндірістік кезеңдерден өңдеуден өтуі нәтижесінде  пайда болатын өндірістерде пайдаланылады. Бұл әдіске байланысты шығындар есебі әрбір процесс бойынша, ал олардың іштерінде калькуляциялау баптары бойынша жүргізіледі.

Процестер бойынша калькуляциялаудың  екі түрі бар: жартылай өнімді және жартылай өнімсіз. Жартылай өнімді калькуляциялау әдісі бойынша алдыңғы өңдеу  процесінің өнімі келесі процесс  үшін жартылай өнім болып табылады немесе сыртқа сатылуы мүмкін. Бұл  жартылай өнімдерді нақты шығындар, нормативті және жоспарлы шығындар бойынша  есепке алу қажеттігін білдіреді. Мұндай жартылай өнімдердің құны "Өз өндірісіндегі  жартылай өнімдер" деп аталатын ерекше бапта көрсетіледі.

Жартылай өнімсіз әдіс бойынша әрбір кезеңде тек  өңдеу шығындары ғана есепке алынады. Ал дайын өнімнің өзіндік құны барлық өңдеу кезеңдердегі материалдар, шикізаттар, өңдеу және жалпы өндірістік шығындардың сомаларын қосу арқылы анықталады.

Басқару есебінің тапсырыстар  бойынша калькуляциялау әдісі аз сериялы, жеке өндірістерде, тәжірибелік-экспериментальды өндірістерде, жөндеу жұмыстарында қолданылады. Тапсырыстық тәсіл бойынша бір  өнімді немесе аздаған өнімдерді  өндіру жөнінде жеке тапсырысқа қатысты  шығындар есебін жүргізеді және өнімнің  өзіндік   құны   анықталады.   Бұл   әдіс   бойынша   калькуляциялық   баптар бойынша шығындар жиынтығы өндіріліп  шығарылған өнімдер санына бөлінеді.

3) шығындарды өнімдердің (жұмыстар, қызметтердің) өзіндік құнына  толық қосуға қатысты толық  өзіндік құн бойынша және қысқартылған  өзіндік құн бойынша есеп жүргізу  әдістері қолданылады. Толық өзіндік  құн бойынша есеп жүргізгенде  шығындардың барлығы олардың  тұрақты және айнымалы, тура және  жанама деп бөлінуіне қарамастан  өнімнің өзіндік құнына қосылады. Өнімдердің өзіндік құнына тікелей  апарылмайтын шығындарды жауапкершілік  орталықтарына қарай бөліп, таңдап  алынған база бойынша өнімнің  өзіндік құнына апарады. Бұл  әдіс біздің елімізде кеңінен  пайдаланылады және Қазақстанда  қалыптасқан қаржылық есеп және  салық салу жөніндегі нормативтік  актілер талаптарына сәйкес келеді. Бірақ бұл әдісте өзіндік құн  өндіріс көлеміне қатысты деген  маңызды жағдай ескерілмейді. Егер  кәсіпорын өндіріс көлемін сол  шығындар мөлшерін сақтай отырып  өсіретін болса, өзіндік құн  кемиді, ал керісінше азайтатын  болса, өзіндік құн артады.

Маржиналды табыс жалпы  өндіріспен қоса жеке өнім түрлерінің жалпы рентабельділігін сипаттайды. Яғни, маржиналды табыс мөлшері жоғарылаған  сайын рентабельділік деңгейі де жоғары болады. Сонымен қатар, шығындардың  тұрақты және айнымалы болып бөлінуі  кәсіпорын қызметін талдауға және басқаруға, өнімдер ассортименті жөнінде, зиянды салаларды жабу жөнінде шешім  қабылдауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда қаралған жағдайларға  қатысты басқару есебінің қысқартылған шығындар әдісін қолданудың тиімділігі жөнінде қорытынды жасауға болады. Бұл әдіс төмендегідей шығындарды басқарудың маңызды міндеттерін шешуге көмектеседі:

- өнім немесе тапсырыс  бағасының ең төменгі шегін  анықтау;

- әртүрлі өнімдердің пайдалылығын  салыстырмалы талдау;

- өнімдерді өндіру мен  сатудың тиімді жолын анықтау;

- өнімдерді өзі өндіру  мен сырттан сатып алу арасында  таңдау жасау;

- өндірістің экономикалық  тұрғыда тиімді технологиясын  таңдау;

- тепе-теңдік нүктесін  анықтау. 

Сонымен қатар бұл әдістің  бірқатар кемшіліктері де бар:

- өнімнің толық өзіндік  құны анықталмайды;

- дайын өнімдер мен  аяқталмаған өндіріс құны төмендетілген  болады;

- тұрақты және айнымалы  шығындарды бөлудің қиындығы.

 Өнеркәсіптік   кәсіпорындарда   басқару   есебі   әдісін   таңдап   алу   олардың спецификалық  ерекшеліктеріне байланысты, яғни, олардағы өндіріс процестеріне, олардың   ұйымдық   құрылымына,   қалыптасқан   корпоративті   мәдениетке   және басқаларына  тікелей байланысты.

 

1.3 Басқару есебінің  нормаларының құқықтық реттелуі

 

Бүгінгі таңда басқарушылық есеп тақырыбы – Қазақстандағы басқару  теориясы мен тәжірибесінде ең пікір-таласты  көп тудыратын мәселелердің бірі болып саналады.

«Басқарушылық есеп» түсінігі (management aceounting) ағылшын тілінен аударылған және біршама қарама қайшылықтарға  ие. Мәселен, басқарудың классикалық  теориясы тұрғысы бойынша кез  келген есеп басқару функциясы болып  табылады. Сондықтан бұл анықтама басқарушылық есептің толық мазмұнын сипаттай алмайды. Сонымен басқарушылық есеп сұрақтарын теориялық және тәжірибелік  жағынан қарастыру кезінде ғалымдар мен сараптаушылар арасында оның пәндері мен ұйымдастыру жолдары  туралы әртүрлі көзқарастар мен  ұғымдар бар.  Бұл іс жүзінде  батыс пен отандық экономикалық-басқарушылық пәндер саласына екі салыстырмалық  көзқарасқа байланысты болады.

Қазақстан Республикасының  нормативті реттеу заң актілерінде  басқарушылық есепке берілген ресми  анықтаманың жоқ екенін атап өтуіміз  керек. Біздіңше, бұның себебі басқарушылық есепті ұйымдастыру әрбір ұйымның  ішкі ісі болғандықтан деп түсінеміз. Мемлекет ұйымды осындай есеп жүргізуге  міндеттендіре алмайды немесе оны  жүргізудің бірегей ережесін жасап  бермейді. Басқарушылық есептің батыстық қалыптасқан практикасы мемлекеттің  бұл салаға араласпайтындығын көрсетеді. Бірақ, басқарушылық есептің теориялық  және тәжірибелік маңызы зор, сондықтан  оған мамандардың зерттеуін талап  ететін жеке бағыт ретінде анықтама беру аса маңызды болып саналады.

Сондықтан, біздің ойымызша басқарушылық есеп ұйымның ақпараттық жүйесінің негізгі бөлігі болып  отырып, бір жағынан ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметтерін, өндірістік шығындар мен  өндіріс көлемін болжамдау, жоспарлауға, сондай-ақ тиімді басқару шешімдерін қабылдау мақсатында қажетті ақпараттармен  қамтамасыз ету, жедел басқару мен  бақылауға, оңтайлы басқару шешімдерін қабылдауға, сонымен бірге алға қойған мақсат-міндеттердің орындалуын бағалауға арналған ішкі есеп жүйесі деп түсінеміз.

Жүргізілген зерттеу жұмысының  нәтижесінде біз басқарушылық есеп – бұл басқару қызметін тиімді атқаруға, яғни, шешім қабылдау, жоспарлау, талдау, бағалау, бақылау мен реттеуге қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ететін, басқарудың жалпы жүйесіне жекеленген бухгалтерлік есептің бір бөлігі деп толық айта аламыз. Бұл процесс фирма ішінде өздерінің қызметін атқару үшін басқарушылық аппаратқа қажетті мәліметтерді теңдестіруді, өлшеуді, жинауды, жүйелеуді, талдауды, дайындауды, беру мен қабылдауды қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

 

 

   

 

   2.«Алматы ет» ЖШС норамитивті және нақты шығындарының   ұйымдастырылуы

2.1«Алматы ет» ЖШС даму тарихы, есеп саясаты

«Алматы ет» ЖШС - Алматы қаласындағы ет өңдеуге, шұжық түрлерін, ет консервілерін, құс етін даярлауға, дәрі-дәрмектік заттар әзірлеп, сүйектен ұнтақ жем өндіруге, сондай-ақ, ішек-қарын тазалап, сорпа-сулық дәмқатық шығаруға, тері тұздауға мамандандырылған кәсіпорын. Комбинат 1938 ж. іске қосылған. 1991 ж. «Тұлпар» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. 1994 ж. «Құлан» акционерлік қоғамы деп аталды. 1997 ж. кәсіпорыннан «Құланавтобаза», «Энергия», «Нұр әлем», «Алматы ет» акционерлік қоғамдары бөлініп шықты. Кәсіпорын бірнеше рет қайта жабдықталып кеңейтілді. Барлық жұмыс процесі механикаландырылған.

Басқарушылық есептің  принципиалды ерекшелігі шығындар мен  табыстарды тек жалпы шұжық шығаратын  кәсіпорындар бойынша ғана емес, сонымен  қатар оларды ұйым ішінде қалыптастыру орындары және жауапкершілік орталықтары  бойынша анықтау болып табылады. Ол өз алдына менеджерлердің жауапкершлігін арттырып, өнімнің тиімділігіне әсерін тигізеді.

Шұжық өнімдерін шығаратын  кәсіпорындарда шығын орталықтары  басқа жауапкершілік орталықтарына  кіруі немесе оқшау әрекет етуі мүмкін.

Сонымен бірге, біз шығындар орталығының негізгі екі типін  бөліп, көрсетуді ұсынып отырмыз:

- нормативті шығындар  орталығы;

- басқарушылық шығындар  орталығы.

Нормативті шығындар орталығы – басшысы өнім бірлігіне жұмсалатын шығындардың жоспарлы деңгейінен артып  кетпеуін қамтамасыз ететін бөлімше. Шұжық  өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда осындай орталықтар ретінде өндірістік цехтар, шикізаттар мен материалдарды  сатып алу бөлімшесі қарастырылады.

Басқарушылық шығындар орталығы – басшысы шығындар жиынтығының  жоспарлы деңгейінің сақталуына жауап  беретін бөлімше. Біздің жағдайда, бұл  – бақылау мен басқару қызметтің  іске асыратын әкімшілік-басқарушылық қызметкерлері және бухгалтерия  болып табылады.

Шұжық өнімдерін шығаратын  кәсіпорындардағы жабдықтау процесі  өнімді дайындауға қажет еңбек заттарымен кәсіпорынды қамтамасыз ететін операциялар  жиынтығын көрсетеді. Жабдықтауды  ұйымдастыру арқылы белгілі бір  сапалы материалдық ресурстармен өндірісті  уақытылы қамтамасыз етудің нәтижесінде  дайын өнімнің сапасына, кәсіпорынның барлық ұжымы қызметінің тиімділігіне жағымды әсер етуге болады.

Шұжық кәсіпорындарының жабдықтау-дайындау қызметінің негізгі міндеті бұл - өнімді дайындауға барлық қажетті  құралдарымен қамтамасыз ететін операциялар  жиынтығы. Дайын өнімнің сапасы мен  жалпы кәсіпорынның қызметінің тиімділігі жабдықтаушы ұйымдардан өндіріске  материалдық ресурстардың белгілі бір көлемде сапалы, уақытылы түсуіне тәуелді болады.

Жүргізілген зерттеулердің  нәтижесінде біз шұжық өнімдерін  шығаратын кәсіпорындар үшін қызметтің  басқа салаларының (өндірістік, коммерциялық - өткізу) тиімді қызмет етуіне елеулі әсер ететін жабдықтау-дайындау қызметін дұрыс ұйымдастыру маңызды кезең  екенін айта аламыз. Осы саладағы шұжықты  үздіксіз өндіру мен сату - өндірісті  материалдық ресурстармен жабдықтаумен тікелей байланысты.

Зерттеліп отырған шұжық  өнімдерін өндіретін кәсіпорындарда, әдетте материалдық-техникалық жабдықтау  бөлімдері басшыларға тікелей бағынады. Осыдан келіп жабдықтау-дайындау қызметінің фирманың басқа бөлімшелері-мен (жоспарлы-экономикалық бөлім, бухгалтерия, өндірістік бөлім, қаржы-өткізу қызметімен) өзара қызметтік  қатынасы шектелінеді. Осы бөлімшелердің  әрқайсысы «өз» қызметін дербес жүргізеді, яғни бүкіл кәсіпорынның жалпы шаруашылық мүддесін ескермейді.

Жабдықтау-дайындау қызметіне  байланысты шығындар шұжық өндірісі-нің  жалпы шаруашылық шығындарына енгізіледі. Осыған қарай негізгі өндірістің көлемін ұлғайтудың нәтижесінде  тұрақты қызметкерлердің біліктілігіне, өндірісті технологиялық құрал-жабдықпен  уақытылы жабдық-тауға, тиеп-түсіру жұмыстарын механизацияландыру және тағы басқа  да ұйымдастыру мәселелеріне аз көңіл  бөлінеді.

Шұжық өнімдерін шығаратын  кәсіпорындардағы басқарудың ең күрделі  және жауапты саласы өндірістік процестерді  басқару болып табылады.

Зерттеудің нәтижесінде  біз шұжық өнімдерін өндіретін  ұйымдарда  өндіріс шығындарын есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын  есептеудің жекелеген мәселелерінің  осы күнге дейін шешімін таппағанын байқап отырмыз. Өндірісті басқарудағы негізгі қиындықтардың бірі бұл елеулі кемшілік өндіріс шығындары туралы ақпараттардың толық жүйелі болмауы болып саналады.

 

2.2 «Алматы ет» ЖШС нормативті және нақты шығындарды өндірісте пайдалану

Өзіндік құнды калькуляциялау мен шығындар есебінің нормативтік  әдісі мынадай тұрғыда сипатталады, ол онда ШС-нің әрбір бұйымы бойынша  алдын ала жасалған нормативтік  калькуляциясы, яғни еңбек шығындары  мен материалдар шығындарының ай басына әрекет етуші нормалары бойынша  есептескен өзіндік құнның калькуляциясы.

Информация о работе Нормативті нақты шығындар есебі