Нормативті нақты шығындар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 13:45, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: кәсіпорындағы нақты және нормативтік шығындарға сипаттама беру, оны талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
басқару есебіндегі шығындар ұғымына түсінік беру;
нақты және нормативтік шығындарға түсінік беру;
нақты және номативті шығындардың ауытқуы және оларды азайту жолдарын саралау.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
Кәсіпорындағы нормативтік және нақты шығындардың теориялық негізі
Шығындырдың мәні, басқару есебіндегі шығындар туралы түсінік, оның жіктелуі, түрлері................................5
1.2 Нормативті және нақты шығындардың өнімнің өзіндік құнына әсері........9
1.3 Басқару есебінің нормаларының құқықтық реттелуі...................................15
«Алматы ет» ЖШС норамитвті және нақты шығындарының ұйымдастырылуы
«Алматы ет» ЖШС даму тарихы, есеп саясаты.........................................16
«Алматы ет» ЖШС нормативті және нақты шығындарды өндірісте пайдалану........................................................................................................18
2.3 «Алматы ет» ЖШС нақты және нормативті шығындардың ауытқуы.......28
2.4 Кәсіпорындағы нормативті және нақты шығындарды төмендету жолдары…................................................29
Қорытынды.......................................................................................................33
әдебиеттер........................................................................................................35
ТІРКЕМЕ................................................................................................................36

Работа содержит 1 файл

нормативті шыгындар есебі.docx

— 320.40 Кб (Скачать)

 

Кәсіпорынның көрсеткіштер жүйесінде өзіндік құнның атқаратын  рөлі мен орны өте зор. Оның дұрыс  анықталуы тек төмендегі жағдайлар  сақталғанда ғана қамтамасыз етіледі: шығындар есебін негізделіп белгіленген жіктемесі бойынша жүргізгенде; шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау өндірістің ұйымдастыру және технологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылғанда; шығындар есебі мен барлық тауар өнімі және оның жекелеген түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялауда экономикалық тұрғыдан дәлелденген әдістер қолданғанда.

Қаржылық есептің Ұлттық стандартына сәйкес барлық ұйымдар  меншік түлері мен құқықтық формаларына  қарамастан өнім өндіру, қызмет көрсету  кезінде өндірістік шығындар есебін материалдар, еңбек ақы, үстеме шығыстар және басқа да шығын баптары бойынша  ұйымдастырады. Бұл стандарттағы негізгі  жетіспеушілік болып, шұжық өнімдерін  өндіретін ұйымдар үшін өндірістегі  негізгі шикізаттар мен материалдардың және көмекші материалдардың есебін, сонымен қатар өндіріс процесіне  тікелей қатынасатын машиналар  мен құрал-жабдықтарды пайдалану  шығындарын үстеме шығыстардың құрамынан  бөліп, бөлек есепте көрсетудің қажеттілігі  болып отыр. Себебі, №2 қаржылық есептің  ұлттық стандарты бойынша материалдар  негізгі және көмекшіге, сонымен  қатар машиналар мен жабдықтарды  пайдалану шығындары үстеме шығыстардан  ажыратып көрсетілмеген.

Шұжық өнімдерін шығаратын  кәсіпорындар өндіретін өнімнің  өзіндік құнын жоспарлауды, есепке алу мен есептеуді жетілдіру  және есептің дәлдігін, оның талдамалылығын қамтамасыз ету үшін, біз шұжық  өнімдері ұйымдары үшін өндірістік шығындардың  есебін төмендегі шығын баптары  бойынша ұйымдастыруды ұсынамыз:

Шикізат және негізгі материалдар (ет өнімдері);

Көмекші материалдар;

Қайтарылатын қалдықтар (алынып тасталады);

Технологиялық мақсаттарға  арналған отындар мен энергия;

Өндірістік жұмысшылардың  негізгі еңбек ақысы;

Өндірістік жұмысшылардың  қосымша еңбек ақысы;

Әлеуметтік мұхтаждарға  аударымдар;

Машиналар мен құрал-жабдықтарды  ұстау мен пайдалану шығындары;

Үстеме шығыстар.

Өндіріс шығындарын, шығындарды есепке алу объектісіне байланысты топтау, шығындарды түрлері, пайда болу орындары, жауапкершілік орталықтары, және шығын тасымалдаушылары бойынша есепке алуды ұйымдастыру үшін қажет. Мәселен, шығындарды түрлері бойынша есепке алу өндірілген шұжық өнімінің өзіндік құны құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Өзіндік құн құрылымы дегеніміз – шығындардың жекелеген түрлерінің жалпы шығындар сомасына пайыздық қатынасын құрайды. Ол әдетте шығындардың элементтері бойынша есептеледі.

Шұжық өндірісі материал сыйымдығы  жоғары салаға жатады. Себебі, шұжық  өнімінің өзіндік құнындағы шикізатқа  жұмсалатын шығындар үлесі                   60 пайыз және одан да жоғары болып  келеді. Шұжық өнімнің өзіндік  құн құрылымында шикізаттың жоғары үлес салмағына байланысты оны пайдаланудың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту өзіндік құнды төмендетудің негізгі көзі болып табылады.

Зерттеліп отырған «Алматы  ет» жауапкершілігі шектеулі серіктесітігі  бойынша 2006 жылдағы нақты өндірілген шұжық өнімдерінің түрлеріне  қарай өндіріс шығындарының құрылымын  төмендегі 3 кесте арқылы көрсетіп отырмыз.

Шұжық өнеркәсібі материалсыйымдылығы  жоғары сала болып табылады. Оның дәлелі ретінде, біз зерттеу жүргізген  «Алматы ет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2006 жылы шұжық өндірісіндегі  негізгі шикізаттар мен көмекші  материалдардың орташа үлес салмағы  басқа шығындарға қарағанда өнімнің  өзіндік құрылымында 69,5 пайызды  құрап отырғанын айта аламыз. Еңбек  ақы шығындарының орташа үлес салмағы 12,1 пайызды құраса, ал өндірістегі  үстеме шығыстардың үлес салмағы 18,4 пайызды құрап отырғанын байқауға болады.

3 кесте - «Алматы ет»   ЖШС бойынша шұжық өнімдерінің  түрлеріне қарай өндіріс шығындарының  құрылымы (2006 ж)

Шығын түрлері

 

 

 

 

 

 

Шұжық өнімдерінің түрлері бойынша  шығындардың үлес салмағы (%)

Любительс-кая пісірілген (шошқа  еті)

Зернистая жартылай сүрленген (шошқа  еті)

Закусочная сүрленген (сиыр еті)

Докторская сүрленген (сиыр еті)

Сосиски

Сардельки

Негізгі шикізат

61,0

59,0

58,0

58,0

57,0

59,8

Көмекші материалдар

11,0

11,3

9,0

11,3

12,0

9,5

Еңбек ақы және аударымдар

12,3

10,0

12,4

12,3

12,7

12,8

Үстеме шығыстар

15,7

19,7

20,6

18,4

18,3

17,9

Барлығы

100

100

100

100

100

100


Қазіргі жағдайда шұжық кәсіпорындарындағы өнімнің өзіндік құнын талдау әдістемесіне байланысты талдау жұмысын  ұйымдастыру аса маңызды болып  саналады. Біздің ойымызша, осы міндетті шешу үшін келесі кезеңдер бойынша  талдау жүргізу қажет:

1) Жекелеген баптар бойынша  шығындарды анықтау, өткен жыл  мен жоспардан ауытқуды және  осы өзгерістерге әсер етуші  себептерді анықтау;

2) Барлық шұжық өнімінің  нақты өзіндік құнының жоспармен  салыстырғандағы өзгеру дәрежесін  есептеу;

3)  Материалдық қорлар  баптары бойынша шығындар сметасының  өзгеру дәрежесінің сақталуын  тексеру және ауытқуды анықтау;

4) Калькуляция баптары  бойынша үнемдеу немесе артық  жұмсау себептерін анықтау;

5)  Жекелеген шұжық  өнімдерінің өзіндік құнын талдау.

 

2.3 «Алматы ет» ЖШС нақты және нормативті шығындардың ауытқуы

Нарықтық қатынастар жағдайында шығындарды тиімді басқару мен бақылау  үшін үстеме шығындардың есебін дұрыс  ұйымдастыру және оларды өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстардың  арасында экономикалық дәйектелген  бөлу базаларының негізінде дұрыс  тарату өндірістегі басқарушылық есебінің маңызды болып саналады. Сондықтан, бұл шұжық өндірісіне жұмсалған  үстеме шығыстарды жоспарлы нормамен немесе лимиттермен жүйелі түрде  салыстырып, ауытқуларды дер кезінде  анықтап отыруды қажет етеді.

Үстеме шығыстарға шұжық  өнімдерін өндіруге жалпы қатысы бар, бірқатар жалпы сипаттамаларға ие, өндірісті басқару мен қызмет көрсетуге байланысты бірнеше өнім түрлерін өндірген жағдайда осы өнімдердің құндарына тікелей қосыла алмайтын, сондықтан өндірілген өнімдер мен  аяқталмаған өндіріс арасында жанама тәртіппен таратылатын шығындар жатады.

Шұжық өндірісінде үстеме шығындарды бөлу кезінде үстеме шығындардың  кейбір түрлері өндіріс процесінің талаптыранан туындап отырады, яғни өндіріспен байланысты болады. Ал шығындардың  кейбір түрлері, мысалы, жалпы ұйымдастыру, қызмет көрсету, басқару процесіне  байланысты болатынын естен шығармау қажет. Соған байланысты шұжық өнімдері әртүрлі өндіріс сатылары арқылы өндірілетінін ескерсек, онда әрбір  сатыдағы (жауапкершілік орталығы мен  шығынның пайда болу орындарындағы) үстеме шығыстарды осы сатыда дайындалған  өнімінің өзіндік құнына алғашқы  құжаттардың негізінде тікелей  қосуға болады. Мұндай шығындарға, еңбекті  қорғау, күзет, өрт сөндіру, жалдау ақыларын, материалдар мен құрылғыларды сынау  шығындарын жатқызуға болады. Ал шығындардың  мынадай түрлерін, яғни өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбек ақыларын өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбек ақыларына қарай, еңбек ақыдан аударым сомаларын өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша еңбек ақыларына қарай, отын, қосалқы бөлшектер мен көмекші материалдардың құнын машиналар мен механизмдердің бір сағатта пайдаланатын нормасына немесе жұмыс істеген уақытына қарай, яғни әрбір үстеме шығынның түріне бөлек бөлу базаларын қолдану арқылы бөлуге болады.

Шұжық өнімдерін өндіретін  жекелеген кәсіпорындардың қызметін тәжірибесін зерттеу нәтижелері ұйымның коммерциялық-өткізу қызметі  табысты жұмыс істеу үшін осы  қызмет бойынша барлық шығындардың  толық және жан-жақты есебі ғана емес, сонымен бірге жұмысты келесідей  бағыттар бойынша қамтитын өткізудің  дәлелденген жүйесін қалыптастыру қажет етіп отырғанын байқатады: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің деректерінің базасын қалыптастыру; сатуды жоспарлау кезіндегі бақылауды  жетілдіру; өткізу-сату жоспарының орындалуын бақылауды күшейту.

Өнеркәсіптің басқа да салалары сияқты, ет және шұжық өнімдерін  өндіруші салалардағы ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне елеулі әсер ететін фактордың  бірі – бұл ұйымның коммерциялық-сату (өткізу) қызметі екенін айта аламыз. Ұйымның жабдықтау-дайындау, өндіріс  және коммерциялық-сату қызметтері бірін-бірі үнемі толықтырып, үздіксіз өзара  байланыста болуға тиісті. Өйткені, шұжық  өнімдерінің технологиялық ерешеліктері мен сипатына байланысты, оларды сақтау орындарында ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Тек берілген тапсырыстар  мен нарықтағы ұсынысқа байланысты орындалатын шұжық өндірісінің  үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін, ұйымның ішінде өткізу-сату бөлімінің  басқарушылық есебін өндірістік жоспармен  және нақты өндіріс көлемімен  байланыстыра отырып, ұйымдастыру қажет  деп тұжырым жасаймыз.

Басқару есебі басқарушылық шешімдердің тиімділігін алдын-ала  бағалауға, оңтайлы түрде бөлімшелер арасында бөліп, таратуға, ұйымның даму жолдарын белгілеуге және дағдарыс жағдайын болдырмауға қолайлы жағдай туғызатын  бюджеттеу жүйесіне сүйенеді. Бюджет – жорамалданған әрекеттерді орындауға дейін жасалатын қаржылық құжат болып табылады. Басқару есебінде бюджеттеуді жоспарлау процесі деп те атайды. Жоспарлау процесі бақылау процесімен тығыз байланысты, соған байланысты жоспарлау мен бақылау ұйымды басқарудың ең қажетті бөлігі болып табылады. Біздің пікірімізше, шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға бюджеттендіру жүйесін енгізудің нәтижесі келесідей міндеттерді шешуге мүмкіндіктер береді:

1.  Кәсіпорын ресурстарын  пайдалану тиімділігін арттыруға;

2. Қызметті үйлестіруді  және жекелеген бөлімшелер мен  жалпы кәсіп-орындар мүдделерінің  өзара байланысын қамтамасыз  етуге;

3. Шұжық кәсіпорынының  шаруашылық қызметінің түрлі  баламаларын болжауды, жоспарлауды,  нормалауды, талдауды бақылауды,  бағалауды және қабылданылатын басқарушылық шешімдердің дәлелдігін арттыруды іске асыруға;

4. Қаржылық тұрақтылықты  қамтамасыз етуге және ұйымның  қаржылық жағдайын жақсартуға.

Біздің пікірімізше, шұжық  өнімдерін өндіретін кәсіпорындардағы бюджеттендіру жүйесі ең аз дегенде  келесідей бюджеттерді қамтуы керек: сату; өндіріс; шикізат, негізгі және көмекші материалдардың тікелей  шығындары; еңбек ақы төлеудің тікелей  шығындары; жалпы өндірістік шығындар; бөлімше бойынша жиынтық бюджет; үстеме шығындар; пайда мен зияндар.

Жүргізілген зерттеулердің  нәтижесінде бюджеттің орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін негізгі  екі бағытты қолдануды ұсынып отырмыз:

1.  Шұжық өнімдерін  өндіретін кәсіпорындардың құрылымдық  бөлімше-лерінің бюджетін бөлімшенің  өзінің жауапты адамдары арқылы  орындату;

2. Барлық құрылымдық бөлімшелер  бюджетін (оның ішінде шығын баптары  бойынша) жоспарлы-экономикалық  қызмет бөлімі немесе есеп  бөлімі арқылы орындату.

Шұжық өнімдерін шығаратын  кәсіпорындар басшысына тәжірибеде көптеген саналуан басқарушылық шешімдер қабылдауға тура келеді. Өнімнің бағасы, кәсіпорын шығындары, өнімді сату көлемі мен құрылымына қатысты қабылданылатын әрбір шешім кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне тікелей әсер етеді. Осы  категориялар арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділікті анықтаудың қарапайым және аса дәл тәсілі залалсыздық шегін орнату, яғни шұжық  өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың  табысы шығындарын толық жабатын  кезді анықтау болып табылады.

«Шығындар-өндіріс-пайда» арақатынасын талдаудың негізгі элементтері  болып маржиналды табыс; тиімділік  табалдырығы (залалсыздық нүктесі); өндірістік леверидж; мықтылықтың (сенімділіктің) маржиналды қоры табылады.

Сату көлемінің мүмкіндігінің  төмендеуін анықтайтын тауардың нарықтық жағымсыз конъюнктурасы кезінде, сонымен  қатар шұжық өнімдерін өндіретін  кәсіпорынның өмірлік циклінің алғашқы  кездерінде, ол әлі залалсыздық нүктесінен өтпегенде кәсіпорынның тұрақты  шығындарын төмендетуге шара қолдану  қажет. Керісінше, тауар нарығының  жағымды конъюнктурасы кезінде  және белгілі бір мықтылық запасы болған кезде тұрақты шығындарды үнемдеуге қойылатын талаптар елеулі түрде әлсіреуі мүмкін. Бұндай кездерде кәсіпорын негізгі өндірістік қорларды қайта құру және жаңарту арқылы нақты  инвестициялардың көлемі елеулі кеңейте  алады.

Тұрақты шығындарды басқаруда  еске алатын тағы бір жағдай олардың  жоғары деңгейі салалық ерекшеліктерімен – еңбек механизациясы мен  автоматизациясының түрлі деңгейі, өнімнің қор сыйымдылығымен анықталады. Одан басқа ескерілетін жағдай тұрақты  шығындардың тез өзгеруге аз ұшырайтынын, сондықтан жоғары өндірістік леверидж бар кәсіпорын өз шығындарын басқаруда  икемділігін жоғалтады.

Информация о работе Нормативті нақты шығындар есебі